Автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу кезінде ілеспе жүкқұжаттар ресімделмейді.
Ілеспе жүкқұжаттарынсыз мұнай өнімдерін сатып алуға және (немесе) сақтауға тыйым салынады.»;
13-тармақтың 5) тармақшасы 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 20-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде ілеспе жүкқұжатты қабылдап алушы ресімдейді және Қазақстан Республикасының аумағына мұнай өнімдерін әкелуді жүзеге асыру үшін ол өнім берушіге немесе тасымалдаушыға беріледі.»;
13-тармақтың 6) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 21-баптың 1-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өткізуін қоспағанда, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер басқа мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
Мұнай өнімдерін өндірушілерден және (немесе) мұнай берушілерден мұнай өнімдерін сатып алатын не мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге және түпкі тұтынушыларға ғана мұнай өнімдерін өткізуге құқылы.».
14. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 22, 131-құжат):
1-баптың 1-тармағында:
14-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
81) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«
6. | 2208 | Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан, сыра мен сыра сусынынан басқа) | 100 % спирт 1 380 теңге/литр |
7. | 2208 | Коньяк, бренди | 100 % спирт 250 теңге/литр |
»;
14-тармақтың бесінші - тоғызыншы абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
97) тармақшада:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Кодекстiң 381-бабындағы кестенің 23-26-жолдарында белгіленген мөлшерлемелерден басқа, объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, осы Кодекстiң 381, 382, 383, 384 және 386-баптарында белгіленген базалық салық мөлшерлемелері жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның салық органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтер ұсыну тәртібін уәкілетті орган бекітеді.».
15-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
15. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 31 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдарының қызметін және құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
96-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) банктен немесе оның филиалынан алынған анықтаманың болуымен расталған, сауда қызметінің субъектісіне қызмет көрсететін банк алдында берешегінің жоқ екендігі көрсетілген төлем қабілеттілігі;».
16-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-қосымшаның 41-жолының 3-бағаны мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Сыра сусынының өндірісі».
17-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 65-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1-бапта:
2-тармақтың 11) тармақшасының жиырма екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік кіріс органдары этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан және сыра сусындарынан басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын және темекі өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік бекеттер орнатады.»;
4-тармақта:
1) тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) есепке алатын бақылау аспаптары - электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілу көлемдері туралы, ондағы этил спиртінің (шараптан, сыра мен сыра сусындарынан басқа) шоғырлануы туралы, этил спиртінің (сыра мен сыра сусындарынан басқа) қалдықтары және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын өндірілген алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру туралы деректердің автоматтандырылған берілуін қамтамасыз ететін аспаптар;»;
4) тармақшаның үшінші абзацы, 6) тармақшаның алтыншы және жетінші абзацтары «сыра» деген сөзден кейін «және сыра сусыны» деген сөздермен толықтырылсын.
18-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
18. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
1-баптың 21-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есепке алатын бақылау аспаптары - Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолдануға жіберілген, мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларында және жанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, кейіннен мұнай өнімдері өндірісінің және (немесе) айналымының көлемдері туралы ақпаратты автоматтандырылған жүйе арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде беру мақсатында есепке алуды жүргізу үшін мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін техникалық құрылғылар;».
19. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) 2014 жылғы 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 9-тармағының 13) және 14) тармақшаларын;»;
4) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
19-тармақтың алтыншы абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«4) 2015 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 94-тармағының 1) тармақшасын;»;
«7) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 38-тармағы 1) тармақшасының жиырма тоғызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз бесінші және отыз жетінші абзацтарын, 7) тармақшасының үшінші абзацын, 8) тармақшасының үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 9) тармақшасының екінші абзацын, 17), 24), 26) және 27) тармақшаларын, 64-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші, сегізінші және он жетінші абзацтарын және 92-тармағының 20) тармақшасын;»;
8) тармақшадағы «тоғызыншы абзацын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.» деген сөздер «тоғызыншы абзацын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 9-тармағы 33) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».
2-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 155-бабы 3-тармағының қолданысы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңiнде осы тармақ:
1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда:
«3. Жеке тұлғаның кірісі ретінде мыналар қарастырылмайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;
2) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;
3) жұмыскерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда - оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есепке жазу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 0,35 мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;
4) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтiк, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі:
осы Кодекстің 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген өтемақылар;
Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде - іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
Қазақстан Республикасынан тысқары жердегі іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде - іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
7) жұмыскер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушімен бiрге басқа жерге көшкен кездегi жол жүру, мүлкiн көшiру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстардың өтемақылары;
8) жұмыс берушiнiң кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерiмдерге жатқызылмайтын шығыстары;
9) мұндай жұмыстың күнтізбелік әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлердiң далалық жабдықталымы;
10) жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:
тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша;
осы тармақтың 4) тармақшасында белгiленген тәулiктiк өтемақылар шегiнде тамақтануға арналған шығыстары;
11) жұмыскерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерiнен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқкиiмнiң, басқа да жеке қорғаныш және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнiмдерiнiң құны;
13) сақтандырудың міндетті түрін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жұмыс берушімен жасасылған, жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;
14) материалдық залалды өтеудің сот шешiмi бойынша тағайындалатын сомалары;
15) төлем көзiнен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде, бұрын төлем көзiнен жеке табыс салығы салынған дивидендтердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомалары;
16) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жасасылған жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберілген зейнетақы жинақтарының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына жіберілген, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақтылы ұстамағаны (есепке жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшiн есебіне жазылған өсiмпұл сомалары;
18) гуманитарлық көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;
19) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркелуге жататын және меншік құқығында бір жыл және одан да ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
20) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
21) бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды және одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлік құнының өсімі;
24) дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші жеке тұлғаның мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстарын өтеу немесе жалға алушының жалдау шарты бойынша төлем есебіне есептелмейтін, жеке тұлғадан жалға алған мүлікті ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстары;
25) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының опционды орындау бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі тіркелген баға опционды орындау бағасы болып табылады;
26) егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және осындай беру күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны;
27) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстің 102-бабына сәйкес жүргізілген өкілдік шығыстар;
28) заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден алынған, оның ішінде жұмыскердің өз жұмыс берушісінен алған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
29) мұндай тұлғаға кредит (қарыз) беруден кейін басталған мынадай:
қарыз алушы жеке тұлға соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;
асыраушысынан, жүктілігіне және босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;
қарыз алушы жеке тұлғаның және қарыз алушы жеке тұлғамен бірлесіп банк алдында ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғалардың мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе өндіріп алу қолданылуы мүмкін кірістері болмаған жағдайда атқарушылық құжатты банкке қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен, кепілге салынған мүлік «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатылған немесе мұндай мүлік кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (микрокредиттің) сомасына кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, кредит (қарыз, микрокредит) бойынша азаматтық заңнамаға сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс.
Осы тармақшаның ережелері:
банк жұмыскеріне, банк жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;
29-1) 2004 жылғы 1 қаңтар мен 2009 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша қалыптасқан сыйақы, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру түріндегі кіріс;
30) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген мүліктің құны, оның ішінде ақша;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен алынған материалдық пайда, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы нысанында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, сондай-ақ оқу орындарының даярлық бөлімдерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін ұсыну;