3. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында халықтың театр іс-шараларына қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді ұсынуға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік театрларға бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен субсидиялар бөлінеді.
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды
22-1-бап. Цирктер
1. Эстрадалық-цирк жанрындағы туындылардың сахналық көрсетілімдерін жүзеге асыратын театр-ойын-сауық ұйымдары цирктер болып табылады.
2. Цирктер көркемдік бағыттарды, репертуарды, эстрадалық-цирк жанрындағы туындыларды көпшілік алдында орындау, сахналық туындыларды жасау және кеңінен таныту туралы шешімдерді қабылдауды таңдауда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, тиімді шығармашылық және өндірістік даму үшін қажетті өзге де қызметті жүзеге асыруда ерікті болады.
3. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында мемлекеттік цирктерге бюджет қаражатынан халық үшін цирк іс-шараларының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлінеді.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-бап. Концерттік ұйымдар
1. Концерттік ұйымдар - әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау үшін шаралар кешенін іске асыратын ойын-сауық ұйымдары.
2. Концерттік ұйымдардың негізгі міндеттері музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, көркемдігі жоғары бағдарламалар мен нөмірлер жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету, кәсіби көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
3. Концерттік ұйымдар шығармашылық бағдарламалар жүргізуде және репертуар таңдауда дербестікке ие.
4. Республика азаматтарын мәдени өмір саласына тарту мақсатында республика халқының барлық жіктерінің концерттік іс-шараларға қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде қызметтер ұсынуға, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік концерттік ұйымдарға мемлекеттік бюджеттен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен субсидиялар бөлінеді.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-бап. Кітапхана ісі
1. Кітапхана ісі - міндеттеріне кітапханалар желісін құру және дамыту, олардың қорларын қалыптастыру және өңдеу, кітапхана пайдаланушыларға кітапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кітапхана мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру, кітапханалардың дамуын ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету кіретін мәдениет саласы.
2. Кітапхана - ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын орындайтын, баспа және қолжазба құжаттарының ұйымдастырылған қоры, сондай-ақ графикалық, дыбыстық-көрініс материалдары, электронды жеткізгіштерде құжаттары бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретін мәдениет ұйымы.
Қоры тек қана электронды жеткізгіштердегі құжаттардан тұратын кітапхана (электронды кітапхана) пайдаланушылармен жанама түрдегі (қашықтықта) немесе толық емес жанама түрдегі өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кітап алмасу, сыйға тарту және мемлекеттік тапсырыс бойынша басып шығарылған кітаптарды өтеусіз алу арқылы жүзеге асырылады.
Ұлттық кітапханалардың кітапхана қоры басылымның міндетті тегін данасын алу жолымен де қалыптастырылады.
2-2. Басылымдардың міндетті тегін даналарын дайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханаларына жібереді.
3. Қазақстан Республикасының аумағында әмбебап, салалық, салааралық, жасөспірімдер, балалар кітапханалары, сондай-ақ көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін арнайы кітапханалар құрылуы мүмкін.
4. Мемлекеттік кітапханалар ақысы міндетті сипатта болмайтын және жеке немесе заңды тұлғамен келісім бойынша айқындалатын, өздерінің негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізуге құқылы. Мұндай тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
Мемлекеттік кітапханалар:
1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындауға және оларды өңдеуге;
2) кемтар азаматтар үшін материалдар дайындауға;
3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуге және қосымша библиография жасауға;
4) қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды реставрациялауға;
5) көшпелі ақпараттық - көрме іс-шараларын ұйымдастыруға;
6) білім беру және аудармашылық қызметтерін көрсетуге;
7) қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасауға;
8) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсынуға;
9) құжаттарды электронды жеткізуге, тақырыптық ақпарат іздестіріп, құрастыруға;
10) экскурсиялық қызмет етуге, фото, бейне түсірілімдер жасауға;
11) кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізуге құқығы бар.
Кітапханалар сирек және құнды басылымдарды беру кезінде салынған кепіл сомасын, кітапхана қорына пайдаланушылар келтірген залал өтемақысының түрлері мен мөлшерін белгілеуге құқылы. Мемлекеттік кітапханалар кітапхана қорына келтірілген залал үшін алынған өтемақы сомаларын тиісті бюджетке аударады.
5. Кітапхана ісі, сондай-ақ ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі ретінде кітапхана қорларын қалыптастырумен, сақтаумен, пайдаланумен байланысты мәселелер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен реттеледі.
6. Мүгедек немесе егде жаста болуынан кітапханаларға бара алмайтын кітапхана пайдаланушылар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізуге құқығы бар.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-бап. Музейлер
1. Музей заттары мен музей коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін құрылған, мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен танытуды қамтамасыз етуге арналған мәдениет ұйымдары музейлер болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында әртүрлі бейіндегі музейлер, оның ішінде музей-қорықтар мен жеке коллекциялар музейлері құрылуы мүмкін.
3. Музей заттары мен музей коллекциялары музей қорының құрамына енгізіледі және Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады.
Музей қорларын жинақтау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, мемлекеттік музейлерде құрылатын қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиялары шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік музейлерден музей заттары мен музей коллекцияларын жеке меншікке беруге тыйым салынады.
4. Мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын, ақы төлеу міндетті сипатта болмайтын және жеке және заңды тұлғалармен келісу бойынша айқындалатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге құқылы.
Мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
5. Мемлекеттік музейлер мен қорық-музейлердің:
1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындауға және оларды өңдеуге;
2) байланыс операторымен шарт негізінде интернет қызметтерін ұсынуға;
3) фото және бейне түсірілімдер жасауға;
4) кәдесый және полиграфиялық өнімдерді өткізуге;
5) музейлер мен музей-қорықтар басып шығарған оқу-әдістемелік басылымдарды және басқа да әдебиетті өткізуге құқығы бар.
6. Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу тәртібі мен шарттары және музей ісі саласындағы басқа да қатынастар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен реттеледі.
7. Мәдени құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік музейлерге мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға субсидиялар бөлінеді.
26-бап. Ауыл мәдениеті
1. Қазақстан Республикасында ауылдық елді мекендердің мәдениет объектілерімен қамтамасыз етілу нормативі талаптарымен айқындалатын деңгейде ауылдық жерде мәдениетті дамытуда, мемлекеттік мәдениет ұйымдары желісін қалыптастыруда, халыққа эстетикалық білім беру және мәдени қызмет көрсету үшін жағдайлар жасауда басымдық қамтамасыз етіледі.
2. Ауылдық жерлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдары материалдық-техникалық қамтамасыз етудің басым құқығын пайдаланады.
2008.24.12. № 111-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Ауылдық елді мекендерде тұратын мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары беріледі.
27-бап. Мәдени-демалыс ұйымдары
1. Мәдени-демалыс ұйымдары - қызметі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен реттелетін күнделікті көпшіліктің араласу (клубтар, мәдениет және демалыс парктері, мәдениет үйлері мен сарайлары, халық шығармашылығы орталықтары (үйлері) және басқалары), жеке адамды, көркемөнерпаз халық шығармашылығын дамыту орталықтары.
2. Мәдени-демалыс ұйымдарының негізгі міндеті халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
3. Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметі:
1) халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, насихаттауға, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеуге;
2) Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыруға;
3) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға;
4) мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеуге, қорытуға, танытуға, оны енгізуге және таратуға;
5) облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, конкурстарға, фестивальдерге қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттауға;
6) этномәдени бірлестіктерді қолдауға;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) мәдени-демалыс қызметі саласындағы инновациялық жобаларды, ұлттық мәдениеттердi сақтауға және дамытуға бағытталған әртүрлi мәдени акцияларды, бастамаларды қолдауға бағытталады.
4. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мәдени-демалыс ұйымдарын таратуға, егер мұндай тарату халыққа мәдени қызметтердің ең аз көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін болмаса, оған жол берілмейді.
5. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында халықтың мәдени-демалыс іс-шараларына қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер ұсынуға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік мәдени-демалыс ұйымдарына бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік субсидиялар бөлінеді.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-бап. Кинематография
1. Кинематография - фильмді жасауға, сақтауға, прокаттауға және көрсетуге бағытталған шығармашылық, ғылыми, өндірістік, білім беру қызметі түрлерін біріктіретін мәдениет саласы.
2. Кинематографиядағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары:
1) киношежіре мен ұлттық, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер жасау;
2) кинематографияның материалдық-техникалық базасын сақтау және дамыту;
3) шетелдік фильмдерге қарағанда ұлттық фильмдерді шығаруға, олардың таралымын көбейтуге және прокаттауға басым жағдайлар жасау;
4) кинофестивальдер және басқа да іс-шаралар өткізу;
5) халықаралық кинематографистер ұйымдарына, сондай-ақ фестивальдер мен конкурстарға қатысу және өкілдік ету болып табылады.
3. Қазақстан Республикасындағы кино өндірісінің негізін кинематографиялық ұйымдар құрайды.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
28-1-бап. Ұлттық фильм
1. Фильм мынадай негіздердің жиынтығына сәйкес келсе:
1) егер фильм жоғары көркемдік деңгейде жасалып, халықтың рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға қабілетті болса, мемлекеттік мүдделерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасын кино өнері арқылы әлемдік аренада танып-білуге қызмет ететін болса;
2) фильмдерді шығару, тарату және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) кезінде смета бойынша жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде жетпіс процентін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематографиялық ұйымдар жүзеге асыратын болса;
3) Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға фильмнің продюсерлері болып табылса;
4) фильм түсіретін топтың құрамына кіретіндердің (режиссерлер, операторлар, дыбыс операторлары, киім суретшілері, монтаждаушылар, басты рөлдерді орындайтын актерлер) отыз пайыздан аспайтыны Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар болса;
5) фильм шығарудағы шетелдік инвестициялар фильмнің сметалық құнының отыз процентінен аспаса;
6) фильмді шығару ішінара немесе толығымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылса, ұлттық деп танылады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес шетелдік кинематографиялық ұйымдармен бірлесіп түсірілген фильм ұлттық деп танылуы мүмкін.
3. Фильмді ұлттық деп тану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 28-2-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
28-2-бап. Фильмге прокаттау куәлігін беру
1. Қазақстан Республикасында шығарылған, сондай-ақ фильмге прокаттау куәлігін алу мақсатында Қазақстан Республикасына прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдер, фестивальдерде, семинарларда, ретроспективада және басқа да іc-шараларда демонстрациялау үшін әкелінетін (жеткізілетін) фильмдерді қоспағанда, Фильмдердің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.
Бұл талап бұрынғы КСРО-ның кинематографиялық ұйымдары шығарған фильмдерге қолданылмайды.
Фильмге прокаттау куәлігі - фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, индексі мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін, оны прокаттауға негіз болатын құжат.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Фильмге прокаттау куәлігін беру уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жүзеге асырылады.
3. Фильмге прокаттау куәлігін алу үшін өтініш беруші:
1) уәкілетті орган басшысының атына өтінішті;
2) өтініш берушінің фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттарды; шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі;
3) фильмнің аннотациясын;
4) отандық немесе бірлесіп түсірілген фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәліметтерді ұсынуы қажет.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Фильмге прокаттау куәлігін алуға өтініш түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган өтініш берушіге фильмді прокаттау куәлігін береді.
5. Уәкілетті орган өтініш берушіге фильмді прокаттау куәлігін беруден мынадай негіздер бойынша:
1) өтініш беруші дәйексіз немесе бұрмаланған ақпарат берсе;
2) өтініш беруші осы баптың 3-тармағының талаптарына сай келмейтін құжаттарды табыс етсе;
3) фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, ұлттық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған жағдайда, бас тартуы мүмкін.
6. Фильмге прокаттау куәлігін беру үшін бұдан бұрын негіз болған фильм туралы ақпараттың дәйексіздігі және (немесе) бұрмаланғандығы анықталған жағдайда, уәкілетті орган фильмді прокаттау куәлігін сот тәртібімен кері қайтарып алуға құқылы.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 28-3-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
28-3-бап. Фильмдердің индекстері
1. Қазақстан Республикасында шығарылған барлық фильмдер мен Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау және көпшілікке демонстрациялау мақсатымен әкелінетін (жеткізілетін) фильмдер көрермендердің жас шегіне қарай индекстеледі.
Фильмдердің мынадай индекстері белгіленеді:
1) «К» - әртүрлі жастағы көрермендерге арналған фильмдер;
2) «БА» - он екі жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берілген фильмдер;
3) «Б14» - он төрт жасқа дейінгі балаларға ата-аналарымен бірге көруге ұсынылатын фильмдер;
4) «Е16» - он алты жасқа дейінгі көрермендерге ата-аналарымен бірге көруге ұсынылатын фильмдер;
5) «Е18» - он сегіз жастан асқан көрермендерге арналған фильмдер;
6) «НА» - жиырма бір жасқа толған көрермендерге ғана арналған фильмдер.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. «НА» индексті фильмнің жариялы көрсетіліміне (демонстрациясына) жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн осы мақсаттарға арналған кинозалдар мен өзге орындарда жол берiледi.
Телеарналарда (шетелдік телеарналарды қоспағанда) «Е18» индексті фильмдi - жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн, «НА» индексті фильмдi жергiлiктi уақытпен сағат нөлден таңғы сағат 06-ға дейiн көрсетуге жол берiледi.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Фильмге прокаттау куәлiгiн алған және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрермендi фильмнiң индексi туралы хабардар етуге мiндеттi.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Фильмнің индексі туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын талаптарға сәйкес көрсетілуге және тұтынушылар үшін қолжетімді болуға тиіс.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 28-4-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-4-бап. Фильмдерді прокаттау тілі
1. Қазақстан Республикасының аумағында барлық фильмді прокаттау қазақ тілінде және басқа да тілдерде жүзеге асырылады.
2. Ұлттық фильмдерді прокаттау қазақ тілінде және қажеттігіне қарай басқа да тілдерде жүзеге асырылуға тиіс.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Шетел телеарналарынан ретрансляцияланған фильмдерді қоспағанда, прокаттау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн (жеткiзiлетiн) барлық фильмдерге 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақ тiлiнде дубляж жасалуға тиiс.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 28-5-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
28-5-бап. Фильмдердің түрлері
1. Фильмдер түрлері бойынша мыналарға бөлінеді:
1) анимациялық фильм - графикалық әдістерді және бейнелеу өнері тәсілдерін, сондай-ақ компьютерлік графика мүмкіндіктерін пайдалану жолымен қимылдар мен көріністер жандандырыла отырып жасалатын фильм;
2) деректі фильм - режиссер операторлық өнер, монтаждық құрау құралдарымен және басқа да құралдармен түсіндіретін өзекті оқиғалар, шындық фактілері жинақталып көрсетілген сценарий желісінің негізінде жасалатын фильм;
3) ойын фильмі - сценарийдің негізінде жасалатын және актер ойыны, режиссура, операторлық өнер, қоюшы-суретшінің, композитордың және кинематография саласындағы басқа да қатынас субъектілерінің шығармашылығы құралдарымен іске асырылатын фильм;
4) хроникалы фильм - өзекті оқиғалар мен шындық фактілері көрсетілген фильм.
2. Бейнелеуді көрсету тәсілдері бойынша фильмдер кинофильмдерге, телевизиялық фильмдерге және бейнефильмдерге бөлінеді.
3. Ұзақтығы алпыс минуттан кем емес фильм толық метражды болып табылады, ұзақтығы алпыс минутқа жетпейтін фильм қысқа метражды фильм болып табылады.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 28-6-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
28-6-бап. Фильмдердің және киношежіренің бастапқы материалдарын сақтау
1. Мемлекет ұлттық фильмдерді, бірлесіп түсірілген фильмдерді және киношежірені, оның ішінде ұлттық мәдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде ұлттық фильмдердің және киношежіренің бастапқы материалдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
2. Ұлттық фильмдердің бастапқы материалдары Фильмдердің мемлекеттік қорына тұрақты сақтауға беріледі.
3. Қазақстан Республикасының аумағына көшірмесін жасау, таралымын көбейту, прокаттау және көрсету үшін әкелінетін (жеткізілетін) бірлесіп түсірілген фильмдердің бастапқы материалдары да Фильмдердің мемлекеттік қорына тұрақты сақтауға беріледі.
4. Фильмдердің мемлекеттік қоры ұлттық фильмдердің, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (жеткізілетін) бірлесіп түсірілген фильмдердің бастапқы материалдарын сақтау кезінде фильмдердің бастапқы материалдарына олардың құқық иелерінің еркін және өтеусіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
5. Киношежіренің бастапқы материалдары Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының орталық мемлекеттік мұрағатына тұрақты сақтауға беріледі, ол киношежіренің бастапқы материалдарына олардың құқық иелерінің еркін және өтеусіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
6. Негатив, контратип, бейне негативі, фонограмма негативі, эталонды көшірме, қондыру роликтері, паспорттары мен олардың жазбалары, фильмнің бақылау көшірмесі, қайта жазбалардың, музыканың, шулардың магнитті фонограммаларының түпнұсқасы, бейнефонограмма-мастер, компакт-диск және фильмнің кез келген материалдық нысандағы таралымын көбейту үшін қажетті өзге де материалдар фильмнің және киношежіренің бастапқы материалдарына жатады.
29-бап. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың гастрольдік қызметі
1. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың Қазақстан Республикасының аумағындағы гастрольдік қызметі шарт негізінде жүзеге асырылады.
2. Шетелдік гастрольдерді шығармашылық ұжымдар мен жекелеген орындаушылар авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың сақталуын қамтамасыз ететін шарттар негізінде өткізеді.
30-бап. Халық көркем шығармашылығы
1. Халық көркем шығармашылығы - халық көркем шығармашылығы шеберлерінің шығармашылық қол еңбегі және (немесе) механикаландырылған еңбегі процесінде белгілі бір жерде халық өнері дәстүрлерін ұжымдасып игеру және сабақтастықпен дамыту негізінде жүзеге асырылатын халық шығармашылығы нысандарының бірі, әсемдік мақсаттағы көркем бұйымдар жасау жөніндегі қызмет.
2. Бұйымдарды халық көркем шығармашылығы бұйымдарына жатқызу халық көркем шығармашылығы жөніндегі көркемдік-сарапшылық кеңестердің қорытындылары негізінде жүзеге асырылады.
3. Халық көркем шығармашылығы саласындағы қызметті жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен қорғалады.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-бап. Мәдениет саласындағы қызметті қаржыландыру
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік мәдениет мекемелерін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланылатын, бюджет қаражаты және филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін қаражат және өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік мәдениет мекемелерін қоспағанда, мәдениет ұйымдарын қаржыландыру қызметтер көрсету, құрылтайшылардың қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.