2. Теміржол жүкқұжатында көрсетiлген жүк алушы тасымалдаушыға тиiстi барлық төлемдердi төлеген жағдайда, оның жүктi алуға құқығы бар.
3. Жүк жөнелтушiнiң жүкке иелiк ету туралы нұсқауын осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде алмаған жағдайда, тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға, ал тез бүлiнетiн жүктi осы Заңның 53-бабының 2-тармағына сәйкес сатуға құқылы.
55-бап. Жүк тасымалдауға кедергiлер
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi немесе экспедиторды олардың кiнәсiнен жүктi тасымалдауға кедергiлер туындағаны (мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың кiдiртуi) және мұндай жүктi одан әрi тасымалдау үшiн басқа тасымалдаушыларға тапсыру мүмкiн еместiгi туралы дереу телеграф арқылы немесе өзге де тәсiлмен жүк жөнелтушінi немесе экспедиторды жасалған шартқа сәйкес хабардар етуге мiндеттi.
Жүк жөнелтушi, сондай-ақ экспедитор, егер шартта оған осындай мiндеттемелер жүктелген болса, жүк тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Тасымалдаушы үшiн белгiленген жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерi жүк жөнелтушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жүктi кiдiрткен уақытқа ұзартылады.
3. Экспорттық және импорттық жүктi кiдiрткен уақыты үшiн кiнәлi тұлға тасымалдаушыға - вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы, ал транзиттiк жүктi кiдiрткен уақыты үшiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген мөлшерде ақы төлейдi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 4-тармақ толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы тасымалдаушыдан хабарлама алған кезден бастап сегiз тәулiк (тез бүлiнетiн, қауіпті жүктерге қатысты - төрт тәулiк) iшiнде кідіртілген жүктерге қатысты шара қолданбаған жағдайда, тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға, немесе көлік құралынан жүкті босатуды талап етуге ал тез бүлiнетiн жүктi осы Заңның 53-бабының 2-тармағына сәйкес сатуға құқылы.
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 55-1-баппен толықтырылды
55-1-бап. Алдын ала ақпараттың мәліметтерін ұсыну
Жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, экспедиторлар, кеден өкілдері не жүктің тасымалдануына байланысты көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға тартылатын өзге де тұлғалар мемлекеттік кіріс органдарын алдын ала хабардар етуді жүзеге асыру үшін тасымалдаушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) халықаралық шартта белгіленген көлем мен мерзімдерде қажетті мәліметтерді ұсынуға міндетті.
8-тарау. Кірме жолдар
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 56-бап өзгертілді
56-бап. Кiрме жолдарды пайдалану шарттары
1. Кiрме жолдар, олардың құрылыстары мен құрылғылары құрылыс нормалары мен ережелерiнiң талаптарына сай келуге, жылжымалы құрамды магистралдық жолдарда рұқсат етiлетiн техникалық жүктеме нормасымен өткізудi қамтамасыз етуге тиiс.
2. Кiрме жолдар, олардың құрылыстары мен құрылғылары жүктi ырғақты тиеудi, түсiрудi (жүктен босатуды), жүк айналымына сәйкес маневрлiк жұмысты, сондай-ақ жылжымалы құрамды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге тиiс.
3. Кiрме жолды оны салу немесе шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде пайдалану қысқа мерзiмдi шарт талаптарымен жүзеге асырылуы мүмкiн.
4. Кiрме жолды пайдалану тасымалдау қағидаларына сәйкес тармақ иеленуші әзірлейтін және Ұлттық инфрақұрылым операторы бекiтетiн кiрме жолдағы қозғалысқа қызмет көрсету және оны ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулық негізінде жүзеге асырылады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 57-бап өзгертілді
57-бап. Кiрме жолдардың жалғасуы
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Кiрме жолдардың магистральдық және станциялық жолдарға жалғасуы Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде жекеше әріптестің не концессиялық жобаны іске асыру кезінде концессионердің келісімімен жүзеге асырылады.
Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде жекеше әріптес не концессиялық жобаны іске асыру кезінде концессионер кiрме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастырудан бас тартқан жағдайда, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган шағымдарды қарауды жүзеге асырады.
2. Жаңадан салынып жатқан кiрме жолдардың жұмыс iстеп тұрған кiрме жолдарға жалғасуына тармақ иеленушiнiң келісімiмен рұқсат берiледi.
3. Жаңа салынып жатқан кiрме жолдар жалғасқан немесе пайдаланылып жүрген кiрме жолда тасымалдау көлемi ұлғайған жағдайда, кiрме жолдар, теміржол станцияларын салу, магистралдық теміржол желісінiң бұрыннан бар теміржол станцияларын дамыту құрылыс бастамашысының қаражаты есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 57-1-баппен толықтырылды
57-1-бап. Кiрме жолдар қызметтерiн көрсету
1. Тармақ иеленушiлер жылжымалы құрамды өткізу, оның тұруы, вагондарды, контейнерлердi беру-алып кету және кiргiзу-шығару үшiн, жүктердi қабылдау, тиеу (түсiру), беру жөніндегі операцияларды, маневрлiк жұмыстарды және өзге де операцияларды жүзеге асыру үшiн тасымалдау процесiне қатысушыларға кiрме жолдар қызметтерiн көрсету жөніндегі шарттың негiзiнде кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге құқылы.
2. Тармақ иеленушiлер кiрме жолдар қызметтерiн көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлем алады.
3. Тармақ иеленушiлер кiрме жолдар қызметтерiн көрсетудi тасымал процесiне қатысушылардың тең құқықпен пайдалануын қамтамасыз етуге мiндеттi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 58-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 58-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
58-бап. Кiрме жол бойынша жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру ерекшелiктерi
1. Мемлекеттік көлiктік бақылау органы кiрме жолда жүру қауiпсiздiгiне, жылжымалы составтың, контейнерлердiң, жүктердiң сақталуына қатер төндiретiн ақауларды байқаған кезде анықталған бұзушылықтар туралы акт жасалады.
Тармақ иеленушi көрсетілген актiнiң негiзiнде кiрме жолдар қызметтерін көрсетуді тоқтата тұруға мiндеттi.
Уәкілетті органның жазбаша хабарламасы негізінде Ұлттық инфрақұрылым операторы кiрме жолдарға жылжымалы составты берудi және оны алып кетудi тоқтатады.
2. Тармақ иеленушi анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.
Кiрме жолды пайдалануды қайта бастауға уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде жол берiледi.
Уәкілетті орган кiрме жолды пайдалануды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезден бастап Ұлттық инфрақұрылым операторын жазбаша хабардар етеді.
3. Анықталған бұзушылықтарды актiде көрсетiлген мерзiмдерде жоймағаны үшін тармақ иеленушi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Аталған жағдайда тармақ иеленушi шарттар бойынша, оның iшiнде контрагентпен жасалған шарт бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн толық мүлiктiк жауаптылықта болады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 59-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
59-бап. Ұлттық инфрақұрылым операторының өкiмдерiн кiрме жолдарда орындаудың мiндеттілігi
Кiрме жолдарда қызметтiк мiндеттерiн атқаратын қызметкерлер Ұлттық инфрақұрылым операторының маневрлiк жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі өкімін орындауға мiндеттi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 60-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
60-бап. Кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге жасалатын шарттар
1. Тасымалдау процесiне қатысушылардың кiрме жолдар қызметтерiн көрсету жөніндегі өзара қатынастары шартпен айқындалады.
2. Тармақ иеленушi бір жақты тәртiппен:
1) кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге жасалатын шарт талаптарын өзгертуге;
2) кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге жасалатын шартты бұзуға;
3) тасымалдау процесiне қатысушылар кiрме жолдар қызметтерiн көрсету шартын өздерi бұзған жағдайларды қоспағанда, олардың тең қол жеткізу принципiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасауға құқылы емес.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 61-бап қөзгертілді (бұр.ред.қара)
61-бап. Келiспеушiлiктердi сотқа дейiн реттеу
Вагондарды беруге-алып кетуге шарт жасасу кезiнде туындаған дауларды, сондай-ақ оларды өзгерту мен толықтыру жөніндегі келiспеушiлiктердi сотқа дейiн реттеу тасымалдау ережелерiнде көрсетiлген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
62-бап. Кiрме жолдарда вагондар мен контейнерлердiң сақталуы үшiн жауапкершiлiк
Кiрме жолдарда жүктер мен жылжымалы құрамның сақталуына қабылдаушы тарап жауапты болады. Тармақ иеленушiнiң алдындағы контрагенттiң жауаптылығы тармақ иеленушiнiң тасымалдаушы алдында жауап беретiн ережелерi сияқты ережелермен белгiленедi.
63-бап. Вагондар мен контейнерлердiң кiрме жолдарда тұру уақытын есепке алу
Вагондар мен контейнерлердiң кiрме жолдарда тұру уақытын есепке алу тасымалдау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. Вагондар мен контейнерлердi кiрме жолдарда қабылдау орны және тәртібі шартпен белгiленедi.
9-тарау. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерiн тасымалдау
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 64-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 64-бап қөзгертілді
64-бап. Жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру
Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды уәкілетті орган айқындайды.
Ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаудың ұйымдастырылуын жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар немесе тасымалдаушы айқындайды.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 65-бап өзгертілді
65-бап. Жолаушыны, багажды және жүк-багажды тасымалдау шарты
1. Жолаушыны тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы оған жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес поезда орын берiп, оны баратын жерiне жеткізуге мiндеттенедi, ал жолаушы жол жүру ақысын төлеуге мiндеттi.
2. Багажды, жүк-багажды тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы багажды, жүк-багажды баратын жерiне жеткiзiп беруге, ал жөнелтушi оның тасымалдау ақысын төлеуге мiндеттi.
3. Жолаушыны тасымалдау шарты - жол жүру құжатымен (билетпен), багажды тасымалдау - багаж квитанциясымен, жүк-багажды тасымалдау жүк-багаж квитанциясымен ресiмделедi.
4. Тасымалдаушы жолаушы көрсеткен межелі станцияға дейiн жол жүру құжатының (билеттiң) сатылуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды жолаушы агенттіктерінің билет кассалары, электрондық терминалдар және интернет-ресурстар арқылы ұйымдастыра алады.
4-1. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату және орындарды резервке қою жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады, Ұлттық теміржол компаниясы оған қол жеткізуді уәкілетті органмен келісім бойынша ұйымдастырады.
5. Жолаушыға жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес орын бермеген немесе тасымалдауды жалғастырудан бас тартқан тасымалдаушы өз есебiнен жолаушыны баратын жерiне жеткізуге немесе жолаушыға шартты тиiсiнше орындамаудан келтiрiлген барлық залалды өтеуге мiндеттi.
6. Жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысаны, оларды сату тәртібі мен қолданылу мерзiмдерi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 66-бап толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 66-бап өзгертілді
66-бап. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережелерi
Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережелерiнде:
1) жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату, олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру;
2) жолаушылар вагонының санаты, оның iшiнде жайлылық деңгейi бойынша санаты;
3) жолаушыларға жолаушылар поездары мен вокзалдарда жедел медициналық көмек көрсетудi қоса алғанда, мiндеттi түрде көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi;
4) жолаушылардың жол жүру жағдайының өзгеру, поездарда төсекорын жабдықтарын беру және басқа қызметтер көрсету шарттары мен тәртібі;
5) жолаушының жол бойында аялдама жасауын (он күнге дейiн) ресiмдеудiң тәртібі;
6) қол жүгiн алып жүру тәртібі мен шарттары;
7) багажды, жүк-багажды қабылдаудың және берудiң талаптары мен тәртібі;
8) тасымалдау құжаттарының нысандары және оларды ресiмдеудiң тәртібі;
9) тасымалдауға рұқсат етiлетiн жануарлардың тiзбесi, оларды тасымалдаудың тәртібі мен талаптары;
10) жол бойында багаж бен жүк-багажды берудiң тәртібі;
11) багаж бен жүк-багажды қайта жөнелтудiң тәртібі мен талаптары;
12) багаж бен жүк-багажды сақтау, ұстап қалу, беру тәртібі;
13) қауiптi заттарды тасымалдаудың тәртібі;
14) пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) үшiн төлемдердi қайтару тәртібі;
15) кәмелетке толмаған жолаушылардың жол жүру ережелерi;
15-1) жолаушы платформаларын пайдалану тәртібі;
16) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де жағдайлар белгiленедi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 66-1-баппен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 66-1-бап өзгертілді
66-1-бап. Тасымалдаушылардың Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережелерi
Тасымалдаушылардың Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
1) жолаушылардың поездарда жол жүру ережелерін сақтауы;
2) қол жүгін және багажды алып жүру тәртібі мен шарттарын сақтау;
3) тасымалдаушылардың жүк-багажды алып жүру тәртібін сақтауы;
4) жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату, олардың қолданылу мерзімін ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру тәртібін сақтау;
5) тасымалдаушылардың жолаушылар вагонының белгіленген санатын, оның ішінде жайлылық деңгейі бойынша санатын сақтауы;
6) жолаушылар поездары мен вокзалдарда жолаушыларға шұғыл медициналық көмек көрсетуді қоса алғанда, міндетті түрде көрсетілетін қызметтер тізбесін сақтау;
7) жолаушының жол жүру жағдайының өзгеру, поездарда төсек-орын жабдықтарын беру және басқа қызметтер көрсету тәртібін сақтауы;
8) тасымалдаушылардың багажды, жүк-багажды қабылдау және беру шарттары мен тәртібін сақтауы;
9) тасымалдау құжаттарының белгіленген нысандарының және оларды ресімдеу тәртібінің сақталуы;
10) тасымалдаушылардың тасымалдауға рұқсат етілетін жануарларды алып жүру тәртібін, оларды тасымалдау шарттарын сақтауы;
11) тасымалдаушылардың жол бойында багажды және жүк-багажды беру тәртібін сақтауы;
12) тасымалдаушылардың багажды және жүк-багажды сақтау, ұстап қалу, беру тәртібін сақтауы;
13) тасымалдаушылардың қауіпті заттарды тасымалдау шарттарын сақтауы;
14) пайдаланылмаған жол жүру құжаттары үшін төлемдерді қайтару тәртібінің сақталуы;
15) кәмелетке толмаған балалардың жол жүру ережелерін сақтауы;
16) бақылаушы органның лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауы және олардың жолын кесу;
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де шарттардың сақталуы айқындалады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 66-2-баппен толықтырылды
66-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 67-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
67-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Жолаушының:
1) поездар жүретiн маршруттар бойынша жолаушылар операциялары үшiн ашық, өзi атаған баратын станциясына дейiн кез келген поезға және кез келген вагонға жол жүру құжатын (билет) сатып алуға;
2) сатып алған жол жүру құжатына (билетке) сәйкес поездағы вагоннан орын алуға;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өзiмен бірге жетi жасқа дейiнгi бір баланы, егер бала жеке орын алатын болмаса - ақысыз не жетi жастан он бес жасқа дейiнгi балаларды жол жүру ақысының елу пайызын төлеп, оларға жеке орын беріп, алып жүруге құқығы бар.
Басқа мемлекеттердiң жолаушы вагондарында және басқа мемлекеттердiң аумағы бойынша Қазақстан Республикасының жолаушы вагондарында тасымалдау кезiнде осы құқықты беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 4) тармақша толықтырылды; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4) бір толық жол жүру құжатына немесе баланың жол жүру құжатына салмағы отыз бес килограмнан аспайтын қол жүгiн өзiмен бірге ақысыз алып жүруге құқығы бар.
Салмағы бұдан асатын қол жүгi багаж вагонына тапсырылуға тиiс;
Мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары арасынан шыққан жолаушылардың жеке пайдалануға арналған техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнайы қозғалыс құралдарын өздерімен тегін алып жүруге қосымша құқығы бар;
5) тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiп бойынша тасымалдаушыға жол жүру құжатын (билеттi) қайтарып тапсыруға және тасымалдаушыдан жол жүру және багажды алып жүру ақысын (ал жөнелтушi - багаж, жүк-багаж тасымалының ақысын) қайтарып алуға;
6) тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жүру құжатының (билеттiң) қолданылу мерзiмiн ұзартуға;
7) жол бойында аялдама жасап, тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жол жүру құжатының (билеттiң) қолданылу мерзiмiн он күннен аспайтын мерзiмге ұзартуға;
8) бос орындар болған және сатып алынған жол жүру құжатына (билетiне) өзгерістер енгiзген жағдайда, жол жүру құжаты (билет) сатып алынған поездан бұрын жүретiн жолаушы поезымен жүруге;
9) белгiленген ақысын төлеп, багажын тасымалдауға тапсыруға;
10) жазбаша талап ету бойынша тасымалдаушыдан (билет кассаларынан немесе жолаушылар агенттіктерінен) бұрын сатып алынған жол жүру құжаты (билет) бүлінген, жоғалған жағдайда, Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды тасымалдау қағидаларында белгіленген тәртіппен оның телнұсқасын алуға құқығы бар.
Бұрын қайтарылған жол жүру құжаттары (билеттер) бойынша телнұсқа берілмейді.
2. Жолаушы:
1) қала маңындағы қатынас поездарын қоспағанда, жол жүру құжатын (билет) сатып алған кезде, поезға отырғызу кезiнде жол бойында жол жүру құжатын (билеттi) тексерген кезде жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге;
2) поезға отырғызған кезде және жол үстiнде сапар аяқталғанға дейiн оның жол жүру құжаты (билетi) болуы;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) қоғамдық тәртiптi, жолаушы вагондарын және жолаушылар тасымалдауына қызмет көрсетуге арналған объектілерді пайдалану қағидасын сақтауға, сондай-ақ тасымалдаушының мүлкiне ұқыпты қарауға және жол жүру барысында да, күту орындарында да өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтауға мiндеттi.
68-бап. Багажды және жүк-багажды тасымалдау
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тасымалдаушы жолаушыдан немесе жөнелтушiден багажды және жүк-багажды қабылдап алуға және осы операциялар үшiн ашық кез келген теміржол станциясына дейiн жөнелтуге мiндеттi.
Жөнелтушінің жүк-багажы жол жүру құжатын (билетті) ұсынбай тасымалдау құжаты (жүк-багаждың түбіртегі) бойынша қабылданады.
Жөнелтушiнiң багажы, жүк-багажы таяу арада жүретiн багаж вагоны бар поезбен жөнелтiледi. Бұл орайда тасымалдаушы жолаушының багажын, жүк-багажын бірiншi кезекте жөнелтудi қамтамасыз етуге мiндеттi. Жолаушының жол жүру құжатында (билетiнде) көрсетiлген маршрут бойынша жеткiзiлетiн багаж, жүк-багаж жолаушы отырған поезбен немесе таяу арада жүретiн багаж вагоны бар поезбен жөнелтiлуге тиiс.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Жолаушы (жөнелтушi) багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға құқылы, ал жүк-багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға мiндеттi.
3. Багажбен, жүк-багажбен тасымалдауға өзiнiң мөлшерiне, буып-түйiлуiне және қасиеттерiне қарай багаж вагонына қиындықсыз тиелiп, орналастырылатын және тасымалдаушының мүлкiне және басқа жолаушылардың (жөнелтушiлердiң) багажына, жүк-багажына зиян келтiрмейтiн заттар мен нәрселер қабылданады.
69-бап. Багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi поездардың жүру кестесiне сәйкес тасымалдау жүзеге асырылатын жолаушы поезының межелі теміржол станциясына дейiн жүру уақытымен айқындалады.
Егер багажды, жүк-багажды тасымалдау жол жүру барысында ауыстырып тиеу арқылы жүзеге асырылса, онда жеткiзiп беру мерзiмi әрбір ауыстырып тиеу үшiн бір тәулiкке арттырылады.
2. Жолаушыға, алушыға багаж, жүк-багаж баратын станцияда багаж, жүк-багаж квитанциясын және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейiн берiледi.
3. Багажды, жүк-багажды беру жолаушылар тасымалы жөніндегі операциялар үшiн станция ашық болған уақыт iшiнде жүргiзiледi.
70-бап. Сақтаудың шектi мерзiмi аяқталуының салдары
1. Жолаушы, алушы тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша багажды, жүк-багажды алмаған жағдайда, тасымалдаушы оны баратын станцияда, келген күнiнен бастап - отыз күн бойы, ал кедендiк бақылаудағы багаж бен жүк-багажды он бес күн бойы сақтауға мiндеттi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында аталған сақтаудың шектi мерзiмi аяқталғаннан кейін, тасымалдаушы багаж бен жүк-багажды уәкiлеттi мемлекеттік органдардың (мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың) билiгiне бередi. Осы кезден бастап жолаушы, жөнелтушi, алушы оларға багаждың, жүк-багаждың құнын өтеу немесе оларды алу мәселелерi бойынша өтiнiш жасауға құқылы.
3. Багаж, жүк-багаж (алып қойылған, тәркiленген, иесiз деп танылған) соттардың және басқа уәкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша сатылған жағдайда тасымалдаушының тасымалдау мен сақтауға байланысты шеккен шығыстары сот шешiмдерiн және басқа уәкiлеттi органдардың шешімдерін орындауға құзыретті тұлғалардың атқарушылық іс-әрекеттерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстары ретінде өтеледі.
71-бап. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 72-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
72-бап. Почта жөнелтілімдерiн тасымалдау
Почта жөнелтілімдерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен почта вагондарымен жүзеге асырылады.
10-тарау. Тасымалдаудан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік
73-бап. Тасымалдау жөніндегі мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ толықтырылды
1. Тасымалдаудан туындайтын мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және теміржол көлiгi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, тасымалдау ережелерiнде, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалған шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауапты болады.
Мiндеттеменi бұзған тарапты жауапқа тарту, құқығы бұзылған тараптың талап етуi бойынша ғана жүргiзiледi.
2. Тараптардың осы Заңда белгiленген жауапкершiлiктi шектеу немесе жою мақсатындағы келісімдерi жарамсыз болып табылады.
Тараптар өзара келісім бойынша жауапкершiлiк мөлшерiн ұлғайта алады, сондай-ақ тасымалдау шарты бойынша қосымша жауапкершiлiк көздей алады.
3. Тасымалдау жөніндегі мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тасымалдаушылардың өзара жауапкершiлiктерi осы Заңда, жүктердi, жолаушыларды тасымалдау ережелерiнде, сондай-ақ тасымалдаушылар арасындағы шарттарда белгiленедi.
4. Тасымалды бірнеше тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайда олар жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының) алдында багаждың, жүктiң, жүк-багаждың жоғалғаны, жетiспеушiлiгi, бұзылғаны (бүлiнгенi), жеткiзiп беру мерзiмiн өткiзiп жiбергенi үшiн ортақ жауапкершiлiкте болады.
5. Егер тасымалдаушы басқа тасымалдаушының, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, тармақ иеленушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жауапқа тартылса, оның кiнәлiлерге керi талап қоюға құқығы бар.
74-бап. Тұрақсыздық айыбы
1. Жүк тасымалы бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн кiнәлi тарап Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда немесе шартта белгiленген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
2. Тасымалдаушыға тиiстi төлемдi мерзiмiн өткiзiп төлегенi үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде бөтен адамдардың ақша қаражатын заңсыз пайдаланғаны үшiн белгiленген жауапкершiлiк мөлшерiнде тұрақсыздық айыбы алынады.
3. Тараптардың өзге шарттары болмаған ретте төлем жасалған сомадан, ең алдымен - тұрақсыздық айыбының сомасы, ал қалған бөлiгiнен борыштың негiзгi сомасы өтеледi.