5) 23-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) кемеге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;»;
6) 26-бапта:
4-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Егер кеме оқиға салдарынан немесе басқа себеппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізіліміне немесе кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалса, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кемені мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Шағын көлемді кемелер кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жатады.
Массасы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі және қозғалтқыштарының (орнатылған жағдайда) қуаты қоса алғанда сегіз киловатқа дейінгі шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспайтын, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер мемлекеттік тіркелуге жатпайды.
8-тармақтың 6) тармақшасының жетінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген, массасы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспайтын, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер шағын көлемді кеме иесінің өтінішінсіз кеме кітабынан алып тасталуға жатады.»;
7) 28-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы өтініштің нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нысанын уәкілетті орган белгілейді.».
9. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат):
1) 8-баптың 3) тармақшасының бесінші абзацындағы «тәртібін бекітеді» деген сөздер «тәртібін» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«астананың бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін астана аумағының қала құрылысын игеру схемаларын;
Астана қаласы аумағының қала құрылысы регламентін бекітеді;»;
2) 9-бап мынадай мазмұндағы 38), 39) және 40) тармақшалармен толықтырылсын:
«38) Астана қаласы аумағының қала құрылысы регламентін әзірлейді;
39) астананың және қала маңы аймағының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің жобаларын (мемлекеттік нормативтік құжаттарды) келіседі;
40) астананың бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін астана аумағының қала құрылысын игеру схемаларын әзірлейді.»;
3) 12-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
10. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат):
6-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы шешім қабылдайды;»;
2-тармақтың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;»;
3-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«23) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;»;
4-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;».
11. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат; № 24, 131-құжат):
1) 2-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі (бұдан әрі - шекаралық кеңістік) - Мемлекеттік шекара және Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) және ішкі сулары бар шекаралық аймақтың сыртқы шектеріне дейін оған шектесіп жатқан Қазақстан Республикасының аумағы, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардың аумағы, шектерінде уәкілетті органдар шекаралық қызметті жүзеге асыратын континенттік қайраң және олардың үстіндегі әуе кеңістігі;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орын - айрықша жағдайларда адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын, өткізу пункті болып табылмайтын аумақ (акватория);»;
2) 14-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Адамның теміржол көлігі құралымен:
Қазақстан Республикасының аумағынан шет мемлекеттің аумағы арқылы Қазақстан Республикасы аумағының екінші бөлігіне транзитпен;
шет мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы осы шет мемлекет аумағының екінші бөлігіне транзитпен жүріп өту кезінде Мемлекеттік шекараны кесіп өтуі Қазақстан Республикасына кіру және Қазақстан Республикасынан шығу болып табылмайды.
Көрсетілген жағдайларда шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлері жүргізілмейді.
Теміржол көлігі құралдарының аялдамай жүруін қамтамасыз ету, жолаушыларды түсіруді (отырғызуды), жүктер мен тауарларды түсіруді (тиеуді) жүзеге асыруға тыйымның сақталуын бақылау көлік ұйымының (жолаушыларды, жүктер мен тауарларды тасымалдаушының) міндеттері болып табылады.»;
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Адамдар мен көлік құралдары Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарға дейін немесе кері бағытта жүрген кезде:»;
3) 19-бапта:
1-тармақ «өткізу пункттерiнде» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда» деген сөздермен толықтырылсын;
5, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда адамдарды өткізген кезде Мемлекеттік шекара ретінде паспорттық бақылау сызығы қолданылады.»;
«9. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу шекаралық бақылау рәсімі біткеннен кейін және өткізу пункті, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орын шегінен адам, көлік құралы шыққан немесе жүктер мен тауарлар әкетілген кезде аяқталды деп есептеледі.
10. Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат етілмеген не кіруі шектелген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ өздеріне қатысты Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салу туралы шешім қабылданған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Мемлекеттік шекара арқылы өткізілуге жатпайды. Өткізу пунктіне немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынға келген және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу үшін негіздері жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өздері қайдан келсе, сол елге немесе өзі азаматы болып табылатын елге қайтарылады.»;
4) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
«22-1-бап. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізу
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтай отырып:
1) техникалық сипаттамалары бойынша теңіз өткізу пункттеріне кіруді жүзеге асыра алмайтын, континенттік қайраңда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған кемелерге;
2) өздерінің салмақтық және (немесе) габариттік өлшемдері бойынша рұқсат етілген нормалардан асатын және автомобиль өткізу пункті арқылы жүріп өте алмайтын, жүгі бар немесе жүгі жоқ автокөлік құралдарына қатысты жүзеге асырады. Осы санаттағы көлік құралдарын өткізу тікелей өткізу пунктіне іргелес жатқан жергілікті жердің учаскесінде жүзеге асырылады;
3) өткізу пунктінің инфрақұрылымы белгіленген бақылау түрлерін жүргізу үшін қажетті уақытқа теміржол көлігі құралдарының аялдау мүмкіндігін қамтамасыз етпейтін не өткізу пунктін ашу экономикалық жағынан орынсыз болған жағдайларда, теміржол көлігі құралдарына қатысты жүзеге асырады. Осы санаттағы көлік құралдарын өткізу қажетті инфрақұрылымы бар, өткізу пунктіне жақын станцияда не жүру жолында жүзеге асырылады;
4) Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен шекаралық ынтымақтастығының халықаралық орталықтары шегінде Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға, Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін көлік құралдарына, жүктер мен тауарларға қатысты жүзеге асырады.»;
5) 23-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттік шекараны кесіп өту ниеті бар адамдарға қатысты ақпаратты, оның ішінде көлік ұйымдарының ақпараттық дерекқорын пайдалана отырып алдын ала тексеруді;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Мемлекеттік шекараны кесіп өту заңдылығын айқындау, Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушыларды анықтау, сондай-ақ өздеріне қатысты Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасынан шығуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулері бар адамдарды анықтау мақсатында құжаттарды және адамдарды тексеруді, оның ішінде биометриялық дербес деректерді өңдеу арқылы тексеруді, сондай-ақ адамдарға сауалнама жүргізуді;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңның 19-бабының 1-тармағында және 22 мен 22-1-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өткізу пункттерінен тыс жерде шекаралық бақылау жүргізуге жол берілмейді.»;
6) 30-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттік шекараны өткізу пункттерiнен тыс жерде немесе өткізу пункттерінде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда оны кесіп өтудiң белгіленген тәртібін бұза отырып, кез келген тәсілмен кесіп өткен немесе кесіп өтуге әрекеттенуші адамдар;»;
7) 31-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы тараудың күші Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарға және жүру жолында шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерін жүргізу кезінде теміржол көлігі құралына қолданылады және олар аяқталғаннан кейін тоқтатылады.»;
8) 55-бап мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарды айқындайды;
10-2) Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен аялдамай жүріп өтетін теміржол көлігі құралдарына қатысты Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерінен өтуден босату тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша айқындайды;
10-3) жүру жолында жүзеге асырылатын, жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерін жүргізу тәртібін айқындайды;»;
9) 66-баптың 4), 5) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) адамдардың және көлік құралдарының белгіленген өткізу пункттерінен немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардан тыс жерде Мемлекеттік шекараны кесіп өту, сондай-ақ өткізу пункттерінде немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда заңсыз кесіп өту әрекеттерінің алдын алуға және жолын кесуге, Мемлекеттік шекараны бұзушыларды және шекаралық кеңістікте өзге де құқық бұзушыларды анықтауға және ұстауға;
5) тиісінше ресімделген құжаттар болған кезде және белгіленген бақылау түрлерінен өткен кезде адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;»;
«11) шетелде немесе Қазақстан Республикасында болған кезеңде жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен өзге де адамдардың жеке басы анықталғанға дейiн оларды өткізу пункттерінде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда қалдыра отырып, өткізбеуге;»;
10) 67-баптың 1-тармағының 33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«33) мемлекеттік кіріс органдары жоқ өткізу пункттерінде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, автоматты немесе қолмен тексеру режимінде радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;».
2-бап.
1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 11) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағы 5) тармақшасының төртінші абзацы және 8-тармағы 6) тармақшасының жетінші абзацы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы мамырдың 5-і.
№ 59-VI