Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалған заң жобалары Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын келісу мерзімі, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше, анағұрлым қысқа мерзім белгілемесе, он жұмыс күнінен аспайды.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы құқығын іске асыру тәртібі
1. Осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заң жобаларының әзірлеушілері болып табылады.
2. Өзге де органдар, ұйымдар және азаматтар заң жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге немесе осындай бастамашылық жобаларды орталық мемлекеттік органдардың қарауына беруге құқылы.
Орталық мемлекеттік органдар оларды өздері әзірлейтін заң жобалары үшін негіз ретінде қабылдауы немесе олардың одан әрі әзірленуі мен қабылдануын орынсыз деп тануы мүмкін.
3. Орталық мемлекеттік орган, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, заң жобасын дайындауды өзіне ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе оны дайындауға шарттық негізде мамандарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне, ғылыми мекемелерге, өзге де ұйымдарға, жекелеген ғалымдар мен ұжымдарға, оның ішінде шетелдіктерге, тиісті салалардағы сарапшыларға бөлінген бюджет қаражаты мен гранттарды осы мақсаттарға пайдалана отырып, тапсырыс бере алады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Орталық мемлекеттік орган заң жобасын әзірлеу басталғанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес консультативтік құжатты жариялау және талқылау рәсімдерін қамтамасыз етуге тиіс.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжат Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құрылған жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңестерімен (бұдан әрі - сараптама кеңестері) міндетті түрде талқылауға жатады.
Консультативтік құжатты жұртшылықпен талқылау оны ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастыруды, сондай-ақ жария тыңдау мен пікірсайысты қамтиды.
Реттелуі жоспарланып отырған қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне қарай талқылаулар жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірі немесе бірнешеуі пайдаланыла отырып жүргізілуі мүмкін.
Заң жобалары оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен (заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылады.
Консультативтік құжаттарды, сондай-ақ заң жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында айқындалады.
5. Егер заң жобасында ұсынылып отырған құқық нормасы алдын ала сынамалауды талап ететін болса, онда осы құқық нормасы өзі қамтылатын заңмен, оның қолданылуының белгілі бір мерзімдерімен шектеледі және пилоттық жоба жүргізіледі.
6. Мемлекеттік орган пилоттық жоба шеңберінде сынамаланатын құқық нормасын қолдану практикасына талдау жүргізеді, оның барысында оң және жағымсыз салдарлары, осындай реттеуді қолдануға әсер еткен әлеуметтік және өзге де факторлар, пилоттық жобаны жүргізуге байланысты жұмсалған шығыстар мен алынған кірістер айқындалады.
Сынамаланатын құқық нормасын қолданылу мерзімі бойынша шектеу сынамаланатын құқық нормасына жүргізілген талдау нәтижелері негізінде алып тасталуы мүмкін.
Пилоттық жобаларды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында белгіленеді.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы пилоттық жобаны жүргізу үшін мемлекеттік органдар мұндай пилоттық жобаны жүргізу шарттарын заңнамалық деңгейде бекітуді қамтамасыз етуге тиіс.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы пилоттық жобаға қатысуы тек қана ерікті болып табылады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Заң жобаларын әзірлеу консультативтік құжаттардың негізінде және соларға сәйкес жүзеге асырылады, олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша қайта қарауға жатады.
Заң жобасына Мемлекет басшысының елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары шеңберіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Консультативтік құжатты әзірлеу жөніндегі талаптар республикалық бюджет туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдардың жобаларына және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларына қолданылмайды.
9. Әзірлеуші орган заң жобасын әзірлеу кезінде оны дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе осындай дайындауды өзінің бөлімшелеріне тапсырады.
Заң жобаларын әзірлеуге заң жобасын дайындауға жауапты әзірлеуші органның заң бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуы міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларын әзірлеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің қатысуы міндетті.
10. Заң жобаларын дайындауға әртүрлі білім салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен өзге де ұйымдар, ғылыми қызметкерлер, коммерциялық емес және өзге де ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына кез келген сатысында қатысуға құқылы.
Әзірлеуші орган заң жобаларын әзірлеген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласында жүргізген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін және басқа да материалдарды пайдалануға құқылы.
11. Дайындалған заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберіледі.
Мемлекеттік кірістердің қысқартылуы немесе мемлекеттік шығыстардың ұлғайтылуы көзделетін заң жобасына қаржы-экономикалық есеп-қисаптар қоса беріледі.
Егер заң жобасында қамтылған құқық нормаларын іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет болса (егер мұндай қажеттілік болмаса, онда бұл ілеспе хатта көрсетіледі), Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленген заң жобаларын қоспағанда, заң жобасына заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса беріледі. Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда осы мемлекеттік орган әзірлеуші органға заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын ұсынады.
Заң жобасын әзірлеу кезінде әзірлеуші органдар міндетті түрде ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын әзірлейді.
12. Келісу кезінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес заң жобасы бойынша қорытынды береді, онда заң жобасының жан-жақты пысықталу және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы мен ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасы бойынша реттеу нысанасының ашылу фактісін белгілеу қамтылады.
13. Заң жобасы келісуге жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, егер Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше белгілемесе, оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде заң жобасы бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын дайындауға немесе заң жобасын әзірлеген әзірлеуші органға олардың жоқ екендігін хабарлауға тиіс.
Мемлекеттік органның, ұйымның заң жобасы бойынша ескертулері жазбаша нысанда ұсынылады және кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды қамтуға, негізделген және тиянақты болуға тиіс.
Алынған ескертулер бойынша заң жобасы пысықталып, қабылданған және қабылданбаған ескертулер, ескертулерді қабылдамау уәждері туралы анықтама жасалады.
14. Жұмыс тобын құрған әзірлеуші орган заң жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізе алады, оларды жұмыс тобы талқылауға тиіс.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15. Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті қорғауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес заң жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобаларын әзірлеуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген актілерді әзірлеу негізделуге, Қазақстан Республикасының Үкіметі жедел заңнамалық шараларды қабылдамаған жағдайда туындауы мүмкін дағдарыстық ахуалды, өзекті сын-қатерлерді, форс-мажорлық мән-жайларды және нақты залалдың ауқымын және қолданылатын шаралардың мөлшерлестігін көрсететін растайтын деректермен бірге жүруге тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге заңнамалық реттелуін кейінге қалдыруға болмайтын ережелер ғана енгізілуі мүмкін. Дағдарыстық ахуалдарға жедел ден қоюға байланысты мәселелерді шешуге қатысы жоқ өзге ережелерді қосуға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысының жобасы дағдарыстық ахуалдарға жедел ден қою мақсатында әзірленген заң жобасының ажырамас бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысын дағдарыстық ахуалдарға жедел ден қою мақсатында әзірленген заң жобасынан бөлек әзірлеуге және қабылдауға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысын қабылдау осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тиісті заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілгеннен кейін ғана мүмкін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілген заң жобасының мәтініне сәйкес келуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Қазақстан Республикасының Парламенті заңдарды қабылдамағанға дейін қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобаларын әзірлеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында айқындалады.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу тәртібі
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 17-1-бабында көзделген тәртіп қолданылады.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының жобаларын және басқа да уәкілетті органдардың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға әртүрлі білім салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен өзге де ұйымдар, ғылыми қызметкерлер, коммерциялық емес және өзге де ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
3. Бір деңгейдегі уәкілетті органдардың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын бірнеше уәкілетті орган әзірлеуі, ал қажет болғанда - қабылдауы мүмкін.
Бірнеше уәкілетті органның заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын олар осы Заңда көзделген тәртіппен бірлесіп әзірлейді және уәкілетті органдардың басшылары қол қоятын бірлескен нормативтік құқықтық актілер түрінде қабылданады.
Бірлескен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері туынды заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті органдардың негізгі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері арқылы бекітіліп, онда туынды актіні қабылдауға арқау болған негізгі нормативтік құқықтық актілер көрсетіледі.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыретіне сәйкес, өз бастамасы немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың тапсырмасы бойынша әзірлейді.
Егер Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулысының дайындалып жатқан жобасының құқық нормаларын іске асыру үшін бір деңгейдегі немесе төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болса, онда негізгі түрдегі нормативтік құқықтық актінің жобасымен бір мезгілде көрсетілген өзгерістері және (немесе) толықтырулары бар нормативтік құқықтық актілердің жобалары дайындалуға немесе тиісті органдарға осындай актілерді дайындау туралы тапсырмалар берілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі әзірлеген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобалары оларға түсіндірме жазбалармен және салыстырма кестелерімен (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Осы Заңның 17-1-бабы 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген заң жобалары бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларын әзірлеу, келісу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында айқындалады.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің дайындалған жобасы, ал қажет болған кезде оны іске асыру мақсатында қабылданатын заңға тәуелді басқа нормативтік құқықтық актінің жобасы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберіледі.
6. Осы Заңның 35-1-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әділет органдарының келісуі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі, құқық нормаларының бар-жоғы және мемлекеттік тіркеу қажеттілігі тұрғысынан заң сараптамасын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда
19-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Әзірлеуші органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін, оның ішінде оларды мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырғаны туралы хабарлама жібереді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сараптама кеңестері консультативтік құжатқа немесе нормативтік құқықтық актінің жобасына өздерінің сараптама қорытындыларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырады.
Сараптама қорытындылары қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
Сараптама қорытындысын ұсыну үшін мерзім үш жұмыс күнін құрайтын осы Заңның 17-1-бабы 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген заңдардың жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы сауда саясаты жөніндегі консультативтік-кеңесші органның шешімі негізінде елеулі маңызды тауарлар тізбесіне енгізілген азық-түлік тауарларының немесе өзге де тауарлардың ішкі нарықта аса жетіспеушілігін болғызбау не азайту және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тыйым салу мен сандық шектеуді және кедендік-тарифтік реттеу шараларын енгізуді көздейтін, сараптамалық қорытынды ұсыну мерзімі бес жұмыс күнін құрайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатқа, нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптама қорытындысын ұсыну үшін әзірлеуші органдар белгілейтін мерзім - Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңесінің мүшелеріне хабарлама келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен, ал заң жобалары бойынша он бес жұмыс күнінен кем болмайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сараптама кеңесінің мүшелері сараптама қорытындыларын белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, консультативтік құжат немесе нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі.
Бұл ретте тиісті жобаларды келісу кезінде мемлекеттік органдардың әзірлеуші органдардан өзінің сараптама қорытындысын әзірлеуші орган айқындаған мерзімдерде ұсынбаған Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан және сараптама кеңесінің мүшелерінен сараптама қорытындыларын алуды талап етуіне тыйым салынады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптардың нәтижелерін қамтуға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сараптама қорытындысын алу жөніндегі талап орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды.
3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.
4. Әзірлеуші орган Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және сараптама кеңесі мүшелерінің сараптама қорытындысымен келіскен кезде консультативтік құжатқа, нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда әзірлеуші орган келіспеу себептерін негіздей отырып, ұстанымын қалыптастырады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сараптама қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының немесе сараптама кеңесі мүшесінің жазбаша ұстанымын білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және консультативтік құжатқа, нормативтік құқықтық актінің жобасына ол қабылданғанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде міндетті қосымшалар болып табылады.
6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжаттар, нормативтік құқықтық актілердің жобалары оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сараптама кеңесі қарағанға дейін интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.
7. Осы бапта көзделген рәсімдер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың міндетті шарттары болып табылады.
8. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобаларына қолданылмайды.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері
1. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу процесіне коммерциялық емес ұйымдарды, азаматтарды тарту мақсатында «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қоғамдық кеңестер құрылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында консультативтік құжаттарды және заң жобаларын қоғамдық кеңестермен жария талқылау тәртібі реттеледі.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)