тиісті эмиссия көзін немесе өндірістік учаскені пайдалану жөніндегі экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға ластағыш заттардың асып кеткен мөлшеріне қатысты қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін тиісті төлемақы мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін жаңадан пайдалануға берілген объект үшін алынуы міндетті болып табылған экологиялық рұқсатсыз не қоршаған ортаға әсер ету туралы міндетті декларациясыз қоршаған ортаға антропогендік әсер етуді жүзеге асыру -
қызметіне үш жылға дейінгі мерзімге тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Ластағыш заттар шығарындыларының, төгінділерінің декларацияланған көрсеткіштерімен, жинақталатын және көмілуге жататын қалдықтардың мөлшерімен салыстырғанда анық еместігі қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің асып кетуінен көрінген, қоршаған ортаға әсер ету туралы анық емес декларацияны ұсыну -
қызметін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Қалдықтарды жинақтау немесе көму лимиттерін бұзу -
белгіленген лимиттен тыс жинақталған немесе көмілген қалдықтардың мөлшеріне қатысты қалдықтарды көмгені үшін төлемақы мөлшерлемесінің он мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін қалдықтарды жинақтаудың немесе көмудің сол бір объектісінде бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып немесе онсыз, белгіленген лимиттен тыс жинақталған немесе көмілген қалдықтардың мөлшеріне қатысты қалдықтарды көмгені үшін төлемақы мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Қалдықтарды жинақтау мерзімдерін бұзу -
Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген мерзімнен тыс әрбір күн үшін жинақталған қалдықтардың мөлшеріне қатысты қалдықтарды көмгені үшін төлемақы мөлшерлемесінің бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттерін бұзу -
белгіленген лимиттен тыс ашық түрде орналастырылған күкірт массасына қатысты төлемақы мөлшерлемесінің он мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Экологиялық рұқсатсыз, көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру -
экологиялық рұқсатсыз ашық түрде орналастырылған күкірт массасына қатысты төлемақы мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Қоршаған ортаға жол берілетін физикалық әсер ету нормативтерін бұзу -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер:
1. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында тиісті төлемақы мөлшерлемесі белгіленбеген ластағыш заттардың шығарындылары немесе төгінділері бойынша әкімшілік жаза сомасын айқындау кезінде төлемақы мөлшерлемесі ластағыш заттар шығарындыларының бір тоннасы үшін елу айлық есептік көрсеткішке немесе ластағыш заттар төгінділерінің бір тоннасы үшін бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткішке тең сома мөлшерінде танылады.
2. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің мақсаттары үшін жаңадан берілген экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды жүзеге асыру деп бұрын берілген экологиялық рұқсаттың қолданысы аяқталған, кері қайтарып алынған немесе тоқтатылған (айыруды қоса алғанда), бірақ бұл ретте антропогендік әсер етуді жүзеге асыруды жалғастыру үшін жаңа міндетті экологиялық рұқсат берілмеген қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің эмиссияларды жүзеге асыру жағдайлары түсініледі.
3. Осы баптың төртінші бөлігінің мақсаттары үшін қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін жаңадан пайдалануға берілген объекті деп құрылысына немесе пайдаланылуына бұрын міндетті экологиялық рұқсат немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берілмеген объект танылады.
2021.02.07. № 63-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінің мақсаттары үшін ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан болатын ластағыш заттардың шығарындылары үшін айыппұлды есептеу кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 2-тармағында белгіленген стационарлық көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері қолданылады.
4-тармақтың екінші бөлігінің қолданысы 2021 ж. 1 шілдеден бастап 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы бөлік 2021.02.07. № 63-VII ҚР Заңының 2-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
Бұл ретте алаулардағы күкірт диоксидінің, азот диоксидінің, көміртегі тотықтарының шығарындылары үшін тиісінше «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 2-тармағында белгіленген күкірт оксидтерінің (SOₓ), азот оксидтерінің (NOₓ), көміртегі монооксидінің шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері қолданылады. Меркаптан шығарындылары үшін айыппұлды есептеу кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 3-тармағында белгіленген тиісті төлемақы мөлшерлемесі қолданылады.
329-баптың қолданысы 2018 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 329-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
329-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету
Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету - қондырғы операторларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып алынған квоталар бірліктерімен және (немесе) жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтелмеген, квотаның белгіленген көлемінен асатын әрбір бірлігі үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 330-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
330-бап. Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың, аккредиттелген органдардың верификация және валидация туралы дұрыс емес деректерді ұсынуы
Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың, аккредиттелген органдардың верификация және валидация туралы дұрыс емес деректерді ұсынуы - аккредиттеу туралы аттестаттың немесе аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 331-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 331-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
331-бап. Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу
1. Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындыларын және сарқынды сулардың төгіндісін тазалау және (немесе) бақылау үшін құрылысжайларды немесе жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу немесе ақаулы құрылысжайларды немесе жабдықты пайдалану -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін сол бір құрылысжайға, жабдыққа немесе эмиссия көзіне қатысты бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындыларын және сарқынды сулардың төгіндісін тазалау және (немесе) бақылау үшін құрылысжайларды немесе жабдықты пайдаланбау -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін сол бір құрылысжайға, жабдыққа, эмиссия көзіне қатысты бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
эмиссия көзіне немесе өндірістік учаскеге қатысты экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 332-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 332-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
332-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті түрде жүргізу туралы талаптарын орындамау
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті түрде жүргізу туралы талаптарын орындамау немесе мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтпеген жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында қамтылған талаптарды орындамау -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
333-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін көлiк құралдарын және басқа да жылжымалы құралдарды шығару
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Техникалық регламенттерде көзделген жағдайларды қоспағанда, шығарындыларында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі кезінде шығатын шудың деңгейі белгіленген нормативтерден асып кететін автомобильдерді, ұшақтарды, кемелерді және басқа да жылжымалы құралдарды және қондырғыларды пайдалануға шығару -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
қызметтi тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 334-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
334-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болу нормативтерінен (техникалық нормативтерден) асыра отырып, автомотокөлік құралдары мен басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану
1. Шығарындыларда ластағыш заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі кезінде шығатын шудың деңгейі белгіленген нормативтерден (техникалық нормативтерден) асатын автомотокөлік құралдарын және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалану -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - жиырма, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
335-бап. 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 336-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
336-бап. Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау
Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
337-бап. Жердi бүлдiру
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны жою немесе заңсыз сыдырып алу -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Жердің тозуына немесе адамның денсаулығына зиян келтірмей топырақ құнарлылығының нашарлауына алып келген, жерді агрохимикаттармен, пестицидтермен, тыңайтқыштармен, өсімдіктерді өсіру стимуляторымен және өзге де қауіпті биологиялық және радиоактивті заттармен оларды сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезінде ластау немесе өзге де бүлдіру, сол сияқты бактериялық-паразиттік немесе ерекше зиянды организмдерді жұқтыру -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3. Жерді экологиялық залал келтіруге алып келмеген қауіпті химиялық заттармен ластау -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4. Жерді экологиялық залал келтіруге алып келген қауіпті химиялық заттармен ластау, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
338-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
339-бап. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы
1. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың:
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) жерді нысаналы мақсатына сай емес, ал елді мекендер жерінде - функционалдық аймаққа сәйкес емес пайдаланудан;
2) жер қатынастары саласындағы заңнамалық актіде көзделген жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырмаудан көрінетін жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
340-бап. Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау
Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
341-бап. Тұрғын үй құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер учаскелерiнің бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру
Жеке тұрғын үйлер құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер учаскелерiнің бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру, оны бұрмалау, жер учаскелерiн бөлуден негiзсiз бас тарту -
жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарына он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
342-бап. Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн бұрмалау
Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн қасақана бұрмалау -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 342-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 342-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылықтар
Мыналарға:
1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруға;
2) жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді қамтитын, жерлердің сапасын есепке алуға, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауларды және топырақты бонитирлеуді жүргізуге;
3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуға;
4) жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеуді; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің ысырабын айқындауды қамтитын жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалауға;
5) қағаз жеткізгіштерде және электрондық нысанда жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты жинақтауға, өңдеуге және жүргізуге;
6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуге;
7) жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындауға және жүргізуге;
8) жер кадастры кітабын және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізуге;
9) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындауға және беруге;
10) жер-кадастрлық жоспарын дайындауға;
11) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруге;
12) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауға байланысты мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылық -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
343-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды:
геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы не зауыттық нөмірі көрсетілген салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызметтер көрсетуге арналған шарт;
штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маман болмаған кезде жүзеге асыру -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - отыз бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 343-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
343-1-бап. Қазақстан Республикасының метеорологиялық мониторинг саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Метеорологиялық мониторинг саласындағы жұмыстарды:
1) алынған метеорологиялық ақпаратты белгіленген тәртіппен Ұлттық гидрометеорологиялық қызметке бермеу;
2) метеорологиялық ақпаратты шығарушылардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін хабарламаны жіберу кезінде ұсынылған қандай да бір деректердің өзгерістері туралы хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу түрінде міндетті талаптарды бұза отырып, жүзеге асыру -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Метеорологиялық ақпаратты шығарушылардың мемлекеттік тізіліміне енгізу кезінде көрінеу анық емес ақпарат беру - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.