6) тармақша алып тасталсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Осы баптың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған адамдар, көрсетілген тармақшаларда тізбеленген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына қарамастан, бiр көлiк құралы бойынша ғана (2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильден басқа) көлік құралы салығын төлеушілер болып табылады.
6. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелері осы тармақшаның ережелерін қолдану құқығы бар жеке тұлғаның онда көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына қарамастан, салық кезең ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильден басқа) қолданылады.
7. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы бар адамның салық кезеңі ішінде меншік құқығында бірнеше автокөлік құралдары болған жағдайда, осы ережелер есептелген салық сомасы ең көп автокөлік құралдарының біріне қатысты қолданылады.
8. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салық кезеңі ішінде туындаған кезде олар осындай құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңі аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күніне дейін қолданылады.
Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салық кезеңі ішінде тоқтатылған кезде олар осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күнінен бастап қолданылмайды.»;
1-тармақтың 87) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
87) 366-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасында тiркелген және (немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.»;
1-тармақтың 88) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
88) 367-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің кестесіндегі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5. | Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, қозғалтқышының қуаты: | |
55 кВт-ға дейiн қоса алғанда (75 ат күшiне тең) | 1 |
55 кВт-дан асатын (75 ат күшiне тең) | 10 |
»;
89) 368-бапта:
1-тармақтың 89) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушi салық салу объектiсіне осы Кодекстің 367-бабына сәйкес салық мөлшерлемелерін қолдана отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген көлік құралы салығының сомасын осы Кодекстің 451-бабына сәйкес 70 пайызға азайтады.
1-2. Көлік құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында нақты болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында нақты болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.»;
1-тармақтың 89) тармақшасының жетінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ алып тасталсын;
1-тармақтың 89) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Есепті салық кезеңі үшін жеке тұлғалардың көлік құралы салығы бойынша есеп-қисаптар сальдосын айқындау мақсатында салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар автоматтандырылған режимде ұсынатын мәліметтердің негізінде есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде салық есептеуді жүргізеді.»;
1-тармақтың 90) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
90) 369-бапта:
тақырып және 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«369-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі»;
«3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады.
Салық салу объектісі болып табылатын көлік құралына қатысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған жағдайда, меншік құқығын беретін тұлға осындай объектіні иеленген нақты кезең үшін төленуге жататын салық сомасы көрсетілген әрекеттер жасалғанға дейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке енгізілуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.»;
1-тармақтың 91) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
91) 386-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«386-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары үшiн бөлiнген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, осы Кодекстiң 381-бабының кестесіндегі 23 - 26-жолдарында белгіленген мөлшерлемелерден басқа, осы Кодекстiң 381, 382, 383, 384 және 386-баптарында белгіленген салықтың базалық мөлшерлемелері жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның салық органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
5. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге осы Кодекстің 378-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.»;
1-тармақтың 92) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
92) 387-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының мөлшерлемелерін осы Кодекстiң 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
Бұл ретте жергілікті өкілді орган жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы мұндай шешімді енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жергілікті өкілді органның жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы шешімі ресми жариялануға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.»;
1-1-тармақ алып тасталсын;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар жалға алғаны, пайдаланғаны үшін төлемақысы мемлекеттік бюджетке түсетін жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру кезінде осындай оъектілер бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
93) 388-баптың 1, 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақтың 93) тармақшасының екінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша салық базасына тиiстi салық мөлшерлемесін жеке қолдану арқылы жүргiзіледi.»;
1-тармақтың 93) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқасына ауыстыру кезiнде осындай ауыстыру жүргізілген салық кезеңі үшін жер салығы осы елді мекен осындай ауыстыруға дейін жатқызылған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
6. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде осындай өзгеріске байланысты аумағы басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасына ауыстырылған елді мекенде орналасқан жер учаскелері бойынша осындай өзгеріс жүргізілген салық кезеңі үшін жер салығы осындай өзгеріс күніне дейін осы елді мекен болған шекарадағы елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.»;
1-тармақтың 94) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
94) 389-баптың 8-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезінде меншік құқығын беретін тұлғаның осындай объектіні иеленген нақты кезең үшін төленуге жататын салық сомасы мұндай тіркеу жасалғанға дейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке енгiзілуге тиіс.»;
95) 391-бапта:
1-тармақтың 95) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1-тармақтың бірінші бөлігі және 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар (осы тармақтың екінші бөлігінде аталған тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық мөлшерлемелері мен салық базасы негiзінде, есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргiзедi.»;
«3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.»;
4-тармақ алып тасталсын;
1-тармақтың 95) тармақшасының алтыншы - он бірінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Дара кәсiпкерлер кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын (пайдалануға жататын) жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейді.
6. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын (пайдалануға жататын) жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi. Бұл ретте жер салығы салық кезеңі үшін декларация ұсыну мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешiктiрілмей төленуге жатады.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолдану құқығы туындаған кезде олар мұндай құқық туындаған айдың бiрiншi күнінен бастап салық кезеңi аяқталғанға дейiн немесе мұндай құқық тоқтатылған айдың бiрiншi күніне дейiн қолданылады.
Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолдану құқығы тоқтатылған кезде олар мұндай құқық тоқтатылған айдың бiрiншi күнінен бастап қолданылмайды.»;
1-тармақтың 96) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
96) 394-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «концессионер мүлік салығын төлеушілер болып табылады.» деген сөздер «концессионер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Кодекстің 395-бабында аталған тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады.»;
1-тармақтың 97) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
97) 395-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Меншiк иесi салық салу объектiсiн сенімгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстiң 35 және 36-баптарына сәйкес айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Мемлекеттiк тiркеуге жататын ғимараттарға, құрылыстарға құқықтардың мемлекеттік тіркелуі болмаған жағдайда:
1) жаңадан тұрғызылған (салынған) объектілер үшін мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі және (немесе) салынған объектіні пайдалануға қабылдау (беру) актісі;
2) қалған жағдайларда - азаматтық-құқықтық мәмілелер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер негізінде осы объектіні нақты иеленетін және пайдаланатын (іске қосатын) тұлға мұндай объектіге салық төлеуші болып табылады.»;
98) 396-бапта:
1-тармақтың 98) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар құрамында есепке алынатын, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылыстар, осындай ғимараттардың бөліктері;»;
2) тармақшадағы «құрылыстар салық салу объектісі болып табылады.» деген сөздер «құрылыстар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
1-тармақтың 98) тармақшасының алтыншы абзацы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«3) осы Кодекстiң 111-1-бабында көрсетілген активтер;
1-тармақтың 98) тармақшасының жетінші - он үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ғимараттарды (ғимараттардың бөліктерін) және құрылыстарды қоспағанда, кепiл, өзге де қамтамасыз ету ретiнде түсетін мүлiкке өндiрiп алуды қолдану нәтижесiнде меншiкке өткен, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес екiншi деңгейдегі банктер активтерiнiң құрамында есепке алынатын, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылыстар, осындай ғимараттардың бөліктері;
5) осы Кодекстің 395-бабының 7-тармағында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар салық салу объектісі болып табылады.»;
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстің 395-бабының 7-тармағында, 396-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектiлерi;»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді осы Кодекстің 409-бабына сәйкес салық органдары жүргізетін жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын тұрғынжайлары мен басқа да объектiлері салық салу объектілері болып табылмайды.»;
99) 397-бапта:
1-тармақтың 99) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.»;
1-тармақтың 99) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шартқа сәйкес салық салу объектісіне бағалау жүргізген жағдайда, оның бағалау туралы тиісті есепте айқындалған, бірақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын орташа жылдық баланстық құннан төмен болмайтын нарықтық құны мұндай салық салу объектісі бойынша салық базасы болып табылады.»;
1-тармақтың 98) тармақшасының алтыншы - он жетінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында салық салу объектілерін бөлшектеу және жою бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің ережелерінде қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларына байланысты іс-шараларды орындау көзделген болса, онда осындай міндеттемелерді халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған бағалануы жекелеген есеп жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерінде магистральдық құбыржолдарды жою бойынша міндеттемелерді орындау көзделген болса, онда осындай міндеттемелердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған бағалануы осындай міндеттемелер құнының жекелеген есебін жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.»;
4-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған, сондай-ақ мәмілелер бойынша алынған, бағасы (құны) белгісіз не өтеусіз, оның ішінде сыйға тарту, мұраға қалдыру, қайырмалдық, қайырымдылық көмек түрінде алынған салық салу объектілері бойынша шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған кезде:
1) осы активке меншік құқығы туындаған күнгі салық салу объектісінің;
2) осындай объектілер бойынша төлеуші деп тану күніне осы Кодекстің 395-бабының 7-тармағында аталған төлеушілердің салық салу объектісінің нарықтық құны салық базасы болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте нарықтық құн Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалады.»;
1-тармақтың 100) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
100) 398-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Алматы және Астана қалаларының әуеайлақтарындағы ұшу-қону жолақтарын және әуежайларындағы терминалдарды қоспағанда, әуеайлақтардағы ұшу-қону жолақтары және әуежайлардағы терминалдар бойынша заңды тұлғалар.»;
1-тармақтың 101) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
101) 399-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Осы Кодекстің 395-бабы 7-тармағы 2) тармақшасының негізінде салық төлеуші болып табылатын тұлға үшін тiркелмеген салық салу объектiсіне құқықтар берілген жағдайда салық сомасы:
1) беруші тарап үшiн - осындай салық салу объектісін нақты иеленген және (немесе) пайдаланған (іске қосқан) айдың бірінші күнінен бастап осындай объект қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берілген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін;
2) қабылдаушы тарап үшiн - осындай объекті қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берiлген айдың бiрiншi күнінен басталған кезең үшін есептеледі;»;
1-тармақтың 102) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
102) 400-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«400-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу
Дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен есептейді және төлейді.»;
103) 403-баптың 2-тармағында:
1-тармақтың 103) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер;»;
4) тармақша алып тасталсын;
1-тармақтың 103) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді осы Кодекстің 409-бабына сәйкес салық органдары жүргізетін тұрғынжайларды және басқа да объектілерді қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер.»;
1-тармақтың 103) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларының ережелері пайдалануға немесе мүліктік жалдауға (жалға) берілген салық салу объектілері бойынша қолданылмайды.»;
1-тармақтың 104) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
104) 404-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте 2016 жылғы 31 желтоқсаннан кейін меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу жүргізілген, бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша меншік иелері осындай объектіге меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға арналған өтінішінде көрсеткен, осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.»;
1-тармақтың 105) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
105) 405-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«405-бап. Салық салу объектісі
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғынжайлар, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар мүлік салығын салу объектісі болып табылады.»;
1-тармақтың 106) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
106) 406-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық мемлекеттік органдардың арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтердің негізінде салық органдары әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады:
Қ = Қ б х S х К физ х К айм х К аек. өзг.
Орталық мемлекеттік органдардың арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтердің негізінде салық органдары осындай тіркеу жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін құн ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін құқықтарын мемлекеттік тіркеу жүргізілген жаңадан тұрғызылған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады: