ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 54-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«сайлау процесіне қатысушыларды оқыту;»;
2) 55-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«сайлау процесіне қатысушыларды оқыту;».
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2018 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 112-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Эфирден және баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары және тәртібі туралы мәліметті сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралдарының сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы -»;
2) 119-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
3) 120-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«120-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу шарттарын бұзу
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер нәтижелерінің болжамдарын жариялау тәртібін бұзуы, атап айтқанда сауал салуды жүргізген заңды тұлғаны, сауал салуға тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал салу жүргізілген уақытты, ақпарат жинау әдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандар санын және сауал салу нәтижелерінің қателік коэффициентін көрсетпеу -
жеке тұлғаларға - он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерінің болжамдарын дауыс берілетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берілетін күні Интернет желісінде жариялау, сондай-ақ сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу -
жеке тұлғаларға - он, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу -
жеке тұлғаларға - он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.».
3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 21-І, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамалық актісіне сәйкес аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін жасырын немесе ашық дауыс беруді өткізу жолымен сайлау;»;
2) 20-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
2001 ж. 23.01. № 148-II ҚР Заңның 41-бабына сәйкес осы Заңның 3- тармағының 2) тармақшасында көзделген өзгерістер 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«3-1) депутат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өзі сайланған саяси партиядан шықса немесе шығарылса;
3-2) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес депутат сайланған саяси партия қызметін тоқтатса;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мәслихат депутатының өкілеттіктері осы баптың 3-тармағының 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде тиісті аумақтық сайлау комиссиясы мәслихат депутатының өкілеттіктерін тоқтатуға әкеп соғатын негіздердің басталу фактісі көрсетілетін шешім қабылдайды және тиісті мәслихатқа мәслихат депутатының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгізу туралы шешім қабылдайды.
Мәслихат аумақтық сайлау комиссиясының осы тармаққа сәйкес енгізілген ұсынуы негізінде мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мәслихаттың тиісті депутатының өкілеттіктерін тоқтатады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Өкілеттіктер осы баптың 3-тармағының 3-1) және 3-2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде тиісті аумақтық сайлау комиссиясы адамның мәслихат депутатының өкілеттіктерін жоғалту фактісін көрсететін шешім қабылдайды және бұл туралы тиісті мәслихатқа хабарлайды.»;
3) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз етеді;»;
4) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз етеді;»;
5) 39-7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аумақтық жергілікті өзін-өзі басқару кеңестерін республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала мәслихатының шешімі негізінде тиісті әкімдік қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі тиісті сайлау округінің шегінде қала әкімі ұсынған құрамда құрады.»;
6) 41-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. 20-баптың 3 және 4-тармақтары тоқтатыла тұрған кезеңде:
«3. Мәслихат депутатының өкілеттіктері мынадай:
1) ол заңға сәйкес депутаттық міндеттерді орындаумен сыйыспайтын лауазымға сайланған немесе тағайындалған;
2) соттың оны әрекетке қабілетсіз немесе әрекет ету қабілеті шектеулі деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген;
3) мәслихаттың өкілеттіктері тоқтатылған;
4) ол қайтыс болған, соттың оны хабарсыз кетті деп тану не қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген;
5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан;
6) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген;
7) ол тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
8) оның отставка туралы жеке өтінішіне байланысты;
9) ол өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаған, оның ішінде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарында немесе құрамына өзі сайланған мәслихат органдарының отырыстарында дәлелсіз себептермен қатарынан үш реттен артық болмаған;
10) ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалған жағдайларда, мерзімінен бұрын тоқтатылады.
4. Депутаттың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сессиясында қабылданады.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақтардың қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
4. Осы Заңның 20-бабының 4-1-тармағы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі деп белгіленсін.».
4. «Саяси партиялар туралы» 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 6-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 22-І, 140-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
ҚР 2002.15.07. № 344-ІІ Заңның 22-бабына сәйкес осы Заңның 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген өзгерістер 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«9) саяси партиядан сайланған депутаттарды кері шақырып алу немесе ротациялау негіздері;»;
2) 16-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
ҚР 2002.15.07. № 344-ІІ Заңның 22-бабына сәйкес осы Заңның 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген өзгерістер 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«2) тиісті мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдері ұсынылады.»;
3) 22-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мыналардың:
9-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде:
«9) бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің саяси партиядан сайланған депутаттарын кері шақырып алу немесе ротациялау негіздері;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, 9-баптың 1-тармағы 9) тармақшасының;
16-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде:
«2) тиісті мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ұсынылады.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, 16-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат):
1) 15-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.»;
2) 20-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік саяси қызметке, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кірген мемлекеттік қызметшілер, сайлау қорытындылары бойынша тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері үшін сынақ мерзімі белгіленбейді.»;
3) 26-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңда көзделген жағдайларда, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайлау тәртібімен «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына конкурстан тыс тәртіппен алғаш рет кіретін немесе қайтадан кіретін азаматтарға көрсетілген іріктеу кезеңдері қолданылмайды.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы маусымның 29-ы.
№ 163-VI