3. Инновациялық гранттар мыналарға:
1) технологияларды коммерцияландыруға;
2) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға;
3) салаларды технологиялық дамытуға беріледі.
4. Инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық гранттар беру қағидаларына сәйкес сараптама жүргізіледі.
Инновациялық гранттар беру қағидаларында инновациялық гранттар беру кезінде қойылатын өлшемшарттар белгіленеді.
5. Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты инновациялық гранттар берілген инновациялық жобалар бойынша жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуді талдау мақсатында берілген инновациялық гранттарға мониторинг жүргізеді.
6. Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде инновациялық гранттар беруге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, келесі қаржы жылында инновациялық гранттар беруге жұмсалады. Инновациялық гранттар беруге арналған ақшаның жалпы көлемі барлық инновациялық гранттар арасында бөлінеді.»;
12) 24-тарауда:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«24-тарау. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру»;
1-параграф алып тасталсын;
2-параграфта:
245, 246, 247, 248 және 249-баптар алып тасталсын;
3-тармақтың 12) тармақшасының жетінші абзацы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
250-бап алып тасталсын;
251, 251-1, 252, 253, 254, 255 және 256-баптар алып тасталсын;
3-параграф алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 272-1, 272-2, 272-3 және 272-4-баптармен толықтырылсын:
«272-1-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру
1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру осы Кодекске және «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, негізінен, елде өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары, сондай-ақ оларды көрсету шарттары көзделеді.
272-2-бап. Өнеркәсіптік саясат
1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік саясатты іске асыру кезінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
2. Өнеркәсіптік саясаттың басымдықтары мен бағыттары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен айқындалады.
3. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өнеркәсіптік саясаттың мақсаты, міндеттері мен қағидаттары, оны қалыптастыру және іске асыру рәсімдері мен тетіктері белгіленеді.
272-3-бап. Өнеркәсіптік саясатты іске асыру бағыттары
Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік саясат «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:
1) өнеркәсіпті дамытудың базалық шарттары;
2) өткізу нарықтарына ілгерілету;
3) өнеркәсіптің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
3-тармақтың 12) тармақшасының жиырма үшінші - жиырма бесінші абзацтары 2022 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылды
272-4-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет
Индустриялық-инновациялық қызмет деп «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет түсініледі.
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 739-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері - жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады.»;
3-тармақтың 13) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) 281-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық преференциялар беру және (немесе) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы өзгерген кезде тұрақтылыққа кепілдік беру түрінде мемлекеттік преференциялар беруді білдіреді.»;
14) 288-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның шешімі ұсынылған мемлекеттік заттай грантты меншікке немесе жер пайдалануға өтеусіз беру үшін негіз болып табылады, ол инвестор мен инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестордың инвестициялық міндеттемелерді орындауын көздейтін аудиторлық есеп алынған күннен бастап үш айдан кешіктірмей қабылданады.»;
3-тармақтың 15) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 289-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Кодекстің 295-3-бабына сәйкес инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан заңды тұлғаларға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес он жыл мерзімге Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беріледі.»;
3-тармақтың 16) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) мынадай мазмұндағы 295-3-баппен толықтырылсын:
«295-3-бап. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен заңды тұлға арасында жасалатын, заңды тұлғаның мұндай келісімді жасасуға өтінім берілген жылды қоса алғанда, ол қолданылатын кезеңге жоспарланатын, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және оны жасасуға өтінім берілген жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елу миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі капиталдандырылатын кейінгі шығыстарды және (немесе) жаңа тіркелген активтерді сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығыстарды қаржыландыру жөніндегі, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тіркелген активтердің құнын ұлғайтатын басқа да шығындарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерін көздейтін шарт инвестициялық міндеттемелер туралы келісім болып табылады.
Пайдалы қатты қазбаларды өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғамен инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан кезде мұндай келісім тек қана пайдалы қатты қазбаларды өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы қызмет бойынша жасалады.
2. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлғамен жасалады:
1) заңды тұлға, көмірсутекті пайдалы қазбалар мен мұнай өнімдерін экспорттаушыларды қоспағанда, экспортқа бағдарланған тауар өндіруші болып табылады. Экспортқа бағдарланған тауар өндіруші деп экспортқа өткізуден түсетін кірісі алдыңғы жылғы жиынтық жылдық кірісте кемінде жетпіс пайызды құрайтын заңды тұлға түсініледі;
2) заңды тұлға деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаға қатысуды қоса алғанда, деңгейлес мониторингте тұрған ірі салық төлеуші болып табылады;
3) акцизделетін тауарларды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асырмайды;
4) арнаулы салық режимдерін қолданбайды.
3. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан заңды тұлғаның осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді орындауы инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге қосымша болып табылатын инвестициялар салу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл ретте осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген соманың кемінде жетпіс пайызын қаржыландыру инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім берілген жылды қоса алғанда, алғашқы бес жыл ішінде жүзеге асырылуға тиіс.
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан заңды тұлға осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді орындаған кезде:
1) өзара байланысты тараппен жасалған шарттар бойынша тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны іс жүзінде шеккен шығыстар мөлшерінде, бірақ осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелер сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде есепке алынады;
2) өзара байланысты тараппен құны іс жүзінде шеккен шығыстар мөлшерінде есепке алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға шарттар жасасқан кезде мұндай өзара байланысты тарап Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс.
4. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім қолданылатын мерзім ішінде, ол жасалған күннен екінші жылдан бастап, жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайтын заңды тұлға жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай қаржыландыру жүзеге асырылатын жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен кем емес сомада қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға да міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шығыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
5. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде осындай келісімге қол қою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді.
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданылуын тоқтату тәртібін және инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысанын инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге өзгерістер осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген ережелердің сақталуы ескеріле отырып, тек қана инвестициялар салу кестесін өзгерту бөлігінде енгізілуі мүмкін.
7. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасу осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде инвестициялық преференциялар беруге инвестициялық келісімшарттарды жасасуға кедергі келтірмейді. Бұл ретте салықтар бойынша преференциялар инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасалған кезге қолданыста болатын осы Кодекске және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес беріледі.
8. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылуы осы Кодекстің 289-бабының 3-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін осы тармаққа сәйкес тараптардың келісімі бойынша немесе біржақты тәртіппен тоқтатылуы мүмкін.
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім қолданылатын кезеңде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде, 2-тармағында, 3-тармағының екінші бөлігінде және 4-тармағында көзделген міндеттемелер мен шарттар орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде осындай келісім жасасқан заңды тұлға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес белгіленген тәртіппен өзінің салықтық міндеттемелерін қайта есептеуді жүзеге асырады.».
4. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
16-бап мынадай мазмұндағы 41-9) тармақшамен толықтырылсын:
«41-9) биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігін және оны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;».
5. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
202-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздер «өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша «жергілікті қамту», «жергілікті қамтудың», «жергілікті қамтуды», «жергілікті қамтуының», «жергілікті қамтуға» деген сөздер тиісінше «елішілік құндылық», «елішілік құндылықтың», «елішілік құндылықты», «елішілік құндылығының», «елішілік құндылыққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Жер қойнауын пайдаланушылар өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар бойынша сатып алуды «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.»;
3) 28-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздер «өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 120-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «индустриялық-инновациялық жобаны», «іске асыру бойынша міндеттемелер қабылдау» деген сөздер тиісінше «өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемені», «қабылдауы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 278-баптың 7-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«7. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын, қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері осы тармақта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодекстің 70-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілмеген аумақ шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесіне берілген өтініш негізінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия алуға құқылы деп белгіленсін. Бұл құқықты өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде іске асыра алады.»;
екінші бөліктегі «индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздер «өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
«Индустриялық-инновациялық» деген сөздер «Өнеркәсіптік-инновациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздер «өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші және бесінші бөліктердегі «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «өнеркәсіптік-инновациялық» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне:
1) 388-бапта:
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен», «және мыналарды» деген сөздер тиісінше «өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен», «және осы қағидалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша «көлік құралдарын» деген сөздерден кейін «және (немесе) олардың құрамдастарын» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшадағы «жеңілдіктің шарттарын, оның ішінде мөлшерін айқындау тәртібін және қаржыландыру тәртібін» деген сөздер «жеңілдікті қаржыландыру шарттары мен тәртібін, оның ішінде оны қаржыландыру мөлшерін айқындау тәртібін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен», «және мыналарды» деген сөздер тиісінше «өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен», «және осы қағидалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 405-баптың 3-тармағындағы «индустрия және сауда» деген сөздер «индустрия, сауда» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 30-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының төлемділік» деген сөздер «немесе агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың ақылылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 34-баптың 8-тармағындағы «немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының» деген сөздер «немесе агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
27-баптың 1-тармағының 24) тармақшасындағы «қазақстандық қамту бойынша», «сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға» деген сөздер тиісінше «елішілік құндылық бойынша», «өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптағы «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды» деген сөздер «өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы «(бес жыл және одан көп мерзімге)» деген сөздер «(бір жылдан бастап және одан көп мерзімге берілетін банктік кепілдіктерді қоспағанда, бес жыл және одан көп мерзімге)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша «желілерін» деген сөзден кейін «, орналастырудан түсетін қаражатты эмитент Меморандумда айқындалған тәртіппен экспорттық операцияларды іске асыруға жіберетін облигацияларды Даму Банкінің сатып алуын» деген сөздермен толықтырылсын.
11. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-1-баптың екінші бөлігіндегі «республикалық индустрияландыру картасына» деген сөздер «бірыңғай индустрияландыру картасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 60-баптың 9-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «республикалық индустрияландыру картасына» деген сөздер «бірыңғай индустрияландыру картасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
34-1-баптың 3-тармағындағы «индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау», «жергілікті қамту» деген сөздер тиісінше «өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру», «елішілік құндылық» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
15-5-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары «энергия өндіруші ұйымдардың», «энергия өндіруші ұйымдар» деген сөздерден кейін тиісінше «, оның ішінде қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың», «, оның ішінде қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын.
14. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
17-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы және 21-баптың 1-тармағының 19) тармақшасындағы «жергілікті қамту» деген сөздер «елішілік құндылық» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-1-баптың 4) тармақшасындағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «өнеркәсіптік-инновациялық» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «индустрия және сауда саласындағы» деген сөздер «өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган.»;
2) 8-1-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Инвестициялар және даму жөніндегі» деген сөздер «Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
4-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) индустрия саласындағы уәкілетті орган;»;
6) тармақшадағы «орган құрайды.» деген сөздер «орган;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган құрайды.»;
2-тармақтағы «2) - 6) тармақшаларында» деген сөздер «2) - 7) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 9-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-2) қайталама энергетикалық ресурстар - электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды пайдалану бөлігінде өнеркәсіптік өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін энергетикалық ресурстар;»;
2) 9-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы тармақтың күші меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі (2022 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздері және қайталама энергетикалық ресурстар объектілері өндірген электр энергиясы есебінен, сондай-ақ осы сатып алушымен бір тұлғалар тобындағы заңды тұлғалардың жаңартылатын энергия көздері және қайталама энергетикалық ресурстар объектілері есебінен жаңартылатын энергия көздерінің осы тармақта айқындалған үлесін жабуды қамтамасыз ететін пропорционалды көлемде шартты тұтынушының электр энергиясын сатып алушыларға қатысты қолданылмайды.
Бұл ретте осы тармақтың екінші бөлігінің күші осы баптың 4-3-тармағында көрсетілген шарттар мен мерзім сақталған кезде ғана қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
«4-2. Осы баптың 4-тармағының күші меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі (2022 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздері және қайталама энергетикалық ресурстар объектілері өндірген электр энергиясы есебінен, сондай-ақ осы сатып алушымен бір тұлғалар тобындағы заңды тұлғалардың жаңартылатын энергия көздері және қайталама энергетикалық ресурстар объектілері есебінен осы баптың 4-тармағында айқындалған жаңартылатын энергия көздерінің үлесін жабуды қамтамасыз ететін пропорционалды көлемде шартты тұтынушының электр энергиясын сатып алушыларға қатысты қолданылмайды.
Бұл ретте осы тармақтың күші осы баптың 4-3-тармағында көрсетілген шарттар мен мерзім сақталған кезде қолданылады.
4-3. Шартты тұтынушылардың электр энергиясын сатып алушылар уәкілетті органды, қаржы-есеп айырысу орталығын және жүйелік операторды жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін жоспарланатын іске қосу туралы жаңартылатын энергия көздерінің және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстардың түрін, қуат көлемін және олардың орналасқан жерін көрсете отырып, күнтізбелік үш жүз алпыс бес күннен кешіктірмей хабардар етеді.
Шартты тұтынушылардың электр энергиясын сатып алушылардың хабарламасында көрсетілген жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін жоспарланатын іске қосу бойынша мерзімдер асып кеткен жағдайда, уәкілетті орган осы сатып алушының өтініші негізінде мерзімдерді түзетуді жүргізеді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға желілер бойынша беруге еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес өндірілетін электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар және тасқындық электр энергиясын өндіру мен желіге жіберуді (суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде және тасқындық электр энергиясы көлемінде) жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге арналған қызметтеріне ақы төлеуден босатылады.
Сатып алушылар және олармен бірге бір тұлғалар тобына кіретін, жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды өз мұқтаждары үшін пайдаланатын (2022 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген) олардың энергия өндіруші ұйымдары энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге арналған қызметтеріне ақы төлеуден босатылады.».
19. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына: