80) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарды дайындау (алу) тауарларды дайындауға (алуға) қатысатын немесе септігін тигізетін өндірістік процестерді қамтамасыз ету, еркін қойма аумағында пайдаланылатын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілерін салу мақсатында жабдықтарды, машиналар мен агрегаттарды күтіп ұстау мен пайдалану процесінде қайтарымсыз жоғалған тауарлар толық немесе ішінара жұмсалған (тұтынылған) (өндірістік шығындар) жағдайда еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау қағидаларын әзірлеу;
81) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және пайдалануға енгізілген және еркін қойма иелері қолданатын жабдықтар болып табылатын тауарларға немесе еркін қойма аумағында жылжымайтын объектілерді құру үшін еркін қойма иелері қолданған және осындай жылжымайтын объектілердің құрамдас бөлігі болып табылатын тауарларға қатысты, еркін қойма жұмыс істеуін тоқтатқан кезде кедендік рәсіммен осындай тауарларды орналастырмай, еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау қағидаларын әзірлеу;
82) еркін қойманың иесінен басқа өзге де тұлғалардың тауарларды сақтау, тауарларды тиеу (түсіру) жөніндегі операциялар және сақтауға байланысты өзге де жүк операциялары, тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар, сондай-ақ партияларды бөлшектеуді, жөнелтілімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды тасымалдауға (тасуға) және сатуға дайындау жөніндегі әдеттегі операциялар, тауарлық сапаларын жақсарту жөніндегі операцияларды жасау, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды, сондай-ақ еркін қойманы пайдалануға және оның жұмыс істеуіне байланысты өзге де операцияларды жасау мақсатында жабдықтарды, машиналарды және агрегаттарды, олардың қосалқы бөлшектерін қолдану (пайдалану) қағидалары мен шарттарын әзірлеу;
83) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
84) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды авариялар немесе еңсерілмейтін күш әсерінен жою және (немесе) қайтарымсыз жоғалу немесе тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу, сондай-ақ осындай жағдайда еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау фактісін мемлекеттік кірістер органдарының тану қағидаларын әзірлеу;
85) еркін қойма иесі таратылған кезде еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау қағидаларын әзірлеу;
86) арнайы экономикалық аймақтың аумағын жайластыруға, осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда қойылатын талаптарын әзірлеу;
87) арнайы экономикалық аймақтың аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
88) арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру және арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тауарларды әкетуге және порттық арнайы экономикалық аймаққа немесе логистикалық арнайы экономикалық аймаққа тауарларды әкелуге рұқсаттарды беру қағидаларын әзірлеу;
89) мемлекеттік кірістер органының арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінетін тауарларға сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
90) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлеу;
91) мемлекеттік кірістер органының еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін қойманың аумағынан еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай әкетуге рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;
92) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы арнайы экономикалық аймақтың өзге қатысушысына беруге жол берілетін жағдайларды әзірлеу;
93) арнайы экономикалық аймақ қатысушысының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы арнайы экономикалық аймақтың өзге қатысушысына тауарларды берудің қағидасы мен шарттарын әзірлеу;
94) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
95) еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқтау қағидаларын әзірлеу;
96) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылатын тұлға таратылған (қызметі тоқтатылған) кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау қағидаларын әзірлеу;
97) кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ аумағының бөліктері болып табылатын шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың кедендік бақылау аймақтарын айқындау қағидаларын әзірлеу;
98) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелері мен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ аумағын, мұндай аумақты қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, жайластыру ерекшеліктерін әзірлеу;
99) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін Арнайы экономикалық аймақ аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
100) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін Арнайы экономикалық аймақ аумағына әкелу кезінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесін әзірлеу;
101) тауарларды арнайы экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес тұтыну, арнайы экономикалық аймақ қатысушысының Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жеке тұлғаларға өткізуі, осындай тауарларды өткізу арнайы экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес арнайы экономикалық аймақ қатысушысының негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақ қатысушысының шетелдік тауарларды жеке тұлғаларға өткізуі жағдайларында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін аяқтау кезінде есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлеу;
102) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ қатысушысы болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ аумағына қою және (немесе) пайдалану үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанттары ретінде әрекет ете алатын жағдайларды әзірлеу;
103) кедендік бақылау мақсаттары үшін шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ аумағында тауарларды өткізу кезінде ақпараттық жүйені пайдалана отырып, тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптарын және оны қолдану тәртібін әзірлеу;
104) кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесін әзірлеу;
105) кедендік декларациялауды, өзге де кедендік операцияларды жасау және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген не шығарылуын мемлекеттік кірістер органдары жүргізбеген тауарларға қатысты кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу қағидаларын әзірлеу;
106) габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;
107) мемлекеттік кірістер органдары мен уәкілетті экономикалық операторлардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
108) жекелеген кедендік операцияларды жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу;
109) нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын әзірлеу;
110) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптарды әзірлеу;
111) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа тұлғалардың қол жеткізу, оны алу және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
112) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын әзірлеу;
113) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу қағидаларын әзірлеу;
114) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану қағидаларын қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру тәртібін әзірлеу;
115) уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану қағидаларын қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасымен ауыстыру тәртібін, уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін төмендету тәртібін әзірлеу;
116) есепке алынуы мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді жасау жөніндегі қағидаларды әзірлеу;
117) кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің барын растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын әзірлеу;
118) кедендік алымдарды салудан босату үшін құжаттарды ұсыну қағидаларын әзірлеу;
119) кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаты үшін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу;
120) уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдау көлік құралының танымдық белгісін әзірлеу;
121) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің пайдаланушысы ретінде тіркелу қағидаларын әзірлеу;
122) мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасын, сондай-ақ оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;
123) кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын әзірлеу;
124) кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту;
125) мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын әзірлеу;
126) уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарына бейнеақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
127) уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтаудағы тауарлармен бірге өзге де тауарларды сақтау және оның тауарларды тасымалдаушыдан қабылдау қағидаларын әзірлеу;
128) уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату қағидаларын, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ уақытша кедендік бақылау аймағының құқықтық режимін әзірлеу;
129) еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды әзірлеу;
130) бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды, олардың құрылу мен жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;
131) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын әзірлеу;
132) шетелдік тауарлардың апат немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін не осы тауарларды қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему нәтижесінде қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін тану қағидаларын әзірлеу;
133) жекелеген кедендік операциялардың тізбесін, Жекелеген кедендік операцияларды жасау қағидалары мен орындарын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс жасау жағдайларын әзірлеу;
134) мемлекеттік кірістер органдарының қызметі аймағын айқындау қағидаларын әзірлеу;
135) есептілікті, оның ішінде сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы, сондай-ақ жасалған кедендік операциялар туралы есептілік мемлекеттік кірістер органының талабы бойынша ғана ұсынылатын жағдайларда ұсыну, тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу қағидалары мен мерзімдерін, есептілікті ұсыну тәсілін, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін әзірлеу;
136) тауарлардың жекелеген санаттары үшін индустрия және индустриялық-инновациялық даму аясындағы және мұнай мен газ саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын жеткізу кезеңінде келісу бойынша әзірлеу;
137) көрсеткіші тауарларды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын есепке алу аспаптарының тұрған орындарының тізбесін әзірлеу;
138) алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлеу;
139) кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын тыйымдар мен шектеулердің сақталуын растайтын кодтардың сыныптауыштарын әзірлеу, кедендік сәйкестендіру нөмірін, мәміле сипаттамасын, сыртқы экономикалық мәміле ерекшеліктерін қалыптастыру;
140) бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар есебінің құрылымын, форматы мен нысанын, сондай-ақ оны толтыру мен оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу қағидаларын әзірлеу;
141) кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын, сондай-ақ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен реттелмеген аванстық төлемдер сомасын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу қағидаларын әзірлеу;
142) төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидаларын әзірлеу;
143) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен реттелмеген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуын растау қағидаларын әзірлеу;
144) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде олардың есепке алу жүйесін ұйымдастыру нұсқаулығын әзірлеу;
145) әуе немесе су көлігімен және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мен шетелдік тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын әзірлеу;
146) кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын әзірлеу;
147) тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар ету күні мен уақытын тіркеу қағидаларын әзірлеу;
148) кедендік транзит кедендік рәсімнің қолданысын аяқтамай тауарларды жеткізу орнын өзгерту қағидаларын, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін табыс етілетін құжаттардың берілуін тіркеу қағидаларын әзірлеу;
149) кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру қағидаларын әзірлеу;
150) тұрақты және уақытша рұқсатнама, тұрақты және уақытша рұқсатнамаларды тіркеу журналының нысандарын әзірлеу;
151) Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен тауарлардың сыртқы сауда кедендік статистикасын жүргізу қағидаларын әзірлеу;
152) арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын әзірлеу;
153) кедендік статистиканы жүргізу;
154) экспорттық бақылау саласындағы құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
155) ақпаратты, оның ішінде алдын ала ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, егер мұндай ақпарат көрсетілген органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңдармен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды), сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтай отырып, ұсыну;
156) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат беруді бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормативтiк құқықтық актiлерiн жариялау арқылы Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады;
157) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы ақпарат беруді тұрақты негізде қамтамасыз ету;
158) үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың әкетілуіне жол бермеуге бақылауды жүзеге асыру;
159) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру, кедендік бақылаудың техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарының жүйелерін құру;
160) мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазарту жасау тәртібін әзірлеу;
161) кедендiк декларациялауды, кедендiк бақылауды жүзеге асыру және жетiлдiру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операциялардың жүргізілуін оңайлатуға ықпал ететін жағдайлар жасау;
162) кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталуына кедендік бақылауды жүзеге асыру;
163) мемлекеттік кірістер органының және (немесе) мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;
164) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес кеден iсi саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасады деп күдiк келтірілген адамдарды ұстау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер немесе өзге де органдарының қызметтiк үй-жайларына жеткізу;
165) мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін әзірлеу;
166) өз құзыретi шегiнде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қорғалуын және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
167) тауарлардың кедендiк құнына бақылауды жүзеге асыру;
168) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау;
169) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың дұрыс сыныпталуына бақылауды жүзеге асыру;
170) тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдер қабылдау және түсіндірмелер беру, тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдердің жариялануын қамтамасыз ету;
171) әкелінуі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен болжанатын құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау;
172) Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, олардың негізінде кедендiк төлемдер мен салықтардан босату ұсынылатын құжаттарды қарау;
173) кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың төленуіне бақылауды жүзеге асыру;
174) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль, теңіз өткізу пункттерінде және тауарлар өткізілетін өзге де орындарда көліктік бақылауды жүргізу;
175) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асыру;
176) кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу;
177) кедендік төлемдер мен салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы баждарды және өтемақы баждарын алу, олардың дұрыс есептелуі мен уақтылы төленуін бақылау, оларды есепке жатқызу (қайтару) және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау;
178) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шараларының, тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
179) тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде осындай тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жағдай жасау;
180) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің валюталарын, бағалы қағаздарды және (немесе) валюталық құндылықтарды, жол чектерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықаралық шартына сәйкес қамтамасыз ету;
181) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу;
182) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесу;