ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Пробация туралы
(2022.27.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Пробация ұғымы, мақсаты және міндеттері
2-бап. Қазақстан Республикасының пробация туралы заңнамасы
3-бап. Пробацияның негізгі қағидаттары
4-бап. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдар, олардың құқықтары мен міндеттері
5-бап. Пробацияны жүзеге асыру нысандары
6-бап. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту шаралары
2-тарау. ПРОБАЦИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН СУБЪЕКТІЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
7-бап. Пробацияны жүзеге асыратын субъектілер
8-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
9-бап. Пробация қызметінің өкілеттіктері
10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
11-бап. Азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де заңды тұлғалардың пробацияны жүзеге асыруға қатысуы
3-тарау. ПРОБАЦИЯ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
12-бап. Пробация түрлері
13-бап. Сотқа дейінгі пробация
14-бап. Сотқа дейінгі баяндама
15-бап. Үкімдік пробация
16-бап. Пенитенциарлық пробация
17-бап. Пенитенциарлықтан кейінгі пробация
18-бап. Кәмелетке толмаған адамға қатысты пробацияны жүзеге асыру ерекшеліктері
19-бап. Кәмелетке толмаған адамға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
20-бап. Қазақстан Республикасының пробация туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және пробация ұғымын, мақсатын, міндеттерін, қағидаттарын, түрлерін және жүзеге асыру нысандарын, сондай-ақ өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдардың және оны жүзеге асыратын субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Пробация ұғымы, мақсаты және міндеттері
1. Пробация - санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі.
2. Пробацияның мақсаты:
1) күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу;
2) сотталған адамды әлеуметке қосу;
3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
3. Көрсетілген мақсатқа сәйкес мыналар пробацияның міндеттері болып табылады:
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
2) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың заңмен айқындалған түрлерін орындау;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) өздеріне қатысты сот пробациялық бақылау белгілеген сотталғандарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамды босатуға дайындау.
2-бап. Қазақстан Республикасының пробация туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының пробация туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңның алдында басым болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады.
3-бап. Пробацияның негізгі қағидаттары
Пробация:
1) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау;
2) заңдылық;
3) ізгілік;
4) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жариялылық;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) өздеріне пробация қолданылатын адамдарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көлемін айқындау және пробациялық бақылауды жүзеге асыру кезінде сараланған және жеке-дара әдіс;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдардың құқыққа бағынушылық және қоғамға пайдалы белсенді мінез-құлқын ынталандыру;
7) пробацияны жүзеге асыратын субъектілердің өзара іс-қимылы қағидаттарына негізделеді.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдар, олардың құқықтары мен міндеттері
1. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдар санаттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодекстерімен, сондай-ақ осы Заңмен айқындалады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдардың:
1) ана тілінде немесе өздері меңгерген басқа тілде өтініш жасауға, өздерінің құқықтары мен міндеттері, соттың қолданған жазасы, қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудың тәртібі мен шарттары, олардың өзгерістері, сондай-ақ ұсыныстар, арыздар мен шағымдар берудің тәртібі туралы мәліметтерді алуға;
2) пробацияны жүзеге асыратын субъектілердің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту жөніндегі іс-шараларға қатысуға құқығы бар.
Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтары бар.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдар:
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) пробациялық бақылаудың тәртібі мен шарттарын орындауға және сақтауға;
2) 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) пробацияны жүзеге асыратын субъектілердің заңды талаптарын орындауға;
4) пробацияны жүзеге асыратын субъектілерге анық мәліметтер ұсынуға міндетті.
Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың заңда көзделген басқа да міндеттері бар.
5-бап. Пробацияны жүзеге асыру нысандары
1. Пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға пробациялық бақылау және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету нысандарында пробация жүзеге асырылады.
2. Пробациялық бақылау пробация қызметінің есебінде тұратын адамдардың өздеріне заң мен сот жүктеген міндеттерді орындауына бақылауды жүзеге асыру бойынша пробация қызметінің және полицияның жұмысын білдіреді.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Әлеуметтік-құқықтық көмек - пробацияны жүзеге асыратын субъектілер іске асыратын, өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосуға, әлеуметтік бейімдеуге және оңалтуға бағытталған шаралар кешені.
6-бап. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту шаралары
1. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту:
1) мына мәселелер бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету:
медициналық көмек алу;
орта білім алу;
кәсіпті меңгеру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру);
жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
психологиялық демеуді қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдерді алу;
2) мыналарды:
әлеуметтік-психологиялық және психологиялық консультация беруді;
әлеуметтік патронажды;
тараптардың өзара келісуі жағдайында отбасылық және өзге де әлеуметтік-жағымды байланыстарды қалпына келтіруге көмектесуді қамтитын әлеуметтік байланыстарды қолдау жүйесін қалпына келтіру және қалыптастыру;
3) мыналарды:
келу орнымен қамтамасыз етуді;
оңалту іс-шараларын ұйымдастыруды;
мәдени іс-шараларға қатысуға тартуды;
4) әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша консультациялар ұсынуды қамтитын әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу арқылы қамтамасыз етіледі.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шараларды пробацияны жүзеге асыратын субъектілер іске асырады.
2-тарау. ПРОБАЦИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН СУБЪЕКТІЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
7-бап. Пробацияны жүзеге асыратын субъектілер
Қазақстан Республикасының пробация туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде әрекет ететін мемлекеттік органдар, сондай-ақ осы Заңның 11-бабына сәйкес азаматтар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар пробацияны жүзеге асыратын субъектілер болып табылады.
8-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзыретіне:
1) пробация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) пробация саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) мыналарды:
сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестен өткізу әдістемесін;
сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесін бекіту;
4) өзіне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
2. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі уәкілетті органының құзыретіне:
1) пробацияны жүзеге асыратын субъектілердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің және пробация қызметтерінің жұмысын үйлестіру;
3) мыналарды:
сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестен өткізу әдістемесін;
сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесін әзірлеу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
3. Полиция Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде:
1) пробациялық бақылауда тұратын адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың профилактикасы, оларды анықтау, зерделеу, жою жөніндегі шаралар кешені;
2) кәмелетке толмағандарға қатысты пробациялық бақылауды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Пробация қызметінің өкілеттіктері
1. Пробация қызметі - қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің органы.
2. Пробация қызметі:
1) өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдардың есебін жүргізеді;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өзіне қатысты пробация қолданылатын адамның тұрғылықты жерін, оның денсаулық жағдайын, білім деңгейін және жұмыспен қамтылуын анықтайды;
3) 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) әлеуметтік-құқықтық көмек алу тәртібін түсіндіреді, оны алуға жәрдемдеседі;
5) күдіктіге, айыпталушыға қатысты сотқа дейінгі баяндаманы дайындауды жүзеге асырады;
6) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолданылған адамдарға өздеріне сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және оларды орындамаудың салдарларын түсіндіреді;
7) өздеріне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адамдарға оның жүзеге асырылу және тоқтатылу тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ пробациялық бақылау шарттарын сақтамаудың салдарларын түсіндіреді;
8) пробациялық бақылауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, заңды тұлғалардан өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер, анықтамалар, мінездемелер, өзге де ақпарат сұратады;
10) мыналарды:
кәмелетке толмағандар мен отбасы құқықтарын қорғау саласындағы бағдарламаларды;
кәмелетке толмағандар мен отбасы құқықтарын қорғау жөніндегі қызметке пробацияны жүзеге асыратын субъектілерді тарту тетіктерін әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
11) кәмелетке толмағандар мен отбасы құқықтарын қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сапасына мониторинг жүргізуге қатысады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Пробация қызметі мемлекеттік органдармен, азаматтармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету саласындағы өкілеттіктерді атқарады.
11-бап. Азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де заңды тұлғалардың пробацияны жүзеге асыруға қатысуы
1. Азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де заңды тұлғалардың пробацияны жүзеге асыруға қатысуы өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмекті ұсынуға ерікті түрде жәрдемдесу арқылы мынадай нысандарда іске асырылады:
1) пробация қызметінің жұмысын және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмекті жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру;
2) социологиялық және өзге де мониторингтер жүргізу;
3) пробацияны реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және қоғамдық талқылауға қатысу;
4) пробация мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші және сарапшы органдардың жұмысына қатысу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін нысандарда өзге де жәрдем көрсету.
2. Пробацияны жүзеге асыруға қатысатын адамдар өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдардың дербес деректерін, сондай-ақ жеке өмірі туралы мәліметтерді олардың жазбаша келісімінсіз жариялауға құқылы емес.
3. Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар пробация қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және өзге де міндеттемелеріне сәйкес көмек көрсете алады.
3-тарау. ПРОБАЦИЯ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
12-бап. Пробация түрлері
Пробация түрлеріне мыналар жатады:
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) сотқа дейінгі пробация - сотқа дейінгі баяндаманы дайындау жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы;
2) үкімдік пробация - бас бостандығын шектеуге сотталған, сондай-ақ шартты түрде сотталған адамдарға қатысты пробациялық бақылау белгілеу мен оны жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы;
3) пенитенциарлық пробация - қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген адамдарды әлеуметке қосу жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы;
4) пенитенциарлықтан кейінгі пробация - қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдарға қатысты пробациялық бақылау белгілеу мен оны жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы.
13-бап. Сотқа дейінгі пробация
1. Сотқа дейінгі пробация мынадай күдіктілерге, айыпталушыларға:
1) кәмелетке толмағандарға;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мүгедектігі бар адамдарға;
3) әйелдерге:
елу сегіз жастағы және одан асқан әйелдерге;
жүкті әйелдерге;
үш жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге;
4) ерлерге:
алпыс үш жастағы және одан асқан ерлерге;
үш жасқа дейінгі жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтiн ерлерге қатысты ерікті негізде қолданылады.
Сотқа дейінгі пробация өздеріне үйқамақ немесе күзетпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған адамдарға қатысты қолданылмайды.
2. Сотқа дейінгі пробация осы баптың 1-тармағында аталған адамның жазбаша өтініші бойынша ол өтініш жасаған кезден бастап жүзеге асырылады.
3. Сотқа дейінгі пробация кезіндегі әлеуметтік-құқықтық көмек осы Заңның 6-бабында санамаланған шаралардан тұрады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Пробация қызметі осы Заңның 9-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен алынған мәліметтер негізінде сот талқылауы басталғанға дейін сотқа дейінгі пробация қолданылатын адамға ұсынылатын сотқа дейінгі баяндаманы жасайды.
Көрсетілген бағдарламаны іске асыру нәтижелері бойынша, сондай-ақ осы Заңның 9-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен алынған мәліметтер негізінде пробация қызметі сот талқылауы басталғанға дейін сотқа дейінгі пробация қолданылатын адамға ұсынылатын сотқа дейінгі баяндаманы жасайды.
Аталған адам сотқа дейінгі баяндаманы дайындауға қатыса алады және оның мазмұны бойынша сотқа дейінгі баяндамада көрсетілуге тиіс өз пікірін айта алады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, пробация қызметі сотқа дейінгі пробацияны тоқтатады.
14-бап. Сотқа дейінгі баяндама
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сотқа дейінгі баяндама - күдіктінің, айыпталушының жеке басының ерекшеліктері туралы ақпарат.
2. Сотқа дейінгі баяндаманың мазмұны кіріспе, сипаттамалық және ұсынымдық бөліктерді қамтиды.
Кіріспе бөлігінде:
1) сотқа дейінгі баяндаманың жасалу уақыты, күні және орны;
2) сотқа дейінгі баяндаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және инициалдары;
3) күдіктінің, айыпталушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні, айы, жылы және туған жері көрсетіледі.
Сипаттамалық бөлікте күдікті, айыпталушы туралы мынадай мәліметтер:
1) азаматтығы, отбасылық жағдайы, айналысатын кәсібі, білімі, тұрғылықты жері, сотталғандығының бар-жоғы, оларды сипаттайтын өзге де деректер;
2) 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әлеуметтік мінездемесі;
4) жеке басының психологиялық-әлеуметтік тест нәтижелері;
5) олардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының тәуекелдерін бағалау;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) пробация қызметінің ұсынымдарын ұстануы жазылады.
Ұсынымдық бөлікте адамға жазаны тағайындау және оны орындау кезінде пайдалануға ұсынылатын міндеттер мен шектеулердің үлгі тізбесі көрсетіледі.
Сотқа дейінгі баяндамада жазылған ақпарат пробацияның барлық түрлерін жүзеге асыру кезінде, оның жаңартылғаны ескеріле отырып, пайдаланылады.
15-бап. Үкімдік пробация
1. Үкімдік пробация:
1) бас бостандығын шектеуге сотталған адамға;
2) шартты түрде сотталған адамға қатысты қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға қатысты үкімдік пробация Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 44-бабының қағидалары бойынша пробациялық бақылау нысанында жүзеге асырылады, оның ұзақтығы сот үкімімен немесе қаулысымен айқындалады.
3. Өзіне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адам:
1) сот үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап он тәулік ішінде есепке қою үшін пробация қызметіне келуге;
2) жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын өтеу шарттары мен тәртібін сақтауға;
3) тіркелу және өзімен профилактикалық әңгімелесу жүргізу үшін белгіленген күндері пробация қызметіне келіп тұруға;
4) тұрғылықты жерінің, жұмыс немесе оқу орнының өзгергені туралы пробация қызметін жазбаша хабардар етуге;
5) өзіне заң мен сот жүктеген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
4. Адам пробациялық бақылау шарттарын сақтамаған жағдайда пробация қызметі:
1) бас бостандығын шектеуге сотталған адамға қатысты жазбаша ескерту түрінде жазалау қолданады, ал жазасын өтеуден қасақана жалтарған жағдайда сотқа бас бостандығын шектеудің өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін материалдар ұсынады;
2) шартты түрде сотталған адамға қатысты пробациялық бақылау мерзімін ұзарту туралы не шартты түрде соттаудың күшiн жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы ұсыну енгізеді.
5. Егер пробациялық бақылау белгіленген мерзімнің кемінде жартысы өткеннен кейін шартты түрде сотталған адам өзінің мінез-құлқымен түзелгенін дәлелдесе, онда пробация қызметі сотқа шартты түрде соттаудың күшін жою туралы және сотталған адамнан сотталғандықты алу туралы ұсыну жолдайды.
6. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Пенитенциарлық пробация
1. Пенитенциарлық пробация қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталған адамға қатысты қолданылады.
2. Сотталған адамды әлеуметке қосу Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес оның қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесіне келген кезінен бастап жүзеге асырылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген, жаза мерзімін өтеуге дейін бір жыл қалған сотталған адамға қатысты әлеуметке қосуды қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету нысанында жүзеге асырады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі жасайды және іске асырады.
5. Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы:
1) сотқа дейінгі пробация кезеңінде пробация қызметі әзірлеген сотқа дейінгі баяндаманың (бар болған жағдайда) деректерін;
2) сотталған адамның қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінде болған кезеңіндегі мінез-құлқын сипаттайтын материалдарды;
3) босатылуға дайындалатын адамның талап қою талаптарын өтегені және (немесе) өтемегені туралы мәліметтерді;
4) босатылуға дайындалатын сотталған адамның әлеуметтік байланыстары, оның денсаулық жағдайы, білім деңгейі, еңбек дағдылары, құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың құқықтық тетіктері туралы хабардарлығы жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ сотталған адамның әлеуметтік мінез-құлқын түзеу және табысты әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті өзге де мәліметтерді;