10) 13-баптың 1-тармағының 1-2) тармақшасындағы «негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің)» деген сөздер «негіздегі казино қызметі жүзеге асырылатын үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақ үй кешеніндегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, құрылысжай бөліктерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 15-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге:
1) жиырма бір жасқа дейінгі жеке тұлғалардың;
2) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың;
3) мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген адамдардың қатысуына тыйым салынады.»;
2-тармақтың 18) тармақшасындағы «өзге де» деген сөздер «уәкілетті орган бекіткен, ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойын дарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларында көзделген өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қағидалары уәкілетті орган бекіткен ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларына сәйкес болуға тиіс.»;
12) 15-1-бапта:
1, 2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы уәкілетті органға өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізіміне енгізу туралы өтініш беру арқылы өзінің алты айдан он жылға дейінгі мерзімге құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын өз бетінше шектей алады.
Өтініште тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу мерзімі, жеке немесе электрондық-цифрлық қолтаңба қамтылуға тиіс. Берілген өтініш қайтарылуға немесе кері қайтарып алуға жатпайды.
2. Жақын туыстары, отбасы мүшелері азаматтың әрекет қабілетін шектеу туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде уәкілетті органға мұндай адамды құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
3. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізу туралы өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар туралы ақпарат құпия болып табылады.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар туралы ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлғалар өтініш берушінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз не өзге де заңды негіз болмаса, оны таратуға жол бермеу талабын сақтау арқылы оның құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар туралы мәліметтер кәсіптік, қызметтік қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты белгілі болған адамдар оның құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
Кәсіптік, қызметтік қажеттілікке қарай, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне қол жеткізу құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға уәкілетті органның атына жекелеген сұрау салулар бойынша және құпиялылықты қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтау шартымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
4. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының азаматы шектеуді жаңа мерзімге ұзарту туралы өтініш бере алады.
5. Уәкілетті орган құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын өзін-өзі шектеу мерзімі аяқталған күннен кейін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізілген адамдарды тізімнен алып тастайды.
Осы баптың 2-тармағына сәйкес құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізілген адамды уәкілетті орган азаматтың әрекет қабілетін шектеудің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тізімнен алып тастайды.»;
6-тармақта:
екінші бөліктегі «мөлшерлемелерді есепке алу орталығының» деген сөздер «бірыңғай есепке алу жүйесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Мөлшерлемелерді есепке алу орталығы» деген сөздер «Бірыңғай есепке алу жүйесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар осы Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салу белгіленген жеке тұлғаларға құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға рұқсат етуден бас тартады.».
13. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
80-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын:
«15-2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін;».
14. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
215-баптың 5-тармағындағы «түбіртектер немесе өзге де құжаттар», «түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды», «түбіртектің немесе өзге де құжаттың» деген сөздер тиісінше «электрондық лотерея билеттері», «электрондық лотерея билеттерін», «электрондық лотерея билетінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
51-баптың 14-тармағының 11) тармақшасы екінші бөлігінің жетінші абзацы «құмар ойындарға» деген сөздерден кейін «және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігуге» деген сөздермен толықтырылсын.
16. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
26-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы екінші бөлігінің жетінші абзацы «құмар ойындарға» деген сөздерден кейін «және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігуге» деген сөздермен толықтырылсын.
17. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 12-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацтағы «, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақша «сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.» деген сөздер «сақтау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.»;
11-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 24-2-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға» деген сөздер «еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 44-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі «11), 12) және 15)» деген сөздер «11) және 12)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 50-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 15) тармақшасы алып тасталсын.
19. «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 1-бапта:
2) және 3) тармақшалардағы «түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды», «түбіртектер немесе өзге де құжаттар» деген сөздер тиісінше «электрондық лотерея билеттерін», «электрондық лотерея билеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «түбіртектер немесе өзге де құжаттар», «түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан» деген сөздер тиісінше «электрондық лотерея билеттері», «электрондық лотерея билеттерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) лотерея билеті - лотереяға қатысу құқығын растайтын құжат;»;
7) тармақшадағы «түбіртектер немесе өзге де құжаттар», «түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан» деген сөздер тиісінше «электрондық лотерея билеттері», «электрондық лотерея билеттерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы «түбіртекте немесе өзге де құжатта» деген сөздер «электрондық лотерея билетінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «түбіртекті немесе өзге де құжатты» деген сөздер «электрондық лотерея билетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) лотерея мобильді қосымшасы - лотерея операторының ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған электрондық лотерея билеттерін өткізуге (ресімдеуге) қолжетімділік беретін бағдарламалық өнімі;»;
14) және 14-1) тармақшалардағы «түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды», «түбіртектерге немесе өзге де құжаттарға» деген сөздер тиісінше «электрондық лотерея билеттерін», «электрондық лотерея билеттеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшадағы «, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды» деген сөздер алып тасталсын;
16) тармақшадағы «түбіртектерге немесе өзге де құжаттарға», «түбіртек немесе өзге де құжат» деген сөздер тиісінше «электрондық лотерея билеттеріне», «электрондық лотерея билеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) және 18) тармақшалардағы «түбіртектердің немесе өзге де құжаттардың», «түбіртектер немесе өзге де құжаттар» деген сөздер тиісінше «электрондық лотерея билеттерінің», «электрондық лотерея билеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) электрондық лотерея билеті - лотереяға қатысу құқығын растайтын электрондық-цифрлық нысандағы құжат.»;
3) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
«1-1-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының мақсаттары мен міндеттері
1. Лотереяға қатысушылар құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ету, лотерея операторының қызметін реттеу Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының мақсаттары болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының міндеттері:
1) лотереялар және лотерея қызметін ұйымдастырудың және оны өткізудің шарттары мен ерекшеліктерін айқындау;
2) лотереялар және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау мен реттеудің ұйымдастырушылық негіздерін белгілеу.»;
4) 4-бапта:
1-тармақтағы «түбіртектің немесе өзге де құжаттың», «түбіртекті немесе өзге де құжатты» деген сөздер тиісінше «электрондық лотерея билетінің», «электрондық лотерея билетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «түбіртекті немесе өзге де құжатты» деген сөздер «электрондық лотерея билетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды», «түбіртектері немесе өзге де құжаттар» деген сөздер тиісінше «электрондық лотерея билеттерін», «электрондық лотерея билеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 5-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасында» деген сөздер «Осы Заңда» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды» деген сөздер «электрондық лотерея билеттерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 7-бап мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лотереялар және лотерея қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;
7) 8-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «түбіртектер немесе өзге де құжаттар», «түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан» деген сөздер тиісінше «электрондық лотерея билеттері», «электрондық лотерея билеттерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 10-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Лотереяны өткізу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу шарттары уәкілетті органда осы бапта белгіленген тәртіппен келісілуге тиіс.»;
2-тармақта:
8) және 10) тармақшалардағы «түбіртектерге немесе өзге де құжаттарға», «түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды» деген сөздер тиісінше «электрондық лотерея билеттеріне», «электрондық лотерея билеттерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «түбіртектің немесе өзге де құжаттың» деген сөздер «электрондық лотерея билетінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Лотерея операторы лотереяны өткізу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу шарттарын уәкілетті органда Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан келісуге міндетті.
Лотерея операторы уәкілетті органда бекітілген және келісілген лотереяны өткізу шарттарынсыз лотерея өткізуге құқылы емес.
Лотереяны өткізу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу шарттары уәкілетті органмен келісу болмаған кезде жарамсыз деп есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Уәкілетті орган лотерея өткізу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу шарттарын келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде келіседі не келісуден бас тартады.
5. Лотерея операторы уәкілетті органмен келісілген лотереяны өткізу шарттары бекітілгеннен кейін олардың түпнұсқа данасын оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей уәкілетті органға жіберуге және лотереяны өткізу шарттарын күнтізбелік бір күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсына орналастыруға міндетті.»;
9) 11-баптың 1-тармағындағы «түбіртектерінен немесе өзге де құжаттарынан» деген сөздер «электрондық лотерея билеттерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 12-бапта:
тақырыптағы «түбіртектерге немесе өзге де құжаттарға» деген сөздер «электрондық лотерея билеттеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Электрондық нысанын қоспағанда, лотерея билеттерінде, түбіртектерде немесе өзге де құжаттарда» деген сөздер «Лотерея билеттерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) және 5) тармақшалардағы «, түбіртектің немесе өзге де құжаттың» деген сөздер алып тасталсын;
1-1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Лотерея билеттерінің, түбіртектердің немесе өзге де құжаттардың электрондық нысанында» деген сөздер «Электрондық лотерея билеттерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) және 3) тармақшалардағы «лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың» деген сөздер «электрондық лотерея билетінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «(тираждық лотереялар үшін)», «(тираждық лотерея үшін)» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «Лотерея билеттеріндегі, түбіртектердегі немесе өзге де құжаттардағы» деген сөздер «Электрондық лотерея билеттеріндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың электрондық нысаны» деген сөздер «Электрондық лотерея билеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. Лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуға (өткізуге), лотерея терминалдарын орнатуға қойылатын талаптар
1. Лотерея операторы лотерея билеттерін таратуды (өткізуді) дербес және (немесе) лотерея таратушы (агенті) арқылы жүзеге асырады.
2. Лотерея операторы электрондық лотерея билеттерін таратуды (өткізуді) өзінің ресми интернет-ресурсы және (немесе) лотерея мобильді қосымшасы арқылы дербес жүзеге асырады.
3. Лотерея билеттерін тарату (өткізу):
1) лотерея терминалдары;
2) стационарлық емес сауда объектілері;
3) Ұлттық пошта операторының пошта байланысы бөлімшелері;
4) лотерея операторының бөлімшелері (лотерея орталығы) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мыналарда:
1) көппәтерлі тұрғын үйлерде, жатақханаларда;
2) білім беру ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста;
3) денсаулық сақтау ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста;
4) ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында);
5) мәдениет ұйымдары орналасқан жеке тұрған ғимараттар мен құрылысжайларда лотерея билеттерін таратуға, ал лотерея терминалдарын орнатуға болмайды.
5. Осы Заңда көзделгеннен басқа, өзгеше тәртіппен және тәсілдермен лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуға (өткізуге), лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салынады.»;
12) 13-бапта:
2-тармақтағы «осы ұтыс ойынындағы» деген сөздер «өзінің лотерея билетіндегі, электрондық лотерея билетіндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «түбіртектердің немесе өзге де құжаттардың» деген сөздер «электрондық лотерея билеттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «түбіртектері немесе өзге де құжаттары» деген сөздер «электрондық лотерея билеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 1) тармақшасындағы «лотерея билетін, түбіртек немесе өзге де құжатта» деген сөздер «лотерея билетінде, электрондық лотерея билетінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 14-баптағы «түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан» деген сөздер «электрондық лотерея билет терінен» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 24-бапта:
1-тармақ «заңнамасының» деген сөзден кейін «және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «заңнамасының» деген сөзден кейін «және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 25-бап мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
«13. Төлем ұйымдарының төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырудан бас тартуы осы Заңда және «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргізіледі.»;
3) 46-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы «Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздерден кейін «, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен толықтырылсын.
21. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
3-баптың 1) тармақшасының бірінші бөлігі алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң:
алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасын;
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3, 5, 11-тармақтарын және 17-тармағының 2) тармақшасын;
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 2) тармақшасын, 7-тармағын, 9-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларын;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын және 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 8 шілде
№ 116-VIII ҚРЗ