Сараптама ұйымы жоқ құжаттарды немесе түзетілген материалдарды сұрата алады, өтінім беруші оларды сұрау салу жөнелтілген күннен бастап екі ай мерзімде ұсынуға міндетті.
2. Сортқа, тұқымға жасалған өтiнiмге келiп түскен, өтiнiмнiң алғашқы материалдарында келтірілмеген белгілері бар және өтінім берiлген сорттың, тұқымның мәнiн өзгертетiн қосымша материалдар өтінiм қаралған кезде назарға алынбайды.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Алдын ала сараптаманың оң нәтижесін алған кезде уәкілетті орган өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды, бұл жөнінде өтінім беруші он жұмыс күні ішінде хабардар етіледі. Өтiнiмнiң және селекциялық жетiстiк сауал-сұрақтарының көшiрмелерi мемлекеттік комиссияға жiберiледi.
4. Егер алдын ала жүргiзiлген сараптамада өтiнiмнiң белгiленген талаптарға сай келмейтiндiгi анықталса, оны одан әрi қараудан бас тарту туралы шешім қабылданады, ол туралы өтiнiш берушiге бiр ай мерзiмде хабарланады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Өтiнiмдi одан әрi қараудан бас тарту туралы шешiмге өтiнiш берушi шешiмдi алған күннен бастап екi ай iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Шағым кеңесi қарсылықты ол келiп түскен күннен бастап екi ай мерзiмде қарауға тиiс.
Шағым кеңесi шешiмiне өтiнiш берушi ол шешiмдi алған күннен бастап алты ай iшiнде сотқа шағымдануы мүмкiн.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Алдын ала жүргiзiлген сараптама нәтижесiнде оң шешiм шығарылған өтiнiмдер туралы мәлiметтер өтiнiм түскен күннен бастап 18 ай өткеннен кейiн бюллетеньде жарияланады. Өтiнiш берушiнiң өтiнуi бойынша сараптама жасау ұйымы өтiнiм материалдарын аталған мерзiмнен бұрын да жариялай алады.
7. Сорттың, тұқымның авторы өтінім материалдарында өз есiмiнiң жариялануынан бас тартуға құқылы.
9-бап. Селекциялық жетiстiктiң уақытша құқықтық қорғалуы
1. Қорғауға өтiнiм жасалған селекциялық жетiстiкке өтiнiм туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап патент берiлген күнге дейін уақытша құқықтық қорғау белгiленеді.
2. Патент иесi патент алғаннан кейiн селекциялық жетiстiктi уақытша құқықтық қорғау кезеңiнде осы Заңның 14-бабының 1-тармағында аталған әрекеттерді өтініш берушінің рұқсатынсыз жасаған адамнан өтем алуға құқығы бар.
3. Селекциялық жетiстiктi уақытша құқықтық қорғау кезеңiнде өтiнiш берушiге тек ғылыми мақсаттарда және сату мен өзгедей беру селекциялық жетiстiкке құқықты өзгедей беруге немесе ұрықты, асыл тұқымдық материалды олардың қорын құру мақсатымен өтiнiш берушiнiң тапсырысы бойынша өндiруге байланысты болған жағдайларда ғана ұрықты, асыл тұқымдық материалды сатуға және өзгедей беруге рұқсат етiлген.
Аталған талаптарды өтiнiш берушi немесе оның келісімiмен басқа адам бұзған жағдайда уақытша құқықтық қорғау болған жоқ деп есептеледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-бап. Селекциялық жетiстiктiң патент қабiлетiне жасалған өтiнiмдер сараптамасы
1. Кез келген мүдделi адам өтiнiм туралы мәлiметтер жарияланған күннен күннен бастап алты ай ішінде мемлекеттік комиссияға мәлiмделген селекциялық жетiстiкке қатысты талабын жiбере алады.
Негiзделген талаптың түскенi туралы мемлекеттік комиссия өтiнiш берушiге талаптың мәнiн баяндай отырып хабарлайды.
Талаппен келiспеген жағдайда өтiнiш берушiнiң хабарламаны алған күннен бастап үш ай мерзiмде мемлекеттік комиссияға дәлелдi қарсылық жiберуге құқығы бар.
Уәкiлеттi орган мемлекеттік комиссияның қорытындысы негiзiнде шешiм қабылдайды және ол туралы мүдделi адамға хабарлайды.
Егер сорт, тұқым жаңалық өлшемiне сәйкес келмесе, патент беруден бас тарту туралы шешiм қабылданады.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сорттың, тұқымның ерекшелiгiн, бiртектілігiн және тұрақтылығын сынақтан өткізудi қабылданған әдiстемелер бойынша мемлекеттік комиссиялар белгiленген мерзiмде жүргiзедi.
Мемлекеттiк комиссиялар сараптама жасау ұйымы өтiнiм материалдарын жiберген күннен бастап бiр ай iшiнде патент қабiлеттiлiгiне сынақтар өткiзудiң нақты мерзiмдерi туралы сараптама жасау ұйымын хабардар етеді.
Өтiнiш берушi ұрықтың немесе асыл тұқымдық материалдың сараптама үшiн қажеттi мөлшерiн табыс етуге мiндеттi.
3. Мемлекеттік комиссиялар Қазақстан Республикасының, сондай-ақ тиiстi шарттар жасасылған басқа мемлекеттердiң басқа да ұйымдары жүргiзген сынақтардың нәтижелерiн және өтiнiш берушi табыс еткен деректердi пайдалануға құқылы.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Сұрып, тұқым патентке қабiлеттілік шарттарына сәйкес келген кезде, мемлекеттiк комиссия сұрыпты, тұқымды сипаттай отырып, қорытынды жасайды.
Мемлекеттік комиссия қорытындысының негізінде уәкiлеттi орган он жұмыс күні ішінде селекциялық жетістікке патент беру туралы шешім шығарады, бұл жөнінде өтінім берушіге он жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жіберіледі.
Уәкiлеттi органның патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама өтiнiм берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiм беруші сараптама ұйымына патент беруге дайындағаны және жариялағаны үшiн тиiстi төлемді, сондай-ақ мемлекеттік баж төлемін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған кезде, өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтiнiм кері қайтарып алынды деп есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Егер сараптама жүргiзу барысында сұрыптың, тұқымның патентке қабiлеттілік талаптарына сай келмейтiндiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк комиссия қорытындысының негiзiнде он жұмыс күні ішінде патент беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды, бұл жөнінде өтiнiм берушiге он жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жiберіледi.
Өтiнiш берушi патент беруден бас тарту туралы шешiмге оны алған күннен бастап үш ай мерзімде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен күннен бастап үш ай мерзiмде қарауға тиiс.
Шағым кеңесiнiң шешiмiне өтiнiш берушi ол шешiмдi алған күннен бастап алты ай iшiнде сотқа шағымдана алады.
6. Өтiнiш берушi сараптама қарсы қойған барлық материалдармен таныса алады. Өтініш берушi сұраған материалдардың көшiрмелерiн уәкiлеттi орган оған сауал салудан алған күннен бастап бiр ай мерзiмде жiбередi.
4-тарау. Автор және патент иесі
11-бап. Селекциялық жетiстiктiң авторы
1. Селекциялық жетiстiктi шығармашылық еңбегiмен жасаған, ашқан немесе өсiрiп шығарған жеке тұлға автор болып танылады.
2. Егер селекциялық жетiстiк бiрнеше адамның ұжымдық шығармашылық еңбегiмен жасалса, олардың бәрi де оның авторлары (Қосымша авторлары) болып есептеледi. Авторларға тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртібі олардың арасындағы келісіммен белгiленедi.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Авторға (авторларға) тек техникалық, ұйымдастырушылық, материалдық (қаржылық) көмек көрсеткен немесе сортқа, тұқымға берiлетiн құқықтарды әзiрлеуге және ресiмдеуге жәрдемдескен адамдар авторлар болып танылмайды.
12-бап. Селекциялық жетiстiк авторының құқықтары
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Автордың жеке мүліктік емес құқықтары иеліктен шығарылмайтын болып табылады және мерзімсіз қорғалады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген селекциялық жетiстiктiң патент иеленушi болып табылмайтын авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi.
3. Өзiнiң селекциялық жетiстiгiне өз есiмiн беруге автордың құқығы бар.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Автордың өзi жасаған, ашқан немесе өсiрiп шығарған селекциялық жетiстiктi патенттiң қолданылу мерзiмi iшiнде пайдаланғаны үшiн патент иесiнен сыйақы алуға құқығы бар. Сыйақы төлемiнiң мөлшерi мен шарты патент иеленушi мен автор арасында жасасылған шартта белгiленедi.
Бұл орайда автор сыйақысының мөлшерi патент иеленушiнiң селекциялық жетiстiктердi пайдаланғаны үшiн алатын жыл сайынғы түсiмдерi, оның iшiнде лицензия сатудан алатын түсiмдерi сомасының бес процентiнен кем болмауға тиiс.
Егер автордың патент иеленушiмен шартында өзгеше көзделмесе, авторға сыйақы селекциялық жетiстiк пайдаланылған әрбiр жыл бiткеннен кейiн алты ай iшiнде төленедi.
Егер селекциялық жетістікті бiрнеше автор жасаса, ашса немесе шығарса, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше белгіленбесе, сыйақы авторларға тең үлеспен төленеді.
13-бап. Селекциялық жетiстiктiң патент иесi
Патент:
1) селекциялық жетiстiк авторына (авторларына);
2) оның мұрагерiне (мұрагерлерiне);
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) автор (авторлар) немесе оның (олардың) құқықтық мирасқорлары Селекциялық жетiстiкке патент беру туралы шешiм қабылданған кезге дейiн селекциялық жетiстiкке жасаған өтiнiмiнде не уәкiлеттi органға берген өтiнiшiнде көрсетiлген жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (олардың келісімi болған кезде);
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) егер селекциялық жетiстiктi қызметкер қызметтік тапсырманы немесе қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде жасаса, ашса немесе шығарса, жұмыс берушiге берiледi.
Атына патент беру сұралып отырған бiрнеше адам болған жағдайда, оларға бiр патент берiледi.
14-бап. Патент иеленушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Егер мұндай пайдалану басқа патент иеленушiлердiң құқықтарын бұзбайтын болса, патент иеленушiнiң селекциялық жетiстiктi пайдалануға айрықша құқығы болады. Селекциялық жетiстiкке қатысты мынадай iс-әрекетке патент иеленушiнiң рұқсаты керек:
1) өндiру немесе молайту (көбейту);
2) көбейту мақсаты үшiн ұрықты себетiндей деңгейге жеткізу;
3) сатуға ұсыну;
4) сату немесе өткізудiң өзге де түрлерi;
5) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;
6) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
7) жоғарыда аталған мақсаттар үшiн сақтау.
2. Патент иеленушiнiң құқығы азаматтық айналымға патент иеленушiнiң рұқсатынсыз енгiзiлген ұрықтар мен асыл тұқымды жануарлардан өндiрiлген өсiмдiк материалы мен тауарлы малға да қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi селекция жетiстiктерiнiң сорты мен тұқымының:
1) егер осы селекциялық жетiстiктердiң өздерi басқа селекциялық жетiстiктiң белгiлерiн мұра ретiнде иеленбеген болса, селекциялық жетiстiктiң белгiлерiн елеулi дәрежеде мұра ретiнде иеленетiн;
2) селекциялық жетiстiктен көрiнеу ерекшеленбейтiн;
3) 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) оларды молайту селекциялық жетiстiктi сан мәрте пайдалануды қажет ететiн ұрықтары мен асыл тұқымды материалына қатысты қолданылады.
Селекциялық жетiстiк бастапқысынан айқын ерекшеленген кезде:
1) бастапқы селекциялық жетiстiктiң генотипiн немесе генотиптерiнiң комбинациясын бiлдiретiн негiзгi белгiлердi сақтай отырып, бастапқы селекциялық жетiстiктiң немесе бастапқы селекциялық жетiстiктiң маңызды белгiлерiне өзi ие болып қалатын селекциялық жетiстiктiң неғұрлым маңызды белгiлерiне ие болып қалса;
2) бастапқы сорттан, тұқымнан жеке iрiктеу, индукцияланған немесе өздiгiнен клондалған мутантты iрiктеу, қайыра будандастыру және гендiк инженерия сияқты әдiстердi қолданудан туындаған ауытқуларды қоспағанда, бастапқы селекциялық жетiстiк генотипiне немесе генотиптерiнiң комбинациясына сәйкес келсе селекциялық жетiстiк басқа (бастапқы) селекциялық жетiстiктiң белгiлерiн елеулi түрде ие болып қалған селекциялық жетiстiк деп танылады.
4. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Патент иеленушi:
1) азаматтық айналымға өндірісте пайдалануға жіберілген сортты, тұқымды енгiзуге;
2) сортты, тұқымды қорғау мақсатында мемлекеттік комиссия белгiлеген ресми сипаттамада көрсетiлген белгiлердiң сақталуы үшiн патенттiң қолданылу мерзiмi iшiнде сортты, тұқымды бiрқалыпты ұстап тұруға;
3) патенттi күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы төлеп тұруға мiндеттi.
15-бап. Патент иеленушiнiң құқықтарын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Осы Заңды бұза отырып өсiмдiктер сортын, жануарлар тұқымын пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға патент иеленушiнiң құқықтарын бұзғанына кiнәлi болып саналады.
2. Жеке немесе заңды тұлға, егер:
1) патент иеленушiнiң рұқсатынсыз өтiнiм берiлген сорт, тұқым туралы коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтi ашса;
2) өндiрiлген және сатылған өсiмдiктердiң қорғалатын сорттарына, асыл тұқымды мал тұқымдарына тiркелгендегiсiнен өзгеше атау берсе;
3) өндiрiлген және сатылатын өсiмдiктердiң қорғалатын сорттарына, асыл тұқымды мал тұқымдарына селекциялық жетiстiкпен шатастыратындай дәрежеде ұқсас атау берсе;
4) iс жүзiнде ондай емес өндiрiлген және (немесе) сатылатын тұқымдарға, асыл тұқымды материалға селекциялық жетiстiктiң iс жүзiнде ондай емес атауын берсе;
5) селекциялық жетiстiк туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтерi бар құжаттар табыс етсе, патент иесiнiң құқықтарын бұзушы болып саналады.
3. Патент иеленушiнiң құқықтарын бұзған тұлға патент иесiне селекциялық жетiстiктi пайдаланғаны үшiн өтем төлеуге, сондай-ақ заңдарға сәйкес осы Заңды бұзу салдарынан туындаған басқа да шығындардың орнын толтыруға мiндеттi.
4. Айрықша немесе айрықша емес лицензияның иесi патент иеленушiнiң жазбаша рұқсаты бойынша немесе оның сенімхаты бойынша патенттi бұзушыға талап қоя алады.
5. Шығындардың орнын толтыру туралы талап шығын келтiрiлген күннен басталып, патенттiң бұзылу кезеңiне белгiленедi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 16-бап толықтырылды; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
16-бап. Құқықты мұраға қалдыру
Селекциялық жетiстiкке өтiнiм беру және оған патент алу құқығы, селекциялық жетiстiктi пайдалануға, сондай-ақ сыйақыға және оны пайдаланудан түскен кiрiске айрықша құқық мұра ретiнде немесе құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысады.
17-бап. Патент иеленушiнiң айрықша құқықтарын бұзу болып танылмайтын iс-әрекет
Селекциялық жетiстiктi пайдалануға қатысты:
1) жеке және коммерциялық емес мақсаттарда жасалатын;
2) сынау мақсатында жасалатын;
3) осы Заңның 14-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, селекциялық жетiстiктердi басқа сорттар мен тұқымдар шығарудың бастапқы материалы ретiнде пайдалану жөніндегі iс-әрекеттер патент иеленушiнiң құқықтарын бұзу болып танылмайды.
2005.22.11. № 90-III ҚР Заңымен 17-1 баппен толықтырылды
17-1-бап. Бұрынғыша пайдалану құқығы
1. Селекциялық жетістікке басымдық берілген күнге дейін автордан тәуелсіз жасалған селекциялық жетістікке ұқсас өсімдік сортын немесе жануар тұқымын Қазақстан Республикасының аумағында адал пайдаланған немесе осыған қажетті әзірліктер жасаған тұлғаның осындай пайдалану көлемін кеңейтпей оны өтеусіз пайдалану құқығы (бұрынғыша пайдалану құқығы) сақталады.
Бұрынғыша пайдалану құқығы басқа тұлғаға ұқсас өсімдік сорты немесе жануар тұқымы пайдаланылған немесе осыған қажетті әзірліктер жасалған өндіріспен бірге ғана берілуі мүмкін.
2. Басымдық берілген күннен кейін, бірақ патент беру туралы мәліметтер жарияланған күнге дейін селекциялық жетістікті пайдалануды бастаған тұлға патент иесінің талабы бойынша одан әрі пайдалануды тоқтатуға міндетті. Бірақ, мұндай тұлға патент иесіне осы пайдаланудың нәтижесінде келтірілген шығындарды өтеуге міндетті емес.
5-тарау. Селекциялық жетістікті пайдалану
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Лицензиялық шарт
1. Патент иеленушi болып табылмайтын кез келген тұлға селекциялық жетiстiктi патент иеленушiнiң рұқсатымен ғана лицензиялық шарт негiзiнде пайдалануға құқылы.
2. Лицензиялық шартта лицензиатқа:
1) селекциялық жетiстiктi лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтап пайдалану құқығы мен лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығын (жай, ерекше емес лицензия);
2) селекциялық жетiстiктi лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтап, бiрақ лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз пайдалану құқығын (ерекше лицензия);
3) селекциялық жетiстiктi лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай және лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз пайдалану құқығын (толық лицензия) беру көзделуi мүмкiн.
Егер лицензиялық шартта лицензияның түрi көрсетiлмесе, ол жай, ерекше емес лицензия деп есептеледi.
3. Лицензиаттың басқа тұлғаға (қосалқы лицензиатқа) селекциялық жетiстiктi пайдалану құқығына ерекше емес лицензия беруi туралы шарт (қосалқы лицензиялық шарт) лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасалуы мүмкін.
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиаттың iс-әрекетi үшiн лицензиар алдында лицензиат жауаптылықта болады.
4. Лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады және уәкiлеттi органда тiркелуге жатады. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
Лицензиялық шарттарды тiркеу сараптама жасау ұйымы жүргізетін материалдарды сараптау нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбiне лицензиялық шарттарды тiркеу туралы ережелер қолданылады.
Лицензиялық шартты тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына белгіленген нысандағы өтініш ұсынылады.
Өтінішке:
1) титулдық парақпен жабдықталған шарттың төрт дана түпнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалған қағаз пломбамен бекітіледі, мөр бедерлемесі мен екі тараптың немесе соған уәкілеттік берілген екі тарап тұлғаларының қолдары қойылады.
Материалдарды тіркеуге беру шартқа қол қойылған күннен бастап алты ай мерзімнен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
2) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;
3) мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжат қоса беріледі.
Ұлттық өтініш берушілер жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, лицензиардың (қосалқы лицензиардың) басқару органдарының, (құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының) шарт жасасу және заңды тұлғаның атынан өтініш берген жағдайда, шартқа ұйым басшысының қолын қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімін ұсынады.
Өтiнiш пен басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тiлдерiнде ұсынылады. Шетелдiк есiмдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитерациясымен көрсетiлуге тиiс. Егер құжаттар басқа тілде ұсынылса, өтінішке олардың нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі.
Өтiнiш бiр лицензиялық шартқа қатысты болуға тиiс.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе уәкілетті органға шарт материалдарын өз атынан беретін шетелдiк заңды тұлғалар, шартты тiркеуге байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының тiркелген патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген оның азаматтары Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайларын көрсеткен жағдайда, шартты тiркеуге байланысты құқықтарды патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілдерсіз жүзеге асырады.
5. Өтініш беруші құжаттар тізбесін тіркеу үшін ұсынғаннан кейін сараптама жасау ұйымы өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарға алдын ала сараптама жүргізеді, оның барысында қажетті құжаттардың болуы және оларға қойылған талаптардың сақталуы тексеріледі, өтінішке қоса берілетін шарт материалдарында сараптама жүргізуге ақы төленгенін растайтын құжат болмаған жағдайда, өтініш берушіге төлем шоты беріледі. Бұл жағдайда көрсетілген мерзімдер сараптама жасау ұйымына төлемнің келіп түскен күнінен бастап есептеледі.
Лицензиялық шарттың қарауға қабылданған материалдары бойынша жиырма күн мерзімде мәні бойынша сараптама жүргізіледі, оның барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лицензиялық шарт материалдарын зерделеу жүргізіледі.
6. Жоюға болатын, лицензиялық шартты тіркеуге кедергі жасайтын негіздер:
1) патенттің күшінде қалуы үшін төлемнің жүргізілмеуі;
2) шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келетiн ережелердiң болуы.
7. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе осы баптың 6-тармағында көрсетілген, шартты тіркеуге кедергі жасайтын, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда сараптама жасау ұйымы өтініш берушіге ол жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе қажетті өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы ұсынысы бар сауалды жібереді. Бұл жағдайда осы баптың 5-тармағында көрсетілген сараптаманы жүргізу мерзімдері жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап есептеледі.
8. Мынадай негіздер болған:
1) соған қатысты шарт жасалатын селекциялық жетістікке патенттің қолданылуы тоқтатылған;
2) сараптама жасау ұйымының сауалына үш ай ішінде уақтылы жауап қайтарылмаған;
3) сараптама жасау ұйымының сауалына жауапта барлық қажетті мәліметтер мен құжаттар болмаған;
4) лицензиялық шартта лицензиаттың қосалқы лицензиялық шарт жасасу туралы өкілеттігі болмаған және уәкілетті органда тіркелген лицензиялық шарт болмаған жағдайда, сараптама жасау ұйымы лицензиялық шартты тіркеуден бас тарту туралы қорытынды шығарады.
Сараптама жасау ұйымы қорытынды шығарғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, осы қорытындыны уәкілетті органға жібереді.
9. Сараптама нәтижесi оң болған жағдайда сараптама жасау ұйымы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға лицензиялық шартты тiркеуге кедергi келтiретiн негiздердiң жоқтығы туралы қорытындыны жiбередi.
Лицензиялық шартты тiркеу туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiмдi уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Лицензиялық шартты тіркеу туралы шешім шығарылғаннан кейін уәкілетті орган:
1) соған қатысты шарт жасалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң қорғау құжатына қосымшаны ресiмдейдi;
2) шарттың титулдық парағына тiркеу күнiн, тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, оның тiркелгенi туралы мөртабан соғады;
3) тiркелген шарттардың тiзiлiмiне шарт туралы мәлiметтердi енгізедi;
4) 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) шартты тіркеу туралы мәліметтерді жариялау үшін тіркелген шарттың үш данасын қорытындымен бірге сараптама ұйымына жібереді.
Шарттың екі данасы тиісті уәкілетті орган мен сараптама ұйымында сақталады және бақылау даналары болып табылады.
Сараптама ұйымы тіркелген шарттар бойынша соған қатысты шарт жасалатын өнеркәсіптік меншік объектісінің қорғау құжатына қосымшаны ресімдейді, тіркелген шарттың екі данасын және қорғау құжатына қосымшаны өтiнiште хат-хабар алысу үшін көрсетiлген мекенжай бойынша жібереді, тіркелген шарттар туралы мәліметтерді, атап айтқанда, шарттың тіркеу нөмірі мен күнін, шарт тараптарының атауын немесе толық деректерін, шарт нысанасын, шарттың қолданылу мерзімін, шарттың қолданылу аумағын бюллетеньде жариялайды.
Тіркелген лицензиялық шартқа, қосалқы лицензиялық шартқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы өтініш уәкілетті органға беріледі, бұл ретте лицензиялық шарттарды тіркеу туралы ережелер қолданылады.
Кез келген тұлға тiркелген лицензиялық шарттар, қосалқы лицензиялық шарттар тiзiлiмiнен тiркелген шарттар туралы мәлiметке қатысты үзінді көшiрменi ашық жариялау үшiн алуы мүмкін.
Үшiншi тұлғаны лицензиялық шарт мәтiнiмен таныстыруға, сондай-ақ одан үзінді көшiрме алуға шарт тараптарының жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
Уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде лицензиялық шартты тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарған жағдайда, қаралып отырған шарт бойынша құжаттар тiркеуден бас тарту туралы шешiммен бiрге өтiнiште көрсетiлген мекенжай бойынша қайтарылады.