Мiндеттердi уақытша атқарудың үзіліссiз мерзiмi бос лауазым бойынша екі айдан, ал бос емес лауазым бойынша төрт айдан аспауға тиіс.
Лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқарудың үзіліссiз мерзiмi лауазымды атқаруға кiрiскен күннен бастап, бiрақ бұйрықта көрсетілген күннен ерте емес, ал күнi көрсетiлмесе, бұйрыққа қол қойылған күннен ерте емес, мiндеттерiн атқарудан босатылған күн қоса есептеледi.
Лауазым бойынша мiндеттi атқарушы етiп тағайындау қызметкерлердi лауазымдарға тағайындау және оларды ауыстыру құқығы берiлген лауазымды адамдардың бұйрығымен ресiмделедi.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қызметкерге осы бапқа сәйкес міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу және оны осыған байланысты негізгі лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босату, тікелей басшысы болмаған кезеңде оның лауазымы бойынша міндеттерді атқару қызметкердің қызметтік міндеттерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының актісімен жүзеге асырылады.
40-бап. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс уақыты
1. Қызметкерлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгiленедi.
Әрбір құқық қорғау органында қызметтік әрекеттің ерекшеліктерімен және жедел жағдаймен, жыл мезгілімен, жергілікті жағдайлармен және басқа да нақты мән-жайлармен анықталатын, қатаң регламенттелген күн тәртібі белгіленеді.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Күн тәртібі қағидалары құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының актісімен бекітілетін жұмыс уақыты мен тынығу уақытын, азаматтарды қабылдау сағаттарын (халық үшін барынша қолайлы), қызметкерлердің жекелеген санаттарының қызмет атқару кезегін белгілейді.
2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нормативтік жүктемелерін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
3. Қажет болған жағдайда қызметкерлер белгiленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгi уақытта, демалыс және мереке күндерi қызметтiк мiндеттерiн орындауға шақырылуы мүмкiн. Өтемақы төлеу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
41-бап. Құқық қорғау қызметінің өтілі (еңбек сіңірген жылдары)
1. Құқық қорғау қызметінің өтілі зейнетақыға құқық беретін еңбек сіңірген жылдарын есептеу, еңбек сіңірген жылдары үшін қосымша демалыс беру, қызметкер жұмыстан шығарылған кезде біржолғы жәрдемақы төлеу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беру және құқық қорғау органдарының ведомстволық айырым белгілерімен марапаттауға ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін тәртіппен есептеледі.
2. Қызметкерлердің еңбек сіңірген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
Бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, күнтізбемен есептеледі.
3. Қызметкерлердің құқық қорғау органдарында қызметте болу кезеңі олардың жалпы еңбек өтіліне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.
4. Қызметкердің құқық қорғау органының қарамағында болған уақыты қызмет өтіліне есептеледі.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Егер қызметкер арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдегерлік қызмет органдарындағы қызметтен, әскери қызметтен шығарылған немесе іссапарға жіберілген күннен бастап және оны құқық қорғау органдарына қызметке қабылдаған күнге дейін үш айдан астам уақыт өтпесе, оның көрсетілген кезеңде өзге жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда, құқық қорғау қызметінің өтілі үздіксіз болып есептеледі.
2013.21.05. № 95-V ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
42-бап. Жеке істі және есепке алу құжаттарын жүргізу
1. Құқық қорғау органында қызметкерлердің дербес деректерін, қызмет әрекеттері мен құқық қорғау қызметіндегі өтілі туралы мәліметтерді қамтитын жеке істер, есепке алу құжаттары жүргізіледі.
2. Қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау кезінде құқық қорғау органында мына талаптар сақталуға тиіс:
1) қызметкердің дербес деректерін жинау және өңдеу қызметкердің құқық қорғау қызметін өткеруіне, оқуына және лауазымдық өсуіне ықпал етуді, қызметкердің жеке басының және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ оған тиесілі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, лауазымдық міндеттерін атқару нәтижелерін есепке алу мақсатында жүзеге асырылады;
2) осы Заңға сәйкес қызметкерден алынған дербес деректердің анықтығын тексеру мемлекеттік органдардың қатысуымен жүзеге асырылады;
3) қызметкердің дербес деректерін заңсыз пайдаланудан немесе жоғалтудан қорғау осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен көзделген тәртіппен құқық қорғау органының қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі;
4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің жазбаша нысанда білдірген келісімінсіз оның дербес деректерін үшінші тарапқа беруге жол берілмейді.
3. Қызметкердің жеке ісіне құқық қорғау органының қызметін қамтамасыз етуге қажетті, құқық қорғау қызметіне тұрумен, оны өткерумен және құқық қорғау қызметінен шығумен байланысты оның дербес деректері және өзге де мәліметтер енгізіледі.
4. Құқық қорғау немесе әскери қызметті өткерген (өткеріп жатқан) азаматты (қызметкерді) қабылдау (ауысу) кезінде азаматтың (қызметкердің) құқық қорғау немесе әскери қызметті өткерген (өткеріп жүрген) мемлекеттік органдардан немесе ұйымдардан құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшысының сұратуы бойынша құқық қорғау органының мекенжайына қызметкердің сіңірген еңбегінің есебі, қызметтік тізімінің көшірмесі, соңғы аттестаттау бойынша қорытындысы және қызметтік әрекетін сипаттайтын басқа да материалдар жіберіледі.
5. Қызметкердің жеке ісінде және есепке алу құжаттарында қамтылған мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатады.
6. Басқа қызметкердің дербес деректерін алуды, сақтауды, өңдеуді, пайдалануды және беруді реттейтін нормалардың бұзылуына, сондай-ақ осындай деректердің жоғалуына немесе жария болуына кінәлі қызметкер осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жауаптылыққа болады.
7. Қызметкердің дербес деректерін қамтыған жеке ісін жүргізу тәртібін құқық қорғау қызметінің басшысы бекітеді.
43-бап. Құқық қорғау органының штаты қысқартылған, қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кездегі құқық қорғау қызметіне байланысты құқықтық қатынастар
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Құқық қорғау органының штаты қысқартылған кезде қысқартылатын лауазымды атқарып отырған қызметкермен құқықтық қатынастар:
1) қызметкерге сол не басқа құқық қорғау органында өзге де лауазымды атқару мүмкіндігі ұсынылған;
2) қызметкер кәсіптік қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға немесе құқық қорғау органының білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген жағдайларда жалғасады.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Құқық қорғау органы қайта ұйымдастырылған жағдайда, жаңадан құрылған органның басшылығы қайта ұйымдастырылған органның қызметкеріне оның біліктілігіне сәйкес лауазымды ұсынады.
Қызметкер ұсынылып отырған лауазымнан бас тартқан жағдайда, осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен босатылады.
2. Құқық қорғау органы таратылған кезде қызметкерге қатысты құқықтық қатынастар қызметкерге таратылған құқық қорғау органының функциялары берілген құқық қорғау органында не басқа құқық қорғау органында өзге лауазымды атқару мүмкіндігі ұсынылған жағдайда жалғасуы мүмкін.
3. Қызметкер ұсынылған өзге лауазымды атқарудан бас тартқан жағдайда, ол осы Заңда белгіленген тәртіппен құқық қорғау қызметінен шығарылады.
44-бап. Құқық қорғау органына жатпайтын лауазымдарда қызмет өткеру
Қызметкерлер құқық қорғау органдарының кадрында қалдырыла отырып, оған жатпайтын лауазымдарда:
1) құқық қорғау органының қарамағында болған;
2) мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапармен барған;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқу демалысы беріле отырып оқып жатқан;
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жалақысы сақталмайтын демалыста болған;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін құқық қорғау органының кадрына алынған жағдайларда құқық қорғау қызметін өткере алады.
45-бап. Құқық қорғау қызметін өткеру ерекшеліктері
1. Қызметкерлерді республиканың өзге өңірлерінде қоғамдық тәртіпті қорғауға немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларды жоюға қатысуға тарту мерзімінің ұзақтығы үш айдан аспауға тиіс.
2. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тәртiппен құқық қорғау органдарының кадрында қалдырыла отырып, мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапармен баруы мүмкін.
2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 45-1-баппен толықтырылды
45-1-бап. Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары деп төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимiнің енгiзiлуі, күдіктінің, айыпталушының және сотталған адамның қашуы, адамдардың кепiлге алынуы, жаппай тәртiпсiздiктер, топтасып бағынбаушылықтар кезіндегі не оларды жою үшiн қажеттi мерзiм ішінде осылардың туындау қаупi төнген кездегі мекеме персоналының жұмысы түсініледі.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары қызметкерлерiнiң қызмет атқарудың ерекше жағдайлары режиміндегі жұмысы үш айдан аспауға тиіс және демалыс күндерiн берумен өтеледi. Қызметкерлердi қызмет атқарудың ерекше жағдайларындағы жұмысқа тартудың тәртiбi мен шектi ұзақтығы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
46-бап. Қызметкерді іссапарға жіберу
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қызметкерді іссапарға жіберу тиiстi лауазымдарға тағайындау құқығы бар құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте қызметкерді лауазымға тағайындау ол іссапарға жіберілген күннен бастап жүргізіледі.
2. Қызметкердің баянаты және қызметке қабылдайтын құқық қорғау органының жазбаша өтінішхаты іссапарға жіберуге негіз болып табылады.
3. Қызметкерді іссапарға жіберу туралы шешімді қабылдау мерзімі қабылдаушы құқық қорғау органынан жазбаша өтінішхат түскен күннен бастап бір айдан аспауға тиіс.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 46-1-баппен толықтырылды
46-1-бап. Қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау тәртібі мен негіздері
1. Құқық қорғау қызметін одан әрі өткеру туралы мәселені шешу үшін қызметкерлер осы бапта көзделген тәртіппен және негіздерде атқарып жүрген лауазымынан босатыла отырып, құқық қорғау органының қарамағына қабылдануы мүмкін.
2. Мыналар:
1) қызметкердің өз қалауы бойынша атқарып жүрген лауазымынан босату және құқық қорғау органының қарамағында қалдыру туралы баянатпен өтініш жасауы;
2) қызметкерді осы Заңның 56-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген тәртіптік жаза тәртібімен немесе аттестаттау нәтижелері бойынша атқарып жүрген лауазымынан босату;
3) ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізу;
4) басқа мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапармен бару мерзімінің аяқталуы;
5) атқарып жүрген лауазымы бойынша өкілеттіктер мерзімінің өтуі;
6) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау негіздері болып табылады.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қызметкерді атқарып жүрген лауазымынан босату және құқық қорғау органының қарамағына қабылдау құқық қорғау органы басшысының не уәкілетті басшының бұйрығы негізінде күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
Ерекше мән-жайлардан туындайтын айрықша жағдайларда бұл мерзiмді құқық қорғау органының басшысы екi айға дейiн ұзартуы мүмкiн.
Құқық қорғау органының қарамағына қабылданған қызметкердің соңғы лауазымы бойынша ақшалай қаражаты сақталады.
Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың осы Заңда белгiленген демалыстарда, денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде (әскери-дәрiгерлiк комиссияның жолдамасы бойынша тексерілуде) болу кезеңі, бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi құқық қорғау органы тұрған жерге дейiн жол жүру уақыты; сырттай немесе кешкі оқыту нысаны бойынша білім алатын адамдар үшін - бiлiм беру ұйымдарының оқу-емтихан сессияларында болу уақыты; қылмыстық iс ақтау негiздерi бойынша тоқтатылған немесе ақтау үкiмi шығарылған жағдайларда, қамаққа алынған күнiнен бастап және босатылған күнiн қоса алғанда, қылмыстық жауаптылыққа тартылуына байланысты күзетпен ұстау уақыты құқық қорғау органының қарамағында болу мерзiмiне есептелмейдi.
4. Құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
Құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкерге құқық қорғау органының белгiленген күн тәртiбi толық көлемде қолданылады.
Құқық қорғау органының қарамағына қабылданған қызметкерге осы Заңда көзделген көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкін және ол тәртiптiк жазаларға тартылуы мүмкiн.
5. Қызметкердiң құқық қорғау органының қарамағында болу уақыты құқық қорғау қызметiндегi өтiлiне, арнаулы атақ немесе сыныптық шен беру үшiн еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi.
6. Атқаратын лауазымдарынан босатылған және құқық қорғау органының қарамағында тұрған, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған қызметкерлерге, оларды қызметте одан әрi пайдалану туралы мәселенiң шешілуі кешiктiрiлген жағдайларда, пайдаланылмаған демалысы берiледi. Оларға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақыты үшiн ақшалай қаражат, құқық қорғау органының қарамағында болу мерзiмiне қарамастан, оның қарамағына қабылданған күнге негiзгi лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы осы баптың талаптарын сақтай отырып, құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкерге жазбаша нысанда лауазым ұсынуға міндетті.
Құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкердi лауазымға тағайындау кезiнде оның бiлiктiлiгi, атағы, біліктілік сыныбы, еңбек сiңiрген жылдары, жұмыс өтiлi, бұрынғы лауазымы ескерiлуге тиiс.
Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қабылданған жағдайда, қызметкердің кәсіптік қасиеттері ескеріле отырып және осы лауазым үшін көзделген біліктілік талаптарына сай келген жағдайда лауазым ұсынылады.
Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қабылданған жағдайда, ұсынылып отырған лауазым төмен тұрған болуға тиіс.
Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіз бойынша қабылданған жағдайда, лауазымға тағайындау әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес қызметкердің келісуімен жүргізіледі.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Қызметкер ұсынылған лауазыммен келіспейтінін жазбаша баяндаудан бас тартқан кезде құқық қорғау органының кадр қызметі акт ресімдейді, ол қызметкердің жеке ісіне қоса тіркеледі.
Қызметкер ұсынылатын лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда ол қызметтен босатылуға жатады.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 46-2-баппен толықтырылды
46-2-бап. Қызметті бағалау
1. Қызметкерлер жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін олардың қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізіледі.
2. Қызметкерлердің қызметін жыл сайынғы бағалау нәтижелері сыйлықақы беру, көтермелеу, оқыту, мансаптық өсу, ротация, сондай-ақ сараланған еңбекақы белгілеу жөнінде шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады. Еңбекақы төлеуді саралау әрбір лауазым бойынша разрядтарға сәйкес жүргізіледі.
Қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелері оларды аттестаттаудан өткізу жөнінде шешімдер қабылдау үшін үш жыл бойы негіз болып табылады.
3. Қызметкерлердің қызметін бағалау тәртібін, разрядтар беру тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
6-тарау. АТТЕСТАТТАУ
47-бап. Қызметкерлерді аттестаттау
1. Қызметкерлерді аттестаттау олардың кәсіптік даярлығының, құқықтық мәдениетінің деңгейін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін анықтау бойынша мезгіл-мезгіл жүзеге асырылатын рәсім болып табылады.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші ескеріле отырып, қызметкердің кәсіби құзыреттерге сәйкестігі аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі өлшемшарты болып табылады.
3. Қызметкерлер құқық қорғау органдары жүйесінде үздіксіз қызметте болған әрбір үш жыл сайын аттестаттаудан өтеді. Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап, алты айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
Егер аттестаттауға жатқызылған қызметкерлер жаңа лауазымдарға тағайындалса, олар тағайындалғаннан кейін бір жылдан соң аттестаттаудан өтеді. Тең дәрежелі лауазымға тағайындалған кезде, егер ол функционалдық міндеттерінің өзгеруіне әкеп соқпаса, бұл мерзім есепке алынбайды.
Аттестаттау кезінде қызметкердің құқық қорғау органдары жүйесіндегі қызметтен босатылған күн мен оның құқық қорғау органдары жүйесіне қызметке қабылданған күніне дейін үш айдан артық уақыт өтпесе, онда көрсетілген кезеңде өзге заңды (мемлекеттік органдарды қоспағанда) және жеке тұлғалармен еңбек қатынасы болмаған жағдайда, құқық қорғау органдары жүйесінде қызметте болған уақыты үздіксіз қызмет деп есептеледі.
3-1. 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Құқық қорғау органының басшысы және оның орынбасарлары, сондай-ақ құқық қорғау органдарында кемінде жиырма жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер аттестаттауға жатпайды.
Қызметкерлер арасындағы әйелдер жүктілігі және бала күтімі бойынша демалыс кезеңінде аттестаттауға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейін кемінде алты айдан соң және бір жылдан кешіктірілмей аттестатталуға тиіс.
5. Аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:
1) аттестаттау өткізуге дайындықты;
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) кәсiптiк жарамдылығын айқындау бойынша белгiленген нормативтердi тапсыруды;
3) аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тесттен өткізуді;
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) полиграфологиялық зерттеуден өткізуді;
4) қызметкермен аттестаттау комиссиясы өткізетін әңгімелесуді;
5) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруын қамтиды.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 47-1-баппен толықтырылды
47-1-бап. Кезектен тыс аттестаттау
1. Кезектен тыс аттестаттау оның тәртібін, мерзімдерін және аттестатталатын қызметкерлердің санаттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізіледі.
2. Кезектен тыс аттестаттаудың қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне қабылдауға немесе жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылады;
2) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымын төмендету ұсынылады;
4) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және басқа қызметке (лауазымға) ауыстыру ұсынылады;
5) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және қызметтен босату ұсынылады.
3. Кәсіптік жарамдылықты айқындау бойынша нормативтер тапсырмаған және тестілеу кезінде шекті мәннен төмен баға алған жағдайда, аттестаттау комиссиясы осы баптың 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген шешімдердің біреуін қабылдайды.
4. Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себеппен екі рет келмеген қызметкерлерді осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметінен босату ұсынылады.
5. Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген және (немесе) құқық қорғау органдарында өзге, оның ішінде төменгі тұрған лауазымдарда қызметін жалғастырудан бас тартқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен босатылуға жатады.
48-бап. Аттестаттауды өткізуге дайындықты ұйымдастыру
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Аттестаттауды өткізу мерзімі келген кезде құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының тапсырмасы бойынша тиісті кадр қызметтері аттестаттау өткізуге дайындықты ұйымдастырады.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Дайындық:
1) аттестаттау өткізудің кестесін әзірлеуді;
2) аттестаттау өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмысын ұйымдастыруды;
3) тестен өткізу мерзімдерін және орнын айқындауды;
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) аттестатталушы қызметкерлердің қажетті құжаттарын дайындауды қамтиды.
Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің тәртібі мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер (бұдан әрі - шекті мәндер) құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Құқық қорғау органының кадр қызметі осы Заңға сәйкес аттестатталуға жататын қызметкерлерді алты ай ішінде бір рет айқындайды.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)