3) жұмыстарды орындаушының бекiтiлген жобаның нормативтiк талаптарын сақтау бойынша не ауытқулардың бар-жоғы бойынша iс-қимылын белгiлеу және оларды мемлекеттiк нормативтерде белгiленген тәртiппен келiсу;
4) объектiнiң қолданысқа енгiзiлетiн қуатының (сыйымдылығының, өткiзу қабiлетiнiң) жобада бекiтiлген көрсеткiштерге сәйкестiгiн белгiлеу;
5) сәулет-құрылыс, инженерлiк және технологиялық шешiмдердiң, сондай-ақ тұтастай объектiнiң прогрессивтiлiгiн бағалау;
6) монтаждалған технологиялық жабдық пен инженерлiк жүйелердi бақылап сынамалау мен сынақтар жүргiзу;
7) объект пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, тапсырыс берушiге тиiстi уәжді қорытынды беру кiредi.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
6-1. Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қою объектіні түпкілікті тексеріп-қараудан және осы тарауда белгіленген талаптар сақталғаннан кейін жүзеге асырылады.
7. Объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi болмаса салынған объектiнi пайдалануға жол берiлмейдi.
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру мен техникалық мәліметтерін енгізу, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тіркеу үшін объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi негіз болып табылады.
74-бап. Меншiк иесi пайдалануға дербес қабылдайтын объектiлер
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) құрылысы аяқталған, техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi өз бетінше қабылдауды, атап айтқанда:
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) тіреу және қоршау конструкцияларын өзгертуге байланысты емес, бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлау арқылы реконструкциялауды;
2) уақытша құрылыстарды, соның iшiнде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрмыстық үй-жайларды;
3) жеке үй маңындағы учаскелер аумақтарындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды, бау-бақша серiктестiктерi (қоғамдары) учаскелеріндегі құрылыстарды, үй жанындағы немесе үй iргесіндегі (саяжай) учаскелердегi абаттандыру элементтерiн;
4) контейнердi және блоктарды пайдаланып жасалатын шағын кешендердi, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi қажет етпейтiн сауда, қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты үйлердi (ғимараттарды);
5) автомашиналар саны елуден аспайтын ашық үлгiдегi автотұрақтарды, сондай-ақ саны екеуден аспайтын автомашинаға арналған жайы бар көлiкжайларды;
6) жеке тұрғын үйлерді, сондай-ақ азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да құрылыстарды салуды;
7) шағын сәулеттiк нысандарды және аумақтардың қоршауын;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) үйлер (ғимараттар) маңындағы ашық спорт алаңдарын, тротуарларды, тас төсенiштерiн пайдалануға қабылдауды дербес жүзеге асырады.
2. Егер осы баптың 1-тармағында аталған үй-жайларды (үйдiң жекелеген бөлiктерiн) өзгерту, сондай-ақ техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi салу мен пайдалану басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтiрсе не мемлекеттік және (немесе) қоғамдық мүдделерге қайшы келсе, бұл баптың нормаларын қолдануға болмайды.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың нормалары:
1) құрылысы мемлекеттік инвестициялар есебiнен не олардың қатысуымен қаржыландырылатын;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда орналасқан немесе іске асыру кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне қолданылмайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау тәртібін, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда өз бетінше міндетті есепке алуға жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 75-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 75-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
75-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау тәртiбi
1. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнi қабылдауды техникалық және авторлық қадағалаулармен бiрлесiп тапсырыс берушi жүзеге асырады.
2. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнiң пайдалануға қабылдауға дайындығы туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн тапсырыс берушi объектiнi пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады.
3. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнiң дайындығы туралы хабарлама алған күннен бастап тапсырыс берушi мердiгерден (бас мердiгерден) және техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды сұратады.
Мердiгер (бас мердiгер) мен техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушiден сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды не терiс қорытындыларды ұсынады.
Орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы авторлық қадағалау қорытындысы егер бұл қолданыстағы нормалар мен қағидаларға қайшы келмесе, өнім берушілердің инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша объектіні жобалау кезінде бұрын берілген техникалық шарттарға сәйкес олар көрсететін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуі үшін негіз болады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Тапсырыс беруші сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар негізінде мердігермен (бас мердігермен), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалармен бірлесіп, атқарушылық техникалық құжаттаманың бар-жоғы және жинақталымы тұрғысынан тексеруге, объектіні қарап-тексеруге және тиісті акт бойынша пайдалануға қабылдауға (объектінің пайдалануға қабылдауға дайындығына түпкілікті тексеру жүргізуге) міндетті.
5. Бекiтiлген жобалық шешiмдердi және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтердi бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ терiс қорытындылар болған кезде тапсырыс берушi объектiнi мердiгер (бас мердiгер) бұзушылықтарды жойғаннан кейiн пайдалануға қабылдайды.
Анықталған бұзушылықтар жойылған кезде объектiнi пайдалануға қабылдау осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
6. Тапсырыс берушiге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды ұсыну - жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердiгерлiктi орындаушылардан, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан объектiнi жобалау, салу, пайдалануға қабылдау және беру кезiнде орындаған жұмыстары үшiн жауаптылықтан босатпайды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 75-1-баппен толықтырылды
75-1-бап. Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өтініш берушіден объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды алған кезден бастап бір күн ішінде бір мезгілде:
1) объект орналасқан жердегі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне - объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін;
2) объект орналасқан жердегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды жібереді.
2. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексереді және пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді.
Салыстырып тексеру қорытындысы бойынша құрылыс объектісінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл жөнінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына және тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.
Сәйкессіздік болмаған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауы тұрғысынан салыстырып тексереді.
Бұзушылықтар анықталған кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл жөнінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық шараларын қолданады.
Бұзушылықтар болмаған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл жөнінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзімдерде ақпаратты беру үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәулет және қала құрылысы мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына жүктеледі.
76 - 78-бап. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 79-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 79-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
79-бап. Салынған объектілерді пайдалануға тапсыруға және қабылдауға қатысушылардың жауаптылығы
Тапсырыс берушілерді (инвесторларды, құрылыс салушыларды), техникалық және авторлық қадағалуды жүзеге асыратын тұлғаларды, iздену, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердiгерлiктiң жауапты орындаушыларын, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және жабдықтарын дайындаушылар мен берушiлерді қоса алғанда, салынған объектiлердi пайдалануға тапсыруға және қабылдауға қатысушылар, сондай-ақ құрылыстың және жабдықтарды монтаждаудың барысын жедел қадағалау қызметтері және басқа да қатысушылар жiберiлген бұзушылықтар не мiндеттi нормативтiк талаптардан (шарттардан, шектеулерден) ауытқушылықтар салдарынан азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгені үшін, сондай-ақ мемлекеттiк, қоғамдық немесе жеке мүдделерге залал (зиян) келтiрiлгені үшiн, оның ішінде мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының