1) кодекстер үшін - осы Заңда.
Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бөлек отырыстарында рет-ретімен қарау арқылы кемінде екі оқылымда қабылданады;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар тиісті кодекстерде белгіленген ерекше тәртіптермен енгізілуі және қабылдануы мүмкін;
2) шоғырландырылған заңдар және заңдар үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Президентi туралы, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы, республикалық референдум туралы заңнамалық актiлерде, өзге де заңнамалық актiлерде, оның iшiнде Парламенттің және оның Палаталарының регламенттерiнде;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы үшін – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы заңнамалық актіде, өзге де заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде;
3) Парламенттің және оның Палаталарының қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы заңнамалық актiлерде;
4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Президентi туралы заңнамалық актiде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң осы тәртiптi реттейтiн актiлерiнде;
5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Үкiметі туралы заңнамалық актiде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде;
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін, сондай-ақ кірмейтін орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының нормативтік құқықтық актілері үшін - Қазақстан Республикасының Үкіметі және осындай органдар туралы заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осындай органдардың қызметін реттейтін қаулыларында;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) техникалық регламенттер үшін - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы заңнамалық актiде;
8) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының соттары туралы заңнамада;
9) Орталық сайлау комиссиясының (Орталық референдум өткізу жөніндегі комиссияның) нормативтiк қаулылары үшiн - сайлау туралы және республикалық референдум туралы заңнамалық актiлерде;
10) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың және тексеру комиссияларының нормативтiк шешiмдерi үшiн - осы органдар туралы заңнамалық актiлерде, өзге де заңнамалық актiлерде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде айқындалады.
Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде нормативтік құқықтық актіні әзірлеуші орган қабылданған заңды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын бекітеді.
Ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы деп азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын өзгерістер туралы хабар беру және оларды түсіндіру, сондай-ақ қабылданған заңның тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар тізбесі түсініледі.
Ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару қызметінің қағидаларында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісіледі.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау жөнiндегi құзыретi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана уәкiлеттi органның осы актiнi қабылдауына жол берiледi.
Бұл ретте жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерден туындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік органдар туралы ережелерде айқындайды. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар әзірлеушілері болып табылатын жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерден туындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
35-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге қол қоюға уәкiлеттік берілген адамдар
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiне мына лауазымды адамдар:
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдарына, конституциялық заңдарына, кодекстерiне, шоғырландырылған заңдарына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарына - Қазақстан Республикасының Президентi; Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысына – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулыларына - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсінің Төрағасы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісінің қаулыларына - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулыларына - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Төрағасы;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi;
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) мәслихат шешiмдерiне - мәслихат төрағасы;
5) әкімдік қаулыларына, әкімнің шешімдеріне - әкім;
6) өзге де нормативтiк құқықтық актiге - оны қабылдаған (шығарған) органның басшысы қол қояды.
2. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актіні негiзгi түрдегi нормативтiк құқықтық акт арқылы қабылдаған кезде уәкiлеттік берілген адам негiзгi түрдегi нормативтiк құқықтық актiге ғана қол қояды.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 35-1-баппен толықтырылды
35-1-бап. Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін олардың күшіне енуінің шарты ретінде мемлекеттік тіркеу
1. Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады. Мұндай тіркеу олардың күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады.
2. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу:
1) осы Заңның 18-бабының 6-тармағына сәйкес әділет органдары бұрын келіскен нормативтік құқықтық актіге қатысты әділет органдарының заң сараптамасын жүргізуін;
2) мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне нормативтік құқықтық акт туралы мәліметтер енгізуді қамтиды.
3. Осы баптың 1-тармағының талаптары:
1) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерге;
2) уәкілетті органдардың басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейтін және үшінші тұлғаларға қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілерге;
3) мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге;
4) үлгілік нормативтік құқықтық актілер негізінде әзірленген және қосымша құқық нормаларын қамтымайтын нормативтік құқықтық актілерге;
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-1) тармақша жаңа редакцияда
4-1) мәслихаттардың бюджеттерді бекіту немесе нақтылау туралы нормативтік құқықтық шешімдеріне;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау), сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімдер қабылдауды көздейтін нормативтік құқықтық актілеріне;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
4-3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерін бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге;
5) тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.
4. Мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актіні осындай тіркеуге нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының талаптарын бұза отырып ұсыну;
2) заң сараптамасы жүргізілгеннен кейінгі кезеңде қабылданған немесе күшіне енген жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшылықтың анықталуы;
3) осы Заңда белгіленген талаптардың сақталмауы.
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартуға мүдделі мемлекеттік орган сот тәртібімен шағым жасай алады.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің күшін оларды шығарған орган жоюға тиіс.
6. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
36-бап. Уәкілетті орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде нормативтік құқықтық актілерді өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөніндегі құқықтар
Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығы берілген уәкілетті орган қайта ұйымдастырылған не таратылған жағдайда, құқықтық мирасқорға немесе таратылған уәкілетті органның функциялары берілген уәкілетті органға оның құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығымен бірге нормативтік құқықтық актілерді өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөніндегі өкілеттіктер ауысады.
8-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖАРИЯЛАУ
37-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау міндеттілігі
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысы» ресми баспасөз басылымдары болып табылады.
2. Заңнамалық актілерді ресми жариялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдары да жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде де электрондық түрде жүзеге асырылады.
37-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
3. Нормативтік құқықтық актілерді алғашқы ресми жариялау олар күшіне енген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде бір мезгілде қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылуға тиіс.
4. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Құқық қолдану практикасында нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылуға тиіс.
6. Нормативтік құқықтық актілер ресми жарияланғаннан кейін ғана оларды бейресми жариялауға жол беріледі.
38-бап. 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
39-бап. 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
40-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердің мәтіндерін толық жарияламауға жол бермеу
1. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ «Қызметтік пайдалану үшін», «Баспасөзде жариялаусыз», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлердің мәтіндерін ресми түрде толық жарияламауға жол берілмейдi.
2. Егер нормативтiк құқықтық акт көлемiнің ауқымды болуына байланысты оның мәтiнi мерзiмдi баспасөз басылымының бiрнеше нөмiрiнде жарияланса, онда нормативтiк құқықтық актінің қазақ және орыс тiлдерiндегі мәтiнiнiң қорытынды бөлiгi жарияланған күн ресми жарияланған күні болып есептеледi.
41-бап. 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ УАҚЫТ, КЕҢІСТІК ЖАҒЫНАН ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛАР ТОБЫ БОЙЫНША ҚОЛДАНЫЛУЫ
42-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң күшiне ену және оларды қолданысқа енгізу уақыты
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлер оларға қол қойылғаннан кейiн күшiне енедi.
Осы Заңның 35-1-бабына сәйкес әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
2. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау оларды қолданысқа енгiзудiң мiндеттi шарты болып табылады.
3. Нормативтiк құқықтық актiлер мынадай мерзiмдерде:
2018.05.07. № 179-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасы Парламентiнің және оның Палаталарының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының нормативтiк құқықтық жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары - егер актiлердiң өздерiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң;
2) Қазақстан Республикасы Парламентiнің және оның Палаталарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары - егер актiлердiң өздерiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қаулылары - қабылданған күнінен бастап;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасы министрлерiнің және орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары және әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi - егер актiлердiң өздерiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Нормативтiк құқықтық актiлерде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген бөлiмдерiн, кіші бөлімдерін, параграфтарын, тарауларын, баптарын, баптарының бөлiктерiн, тармақтарын, тармақшаларын және абзацтарын қолданысқа енгiзудiң тұтастай бүкiл акт үшiн белгiленгеннен өзге мерзiмдерi көрсетiлуi мүмкiн.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1. Нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері реттеу субъектілеріне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға сәйкес жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдерді негізге ала отырып белгіленуге тиіс.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қоспағанда, реттеу субъектілерінің жаңа міндеттерін белгілейтін заңдарды немесе олардың жекелеген нормаларын қолданысқа енгізу мерзімдері міндеттерді орындауға дайындалу үшін қажетті мерзімдерді негізге ала отырып айқындалады және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күннен кем болмайды.
Реттеушілік құралдардың енгізілуіне немесе пайдаланылуына байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптарды, міндеттерді немесе жүктемені өзгеше ұлғайтуды белгілейтін жекелеген нормалар, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдары оларға міндеттерді орындауға дайындалу үшін қажетті, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күннен бұрын қолданысқа енгізілмейді.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің талаптары орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттары құрамына кіретін тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды.
Нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу тәртібі мен мерзімдері реттеу субъектілеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.
Осы тармақта белгіленген талаптар осы Заңның 17-1-бабы 15-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленген заң жобаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларына қолданылмайды.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Бұрын заңдық жауаптылыққа алып келмеген әрекеттер (әрекетсіздік) үшін заңдық жауаптылықты көздейтін не бұрынғымен салыстырғанда анағұрлым қатаң жауаптылықты белгілейтін заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткенге дейін қолданысқа енгізілмейді.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Ішкі нарықтағы аса жетіспеушілікті болғызбау не азайту, елдің қорғанысы мен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарларды, өсімдіктерді, мәдени құндылықтарды сақтау, қоғамдық мораль мен құқықтық тәртіпті қорғау мақсатында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына рұқсат беру тәртібін енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік немесе рұқсат беру талаптарын және біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткенге дейін қолданысқа енгізілмейді.
7. Мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын нормативтiк құқықтық актiлер қабылданған күнiнен бастап немесе актiнiң өзiнде көрсетiлген мерзiмдерде қолданысқа енгiзiледi.
8. Барлық нормативтік құқықтық актілерде осы баптың нормалары ескеріле отырып, оларды қолданысқа енгізу мерзімі көрсетілуге тиіс.
43-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң керi күшi
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды.
2. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң керi күшi оның өзiнде немесе нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзу туралы актiде көзделген, сондай-ақ кейiнгiсi азаматтарға жүктелген міндеттерді алып тастайтын немесе олардың жағдайын жақсартатын жайттар осы баптың 1-тармағының қағидаларына кiрмейдi.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Азаматтарға жаңа міндеттерді жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін заңдардың кері күші болмайды.
44-бап. 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
45-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылу мерзiмi
1. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде немесе оны қолданысқа енгiзу туралы актiде өзгеше көзделмесе, мұндай акт мерзiмсiз қолданылады.
2. Бүкiл нормативтiк құқықтық акт немесе оның жекелеген бөлiгi (жекелеген бөлiктерi) үшiн уақытша қолданылу мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Бұл жағдайда нормативтiк құқықтық акт немесе оның бір бөлiгi қандай мерзiмде қолданысын сақтайтыны көрсетiлуге тиiс. Актiнi шығарған орган бұл мерзiм өткенге дейiн актiнiң қолданылуын жаңа мерзiмге ұзарта алады немесе оған мерзiмсiз сипат бере алады.
46-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату