7. Мемлекеттік органның ішінде басқару құрылымы өзгерген кезде мемлекеттік әкімшілік қызметші бұрын атқарған лауазымымен мәні бірдей, бұрын атқарған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес келетін лауазымға тағайындалады.
Мәні бірдей лауазым болмаған кезде, мемлекеттік әкімшілік қызметшіге ол белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда өзге лауазым ұсынылуы мүмкін.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда ол қызметтен шығарылуға жатады. Кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.
8. Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда уақытша болмаған мемлекеттік қызметшіні алмастыру не мемлекеттік қызметшінің өзінің келісуі жағдайларынан басқа, өзге бос мемлекеттік лауазым болған кезде мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді уақытша бос мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға жол берілмейді.
Осы баптың 6 және 7-тармақтарына сәйкес ұсынылатын лауазым туралы хабарламаны алған мемлекеттік әкімшілік қызметші қабылданған шешім туралы бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
Көрсетілген мерзімде шешім болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметші қызметтен шығарылуға жатады.
9. Мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымы атауының не ол жұмыс істейтін мемлекеттік орган (құрылымдық бөлімше) атауының еңбек жағдайларының өзгеруіне алып келмейтін өзгертілуі мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік қызметті тоқтатуы немесе оны басқа лауазымға қайта тағайындау үшін негіз болып табылмайды.
Мұндай жағдайда мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға құқығы бар уәкілетті адам (орган) мемлекеттік лауазымға тағайындау туралы тиісті акт шығарады.
10. Егер негізгі жұмыскер жұмысқа шықпай, атқаратын мемлекеттік әкімшілік лауазымды босатқан жағдайда, осы уақытша бос мемлекеттік лауазымды атқарып жүрген мемлекеттік қызметші конкурс өткізілместен, жұмысын тұрақты негізде жалғастыра алады.
Мұндай жағдайда мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға құқығы бар уәкілетті адам (орган) уақытша бос мемлекеттік лауазымға қабылданған адамды тұрақты негізде мемлекеттік лауазымға тағайындау туралы тиісті акт шығарады.
11. Мемлекеттік қызметші қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне мемлекеттік органдағы соңғы қызмет орны бойынша үш орташа айлық жалақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді, бұл ретте, жәрдемақының мөлшері «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленгеннен төмен болмауы керек.
2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды
12. Басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.
57-бап. Мемлекеттік қызметшілердің іссапарлар кезіндегі кепілдіктері мен өтемақылары
2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарға баруға арналған шығыстары өтеледі.
Мемлекеттік қызметшілерге және мемлекеттік органдардағы келісімшарттық қызметшілерге іссапарда болған уақытына тәулікақы алуға, межелі жерге жету және кері қайту үшін жүріп-тұру шығыстарына, тұрғын үй-жай жалдау шығыстарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кепілдіктер мен құқық қолданылады.
2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметшілердің іссапардағы барлық уақыт бойында жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) және жалақысы сақталады.
58-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының кепілдіктері мен өтемақылары
Дипломатиялық қызмет персоналының кепілдіктері мен өтемақылары Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi жұмысының құқықтық негіздерін, сондай-ақ оны ұйымдастыру тәртібiн айқындайтын заңда белгіленеді.
10-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУЫ
2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен 59-бап өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
59-бап. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы
Мемлекеттік саяси қызметшінің саяси лауазымда атқаратын өкілеттіктері:
1) ол Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) шет мемлекеттің азаматтығы болған;
2) мемлекеттік орган таратылған (жойылған);
3) мемлекеттік саяси қызметші өзінің кірістері және өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсынған;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамаған;
5) өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеген;
2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттік саяси қызметші активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
7) мемлекеттік саяси қызметшіге қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
8) мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттіктерін доғару туралы жеке жазбаша өтініші негізінде отставкасы қабылданған;
9) мемлекеттік саяси қызметшіні ол атқаратын лауазымға тағайындау (сайлау) құқығы берілген лауазымды адам (орган) тиісті шешім қабылдаған;
10) басқа жұмысқа ауысқан;
11) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бұрын қызметтен шығарылған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік қызметке қабылдаған;
12) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы соған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан адамды мемлекеттік қызметке қабылдаған;
13) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан;
14) мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тартуға негiз болып табылатын көрiнеу жалған құжаттарды немесе мәлiметтерді мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде ұсынған;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді
15) егер Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында өзгеше көзделмесе, ол Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен жағдайларда тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін өз өкілеттігін жүзеге асыруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша, әдетте, бес жылға дейінгі мерзімге жалғастыра алады;
2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
15-1) осы Заңның 60-бабының 5-тармағына сәйкес сенімді жоғалтқан;
2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
15-2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптардың сақталуын ескере отырып, ротациядан бас тартқан жағдайларда тоқтатылады.
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер туындаған жағдайларда тоқтатылады.
Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттіктері мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған, мемлекеттік қызметшілердің саны немесе штаты қысқартылған, мемлекеттік саяси лауазым мемлекеттік әкімшілік лауазымға өзгертілген жағдайларда да тоқтатылуы мүмкін.
Осы баптың 3), 4), 5), 6), 7), 11), 12), 13), 14) және 15-1) тармақшаларына сәйкес қызметтен шығарылған мемлекеттік саяси қызметшілер теріс себептермен жұмыстан шығарылған болып танылады.
60-бап. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң отставкаға шығуы және қызметтен шығарылуы
1. Отставка дегенiмiз мемлекеттiк саяси қызметшiнiң тиiстi мемлекеттiк лауазымдағы мiндеттерiн атқаруды тоқтатуы, ол оның жазбаша өтініші негiзiнде жүзеге асырылады.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Отставканы мемлекеттiк саяси қызметшiнi осы мемлекеттiк лауазымға тағайындаған (сайлаған) мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам қабылдайды немесе одан уәжді түрде бас тартады. Отставканы қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешiм жазбаша өтініш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылданады. Отставкадан бас тартылған жағдайда саяси қызметшi қызметтiк өкілеттiктерiн атқаруды жалғастыруға тиiс және оның қызметтен шығарылуға құқығы бар.
Отставкадан бас тартылған жағдайда мемлекеттік саяси қызметші заңға сәйкес отставкадан бас тарту туралы шешім қабылдаған адамның (органның) шешімі бойынша тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік саяси қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және өзге де заңнамасында белгіленген негіздерде және тәртіппен отставкаға өтініш береді және отставкаға кетеді.
Егер отставкаға шығу негіздері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген болса, мемлекеттік саяси қызметшілер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жалпы негіздер бойынша қызметтен шығарылады.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ өзгертілді
3-1. Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік саяси қызметшілер, егер олар тағайындалған күннен бастап үш ай өткен соң сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған жағдайда:
2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы не орталық мемлекеттік органның облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумақтық бөлімшесінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде - орталық мемлекеттік органның басшысы;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сайланған әкімді қоспағанда, өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы не аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың әкімі;
3) өзі жетекшілік ететін ведомствоның, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде - орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары;
4) өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде - облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана әкімінің орынбасары;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) өзінің орынбасары, өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі аппаратының өзіне тікелей бағынысты құрылымдық бөлімшесінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде - облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі аппаратының басшысы;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) өзінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы, өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, әкім отставкаға өтініш береді.
Мемлекеттік саяси қызметшілер осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша және тәртіппен соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі тоқтатқаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде отставкаға өтініш береді.
Мемлекеттік саяси қызметшілер болып табылатын, сайланған әкімдердің отставкаға беру ерекшеліктері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
4. Лауазымдық өкiлеттiктерiн өрескел бұзу, мемлекеттiк қызметте болуға лайықсыз теріс қылықтар жасау мемлекеттiк саяси қызметшiнiң отставкаға шығуына негiз бола алмайды, ал қызметтен шығаруға негiз болып табылады. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi қызметтен шығарудың негiздерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
5. Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін сенімді жоғалтуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен жұмыстан шығарылуы мүмкін.
61-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы
1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуына мыналар негіз болып табылады:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін олардың жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, олардың өз қалауы бойынша қызметтен шығару туралы өтініш беруi;
2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін олардың жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, басқа мемлекеттік лауазымға орналасуы;
3) мемлекеттік қызметте болу мерзімін тараптардың өзара келісімі бойынша бір жылға ұзарту құқығы ескеріліп, олардың Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы;
4) еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталуы не Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген негiздер бойынша еңбек шартының бұзылуы;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген олардың өкілеттік мерзімдерінің аяқталуы;
6) олар атқаратын мемлекеттік лауазымдардың саяси лауазымдарға не жергілікті өкілді органдар азаматтарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындайтын немесе олар сайланатын мемлекеттік лауазымдарға өзгертілуі;
7) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсынуы;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттерді және (немесе) шектеулердi сақтамауы;
2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы меншiк құқығымен тиесілі үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті сенiмгерлік басқаруға бермеуi;
10) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;
2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) шет мемлекет азаматтығының болуы;
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда
11) мемлекеттік әкімшілік қызметші активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы;
12) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi;
13) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бұрын қызметтен шығарылған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;
14) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы соған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;
15) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуы, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы қылмыстық істі қылмыстық қудалау органының немесе соттың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатуы;
16) мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тартуға негiз болып табылатын көрiнеу жалған құжаттарды немесе мәлiметтердi мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде ұсынуы;
2021.24.05. № 42-VII ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) мемлекеттік лауазымға тағайындалу немесе сайлану кезінде осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмеуі;
18) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстан тыс орналасуы;
19) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;
20) осы Заңға сәйкес олардың жұмысын бағалаудың қанағаттанарлықсыз нәтижелері;
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды
20-1) сынақ мерзімінің қанағаттанарлықсыз нәтижелері;
2023.20.03. № 214-VІІ ҚР Заңымен 20-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
20-2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптардың сақталуы ескеріле отырып, ротациядан бас тартуы;
21) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасауы;
22) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де негiздемелер.
2. «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерінің мемлекеттік қызметті тоқтатуына мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адамның (органның) уәкілетті комиссия ұсынымы негізінде қабылданатын шешімі де негіз болып табылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16) және 21) тармақшаларына сәйкес қызметтен шығарылған мемлекеттік әкімшілік қызметшілер терiс себептермен шығарылған болып танылады
4. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi қызметтен шығаруды мемлекеттiк органның мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылдауға құқығы бар тиiстi лауазымды адамы осы Заңға сәйкес жүргiзедi.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қызметтен шығарумен келіспеген жағдайда, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң қызметтен шығару туралы шешімге жоғары тұрған басшылық алдында, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
6. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, сондай-ақ мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын басшыларының ауысуы жаңадан тағайындалған мемлекеттiк саяси және (немесе) әкімшілік қызметшілердің бастамасы бойынша мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшінің атқаратын мемлекеттік лауазымдағы мемлекеттiк қызметiн тоқтатуына негiз болып табылмайды.
11-тарау. ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕР
62-бап. Мемлекеттік қызметке қайта орналастыру
1. Адамды мемлекеттік қызметке қайта орналастыру, егер оның өтініші соттың ақтау үкімі күшіне енген не ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап үш ай ішінде берілген болса, өтініш берген күнінен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызметші сот шешімімен мемлекеттік лауазымға қайта орналастырылған жағдайда бұл лауазымнан осы негіз бойынша шығарылған адам үш ай ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ішкі конкурстарға қатысуға құқылы.
3. Мемлекеттік органнан қылмыс жасағаны үшін сотталуына байланысты қызметтен шығарылып, кейіннен ақталған және тиісінше мемлекеттік лауазымға қайта орналастырылған мемлекеттік қызметшілерге жұмыста мәжбүрлі түрде болмаған уақыты үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиян өтеледі.
4. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен заңсыз шығарылған жағдайда осыған байланысты оларға келтірілген нұқсан олар қызметтен шығарылған мемлекеттік органның есебінен толық көлемде өтелуге тиіс.
Қызметтен заңсыз шығарылған мемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарына сай келген жағдайда мемлекеттік қызметке бұрынғы (олардың келісімімен - соған тең) мемлекеттік лауазымға қайта орналастырылады және қызметтен заңсыз шығарылғаннан кейін қол жеткізе алмаған барлық құқықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл кезең мемлекеттік қызмет өтіліне қосылады.
63-бап. Аттестаттау
2021.24.05. № 42-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Өз қызметін сайлану негізінде жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестаттау оның тәртібін, мерзімдерін және аттестатталатын мемлекеттік қызметшілердің санаттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізіледі.
2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестаттауды өткізу үшін құрамына кемінде бес адам кіруге тиіс аттестаттау комиссиясы құрылады. Аттестаттау комиссиясын төраға басқарады.
3. Аттестаттау қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және мемлекеттік лауазымын жоғарылатуға ұсынылады;
2) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді;
3) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендетуге ұсынылады;
4) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және қызметтен шығаруға ұсынылады.
4. Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себеппен екі рет келмеген мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметтен шығарылуға ұсынылады.
5. Аттестаттаудан өтпеген және (немесе) мемлекеттік органдарда өзге де, оның ішінде төмен тұрған мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызметті жалғастырудан бас тартқан мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметтен шығарылуға тиіс.