Қазақстан Республикасының
Заңы
Магистральдық құбыр туралы
(2024.08.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап. Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасы
4-бап. Магистральдық құбыр саласындағы қызметтің негізгі қағидаттары
2-тарау. МАГИСТРАЛЬДЫҚ ҚҰБЫР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
7-бап. Магистральдық құбыр саласындағы өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті
8-бап. Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
9-бап. Магистральдық құбыр саласындағы қызметті лицензиялау
10-бап. Ұлттық оператор
3-тарау. МАГИСТРАЛЬДЫҚ ҚҰБЫР. МАГИСТРАЛЬДЫҚ ҚҰБЫР МҰҚТАЖДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖЕРЛЕР
11-бап. Магистральдық құбыр
12-бап. Магистральдық құбырға меншік
13-бап. Магистральдық құбыр мұқтаждарына арналған жерлер
14-бап. Магистральдық құбырдың күзет аймағы
4-тарау. МАГИСТРАЛЬДЫҚ ҚҰБЫРДЫ ЖОБАЛАУ, САЛУ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДАН ШЫҒАРУ
15-бап. Магистральдық құбырды жобалау, салу және пайдалану
16-бап. Жаңадан салынатын магистральдық құбыр жобасына қатысуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібі
17-бап. Құбырды жұмыс істеп тұрған магистральдық құбырға жалғау
18-бап. Жедел-диспетчерлік басқару
19-бап. Магистральдық құбырды пайдаланудан шығару
20-бап. Магистральдық құбырды жобалау және салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
21-бап. Магистральдық құбырды пайдалану, консервациялау және жою кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
5-тарау. МАГИСТРАЛЬДЫҚ ҚҰБЫРДЫҢ МЕНШІК ИЕСІНІҢ ЖӘНЕ ОПЕРАТОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
22-бап. Магистральдық құбырды өз бетінше пайдалануды жүзеге асыратын магистральдық құбырдың меншік иесінің құқықтары мен міндеттері
23-бап. Операторлық қызметтерді көрсететін оператордың құқықтары мен міндеттері
6-тарау. ӨНІМДІ МАГИСТРАЛЬДЫҚ ҚҰБЫРМЕН ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰСЫНУ
24-бап. Өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерге қол жеткізу тәртібі
25-бап. Өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсыну
25-1-бап. Терминал меншік иелерінің өнімді сақтау, қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту бойынша қызметтер көрсетуі
26-бап. Өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шартты жасасудан бас тарту негіздері
27-бап. Өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шарттың орындалуын біржақты тәртіппен тоқтата тұру және оны біржақты тәртіппен бұзу негіздері
28-бап. Өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу
29-бап. Өнім сапасы банкі
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
30-бап. Магистральдық құбыр саласындағы халықаралық ынтымақтастық
31-бап. Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң магистральдық құбырды жобалау, салу, пайдалану, консервациялау және жою кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және магистральдық құбырды тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алушы - өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шарттың талаптарына сәйкес өнім қабылдауды жүзеге асыратын тұлға;
2) жедел-диспетчерлік басқару - өнімді тасымалдау үшін магистральдық құбырды пайдаланудың технологиялық режимдерін орталықтандырылған басқару;
3) жөндеу - магистральдық құбырдың желілік бөлігінің және (немесе) оның объектілерінің толық немесе ішінара пайдалану ресурсының жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар (операциялар) кешені;
4) жөнелтуші - өнім өндіруші болып табылатын тұлға немесе оны заңды негіздерде сатып алған тұлға не олар уәкілеттік берген, өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шарт негізінде магистральдық құбырмен тасымалдау үшін өнімді ұсынатын тұлға;
5) магистральдық құбыр - өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;
6) магистральдық құбырды жою - магистральдық құбырды бөлшектеу және (немесе) қайта бейіндеу және қоршаған ортаны адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені;
7) магистральдық құбырды консервациялау - магистральдық құбырды пайдаланудан шығару кезінде оның жарамды техникалық күйде сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешені;
8) магистральдық құбырдың желілік бөлігі - өнімді тікелей тасымалдау жүзеге асырылатын жерасты, суасты, жербеті, жерүсті құбырлары;
9) магистральдық құбырдың күзет аймағы - магистральдық құбыр объектілеріне іргелес жатқан және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құбыр объектілерін қауіпсіз және іркіліссіз пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасауға арналған, оның шегінде аумақты белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне шектеу қойылатын немесе тыйым салынатын айрықша күзет және пайдалану жағдайларындағы (құрлықтағы және (немесе) судағы) аумақ;
10) магистральдық құбырдың меншік иесі - Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі немесе магистральдық құбырға меншік құқығында иелік ететін заңды тұлға;
11) магистральдық құбырдың физикалық қауіпсіздігі - тұлғалардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерінен туындайтын қатерлерден магистральдық құбырдың қорғалу жай-күйі;
12) магистральдық құбырды пайдалану - магистральдық құбырдың үздіксіз, тиісінше және тиімді жұмыс істеуі үшін қажет, оның ішінде техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, техникалық диагностикалауды және жедел-диспетчерлік басқаруды қамтитын қызмет;
13) магистральдық құбырды реконструкциялау - магистральдық құбырдың сапалық көрсеткіштерін жақсартуды көздейтін, оны қайта орналастыру жөніндегі іс-шаралар кешені;
14) магистральдық құбырды физикалық қорғау -тұлғалардың зақымдауға әкеп соқтыратын құқыққа қарсы іс-әрекеттерінен туындайтын магистральдық құбырға қатысты қатерлерді болдырмауға бағытталған құқықтық нормалардың, ұйымдастырушылық шаралар мен инженерлік-техникалық шешімдердің жиынтығы;
15) оператор - өнімді магистральдық құбырмен тасымалдауды және (немесе) оны пайдалануды жүзеге асыратын магистральдық құбырдың меншік иесі немесе магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлға не олар уәкілеттік берген, операторлық қызметтер көрсететін ұйым;
16) операторлық қызметтер - магистральдық құбырдың меншік иесінің не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғаның атынан жөнелтушілерге оператор ұсынатын өнімді тасымалдау жөніндегі және (немесе) магистральдық құбырдың меншік иесіне не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғаға оператор ұсынатын магистральдық құбырды пайдалану жөніндегі қызметтер;
17) өнім - тасымалдауға дайындалған және тиісті өнім түрі бойынша техникалық регламенттерге сәйкес келетін, тұрақты (тұрақты емес) газ конденсатын, табиғи газды, ілеспе газды, басқа да сұйық және газ тәріздес көмірсутектерді, мұнай өнімдерін қоса алғандағы мұнай;
18) өнімді тасымалдау - өнімді жөнелтушіден қабылдау пунктінен бастап алушыға тапсыру пунктіне дейін оны магистральдық құбыр бойынша қабылдау, тапсыру, айдау, өнімді басқа да магистральдық құбырларға қотару, құю, беру, басқа көлік түріне ауыстырып тиеу, сақтау, араластыру процесі;
19) өнім сапасы банкі - өнімнің сапасы мен саны жөніндегі деректер негізінде магистральдық мұнай құбырымен тасымалданатын өнім сапасының көрсеткіштеріндегі айырмашылықтарға байланысты жөнелтушілер арасында өтемақылар және (немесе) төлемдер төлеу арқылы өзара ақшалай есеп айырысулар жүргізу тетігі;
20) өнім транзиті - өнімді Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі өнім жөнелтуші мен алушы арасында Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізу;
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
20-1) терминал меншік иесі - магистральдық мұнай құбыры объектілерінің құрамына кірмейтін, резервуарларды білдіретін, өнім сақтауға арналған өнеркәсіптік объектіге, сондай-ақ мұнайды қабылдауға және (немесе) көлікке (теміржол цистерналары, автоцистерналар, танкерлер және басқалары) немесе мұнай құбырына тиеп-жөнелтуге арналған платформаға иелік ететін жеке немесе заңды тұлға;
21) техникалық дәліз - магистральдық құбыр немесе қатар салынған магистральдық құбырлар мен коммуникациялар жүйесі өтетін аумақ;
22) техникалық диагностикалау - магистральдық құбырдың техникалық жай-күйін айқындауға арналған жұмыстар мен ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешені;
23) трансшекаралық магистральдық құбыр - екі және одан да көп мемлекеттің аумағы арқылы өтетін магистральдық құбыр;
24) уәкілетті орган - магистральдық құбыр саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25) тармақша өзгертілді
25) ұлттық оператор - акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакетінің меншік иесі мемлекет не ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық компания немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін компания болып табылатын, бір немесе бірнеше магистральдық құбырға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иелік ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
26) үлестес тұлға - шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) магистральдық құбырдың меншік иесі немесе өнім өндіруші қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде кез келген мәмілеге байланысты ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға, сондай-ақ магистральдық құбырдың меншік иесінің немесе өнім өндірушінің оған қатысты осындай құқығы болатын кез келген заңды тұлға.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның күші магистральдық құбыр саласындағы қоғамдық қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заңның күші:
1) магистральдық құбырларға жатпайтын құбырды, магистральдық су құбырын салу және пайдалану кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарға, сондай-ақ магистральдық құбырдың әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы объектілерін салуға, олардың жұмыс істеуіне және оларды жоюға байланысты қатынастарға;
2) 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанға дейін трансшекаралық құбыр мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жасасқан үкіметаралық келісімдер және олармен байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қатысқан кейінгі шарттар шеңберінде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
3. Осы Заң «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелмеген бөлігінде магистральдық газ құбыры саласындағы қатынастарға қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Магистральдық құбыр саласындағы қызметтің негізгі қағидаттары
Магистральдық құбыр саласындағы қызметтің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) өнімді тұтынушыларға тасымалдау кезінде адам мен мемлекет қауіпсіздігінің, қоршаған ортаны қорғаудың басымдығы;
2) магистральдық құбыр саласындағы қатынастардың барлық субъектілерінің мүдделерін сақтау және магистральдық құбырға кемсітусіз қолжетімділікті қамтамасыз ету;
3) магистральдық құбырды жобалау, салу, пайдалану, реконструкциялау және жою кезінде тиімді әдістер мен технологияларды пайдалану;
4) магистральдық құбыр мен оның объектілерін салу, олардың жұмыс істеуі және оларды жою кезінде қоршаған ортаға, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, олардың мүлкіне, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкіне келтірілген зиянды толық өтеудің міндеттілігі;
5) Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігінің басымдығы.
2-тарау. МАГИСТРАЛЬДЫҚ ҚҰБЫР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) магистральдық құбыр саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді;
2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) магистральдық құбыр саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
9) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) магистральдық құбыр саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) магистральдық құбыр саласындағы мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
3) өнім түрлері бойынша ұлттық операторлар туралы ережелерді әзірлейді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларын және магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) магистральдық құбыр саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
6-2) магистральдық құбыр салу туралы шешім қабылдайды;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
6-3) өнім түрлері бойынша ұлттық операторларды айқындайды, сондай-ақ олар туралы ережелерді бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
9) мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау кестесін жасау тәртібіне сәйкес мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау кестесін бекітеді;
10) өз құзыреті шегінде магистральдық құбыр саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды бекітеді;
11) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) өнім сапасы банкін қолдану қағидаларын бекітеді;
13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Магистральдық құбыр саласындағы өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган:
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес магистральдық құбырды пайдаланған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
1) магистральдық құбыр саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) магистральдық құбыр мұқтаждары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер учаскелерін беруді қамтамасыз етеді;
3) магистральдық құбырдағы авариялар мен төтенше жағдайларды және олардың зардаптарын жоюға жәрдемдеседі;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы магистральдық құбыржолмен өткізуді кедендік реттеуді жүзеге асырады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-бап. Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
2. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес магистральдық құбыржолдың меншік иесі не магистральдық құбыржолға өзге заңды негізде иелік ететін тұлға уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажет мұнай тасымалы жөніндегі деректерді ұсынады.
4. Мұнай тасымалдау кестесінің нақты орындалуы туралы есеп ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Магистральдық құбыр саласындағы қызметті лицензиялау
Магистральдық құбыр саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.
10-бап. Ұлттық оператор
1. Ұлттық оператор:
1) меншік иесінің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі, өнімнің тиісті түрі бойынша магистральдық құбыр арқылы Қазақстан Республикасының аумағында операторлық қызметтерді көрсету құқығына ие;
2) ұлттық операторға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі магистральдық құбыр арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тасымалданатын өнімді басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері арқылы тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету (бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет) құқығына ие.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген құқық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыру мақсатында дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға тиесілі басқа заңды тұлғаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен берілетін жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтарды өзге де тұлғалардың жүзеге асыруына жол берілмейді.
3-тарау. МАГИСТРАЛЬДЫҚ ҚҰБЫР. МАГИСТРАЛЬДЫҚ ҚҰБЫР МҰҚТАЖДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖЕРЛЕР
11-бап. Магистральдық құбыр
1. Магистральдық құбырларға магистральдық мұнай құбырлары, газ құбырлары және мұнай өнімдері құбырлары жатады.
2. Магистральдық құбыр желілік бөліктен және осы баптың 3-тармағында көрсетілген объектілерден тұрады.
3. Магистральдық құбыр объектілерінің құрамына бірыңғай технологиялық процеспен байланысты жер учаскелерін алып жатқан құрылғылар, жабдықтар, құрылыстар, үйлер және басқа да ғимараттар кіреді.
Магистральдық құбыр объектілерінің құрамы мен техникалық параметрлері жобалық құжаттамада айқындалады.
4. Магистральдық құбырларға кәсіпшілік, технологиялық және ішкі шаруашылық мақсаттар үшін өнімнің меншік иесінің немесе өзге құқық иеленушісінің аумағы шегінде, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағы шегінде өнімді тасымалдауға арналған өзге де құбырлар, сондай-ақ өнімді тұтынушыларға тасымалдауға арналған тарату құбырлары жатпайды.
12-бап. Магистральдық құбырға меншік
1. Магистральдық құбыр бөлінбейтін мүліктік кешен болып табылады және мемлекеттік немесе жеке меншікте болуы мүмкін.
2. Магистральдық құбыр, сондай-ақ меншігінде магистральдық құбыр бар заңды тұлғалардағы акциялар пакеттері (қатысу үлестері), меншігінде магистральдық құбыр бар заңды тұлғалардың шешімдерін тікелей немесе жанама түрде айқындауға немесе олардың қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке және заңды тұлғалардың акциялар пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар стратегиялық объектілерге жатады, оларды иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер етуі мүмкін.
3. Магистральдық құбырдың жеке тұлғалардың, сондай-ақ шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың меншігінде болуына тыйым салынады.
13-бап. Магистральдық құбыр мұқтаждарына арналған жерлер
1. Магистральдық құбыр мұқтаждарына арналған жерлерге магистральдық құбыр алып жатқан жерлер, сондай-ақ магистральдық құбырдың күзет аймақтары жатады.