6) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5) және 6-6) тармақшалармен толықтырылды; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1) этникалық қазақтардан қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
6-2) этникалық қазақтардан қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 6-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-3) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды;
6-4) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;
6-5) 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;
7) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) қандас куәлігін береді;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшiп-қонушылардың балаларының бiлiм алу құқығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды;
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда
11) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде, өз аумағы және (немесе) басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды береді немесе ұзартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама береді;
12) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшiп келушiлердің уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат бередi;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қарайды және куәландырады;
14) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын қандастарға жұмысқа орналасуға, кәсiптiк даярлықтан өтуге, қайта даярлаудан өтуге және бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдем көрсетедi;
3) көшiп-қонушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк мекемелерден орын бередi;
4) қандастарға қазақ тiлiн және өздерiнiң қалауы бойынша орыс тiлiн үйрену үшiн жағдай жасайды;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстану үшін шақыруларын қабылдайды және бұл шақыруларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар береді, оларды ұзартады және кері қайтарып алады;
5) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-тарау. Тарихи отанына оралу мақсатында көшіп келу
16-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Қандастардың санаттары
Қандастар мынадай санаттарға бөлінеді:
1) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастар;
2) Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және тұрып жатқан қандастар.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап жаңа редакцияда; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беру тәртібі
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қандас мәртебесін беру немесе ұзарту және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге жүгіне алады.
2. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұратын этникалық қазақтар қандас мәртебесін беруге және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне береді.
19-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды; 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 19-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-1-бап. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанғысы келетін этникалық қазақтар мен қандастардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы келіп түскен өтініштер негізінде алдағы жылға белгілейді.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 19-2-баппен толықтырылды
19-2-бап. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия
Этникалық қазақтардың қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініштерін қарау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады, оның құрамына мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап жаңа редакцияда
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін бұл туралы өтінішхат берген этникалық қазақтарға қандас мәртебесін беру және (немесе) оларды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері үміткерлердің қандас мәртебесін беруге және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініштері мен құжаттарын қабылдайды және оларды тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
2. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін қандас мәртебесін беру және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішхат берген үміткерлердің ұлты - жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазба негізінде, мұндай жазба болмаған кезде үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттар негізінде белгіленеді.
3. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды жергілікті атқарушы органдарға қандас мәртебесін беру және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға келісім беру не бас тарту себептерін уәжді түрде негіздей отырып одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жібереді.
Жергілікті атқарушы органдар шешім қабылдау үшін этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды қандас мәртебесін беру және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішхат берген үміткерлердің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататындығы туралы өзге де ақпараттың бар не жоқ екенін тексеру үшін ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелеріне, тиісті өңірлердің прокуратураларына жібереді.
Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелері, прокуратуралар этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген, қандас мәртебесін беруге және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге кедергі келтіретін негіздердің бар немесе жоқ екені туралы ақпаратты этникалық қазақтарға, жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
Жергілікті атқарушы органдар:
1) тиісті органдардың ақпараты келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларды Комиссияның қарауына енгізеді. Комиссия этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қандас мәртебесін беруге және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге алдын ала келісім беру туралы не бас тартудың себептерін уәжді түрде негіздей отырып бас тарту туралы шешім қабылдайды;
2) Комиссия шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға этникалық қазақтарға қандас мәртебесін беруге және (немесе) оларды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру туралы немесе себептерді уәжді түрде негіздей отырып одан бас тарту туралы ақпаратты жібереді.
4. Этникалық қазақтарға қандас мәртебесін беруге және (немесе) оларды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім үміткерлер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай келген кезде беріледі.
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу басымдығын этникалық қазақтар мынадай реттілікпен:
1) тиісті білімі, біліктілігі және белгілі бір мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
2) көп балалы отбасылар;
3) жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігі бар кәмелетке толған жастар пайдаланады.
5. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органның этникалық қазақтарға қандас мәртебесін беруге және (немесе) оларды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімін не себептерін уәжді түрде негіздей отырып, бас тартуды өтініш берушіге жеткізу үшін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жібереді.
6. Этникалық қазақтардың қандас мәртебесін беруге және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініштерін қараудың жалпы мерзімі халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап үш айдан аспауға тиіс.
7. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жергілікті атқарушы органның этникалық қазақтарға қандас мәртебесін беруге және (немесе) оларды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімін алғаннан кейін оны бір ай ішінде өтініш берушіге жібереді және тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасына келуге виза береді не бас тарту туралы хабарлайды.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Жергілікті атқарушы орган Комиссияның этникалық қазақтарға қандас мәртебесін беруге және (немесе) оларды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімі туралы бұрын қабылдаған шешімін ескере отырып, өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге және олардың отбасы мүшелеріне қандас мәртебесін, қандас куәлігін береді және шешім қабылдау үшін Комиссияға қандастардың тізімін жібереді.
Этникалық қазақтар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қандас мәртебесін беру және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге жүгіне алады.
9. Комиссия қандастардың тізімін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды.
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ жаңа редакцияда
10. Этникалық қазақтар тұратын жеріне келгеннен кейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне өтініш береді.
11. Ішкі істер органдары этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері өтініш берген кезден бастап он жұмыс күні ішінде олардың тұрақты тұруға рұқсат алу және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы өтініштерін қарауға міндетті.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап жаңа редакцияда; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтарға қандас мәртебесін беру немесе ұзарту және (немесе) оларды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар тұратын жеріне келгеннен кейін, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қандас мәртебесін беру немесе ұзарту және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге жүгіне алады және тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне жүгінеді.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне қандас мәртебесін береді немесе ұзартады, қандас куәлігін береді не қандас мәртебесін беруден немесе ұзартудан уәжді түрде бас тартады.
Этникалық қазақтың жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне қандас мәртебесін береді немесе ұзартады, қандас куәлігін береді не қандас мәртебесін беруден немесе ұзартудан уәжді түрде бас тартады.
Қандас мәртебесін беру үміткерлер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай келген кезде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтар қандас мәртебесін ұзарту туралы өтініш бере алады.
Қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган алты айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды.
3. Қандас мәртебесін алуға үміткерлердің ұлты - жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазбаға сәйкес, мұндай жазба болмаған кезде олардың ұлтын растайтын басқа да құжаттардың негізінде расталады.
4. Қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар өздерін қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын шарттарда және тәртіппен жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға үміткер бола алады.
Қандас мәртебесін алған этникалық қазақтардың тізімі, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда, шешім қабылдау үшін Комиссияға жіберіледі.
5. Комиссия қандастардың тізімін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не себептерді уәжді түрде негіздей отырып одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды
21-1-бап. Этникалық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізудің ерекшеліктері
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қандас қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгеннен кейін келген, қандастың отбасы мүшелері, сондай-ақ ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін Қазақстан Республикасында туылған балалар күнтізбелік бір жыл ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын қандастар жергілікті атқарушы органдарға өздерінің отбасы мүшелерін қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш бере алады және олардың осы Заңның 21-бабында белгіленген тәртіппен оған енгізілуге құқығы болады.
3. Егер қандастар өз отбасы құрамында өзінің отбасы бар балаларын көрсетпесе, онда балаларының отбасы мүшелері қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына қандастардың өзінің отбасы бар балалары қайтыс болған, оларды ата-ана құқықтарынан айырған не олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алған жағдайда ғана қандастар отбасының құрамында енгізіледі.
Бұл ретте қандастың өзінің отбасы бар балалары қайтыс болған не оларды ата-ана құқықтарынан айырған жағдайларда, олардың кәмелетке толмаған отбасы мүшелерін қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін қандастар (қандастың жұбайы (зайыбы) олардың қорғаншысы (қамқоршысы) болуға міндетті.
22-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 23-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Қандастарға, этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өзінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылады.
2. Қандас мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi:
1) қандастарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегiн бейiмдеу және ықпалдастыру қызметтерiн көрсетумен;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын көлемде техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм алу мүмкiндiгiмен;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтiк қорғалумен;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етiледi.
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қандастарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы, саяжай құрылысы үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беріледі.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау шығындарын өтеуді қамтитын біржолғы жәрдемақылар белгілеуі мүмкін. Жәрдемақыларды төлеудің тәртібі мен шарттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде бекітеді.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Қандас мәртебесін беруге және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім алған этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қандастар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) кеден заңнамасына сәйкес, көлік құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлкіне кедендік төлемдерді төлеуден босатылады.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды
4-2. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделетін мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне осы бапта көзделген мемлекеттік қолдау шараларынан басқа тұтыну кредитін және тұрғын үй құрылысына ипотекалық қарыз алу құқығы беріледі.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Қандастар немесе оның отбасы мүшелері оларды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізгеннен кейін қайтыс болған жағдайда, мемлекеттік қолдау шаралары қандастарға немесе отбасы мүшелеріне олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанына қарамастан ұсынылады.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың 4-2-тармағында аталған қандастар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірдің шегінен тыс жерге өзінің ерік қалауымен бес жыл ішінде өз бетінше көшіп-қонған не Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайларда, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген, өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын мерзімінен бұрын толық көлемде өтеуге міндетті.
24-бап. Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерiн қандас мәртебесiн алғанға дейiн алғашқы қоныстандыру олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен және мерзiмдерге жүзеге асырылады.