ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 6 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
267-бапта:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көмірсутектерді және өзге де қауіпті заттарды Каспий теңізі акваториясында танкермен тасымалдау үшін қосарлы корпусты танкерлер пайдаланылады.»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Су объектілеріне кемелерден мұнайды, зиянды заттар мен құрамында олар бар суларды, тамақ қалдықтарын, тұрмыстық қоқысты және пластмассалардың барлық түрлерін тастауға тыйым салынады.».
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 2-құжат):
1) мазмұнында 561-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«561-бап. Жылжымалы темiржол составын және қалалық рельсті көлiкті мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану»;
2) 561-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«561-бап. Жылжымалы теміржол составын және қалалық рельсті көлікті мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану
1. Жылжымалы теміржол составын және қалалық рельсті көлікті мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану -
жеке тұлғаларға - екі, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.».
3. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-I, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 60-құжат):
1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қалалық рельсті көлік - қала шекарасындағы және қала маңы аймағындағы жолдармен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік);»;
2) 8-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауды ұйымдастыруды қалалық рельсті көлік орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.»;
төртінші бөлік алып тасталсын;
3) 9-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қалалық рельсті көлік болған кезде жергілікті атқарушы орган Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын бекітеді.»;
4) 11-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қалалық рельсті көлік болған кезде жергілікті атқарушы орган Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдау қағидаларын бекітеді.»;
5) 21-баптың бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Жүктер мен көлiк объектiлерiн күзетудi, сондай-ақ теміржол, әуе көлiгiнде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi және өрттердің салдарын жоюды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртiппен әскерилендiрiлген күзет қызметтерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.»;
«Қалалық рельсті көлікте өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi және өрттердің салдарын жоюды жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртiппен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.»;
6) 25-баптың екінші бөлігінің 28) тармақшасындағы «қолдануды қамтиды» деген сөздер «қолдануды» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:
«30) жеке және заңды тұлғалардың қалалық рельсті көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын бақылауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдануды қамтиды.
Уәкілетті мемлекеттік орган жеке және заңды тұлғалардың қалалық рельсті көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру кезінде жай-күйі жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай келмейтін қалалық рельсті көлік объектілерін пайдалануды тоқтата тұрады.
Қалалық рельсті көлікті күтіп-ұстау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.».
4. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
7-баптың бірінші бөлігінің 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен шығаруға міндетті.
Көрсетілетін қызметтері табиғи монополиялар саласына жатқызылатын кірме жолды иеліктен шығарған жағдайда, осы кірме жолдың иесі тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алудың шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, жұмыс істеп тұрған тұтынушыға үшінші тұлғалар алдында оны сатып алудың басым құқығын беруге міндетті.
Жұмыс істеп тұрған тұтынушылар екі және одан көп болған кезде басым құқық тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алудың шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, соңғы 12 айда көрсетілетін қызметтердің көбірек көлемін (мың вагон/км, вагон/сағат) алған тұтынушыға беріледі;».
5. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат; № 24, 124-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) вагондарды беру-алып кету - маневрлік локомотивпен вагондардың:
станциялық жолдардан - тиеу, түсіру (жүктен босату) орындарына, кірме жолдарға;
кірме жолдарда - контрагенттің қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдары мен тиеу, түсіру (жүктен босату) орындары арасында орнын ауыстыру;»;
2) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 34-30) тармақшамен толықтырылсын:
«34-30) Мемлекеттік жылжымалы состав тізілімін жүргізу;»;
3) 30-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері магистральдық, станциялық және кірме жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне хабарлауға міндетті.
Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы ақпаратты оқиға болған кезден бастап бір сағаттан кешіктірмей телефон немесе факсимильдік байланыс арқылы береді. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы егжей-тегжейлі ақпарат оқиға болған кезден бастап бір тәуліктен кешіктірілмей Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкес жазбаша нысанда беріледі.»;
4) 31-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Теміржолдардың, көпірлердің және тоннельдердің қызметтер көрсету үшін жабық жекелеген учаскелері бойынша жылжымалы составтың жүруіне тыйым салынады.»;
5) 45-баптың тақырыбындағы «беру және алып/кету» деген сөздер «беру-алып кету» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 56-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кiрме жолдар, олардың құрылыстары мен құрылғылары құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес келуге, жылжымалы составты магистральдық жолдарда рұқсат етiлетiн техникалық жүктеме нормасымен өткiзудi қамтамасыз етуге тиiс.»;
7) 57-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жаңадан салынып жатқан жолдардың жұмыс iстеп тұрған кiрме жолдарға жалғасуын келісу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
8) 58-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «жылжымалы составты берудi және оны алып кетудi» деген сөздер «вагондарды беруді-алып кетуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 85-бапта:
тақырыптағы «берудi, олардан алып кетудi» деген сөздер «беруді-алып кетуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
«кiрме жолдарға беру және олардан алып кету» деген сөздер «беру-алып кету» деген сөздермен ауыстырылсын;
«берудi, алып кетудi», «процентi» деген сөздер тиісінше «беруді-алып кетуді», «пайызы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «беру, алып кету» деген сөздер «беру-алып кету» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 88-1-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тасымалдау процесіне қатысушылар және жылжымалы теміржол составының иелері жылжымалы теміржол составына, сондай-ақ магистральдық, станциялық, кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпаратты Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларында белгіленген нысан бойынша жөндеу аяқталған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға береді.»;
5-тармақтың 11) тармақшасы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
11) 88-4-баптың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) темiржол көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн, оның ішінде бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарын қолдана отырып, олардың:».
6. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) порт құралдары - халықаралық рейстер жасайтын кемеге қызмет көрсететін теңіз терминалдары, сондай-ақ тоқтап тұру аудандарын, күту орындарын, теңіз портына кіреберістерді қоса алғанда, теңіз портының акваториясы;»;
60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«60) шетелдік сыныптау қоғамы - кемелердi техникалық байқауды, куәландыруды және сыныптауды, сондай-ақ теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын, теңіз оқу-тренажер орталықтарын куәландыруды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған тәртiппен уәкілетті орган таныған шетелдік ұйым.»;
2) 4-баптың 3-тармағында:
32), 55-3) және 55-7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«32) жеке және заңды тұлғалардың су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын мемлекеттiк бақылау және қадағалау, оларды бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдану;»;
«55-3) кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту;»;
«55-7) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде шетелдік сыныптау қоғамын тану туралы шешiм қабылдау;»;
55-29) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 55-35), 55-36), 55-37) және 55-38) тармақшалармен толықтырылсын:
«55-35) порт құралдарын күзетуді бағалау туралы есеп пен порт құралдарын күзету жоспарын және оларға түзетулерді мақұлдау;
55-36) кемелерді және порт құралдарын күзету жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту;
55-37) порт құралдарын күзетуге бағалау жүргізу және порт құралдарын күзету жоспарын әзірлеу үшін уәкілетті ұйымды айқындау;
55-38) шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесін бекіту;»;
3) 8-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің қауіпсіздігін навигациялық қамтамасыз етуді республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын навигациялық орталық жүзеге асырады.»;
4) 8-3-баптың 7-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар жергілікті атқарушы органға шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімдерін жіберуге міндетті. Оқудан өткен адамдар туралы ақпаратты беру тәртібі кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында айқындалады.»;
5) 16-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кеме кiтаптарында шағын көлемді кемелер тiркеледi.
Массасы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі және қозғалтқыштарының (орнатылған жағдайда) қуаты қоса алғанда сегіз киловатқа дейінгі шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспайтын, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер мемлекеттік тіркелуге жатпайды.
6-тармақтың 5) тармақшасының төртінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген, массасы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспайтын, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер шағын көлемді кеме иесінің өтінішінсіз кеме кітабынан алып тасталуға жатады.».
7. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 18-2) тармақшамен толықтырылсын:
«18-2) қоғамдық көлік - жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын, көпшілік пайдаланатын көлік, сондай-ақ такси;»;
2) 13-бапта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) осы Заңның 19-4-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда, автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;»;
23-17) тармақша алып тасталсын;
3) 19-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Тариф республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен маршруттың түріне, жол жүру билетінің түріне, төлем тәсіліне, сондай-ақ тасымалдау қашықтығына немесе жүріп өткен аялдама пункттерінің санына қарай сараланады.»;
4) 19-6-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы «қағидасында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарының жүріп өтуінің белгіленген талаптарының», «параметрлерге» деген сөздер тиісінше «, Қазақстан Республикасының аумағында ірi габаритті және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында белгіленген талаптардың», «өлшемдерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 20-баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде қоғамдық көлікте жол жүргені үшін тасымалдаушы өкілінің талап етуі бойынша жол жүру құжатын (билетін) көрсетуге;».
8. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
1) 1-баптың 25) және 29) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«25) қарап тексеру - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің объектiнi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан уәкiлеттi органның тексеруi;»;
«29) мемлекеттiк көлiктiк бақылау және қадағалау (бұдан әрi - көлiктiк бақылау және қадағалау) - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкiлеттi орган жүргізетiн iс-шаралар жиынтығы;»;
2) 9-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 26-30) тармақшамен толықтырылсын:
«26-30) шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесін бекіту;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) көлік оқиғасы туралы уәкілетті органды құлақтандыру, кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексерулерді, сыныптауды және есепке алуды жүргізу үшін қажетті ақпаратты және дәлелдемелерді жинау;»;
3) 15-4-баптың 6-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар жергілікті атқарушы органға шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімдерін жіберуге міндетті. Оқудан өткен адамдар туралы ақпаратты беру тәртібі Кеме жүргiзушiлердi шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында айқындалады.»;
4) 17-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру арқылы жүзеге асырылады. Диплом беру кезінде кәсіби диплом алу үшін тиісті білімі бар, аумақтық бөлімшеге мынадай құжаттарды:
белгіленген нысандағы өтiнiштi;
жеке басын куәландыратын құжатты;
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжатты (дипломды);
жүзу өтiлiн растайтын құжатты;
кемеде жұмыс істеуге жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысын;
өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр екі фотосуретті ұсынған адамдар жіберіледі.
Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруді және оларды аттестаттауды аумақтық бөлімше диплом беруді және аттестаттауды өткізу туралы өтініш берілген күннен бастап жиырма екі жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады;»;