1) 1-бап мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) техникалық жағынан күрделі тауар - өзін қосылыстың мәні айқындайтын мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін бір тұтасты құрайтын көптеген конструкциялық және (немесе) әртекті элементтерді қамтитын, техникалық жағынан күрделі ішкі құрылымы бар азық-түлік емес тауар, оған тек қана көлік құралдары, ауыл шаруашылығы техникасы, су және әуе кемелері жатады;
14-2) техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігі - техникалық жағынан күрделі тауардың жойылмайтын кемшілігі немесе мөлшерлес емес шығыстарсыз немесе қосалқы бөлшекті беруді күту уақытын қоса алғанда, заңда белгіленген мерзімнен асатын немесе тұтынушы үшін мұндай жоюдың өзектілігі жоғалатындай немесе тауарды нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға мүмкін етпейтіндей соншалықты созылатын уақыт шығындарынсыз жоюға келмейтін кемшілігі не тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтіруге алып келуі мүмкін кемшілік;»;
2) 15-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Техникалық жағынан күрделі тауарға және оның құрамдасына қатысты тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігі болған жағдайда ғана ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды не сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (модельді, артикулді) дәл сондай тауарға ауыстыруды, не шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшаны қайтаруды талап етуге құқылы.
Техникалық жағынан күрделі тауарға байланысты қалған жағдайларда тұтынушы тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды не айырманы тиісінше қайта есептей отырып, сатып алу бағасын мөлшерлес азайтуды талап етуге құқылы.»;
2-тармақтағы «1-тармағында» деген сөздер «1 және 1-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «1-тармағында» деген сөздер «1 және 1-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 30-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігін анықтаған және ол шартты бұзу және тауар үшін төленген ақшаны қайтару туралы талап қойған жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды және оның құрамдасын сатушы (дайындаушы, орындаушы) осы талапты үш жұмыс күні ішінде қанағаттандыруға міндетті.
Тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігін анықтаған және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды және оның құрамдасын сатушы (дайындаушы, орындаушы) осы талапты отыз жұмыс күні ішінде қанағаттандыруға міндетті.
Бұл ретте сатушы тұтынушының қойған талаптарымен келіспеген кезде сәйкестікті растау жөніндегі органдарға не сынақ зертханаларына техникалық жағынан күрделі тауардың қауіпсіздігін және (немесе) сапасын қосымша тексеруге (сараптамаға) жіберген жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды қайтару немесе айырбастау жөніндегі мерзім тексеру (сараптама) жүргізілген уақытқа тоқтатыла тұрады.».
20. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 33) тармақшасындағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «өнеркәсіптік-инновациялық» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
22-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «индустриялық-инновациялық құрамдас бөліктерінің» деген сөздер «өнеркәсіптік-инновациялық құрамдас бөлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 1) тармақшасындағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «өнеркәсіптік-инновациялық» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) мұнай-газ-химия өнеркәсібін дамыту бойынша жағдайлар жасау.»;
2) 5-баптың 1) тармақшасы «жабдықтау» деген сөзден кейін «, сондай-ақ мұнай-газ-химия өнеркәсібі» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 6-бапта:
1) тармақша «жабдықтау» деген сөзден кейін «, сондай-ақ мұнай-газ-химия өнеркәсібі» деген сөздермен толықтырылсын;
7-2) тармақшадағы «индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздер «өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-баптың 4-1-тармағының бірінші абзацындағы «Индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздер «Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «өнеркәсіптік-инновациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы «индустриялық-инновациялық және өзге де саясаттарын» деген сөздер «өнеркәсіптік және өзге де саясаттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қор немесе Қордың тобына кіретін ұйым өнеркәсіптік-инновациялық қызметті жүзеге асырған кезде оларға Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.».
24. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
12-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «жергілікті қамту» деген сөздер «елішілік құндылық» деген сөздермен ауыстырылсын.
25. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-қосымшаның 53-жолы 3-бағанының 8-тармағындағы «немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының» деген сөздер «немесе агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
3) тармақшадағы «индустриялық-инновациялық қызметті» деген сөздер «өнеркәсіптік-инновациялық қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «индустриялық-инновациялық қызмет» деген сөздер «өнеркәсіптік-инновациялық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптың 2-тармағындағы «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы» деген сөздер «инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы, өнеркәсіптік саясат» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 3-тармағындағы және 10-баптың 5-тармағындағы «Индустриялық-инновациялық», «индустриялық-инновациялық» деген сөздер тиісінше «Өнеркәсіптік-инновациялық», «өнеркәсіптік-инновациялық» деген сөздермен ауыстырылсын.
28. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-баптың 1-тармағындағы «жергілікті қамтуды» деген сөздер «елішілік құндылықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 8) тармақшасындағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «мемлекеттік технологиялық және өнеркәсіптік» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 11-бапта:
1-тармақтағы «индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыруға» деген сөздер «өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамытуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
5) тармақшадағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «өнеркәсіптік-инновациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы «жергілікті қамтуды» деген сөздер «елішілік құндылықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-1-бапта:
2-тармақтың 5) тармақшасындағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «өнеркәсіптік-инновациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 12-тармақтардағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «өнеркәсіптік-инновациялық» деген сөздермен ауыстырылсын.
29-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілді
29. «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 5-1) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«10-1) аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Атаулы таңба уәкілетті орган айқындаған тәртіппен уәкілетті ұйымда міндетті тіркеуге жатады.
5. Уәкілетті ұйым тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен уәкілетті органға тоқсан сайын ұсынады.».
30. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 32-баптың 3 және 4-тармақтарындағы «агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының», «агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары» деген сөздер тиісінше «агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың», «агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 52-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымы» деген сөздер «агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын.
31. «Стандарттау туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
11-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) техникалық регламенттердің жобаларын, техникалық регламенттерді, стандарттау жөніндегі құжаттарды талдауды және жүйелеуді;».
32. «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 39-баптың 13) тармақшасындағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «өнеркәсіптік-инновациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 45-баптың 13) тармақшасындағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «өнеркәсіптік-инновациялық» деген сөздермен ауыстырылсын.
33. «Техникалық реттеу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 25-баптың 3-тармағындағы «техникалық жағынан күрделі бұйымның» деген сөздер «техникалық жағынан күрделі бұйымның және (немесе) техникалық жағынан күрделі тауардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 43-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өнімге сынақтар жүргізу үшін техникалық жағынан күрделі тауардың (бұйымның) үлгілерін іріктеп алу, егер осы техникалық жағынан күрделі тауарды (бұйымды) сынау әдістері ол үшін бұзушы әдістер болып табылмаса, бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе өкілінің қатысуымен сатып алусыз жүргізілуі мүмкін.».
34. «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 2-тармағы 14) тармақшасындағы «сатып алу жағдайларына қолданылмайды.» деген сөздер «сатып алу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«15) қаржы лизингінің көрсетілетін қызметтерін сатып алу және (немесе) лизингтік қызметті жүзеге асыру кезінде оларды кейіннен лизингке беру үшін тауарларды, сондай-ақ лизинг нысанасын сатып алуға, беруге және жұмыс жай-күйіне келтіруге тікелей байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
16) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар шеңберіндегі сатып алу жағдайларына қолданылмайды.»;
2) 12-баптың 5-тармағында:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөліктегі «Офтейк-келісімшарттарды» деген сөздер «5. Офтейк-келісімшарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 13-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 13), 15) және 16) тармақшаларын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 29-тармағын;
3) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 12) тармақшасының жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 12) тармақшасының жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары 2022 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 27 желтоқсан
№ 87-VIІ ҚРЗ