Жұмысқа қабылдау мемлекеттік органның актісімен ресімделеді.
сы тармақтың ережелері сайланған әкімге қолданылмайды.
2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Мемлекеттік әкімшілік лауазым бойынша көзделген міндеттерді уақытша атқару кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне енгізіледі.
20-бап. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiндегi сынақ мерзімі
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 42-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін азаматтар үшін олардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарға сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімінен өту туралы шарт мемлекеттік органның жұмысқа қабылдау туралы актісінде көзделеді.
Бұдан бұрын қызметін бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша не теріс себептер бойынша мемлекеттік лауазымнан шығарылған және мемлекеттік қызметке қайтадан кіретін азаматтарға сынақ мерзімі міндетті түрде белгіленеді.
Мемлекеттік саяси қызметке, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кірген мемлекеттік қызметшілер, сайланған әкімдер үшін сынақ мерзімі белгіленбейді.
Құқық қорғау органдарына қызметке кірген мемлекеттік қызметшілер үшін сынақ мерзімі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.
2. Сынақтан өтуші мемлекеттік қызметшілердің дәлелдi себептермен жұмыста болмаған кезеңдері сынақ мерзiмiне есептелмейдi.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Сынақ мерзімі үш айды құрайды.
Сынақ мерзімінің нәтижесi қанағаттанарлықсыз болғанда сынақ мерзімі мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның шешімі бойынша кейіннен қайта ұзартылмайтын үш айға ұзартылады.
Азаматты сынақ мерзімінің нәтижелерi бойынша қызметтен шығару уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесімен келiсу бойынша жүзеге асырылады.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-1. Сынақ мерзімінен өтіп жатқан азаматты функционалдық міндеттерін өзгертпей басқа лауазымға тағайындаған кезде оның сынақ мерзімі жалғасады.
Өзге функционалдық міндеттері бар лауазымға тағайындалған жағдайда жаңа сынақ мерзімі белгіленеді.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сынақ мерзімі кезеңінде, оның ішінде оны ұзартқан кезде мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кіретін азаматтарға тәлімгерлер бекітіледі.
Бұл ереже орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық атқарушы органдар басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кіретін азаматтарға қолданылмайды.
5. Сынақ мерзімінен өтудің тәртібі мен шарттарын және тәлімгерлерді бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы
Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен ант қабылдайды.
4-тарау. «А» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІНЕ КІРУ ЖӘНЕ
ОНЫ ӨТКЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
22-бап. 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
Азаматтарды «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауды осы мемлекеттік лауазымдарға тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам уәкілетті комиссиямен келісу бойынша конкурс өткізбестен жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындауды уәкілетті комиссиямен келіспей өзі жүзеге асыратын «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына азаматтарды тағайындайды және оларды «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарынан босатады.
24-бап. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен жасалатын еңбек шарттары
Адамды «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындау кезінде онымен еңбек шарты жасалады.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісімен еңбек шартын мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам (орган) жасайды.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісімен еңбек шартын жасау, ұзарту және бұзу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
24-1-бап. 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25-бап. Мемлекеттік лауазымды «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзгерту
2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзгертілген мемлекеттік лауазымға орналасу ол өзгертілген күннен бастап үш ай ішінде осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мемлекеттік лауазымы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзгертілген мемлекеттік қызметші жұмысын осы баптың 1-тармағына сәйкес мемлекеттік лауазымға орналасқанға дейін жалғастыруға құқылы.
2. Мемлекеттік лауазымы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзгертілген мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік орган оның біліктілігіне сәйкес және бос орынның болуына қарай мемлекеттік лауазым ұсынады.
Мемлекеттік қызметші жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда қызметтен шығарылуға тиіс. Бұл ретте мемлекеттік орган кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшіге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлейді.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 25-1-баппен толықтырылды
25-1-бап. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын өзгерту
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзгертілген жағдайда, бұл лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшіге ол белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда өзгертілген мемлекеттік лауазым ұсынылады.
2. «А» корпусының екі және одан көп мемлекеттік әкімшілік лауазымын «А» корпусының бір лауазымына өзгерту кезінде «А» корпусының өзгертілген мемлекеттік лауазымы ұсынылмаған мемлекеттік қызметшіге ол белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған мемлекеттік лауазым ұсынылады.
Келесі төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметшінің келісімімен оған мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген өзге мемлекеттік лауазым ұсынылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік қызметші ұсынылған мемлекеттік лауазымнан бас тартқан жағдайда, ол қызметтен шығарылуға жатады. Бұл ретте, кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік орган төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлейді.
5-тарау. «Б» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26-бап. «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе қайтадан кіретін азаматтарды іріктеу
«Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын іріктеу кезеңдерінен өтеді.
27-бап. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс
2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады:
1) жалпы конкурс;
2) ішкі конкурс.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Бос немесе уақытша бос лауазымға орналасуға кандидаттарды іріктеу уәкілетті орган айқындайтын конкурс өткізу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Орталық мемлекеттік орган басшысының шешімімен орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі не орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының шешімімен орталық мемлекеттік органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі.
Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бірыңғай конкурстық комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.
Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай конкурстық комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстың кезеңдерін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар қабылдау;
2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын белгіленген біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау;
4) конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы өткізетін әңгімелесу;
5) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының қорытындысы.
Конкурс Қазақстан Республикасының мәдениет, дене шынықтыру және спорт, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы заңдарға сәйкес әңгімелесу кезеңінің алдында конкурсқа қатысушыларды келісудің қосымша кезеңін қамтиды.
Конкурс өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар орталық мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды өзге де интернет-ресурстарда және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қосымша жариялауға жол беріледі.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды өзге де интернет-ресурстарда және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді басылымдарда қосымша жариялауға жол беріледі.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландырулар өзі соның құрылымында тұрған мемлекеттік органның интернет-ресурсында да орналастырылады.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Егер орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілеттіктеріне осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының қызмет бағыттары бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру жататын болса, онда осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарының басшылары лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу үшін құрылатын конкурстық комиссиялардың жұмысына қатысуға құқылы.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының басшылары лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу үшін конкурстық комиссия құратын мемлекеттік орган тиісті орталық атқарушы органға конкурстық комиссияның құрамына кандидатура ұсыну туралы сұрау салуды жіберуге міндетті.
4. Егер конкурс «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, осы шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс.
5. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушының «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына орналасуға құқығы бар. Тағайындау құқығы бар лауазымды адам оны жарияланған мемлекеттік лауазымға қабылдауға мiндеттi. Бұл ретте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптар сақталуға тиiс.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің немесе кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуға жол беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасқан адамдарды мемлекеттік орган ішінде кейіннен ауыстыруға жол берілмейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасқан адамдар, тестілеуден және жеке қасиеттерін бағалаудан өткен жағдайда мемлекеттік лауазымға орналасқаннан кейін бір жыл өткен соң ішкі конкурсқа қатысуға жіберіледі.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.
Бұл жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту және активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыру туралы талаптар қолданылмайды.
Бұл ретте ішкі конкурсқа қызметшілері осы мемлекеттік органның ішкі конкурсына қатысуға құқылы мемлекеттік органдардан қызметтен шығарылған адам ғана қатысуға құқылы.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.
Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен осы баптың 8-тармағының бірінші бөлігінде аталған адамдар уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.
28-бап. Жалпы конкурс
2016.20.12. № 33-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Заңның 29-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жалпы конкурс «Б» корпусының бос немесе уақытша бос болып табылатын төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына, сондай-ақ төменгі лауазым болып табылмайтын өзге бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін өткізіледі.
2. 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Жалпы конкурсқа қатысуға тест рәсімдерінен алдын ала өткен және уәкілетті орган белгілеген мәндерден төмен емес нәтижелері бар азаматтар жіберіледі.
Тест нәтижелеріне шағым жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Мемлекеттік қызметке кіру кезінде конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық кеңестер, үкіметтік емес ұйымдар жұмысына қатысқанын, волонтерлік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырғанын ескереді.
4. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері қорытынды бере отырып, азаматтардың жеке қасиеттерін бағалауды жүргізеді. Азаматтардың жеке қасиеттерін бағалауды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Азаматтардың жеке қасиеттерін бағалау нәтижелерін конкурстық комиссия шешім қабылдау кезінде ескереді.
29-бап. Ішкі конкурс
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына, төменгіні қоспағанда, орналасу үшін мемлекеттік орган ішкі конкурс өткізеді, оған осы мемлекеттік органның, оның ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда айқындалған өзге адамдар да қатысуға құқылы.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс көрсетілген қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1. Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері өткізетін ішкі конкурстарға орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ осы орталық мемлекеттік органның өзге де аумақтық бөлімшелерінің, оның ведомстволарының және осы ведомстволар аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды; 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-2. Орталық мемлекеттік органның ведомствосы өткізетін ішкі конкурстарға осы орталық мемлекеттік органның және оның ведомстволарының, орталық мемлекеттік орган және оның ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды; 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 1-3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-3. Орталық мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері өткізетін ішкі конкурстарға осы орталық мемлекеттік органның және оның ведомстволарының, орталық мемлекеттік орган және оның ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 1-4-тармақпен толықтырылды; 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 1-4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-4. Жергілікті атқарушы орган және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өткізетін ішкі конкурсқа осы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.
2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар болмаған кезде осы Заңның 28-бабына сәйкес жалпы конкурс өткізіледі.
2-1. 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.20.12. № 33-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1. Мемлекеттік орган құрылған кезде ішкі конкурс өткізілмейді.
5. 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30-бап. Мемлекеттік лауазымға тағайындау
1. Азаматтарды мемлекеттік лауазымдарға тағайындауды және мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік лауазымдардан босатуды лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды адам (орган) не өзіне осындай өкілеттіктер берілген өзге де лауазымды адам (орган) жүзеге асырады.
2. Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруін ресімдеу кезінде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
3. Персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) мемлекеттік қызметшілерге қызметтік тізімді толтырады. Қызметтік тізім нысанын уәкілетті орган бекітеді.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Осы тармақтың үшінші бөлігінде аталған мемлекеттік қызметшіні қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметшіге оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылатын сәйкестендіру картасы беріледі.
Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Мемлекеттік саяси қызметшіге, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Палатасы Аппаратының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне олардың мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылатын қызметтік куәлік беріледі.
Қызметтік куәлікті беру тәртібін, оның сипаттамасын мемлекеттік орган бекітеді.
Қажет болған кезде осы тармақтың үшінші бөлігінде аталған мемлекеттік қызметшіге сәйкестендіру картасы берілуі мүмкін.
6-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ӨТКЕРУ
31-бап. Лауазымдық нұсқаулықтар
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және өзге де заңнамасында белгіленгендерден туындайтын лауазымдық өкілеттіктері және жауаптылығы біліктілік талаптары негізінде айқындалады және лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетіледі.
Лауазымдық нұсқаулықтарды мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам бекітеді және олардың орындалуы мемлекеттік лауазымға жүктелетін нақты функциялар тізбесін қамтиды.
Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу мен бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
32-бап. Жұмыс уақыты
1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады.
2. Мемлекеттік қызметшілер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.
3. Мемлекеттік органдар бекітетін мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидалары жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимін белгілейді.
4. Шұғыл, күнi бұрын болжанбаған жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегі жұмысқа тартылуы мүмкiн.