8) мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бірдейлендірудің рәсімдері мен нысандары;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi (сынақ хаттамасы), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндiру, дайындау (сою), сақтау және қайта өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттама;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-1) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар);
10) ішкі сауда объектілері;
11) процессингтік орталық.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мен олардың орынбасарларының құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарларының құзыретіне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шекарада және көлікте мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
2) тиісті аумақтағы эпизоотия жағдайын бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар беру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) республикалық қордан ветеринариялық препараттарды бөлу туралы шешім қабылдау;
4) автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, шекара және кеден пункттерінде (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіреді.
2. Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) ветеринариялық бақылау бекеттерiн қоса алғанда, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету;
6) қызметтен шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару кіреді.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мен мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің құқықтары
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедергісіз (қызмет куәлігін көрсетіп) кіруіне;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшін, зерттеу жүргізу мерзімі туралы мүдделі тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын іріктеп алуды жүргізуге;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізуге;
4) ветеринариялық құжаттар беруге;
5) осы заңда берілген өкілеттіктер шегінде актілер шығаруға;
6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды)немесе өңдеуді ұйымдастыру ісіне қатысуға, сондай-ақ аталған фактілер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жеке және заңды тұлғалар жоғары тұрған мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына, жергілікті атқарушы органдарға және (немесе) сотқа шағым жасай алады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің актiлерi
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану ақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер құзыреті шегінде мынадай актiлер:
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) нұсқамалар:
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама;
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргізу туралы нұсқама;
жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшін жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлі түрде вакцина егу, індет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлікте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу туралы нұсқама;
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда, сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша материалдарды үш тәулік ішінде міндетті түрде бере отырып, шаруашылық қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне сот шешімінсіз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы нұсқама шығарады. Бұл ретте, қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады;
жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы нұсқама;
ветеринариялық паспорт беру ережелерін бұзушылық туралы нұсқама;
ауру жануарларды санитариялық тазалау, санитариялық сою туралы нұсқама;
1-1) эпизоотиялық зерттеу актісі;
2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы немесе әкімшілік жауапқа тарту туралы қаулы;
3) жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.
2. Нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау мен беру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің тәуелсiздiгi
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер өз қызметiнде тәуелсiз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган белгiлейтiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар сақтала отырып, Қазақстан Республикасының аумағына эпизоотикалық тұрғыдан қолайлы басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелiнуiне, сондай-ақ транзитiне жол берiледi.
3. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелінуі, әкетілуі және транзиті тиісті аумақтардың індеттілік жағдайын бағалауға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 2009.24.07. № 190-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшiн уәкілетті орган шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен ветеринариялық бақылау бекеттерiн ұйымдастырады.
5. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының шығуы тіркелген шектес мемлекеттердің шекаралық аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына келетін көлік құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген кезең мен тәртіп бойынша міндетті түрде дезинфекциялануға тиіс.
ҚР 2009.24.07. № 190-IV Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін атқару кезінде нысанды киім (погонсыз) киіп жүреді.
Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
Нысанды киім (погонсыз) үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
7. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне шарттар жасасудың алдында жеке немесе заңды тұлғаның уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінен экспорт, импорт және транзит еліндегі індеттілік жағдайы туралы, жануарлар ауруларының қоздырушыларын әкелу мен әкетуді болдырмайтын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер туралы ақпарат алуға құқығы бар. Жасырын сипаттағы ақпарат о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті иесінің жазбаша келісімінсіз жария етілмеуге тиіс.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн уәкілетті орган бекітеді.
21-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау (орнын ауыстыру) кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер Қазақстан Республикасының аумағында тасымалданған (орны ауыстырылған) кезде міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде оларға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиеу, түсіру жүргізілетін аумақтардың, сондай-ақ тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетін аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Ауыл шаруашылық жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келісе отырып ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органдары белгілейді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) үшін пайдаланылатын және пайдаланылған көлік құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес міндетті түрде дезинфекциялануға тиіс.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
1. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау міндетті болып табылады.
2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға:
1) о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қоса жіберілетін ветеринариялық құжаттарға сәйкестігін тексеру;
2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық тексеріп қарау;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру;
4) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қою және жою;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды), өңдеудi ұйымдастыру кiредi.
4. Ішкі сауда объектілерінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындауды ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары жүзеге асырады.
5. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз сатуға тыйым салынады.
6. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Ішкі сауда объектілерінің әкімшіліктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды және ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлерге, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде, ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетін қызметтік үй-жайлар береді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
1. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді, жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізілуі міндетті.
2. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтайды және өткізеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің әкімшіліктері жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерін құруға, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде қызметтік үй-жай беруге міндетті.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
5. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, олардың аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының пайда болуы және (немесе) оны қолайсыз аймаққа жатқызу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жылына кемінде екі рет жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезеңі тексеру басталған кезден бастап бес күннен аспауға тиіс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді
24-бап. Ветеринариялық препараттар, жемшөптік қоспалар айналысын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
1. Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын жүргізу үшін қажетті көлемде өндіру, әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін ғана өндіруге, әкелуге (импорттауға), өткізу мен қолдануға (пайдалануға) рұқсат етіледі.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды өндіруді, әкелуді (импорттауды), тасымалдауды (орнын ауыстыруды), өткізуді, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда, олардың айналысы міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
3. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі олардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
4. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптік қоспалар өндіру жөніндегі ұйымдар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін анықтау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерін құруға міндетті.
5. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестiгiн айқындау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.