2. Кеден органы аталған берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді:
1) дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны таратуды, қайта ұйымдастыруды мемлекеттік тіркеу кезінде қажетті, кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсатында - берешектің жоқ екендігі туралы анықтама);
2) осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзге жағдайларда кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсатында - берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама) жасау және беру арқылы төлеушіге ұсынады.
3. Кеден органы өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша тоқтатылмаған міндеттемелерді көрсете отырып, кедендік төлемдерді және салықтарды есепке алу деректері бойынша кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы жасайды.
4. Берешектің жоқ екендігі туралы анықтама, берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама кеден органы басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және анықтаманы жасаған кеден органының мөрімен куәландырылады және берілген кезден бастап күнтізбелік отыз күн бойы жарамды болады.
5. Дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған жағдайда, кеден органы берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы және (немесе) берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы төлеушінің көрсетілген анықтамалардың біреуін алуға берген өтінішінің және кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша салыстырып-тексеру актісінің негізінде береді.
6. Кеден органы төлеушінің көрсетілген анықтамалардың біреуін алуға берген өтініші тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы және (немесе) берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы беруге міндетті.».
15-бап.
1. Осы Заң:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 23) тармақшасын, 25) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 26) тармақшасын, 78) тармақшасының екінші абзацын, 98) тармақшасының алтыншы абзацын, 99) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 123) тармақшасын;
2) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 63) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтарын;
3) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 24) тармақшасын, 32) тармақшасының екінші абзацын, 37) тармақшасының екінші абзацын, 38) тармақшасының екінші абзацын, 45) тармақшасын;
4) 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 109) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын;
5) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 19) тармақшасын, 20) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 33) тармақшасының он жетінші және он сегізінші абзацтарын, 42) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 93) тармақшасының екінші абзацын, 122) тармақшасын, 136) тармақшасының он алтыншы абзацын, 9-тармағын, 14-тармағының бесінші - тоғызыншы абзацтарын, 19-тармағының алтыншы абзацын;
6) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 143) тармақшасын;
7) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші - он үшінші, он бесінші, он алтыншы, он сегізінші, жиырма үшінші - жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы - отыз бірінші абзацтарын, 6) тармақшасының екінші - төртінші абзацтарын, 9), 16) - 18) тармақшаларын, 20) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 21) және 22) тармақшаларын, 25) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 27) - 31) тармақшаларын, 33) тармақшасының екінші - он алтыншы, он тоғызыншы - жиырма үшінші абзацтарын, 35), 39) - 41) тармақшаларын, 42) тармақшасының үшінші, төртінші, жетінші және сегізінші абзацтарын, 43), 44), 46), 48) - 55) тармақшаларын, 56) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтарын, 57) және 58) тармақшаларын, 59) тармақшасының екінші, үшінші, сегізінші, жиырма екінші - жиырма төртінші, отыз бірінші - отыз төртінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, алпысыншы және алпыс бірінші абзацтарын, 60) және 62) тармақшаларын, 63) тармақшасының екінші, үшінші, тоғызыншы абзацтарын, 64) - 70) тармақшаларын, 71) тармақшасының екінші, алтыншы - тоғызыншы абзацтарын, 72) - 77) тармақшаларын, 78) тармақшасының үшінші - он сегізінші абзацтарын, 79) - 88) тармақшаларын, 89) тармақшасының жетінші абзацын, 90) - 92) тармақшаларын, 93) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 94) тармақшасын, 95) тармақшасының алтыншы - он бірінші абзацтарын, 96) және 97) тармақшаларын, 98) тармақшасының екінші - төртінші, жетінші - он үшінші абзацтарын, 99) тармақшасының алтыншы - он жетінші абзацтарын, 100) - 102) тармақшаларын, 103) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 108) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және он бірінші абзацтарын, 110), 111), 113) - 120), 124) - 126) тармақшаларын, 127) тармақшасының үшінші - сегізінші абзацтарын, 128) - 132), 134) және 135) тармақшаларын, 136) тармақшасының сегізінші - он бесінші абзацтарын, 146), 149) - 165) тармақшаларын, 168) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 169) - 173) тармақшаларын, 2-тармағы 1) тармақшасының үшінші, бесінші - жиырма жетінші абзацтарын, 2), 3), 6), 8), 10), 13) және 14) тармақшаларын, 15) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 16) - 24), 26) - 47) тармақшаларын, 48) тармақшасының екінші - жиырмасыншы абзацтарын, 49), 51) - 56) тармақшаларын, 57) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 59) - 64) тармақшаларын, 3-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 4), 6) - 11), 13) - 18), 20) және 21) тармақшаларын, 5-тармағы 1) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын, 3) - 5) тармақшаларын, 7 және 10-тармақтарын, 13-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші абзацын, 3) және 6) тармақшаларын, 14-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын, 16 және 17-тармақтарын;
8) 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 127) тармақшасының тоғызыншы - он екінші абзацтарын, 133) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 2-тармағы 48) тармақшасының жиырма бірінші - жиырма алтыншы абзацтарын, 50) тармақшасын;
9) 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 6) тармақшасының бесінші абзацын, 10) тармақшасын, 12) тармақшасының екінші абзацын, 13) - 15) тармақшаларын, 136) тармақшасының он тоғызыншы - жиырма екінші абзацтарын, 138) және 139) тармақшаларын;
10) 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 32) тармақшасының үшінші - он алтыншы абзацтарын, 133) тармақшасының тоғызыншы - он бірінші абзацтарын, 2-тармағының 5), 7), 9), 11) және 12) тармақшаларын, 6-тармағын, 13-тармағының 4) және 5) тармақшаларын;
11) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының он жетінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтарын, 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 5) және 7) тармақшаларын, 37) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 38) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 47) тармақшасын, 56) тармақшасының екінші - тоғызыншы абзацтарын, 59) тармақшасының төртінші - алтыншы, тоғызыншы - жиырма бірінші, жиырма алтыншы - отызыншы, отыз сегізінші - елу тоғызыншы абзацтарын, 61) тармақшасын, 71) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 89) тармақшасының екінші - алтыншы, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 95) тармақшасының екінші - бесінші абзацтарын, 99) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 103) тармақшасының екінші - бесінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 104) - 107) тармақшаларын, 108) тармақшасының екінші - алтыншы, оныншы, он екінші - он төртінші абзацтарын, 109) тармақшасының екінші абзацын, 112) және 121) тармақшаларын, 136) тармақшасының екінші - жетінші, он сегізінші абзацтарын, 137), 141), 142), 147), 148), 166) және 167) тармақшаларын, 2-тармағы 57) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтарын, 58) тармақшасын, 3-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын, 5), 12) және 19) тармақшаларын, 8, 15 және 18-тармақтарын;
12) 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 34) және 36) тармақшаларын;
13) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтарын, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 8) және 11) тармақшаларын, 12) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 133) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 145) тармақшасын, 2-тармағы 1) тармақшасының төрінші абзацын, 25) тармақшасын, 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 3-і.
№ 432-V