435) зерттеу жүргiзу тапсырылған адамдарды және танысу үшiн ұсынылуға тиiс ақпарат тiзбесiн көрсете отырып, мониторинг объектiсiнiң басшыларын зерттеу жүргiзiлетiнi туралы хабардар ету;
436) меншiгiнде немесе басқаруында осы объектiлер бар адамдарды мониторинг объектiлерiн зерттеу нәтижелерiмен таныстыру;
437) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерiстердi талдау және өндiргiш күштердiң дамуын болжау мақсатында негiзгi өндiрiстiк-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де өлшемдер бойынша мониторинг объектiлерiн қадағалау;
438) мемлекеттiк меншiк мониторингінің нысанасы бойынша ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектiлерiне жүйелi зерттеудің жүргiзілуін ұйымдастыру;
439) республикалық мүліктің мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
440) Қазақстан Республикасы жалғыз акционерi (қатысушысы) болып табылатын акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестердiң) директорларының тиiстi кеңесi (бақылау кеңесi) құрамына өз өкiлiн тағайындау, ал өзге Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлiк қоғамдарда және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде акционерлердiң немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер қатысушыларының жалпы жиналысында директорлар кеңесiне немесе бақылау кеңесiне кандидатураны бекiтуге ұсыну;
441) «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-тарауында белгiленген жағдайлар мен шарттарда мемлекет меншiгiне алынатын мүлiк үшiн өтемдi төлеудi жүзеге асыру;
442) республикалық мүлiктi жекешелендiру бойынша сауданы жүргiзу туралы хабарламаны жариялау үшiн мерзiмдi баспа басылымдарын анықтау жөнiндегi конкурсты «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткiзу;
443) мемлекеттік мүлік тізіліміндегі мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге асыру;
444) ұлттық басқарушы холдингтердің, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу мен бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
445) ұлттық басқарушы холдингтердің, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын орындау жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеуге қатысу;
446) республикалық мүлікті пайдалануға беру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
447) мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілері тізбесін өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде үш жылда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
448) республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
449) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
450) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау, қызметтің осы бағытында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
451) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласында бірыңғай ақпараттық жүйе құру және республикалық дерекқор жүргізу;
452) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласында шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл және ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
453) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асыру;
454) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы алынған ақпаратқа талдауды жүзеге асыру;
455) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
456) соттың қылмыстық іске қатысты сұрау салуы бойынша іс жүргізудегі материалдарды шешу үшін қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар бойынша қажетті ақпаратты жіберу;
457) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсыну;
458) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операция туралы ақпараттарды, осындай операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына беру;
459) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
460) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында республикалық дерекқорының қалыптастыруын және жүргізуін ұйымдастыру, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әдіснамалық бірлігін және келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
461) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу;
462) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан алынатын ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытындылау, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
463) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі мен практикасын зерделеу;
464) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша іс-шаралар өткізу;
465) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ұйымдардың, бірлестіктердің және өзге де жұмыс топтарының қызметіне белгіленген тәртіппен қатысу;
466) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының мақсаты үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін айқындау;
467) тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша қаржы мониторингi субъектiлерiнiң түрлерi бойынша клиенттi тиiсiнше тексеру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiн айқындау;
468) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны тиісті мемлекеттік органдарға электрондық түрде жіберу;
469) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін жасау;
470) сыртқы барлау уәкілетті органымен және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлесіп қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты сыртқы барлау уәкілетті органына ұсыну тәртібін айқындау;
471) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13) - 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды жүзеге асыру;
472) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13) - 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру;
473) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
474) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізудің қағидаларын, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;
475) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғаның мүлкіне, оның ішінде заңды тұлғалардағы оқшауланған мүлкіне тыйым салу туралы мәселені шешу үшін мұндай мүлік туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына беру;
476) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген операцияны жүргізу не жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау және оны қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізу;
477) ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен алып тастау туралы өтінішті қарау;
478) күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттігінің жоқтығы туралы шешім қабылдау және күдікті операция туралы хабарламаны берген қаржы мониторингі субъектісіне және мемлекеттік органға электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жеткізу;
479) олар терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім қабылдау және оны «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізу;
480) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, олар терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар күдікті операцияларды тоқтата тұру қажеттігі туралы шешімдер берген құқық қорғау мен арнаулы мемлекеттік органдарды банк шоттары бойынша шығыс операцияларының уақытша тоқтатылғаны туралы хабардар ету;
481) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың тиісті шешімі алынған сәттен бастап үш сағат ішінде оны қаржы мониторингі субъектісіне жеткізу;
482) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты әрекеттердің алдын алу, анықтау, жолын кесу және тергеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес көрсетілген кірістерді тәркілеу саласында шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен ынтымақтастық жасау;
483) шет мемлекеттiң құзыреттi органының сұрау салуы бойынша жүзеге асырылатын қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы ақпараттар, мәліметтер мен құжаттар беру;
484) ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруден бас тарту үшін негiздердi көрсете отырып, шет мемлекеттiң сұрау салған құзыреттi органына бас тарту туралы хабарлау;
485) қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларын, схемаларын және тәсілдерін бекіту және ресми интернет-ресурста орналастыру арқылы қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізу;
486) жеке және заңды тұлғалардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде олардың құзыретіне сәйкес құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға ақпарат жіберу;
487) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен берілген ақпарат бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
488) капиталдың сыртқы нарығында мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
489) мәмілеге қатысушының трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға өтінішін қарау;
490) қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын растайтын құжаттарды және дифференциалды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірінің қолданылғаны туралы ақпаратты және қолданылатын бағаның негізділігін растайтын басқа да ақпаратты қарау;
491) уәкілетті орган айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;
492) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы қарау;
тапсырыс беруші ұсынған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасын әзірлеу және бекіту;
конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындау және бекіту;
конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алу жүргізу туралы хабарландыруды орналастыру;
тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған адамдар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жіберу;
конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазын айқындау;
493) мемлекеттік сатып алу саласында республикалық тізілімдерді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
494) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
495) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғамайтын және ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
496) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
497) ведомстволардың өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау функцияларын жүзеге асыру;
498) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы шешім қабылдау;
498-1) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
498-1) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау және қарау және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазаларды қолдану;
499) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2019.18.04. № 208 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды адамдарынан және өзге де адамдардан, шет мемлекеттің құзыретті органдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және беру;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы пайдалану бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;
3) сараптамалар, тексерулер мен консультациялар жүргізу, оқыту бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу, мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, ақпараттық жүйелер құру үшін тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен тәуелсіз сарапшыларды тарту;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
5) Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
6) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
8) ведомстволардың аумақтық бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беру;
9) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдану;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру;
11) күдікті операция белгілері анықталған жағдайда, үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату туралы шешім шығару;
12) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты мәліметтер мен ақпарат алмасу және оларды беру бойынша өзара іс-қимыл тәртібін құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен бірлесіп айқындау;
13) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
14) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;
15) заңнамада айқындалған жағдайларда Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан жеке және заңды тұлғалардан, еншілес компаниялардан қажетті құжаттарды, белгіленген нысандар бойынша есептіліктерді ұсынуды талап ету;
16) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың бірлескен актілері негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
17) тиісті уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен беру;
18) халықаралық шарттар негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда шет мемлекеттің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
19) құзыреті шегінде темекі бұйымдарын өндірушілерге темекі бұйымдарын өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді беру туралы сұрау салу;
20) тексерулерге мемлекеттік органдардың мамандарын тарту;
21) оңалтуды басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не оңалтуды басқарушыны тіркеуден алып тастау туралы хабарламаны кредиторлар жиналысына жіберу;
22) өндірісте бар материалдар мен қылмыстық істер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық деректерге және өзге де мәліметтерге қол жеткізу, сондай-ақ олардың берілуін ұйым басшыларынан және басқа лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан талап ету, олардың көшірмелерін түсіру, түсіндірулер алу;
23) іс жүргізудегі бар қылмыстық істер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарған адамдарды мәжбүрлеп келтіру;
24) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қою немесе алуды жүзеге асыру;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;
26) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау және істерді қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан тексерулер, салықтық және басқа тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету;
28) жеке және заңды тұлғаларға қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен шарттарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқаулықтар, ұсынымдар беру;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені құру және пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша алдын ала тергеу, анықтау, өндіріс барысында зерттеулер ұйымдастыру;
30) бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтару;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қаржы министрі жүзеге асырады.
19. Қаржы министрiн Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті лауазымнан босатады.
20. Қаржы министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
21. Қаржы министрінің өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының міндеттерін айқындайды;
2) еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрықтарына қол қояды;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жұмыс регламентін бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне кеден органдарының лауазымды адамдарына жоғары басшылық құрамының арнайы атақтарын беру туралы ұсыным енгізеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапкершілікте болады;