Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өніммен жүк операцияларын (басқа көлік құралдарына қайта тиеуді) оның иесі мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау және міндетті карантиндік жете тексеру жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың рұқсаты бойынша жүргізеді.
Фитосанитариялық қадағалау бекеттерінде карантиндік тексеруден өткізілген әкелінетін карантинге жатқызылған өнімдер, сондай-ақ көлік құралдары карантинге жатқызылған өнім жеткізілетін соңғы пунктте карантиндік тексеруге жатады.
Карантинге жатқызылған өнімнің баратын пунктінде карантинге жатқызылған өнімдерді және көлік құралдарын тексеруді, талдау мен сараптама жасау үшін үлгілерді іріктеп алуды кейіннен зиянкестердің түрлік құрамын, өсімдік аурулары мен арамшөптерді анықтау үшін сараптама жүргізе отырып, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады, олардың нәтижелері бойынша осы өнімдерді пайдаланудың шарттары туралы жазбасы бар тексеру актісі жасалады.
6. Карантиндiк объектiлермен залалданған көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер, залалсыздандыру көзделген өнiмдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының ұйғарымы бойынша карантиндiк тұрғыдан ықтимал қаупi бар көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер залалсыздандыруға жатады.
Карантинге жатқызылған өнімнің иелерi карантиндiк қарап тексерудің нәтижелерi бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарымен көзделген карантинге жатқызылған өнiмдердi залалсыздандыруды фумигациялық отрядтармен шарт жасасу негiзiнде жүргiзедi.
Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнiмден карантиндiк объектiлер анықталған кезде Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерінде, вагондарда, контейнерлерде және көлiктiң басқа да түрлерiнде залалсыздандыру бойынша жұмыстар жүргiзiледi.
Карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантиндi аймақтарынан өнiмдi тасымалдаудан кейiн көлiк құралдарының барлық түрлерi өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор белгiлеген жерлерде өнiм қалдықтары жойыла отырып, мiндеттi тазартуға, ал қажет болған жағдайда - фумигациялануға жатады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-1-бап өзгертілді
13-1-бап. Карантинді объектілерді анықтау тәртібi
1. Карантинді объектілерді уақтылы анықтау, олардың таралу ошақтарының шекараларын айқындау мақсатында жер және орман алқаптары, ауыл шаруашылығы, әсемдік, дәрілік және басқа да дақылдардың егістіктері мен көшеттері, үйлер, ғимараттар, контейнерлер, қоймалар, өзге де объектілер және карантинге жатқызылған өнімді шығарумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты ұйымдардың аумақтары және карантинді объектілерді жұқтыру мен тарату көзі болуы мүмкін өзге де объектілер жүйелі түрде тексеруге жатады.
Бұл жұмыстарды орындауды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамалары бойынша жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы қамтамасыз етеді.
2. Зерттеу нәтижелері, сондай-ақ бұл ретте, анықталған зиянкестер, өсімдік ауруларының қоздырғыштары мен арамшөптер осы объектілердің карантиндік түрлерге тиістілігін айқындау және растау үшін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларға жіберіледі. Объектілер анықталмаған жағдайда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантиндік түрлерге тиістілігін растау үшін оларды республикалық карантиндік зертханаға жібереді.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары аталған объектілерге бақылау және қадағалау тексерулерін жүргізеді. Тексеру нәтижелері карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізілгені туралы актімен ресімделеді.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Карантин белгiлеу мен оны алып тастау тәртібі
1. 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Карантиндi аймақтарда карантиндi объектiлер залалдаған карантинге жатқызылған өнiмдi әкетуге тыйым салынады немесе шектеу енгiзiледi, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар әзірленіп, жүзеге асырылады.
Карантиндi аймақтан әкетiлген залалданған өнiм қайтарылуға, тазартуға, залалсыздандырылуға немесе өңдеушi ұйымдарға берiлуге тиiс.
Залалданған өнiмдi залалсыздандыру немесе өңдеу мүмкiн болмаған жағдайда, ол нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен алынуға және жойылуға тиiс.
Карантиндiк шектеулер және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар тiзбесi карантиндi аймақтың жеке, заңды тұлғалары мен халқына хабарланады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-тарау. Дауларды шешу және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін
жауапкершілік
15-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы дауларды шешу
Өсiмдiктер карантинi саласындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 16-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
5-тарау. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II; ҚР 03.07.03 ж. № 463-II Заңдарымен 17-бап жаңа редакцияда
17-бап. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 189-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Өсiмдiктер карантині жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
1. Карантиндiк зиянкестер, өсiмдiктер аурулары мен арамшөптер тiзбесiне сәйкес карантиндi объектiлердi оқшаулау мен жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілерде, сондай-ақ жер учаскелерінде өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүргізу уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің өздеріне берілген өкілеттік шегіндегі нұсқамалары бойынша меншік иелері мен жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
6-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастық
19-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерi
Қазақстан Республикасы өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты карантиндi объектiлердi әкелу мен тарату жөніндегі өзара қауiпсiздiктi сақтау принциптерiн басшылыққа ала отырып, жүзеге асырады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағындағы өсiмдiктер карантинi саласындағы қызметi
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе немесе халықаралық шарттармен регламенттелсе, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалардың өсiмдiктер карантинi саласындағы қызметiне жол берiледi.
21-бап. 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының