ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау,
мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді
болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 13 тамыздағы № 120-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):
913-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «түбіртектің немесе өзге құжаттың», «түбіртекті немесе өзге құжатты» деген сөздер тиісінше «электрондық лотерея билетінің», «электрондық лотерея билетін» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
307-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «және өткізу» деген сөздерден кейін «, электрондық казино және интернет-казино қызметін ұйымдастыру» деген сөздермен толықтырылсын.
3-тармақ 2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:
119-баптың оныншы бөлігінің бірінші және екінші абзацтарындағы «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды», «Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган» деген сөздер тиісінше «еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін», «Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 193-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «бірыңғай операторына және» деген сөздер «бірыңғай операторына, лотерея операторына, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 324-бап мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Осы Кодекстің 129-бабы 4-1-тармағының және 6-тармағының 4) тармақшасының қолданысы 2025 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.».
5-тармақ 2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағында:
18) тармақшадағы «басшылықты және салааралық үйлестіруді» деген сөздер «мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері (аумақтық бөлімшелер) - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастарын реттеу саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;»;
19) тармақша алып тасталсын;
2) 12-баптың 7-тармағындағы «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға» деген сөздер «аумақтық бөлімшеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-бапта:
2) тармақшадағы «, сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіреді және қызметін тексеруді жүзеге асырады» деген сөздер алып тасталсын;
4) және 41-8) тармақшалар алып тасталсын;
4) 17-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Аумақтық бөлімшенің құзыреті»
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Аумақтық бөлімше:»;
11) және 13) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен мәліметтер ұсынады.»;
5) 22-баптың 1-тармағының 20) тармақшасындағы «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға» деген сөздер «аумақтық бөлімшеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 23-баптың 2-тармағының 22) тармақшасындағы «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның» деген сөздер «аумақтық бөлімшенің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 156-баптың 11-тармағындағы «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға» деген сөздер «аумақтық бөлімшеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 170-баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды» деген сөздер «аумақтық бөлімшені» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 181-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға» деген сөздер «аумақтық бөлімшеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 182-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға» деген сөздер «аумақтық бөлімшеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 186-баптың 5-тармағындағы «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға» деген сөздер «аумақтық бөлімшеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 187-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға» деген сөздер «аумақтық бөлімшеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 188-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган» деген сөздер «аумақтық бөлімше» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 188-1-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган» деген сөздер «аумақтық бөлімше» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 189-баптың 2-тармағындағы «Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға» деген сөздер «Аумақтық бөлімшелерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 190-бапта:
9-тармақтың 2) тармақшасындағы «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға» деген сөздер «аумақтық бөлімшеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтағы «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға» деген сөздер «аумақтық бөлімшеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтағы «еңбек инспекциясы жөніндегі тиісті жергілікті органға» деген сөздер «тиісті аумақтық бөлімшеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 191-баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларындағы «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының» деген сөздер «аумақтық бөлімшесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 200-баптың бірінші бөлігіндегі «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган» деген сөздер «аумақтық бөлімше» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 133-1), 208-1), 208-2) және 294-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«133-1) консультативтік байқау - психикаға белсенді әсер ететін затты қатерлі тұтынатын және (немесе) құмар ойындарға патологиялық әуестігі бар адамды медициналық байқау;»;
«208-1) психикаға белсенді әсер ететін заттарды қатерлі тұтыну - тәуелділік синдромының белгілерінсіз тәндік және (немесе) психикалық және (немесе) құқықтық салдарға алып келген медициналық емес мақсатта тұтыну;»;
«208-2) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болуын анықтау үшін медициналық куәландыру - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, психикалық денсаулықты сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізілетін, адамды есірткілік, алкогольдік масаң күйін және басқа да психикаға белсенді әсер ететін заттардан масаң күйін анықтау мақсатында зерттеп-қарау;»;
6-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«294-3) энергетикалық сусын - кофе мен шайды қоспағанда, сергіту әсерін көрсететін, құрамында кофеин және оны қамтитын өсімдіктер (өсімдік сығындылары), таурин, гуарана, мате, сондай-ақ дәрілік өсімдіктер мен олардың сығындылары, қант, минералды заттар, жеңіл қорытылатын көмірсулар, дәрумендер мен дәрумен тәрізді заттар, энергетикалық алмасу субстраттары мен стимуляторлары бар, шамадан тыс тұтынылуы кезінде адам организміне теріс әсер ететін алкогольсіз және алкоголі аз сусын;»;
6-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
2) 45-баптың 7-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарнама мониторингінің объектілері масс-медиа және сыртқы (көрнекі) жарнама болып табылады.»;
төртінші бөліктің 3) тармақшасындағы «бұқаралық ақпарат құралдары» деген сөздер «масс-медиа» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 3) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) мынадай мазмұндағы 108-1-баппен толықтырылсын:
«108-1-бап. Энергетикалық сусындарды тұтыну
профилактикасы және тұтынуды шектеу
1. Энергетикалық сусындарды тұтыну профилактикасы және тұтынуды шектеу халық денсаулығын оларды тұтыну салдарынан сақтауға және инфекциялық емес аурулардың пайда болуының алдын алуға бағытталған.
2. Энергетикалық сусындарды:
1) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға;
2) сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы сатушының тікелей қатысуынсыз;
3) сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттарсыз өткізуге тыйым салынады.
3. Энергетикалық сусындарды таңбалау Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Энергетикалық сусындарды сату кезінде энергетикалық сусындар саудасын жүзеге асыратын адамдар сатып алушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда:
1) жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуін талап етуге;
2) егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмеген жағдайда, энергетикалық сусындарды сатудан бас тартуға міндетті.
5. Энергетикалық сусындарды сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекі жерде мынадай мазмұндағы: «Энергетикалық сусындарды жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынады.» деген жазба орналастырылуға тиіс.»;
4) 165-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болуын анықтау үшін медициналық куәландырудың ұйымдастырылуын және жүргізілуін қамта масыз етеді.»;
5) 166-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Психиатр-дәрігер психиатриялық сараптама мен психиатриялық, оның ішінде құқыққа қайшы және (немесе) қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасауға бейімділігі бар психикалық және мінез-құлықтық бұзушылықтардың (аурулардың) бар-жоғына куәландыруды жүргізеді.»;
6) 20-тараудың 1-параграфы мынадай мазмұндағы 176-1-баппен толықтырылсын:
«176-1-бап. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамды консультативтік байқау
1. Консультативтік байқау психикаға белсенді әсер ететін затты қатерлі тұтынған адамға және (немесе) құмар ойындарға патологиялық әуестігі бар адамға белгіленеді.
2. Консультативтік байқау психиатр-дәрігердің ұдайы қарап-тексерулері арқылы адамның психикалық денсаулық жағдайын байқауды және оған қажетті медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.
3. Консультативтік байқаудағы адам психикалық жағдайы өзгерген кезде куәландырылуы және психиатр-дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша динамикалық байқауға ауыстырылуы мүмкін.
4. Консультативтік байқау көрсету тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»;
7) 273-баптың 6-тармағы «(аурулары) бар» деген сөздерден кейін «, динамикалық байқауда» деген сөздермен толықтырылсын.
7-тармақ 2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
7. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
21-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «бұқаралық ақпарат құралдарында, мерзімді және арнаулы баспа басылымдарында және өзге де ақпараттық өнімде, интернет-ресурстарда, өзге де жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдана отырып» деген сөздер «масс-медиада, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
50-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі 1-9) тармақшасының жетінші абзацындағы «ұсыну банк құпиясын жария ету болып табылмайды.» деген сөздер «ұсыну;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 1-10) тармақшамен толықтырылсын:
«1-10) банктердің мемлекеттік кірістер органына қызметі құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу болып табылатын, оған қатысты камералдық бақылау жүзеге асырылатын заңды тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері, шоттарындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынуы банк құпиясын жария ету болып табылмайды.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы ж) тармақшамен толықтырылсын:
«ж) қызметі құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу болып табылатын заңды тұлғаға қатысты камералдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдарына беріледі.».
9. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
9-тармақтың 1) тармақшасы 2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
1) 8-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі «бұқаралық ақпарат құралдары», «бұқаралық ақпарат құралдарының» деген сөздер тиісінше «масс-медиа», «масс-медианың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-баптың 1-1-тармағы 8) тармақшасындағы «безендіру жатпайды.» деген сөздер «безендіру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) спорт құрылысжайларының ішінде орналастырылған букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың жарнамасы жатпайды.»;
3) 13-бап мынадай мазмұндағы 1-4 және 1-5-тармақтармен толықтырылсын:
«1-4. Букмекерлік кеңселерді және (немесе) тотализаторларды:
1) букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор орналасқан жерде, спорт құрылысжайларының ішінде және спортшылардың керек-жарақтарында орналасқан жарнаманы қоспағанда, сыртқы (көрнекі);
2) көлік құралдарында;
3) масс-медиа саласындағы уәкілетті органда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарында спорт тақырыбы бағытындағы, сондай-ақ отандық телеарналардың халықаралық спорттық жарыстарды тікелей трансляциялау кезіндегі жарнаманы қоспағанда, масс-медиада, кино-, бейне- және анықтамалық қызметтер көрсетуде жарнамалауға тыйым салынады.
1-5. Букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың жарнамасында букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың тек атауы, тауар белгісінің элементтері, орналасқан жері, интернет-ресурсы (ол болған кезде), букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметімен айналысуға арналған лицензияның берілген күні, қолданылу мерзімі мен нөмірі қамтылуы мүмкін.»;
9-тармақтың 4) тармақшасы 2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
4) 14-2-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «телерадио хабарларын тарату» деген сөздер «масс-медиа» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 5) тармақшасы 2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
5) 17-1-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «Телерадио хабарларын тарату» деген сөздер «Масс-медиа» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
40-бап мынадай мазмұндағы 1-5-тармақпен толықтырылсын:
«1-5. Байланыс операторларының халықтың ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына электрондық казиноның, интернет-казиноның жарнамасын, сондай-ақ құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің жарнамасын қамтитын мәтіндік хабарлар жіберу бойынша қызметтер көрсетуіне тыйым салынады.».
11-тармақ 2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
11. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 7) тармақшасындағы «еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға» деген сөздер «еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) бірыңғай есепке алу жүйесі - телекоммуникация желілері арқылы букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешеніне қосылған және қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемдерді, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып қабылдауды (жүзеге асыруды), ұтыстарды төлеуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ бәс тігуге әрбір қатысушы, бәс тігуге әрбір қатысушы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты дербестендірілген жинауды, өңдеу мен сақтауды және осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;»;
7-2) тармақшадағы «өзін шектеген жеке тұлға» деген сөздер «өзін шектеген Қазақстан Республикасының азаматы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
«7-3) мерчент ІD - төлем жүйелерін пайдалана отырып, шетелдік компанияны төлем және (немесе) ақша аударымын алушы ретінде сәйкестендіретін символдардың бірегей жиынтығы;»;
17-3) тармақша алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
«1-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының мақсаты мен міндеттері
1. Азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүддесі үшін ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының мақсаты болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының міндеттері:
1) ойын бизнесі саласындағы қызметтің шарттарын және оны ұйымдастыру тәртібін айқындау;
2) ойын бизнесі саласында мемлекеттік бақылау мен реттеудің ұйымдастырушылық негіздерін белгілеу.»;
4) 6-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың интернет-ресурстарына;
2-2).KZ немесе.ҚАЗ домендік атаулармен тіркелгендерден және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тіркеу есебіне қойылғандардан басқа, тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің электрондық кассаларына;»;
9) тармақшадағы «сот актісі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз деп танылған» деген сөздер «осы Заңға сәйкес уәкілетті органның шешімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылатын шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізбесі
Уәкілетті орган қызметі Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылатын шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізбесін (бұдан әрі - тізбе) жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Тізбеде қызметі Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылатын шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың мерчент ІD деректері және уәкілетті орган айқындайтын өзге де мәліметтер қамтылады.
Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер уәкілетті органның интернет-ресурсында мұндай ақпарат орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң тізбеге енгізілгені туралы хабардар етілген болып есептеледі.»;
6) 8-баптың 1-тармағында:
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлейді және бекітеді;
4-2) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
4-3) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеу кезінде бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға алатын комиссияның мөлшерін бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді;
4-4) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғамен ынтымақтастық мерзімін, оны ұзарту немесе тоқтату шарттарын айқындайды;»;
«5-1) бекітілген қағидаларға және біліктілік талаптарына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындайды;»;
7-2) тармақша алып тасталсын;
7-3) тармақша «интернет-казино» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-5) және 7-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ойын бизнесі қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
7-6) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізімін жүргізеді;»;
7) 12-бапта:
12-тармақтағы «мөлшерлемелерді есепке алу орталығында» деген сөздер «бірыңғай есепке алу жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Ойын бизнесін ұйымдастырушы ойын мекемесінде, букмекерлік кеңсенің және тотализатордың үй-жайларында, казино мен ойын автоматтары залының кассаларында, букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың кассалары мен электрондық кассаларында, өзінің интернет-ресурстарында (олар болған кезде) көрнекі жерге құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуді орналастырады.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуде болжамды теріс салдар қамтылуға тиіс.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертудің мәтінін, эскиздерін уәкілетті орган бекітеді.»;
8) 12-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар мәліметтерді беру бойынша автоматтандырылған өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында аппараттық-бағдарламалық кешендерді мемлекеттік кірістер органдарының және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз етуге міндетті.
Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтерді беру тәртібін, олардың тізбесі мен нысанын тиісті мемлекеттік органдар белгілейді.»;
9) мынадай мазмұндағы 12-2-баппен толықтырылсын:
«12-2-бап. Бірыңғай есепке алу жүйесі
1. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін уәкілетті орган бекітілген қағидалар мен біліктілік талаптарына сәйкес айқындаған заңды тұлға қамтамасыз етеді.
2. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға мынадай талаптар қойылады:
1) серверлері Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылған бірыңғай есепке алу жүйесінің функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық құралдардың болуы;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде төлем қызметтерін көрсетуге арналған есептік тіркеуден өту немесе банк операцияларын жүргізуге лицензиясының болуы.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдардың тізбесіне енгізілген;
3) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген;
4) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген адамдар құрылтайшылары (қатысушылары) және (немесе) атқарушы органы және (немесе) үлестес тұлғасы болып табылатын заңды тұлғалар бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға ретінде әрекет ете алмайды.»;