1-тармақтың 58) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
58) 258-бап мынадай мазмұндағы 4-3-тармақпен толықтырылсын:
«4-3. Егер өткізу бойынша осындай айналым жасалғанға дейін қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылған бөлінетін жер учаскесінің бір бөлігін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын беру жөніндегі өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болып табылса, онда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осындай жер учаскесіне тура келетін қосылған құн салығының сомасына жүргізіледі, ол мына формула бойынша айқындалады:
ҚҚСтүз = ҚҚСеж/ Sжалпы*Sжер, мұндағы:
ҚҚСтүз - қосылған құн салығын түзету сомасы;
ҚҚСеж - бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;
Sжалпы - жер учаскесінің оны бөлгенге дейінгі жалпы ауданы;
Sжер - иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын беру осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын жер учаскесінің ауданы.»;
59) 263-бапта:
1-тармақтың 59) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың 15-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар жүзеге асырылған кезде салық төлеуші көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға шот-фактураны немесе осы Кодекстің 256-бабының 2-тармағында көзделген өзге құжатты жазып беруге міндетті.»;
1-тармақтың 59) тармақшасының төртінші - алтыншы абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1-1 және 1-2-тармақтар алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеуші шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
1-тармақтың 59) тармақшасының сегізінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«2-1. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтамасыз етілімде техникалық қателердің туындау себебінен шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру мүмкін болмаған жағдайда, шот-фактураны жазып беру қағаз жеткізгіште жүргізіледі.
1-тармақтың 59) тармақшасының тоғызыншы - жиырма бірінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2-2. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда:
шот-фактураның нысаны;
шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;
шот-фактураларды куәландыру тәртібі;
түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшеліктері;
шот-фактураларды сақтау тәртібі;
бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібі көрсетіледі.
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;
электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің анықтығы;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етілмеуі үшін жауапты болады.
2-3. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактурадан басқа шот-фактураның нысанын салық төлеуші осы баптың ережелерін ескере отырып, дербес айқындайды.»;
1-тармақтың 59) тармақшасының жиырма екінші - жиырма төртінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық төлеушілер шот-фактурада немесе осы Кодекстің 256-бабының 2-тармағында көзделген өзге құжатта:»;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақта:
1-тармақтың 59) тармақшасының жиырма алтыншы - отызыншы абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қағаз жеткізгіште жазып берілетін шот-фактурада:»;
1-1), 2), 3) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) айналым жасалған күн;
2) шот-фактура жазып берiлген күн;
1-тармақтың 59) тармақшасының отыз бірінші - отыз төртінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты - тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты - салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген атауы;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы көрсетілуге тиіс. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде қалыптасуына, оның ішінде іскерлік айналымдағы қалыптасуына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;
3-1) осы Кодекстің 264-1-бабында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақтың 59) тармақшасының отыз алтыншы, отыз жетінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«6. Акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциздің сомасы қосымша көрсетіледі.
Осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптар сақтамалған жағдайда лизинг беруші «Салық кодексінің 78-бабы сақталмаған» деген белгісі бар шот-фактура немесе қосымша шот-фактура жазып береді.
1-тармақтың 59) тармақшасының отыз сегізінші - елу тоғызыншы абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура:
қағаз жеткiзгiште - айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк жеті күннен кешiктiрiлмей;
электрондық нысанда - айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2 және 7-3-тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Қосылған құн салығын төлеушi шот-фактураларды электрондық нысанда жазып берген кезде:
электр энергиясын, суды, газды, жүйелік оператор көрсететін жүйелік көрсетілетін қызметтерді, көрсетілетін байланыс қызметтерiн, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, теміржол тасымалдарын, көлiк-экспедиторлық көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша тасымалдау көрсетілетін қызметтерін, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;
есептелген сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша;
осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында аталған тұлғаларға бір жыл немесе бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактураларды жазып беруге құқылы.
7-2. Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда шот-фактура:
қағаз жеткiзгiште - өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей;
электрондық нысанда - өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жеті күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.
7-3. Осы Кодекстің 237-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда шот-фактура:
қағаз жеткiзгiште - осы Кодекстің 237-бабы 1-1-тармағы екінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген, қол қойылған құжатта көрсетілген күннен кейiн күнтiзбелiк жеті күн ішінде;
электрондық нысанда - осы Кодекстің 237-бабы 1-1-тармағы екінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген, қол қойылған құжатта көрсетілген күннен кейiн күнтiзбелiк он бес күн ішінде жазып берiледi.»;
14-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14-2. Түзетілген шот-фактура:
қағаз жеткізгіште - қате табылған күннен ерте емес және қате табылған күннен кейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей;
электрондық нысанда - қате табылған күннен ерте емес және қате табылған күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.»;
14-3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық нысанда жазып берілген түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспейтіндігін көрсетуге құқылы.»;
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында аталған тұлғаларға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді өткізу жағдайларын қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер қолма-қол есеп айырысу арқылы өткiзілген кезде сатып алушыға осы Кодекстiң 90-тарауында көрсетілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машинаның чегi ұсынылған;»;
1-тармақтың 59) тармақшасының алпысыншы және алпыс бірінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар шеңберінде шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері осы Кодекстің 264-1-бабында белгіленеді.»;
1-тармақтың 60) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
60) мынадай мазмұндағы 264-1-баппен толықтырылсын:
«264-1-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар бойынша шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері
1. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комиссионер жүзеге асырады.
Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссионер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын олардың құны негізінде көрсетіледі.
Комиссионер шот-фактураны:
қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда комитент комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады;
қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады.
Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізінде көрсетіледі.
Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйқасының сомасы негізінде көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда тауарларды өткізуге комитент комиссионердің атына шот-фактураны жазып беру кезінде:
өнім берушінің деректемелері ретінде «комитент» мәртебесі көрсетіле отырып, комитент деректемелері көрсетіледі;
алушының деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионер деректемелері көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға комиссионер шот-фактура жазып беру кезінде өнім берушінің деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионер деректемелері көрсетіледі.
2. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комиссионер комитентке беру кезінде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәміле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комитент атына шот-фактуралар жазып беруді қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комиссионер жүзеге асырады.
Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссия шартының талаптарында комитент үшін комиссионер сатып алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.
Комиссионер шот-фактураны:
қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымда көрсетіледі;
қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын үшінші тұлға жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымда көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарында комитент үшін сатып алынған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шот-фактураны комиссионер комитентке жазып беру кезінде:
өнім берушінің деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып комиссионер деректемелері көрсетіледі;
алушының деректемелері ретінде «комитент» мәртебесі көрсетіле отырып комитент деректемелері көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3) және 4) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге шот-фактураны жазып беру кезінде алушының деректемелері ретінде комиссионер деректемелері көрсетіледі.»;
1-тармақтың 61) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
61) 265-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай қосымша шот-фактураны алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспейтіндігін көрсетуге құқылы.»;
1-тармақтың 62) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
62) 267-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ауыл шаруашылығы малдарының терілерін және жүндерін қайта өңдеуді жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізуден алынуға жататын (алынған) кірістер құрайтын заңды тұлғалар жатады.»;
63) 272-бапта:
1-тармақтың 63) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 273-1-бабына сәйкес қосылған құн салығының асып кетуін қайтару кезінде қолданылмайды.»;
1-тармақтың 63) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтары 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар жасалған салық кезеңінің соңында қалыптасқан қосылған құн салығы сомасының асып кетуі, егер бір мезгілде мынадай шарттар орындалатын болса:
1) қосылған құн салығын төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізуді жүзеге асырса;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша салық салынатын жалпы айналымның кемінде 70 пайызын құрайтын болса, қайтарылуға жатады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
1-тармақтың 63) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-1-тармақ алып тасталсын;
1-тармақтың 64) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
64) мынадай мазмұндағы 273-1-баппен толықтырылсын:
«273-1-бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ерекшеліктері
1. Егер қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасса, мұндай салық төлеушіге құрылыс кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы ғимараттарға:
1) өнеркәсіптік ғимараттар мен қоймалар;
2) көлік, байланыс және коммуникациялар ғимараттары;
3) тұрғын үй емес ауыл шаруашылығы ғимараттары жатқызылады.
Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы құрылыстарға, спорт пен демалыс орындарына, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдер қоюға немесе орынтұрағына арналған, сондай-ақ мәдени-көңіл көтеру, қонақ үй, мейрамхана мақсаттарындағы құрылыстардан басқа құрылыстар жатқызылады.
Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген ғимараттар мен құрылыстарға жатқызу техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «толық аяқталған» құрылыс кезінде де қолданылады.
Бұл ретте құрылыс кезеңі деп құрылыстың басталуы мен ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру күні арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.
Осы баптың мақсаттары үшін мына күндердің ең ерте күні:
1) құрылысты жүзеге асыруға келісімшарт (шарт) жасасқан күн;
2) жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға келісімшарт (шарт) жасасқан күн құрылыстың басталуы деп танылады.
Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
1) салық төлеуші қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын немесе инвестициялық басым жобаны іске асыратын жаңадан құрылған ұйым болып табылса;
2) құрылыс осы Кодекстің 130-1-бабының 1-тармағында көрсетілген ұзақ мерзімді келісімшарттың негізінде жүзеге асырылса;
3) ғимараттар, құрылыстар негізгі құралдар деп танылса;
4) ғимараттар, құрылыстар пайдалануға қабылданса, қолданылады.
Осы тармақта көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап ғимараттар, құрылыстар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша кезекті декларацияда осы Кодекстің 46-бабының ережелері ескеріле отырып көрсетіледі.
2. Егер қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеуші геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңінде сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасса, мұндай қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Бұл ретте геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңі деп кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасасқан күн мен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күн арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.
Осы тармақтың ережесі қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда) шеңберінде жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.
Салық төлеуші осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талапты, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күнге тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша кезекті декларацияда осы Кодекстің 46-бабының ережелерін ескере отырып көрсетеді.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған жинақталған асып кеткен сомасының анықтығы расталған салық кезеңінен бастап теңдей үлестермен жиырма салық кезеңі ішінде жүзеге асырылады.
4. Осы баптың ережелері қайтарылуы осы Кодекстің 272-бабына сәйкес жүзеге асырылатын қосылған құн салығының асып кеткен сомасына, сондай-ақ қосылған құн салығының асып кетуін қайтарған кезде осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
1-тармақтың 65) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
65) 276-2-баптың 2) тармақшасында:
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«кәсіпкерлік қызмет мақсатында тауарларды импорттайтын жеке тұлға Кеден одағына қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады. Тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.»;
он үшінші абзац алып тасталсын;
1-тармақтың 66) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
66) 276-4-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көрмелер мен жәрмеңкелерге қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Жанама салықтар Қазақстан Республикасының аумағына:
1) кәсіпкерлік қызметтен басқа мақсаттарда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың;
2) тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін тауарлардың импорты кезінде алынбайды.
Салық төлеуші осы тармақшада көрсетілген тауарларды әкелу (әкету) кезінде осы баптың 4-тармағында көзделген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде салық органдарын хабардар етуге міндетті.»;
1-тармақтың 67) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
67) 276-13-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге әкелуді (әкетуді) жүзеге асырған жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде оның орындалуын ұсынады.»;
1-тармақтың 68) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
68) 276-20-баптың 3-1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қағаз жеткізгіштегі және электрондық нысандағы декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы қағаз жеткізгіштегі (төрт данада) және электрондық нысандағы өтінішті (өтініштерді):»;