7. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағында:
7-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8) тармақшадағы «қызметтерді ұсыну» деген сөздер «қызметтерді арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде ұсыну» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 124-1) және 124-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«124-1) өмірдегі қиын жағдай - осы Кодексте көзделген негіздер бойынша адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын деп танылған, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын жағдай;
124-2) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдау көрсетудің интеграцияланған моделі (бұдан әрі - интеграцияланған модель) - ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мақсатында уәкілетті мемлекеттік органның үйлестіруімен мемлекеттік органдардың қатысуын көздейтін ұйымдастырушылық және функционалдық тәсіл;»;
2) 12-бап мынадай мазмұндағы 3-1), 4-1) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
7-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«3-1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензияны береді;»;
«4-1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
«9-1) медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен үйлестіруді жүзеге асырады;»;
3) 18-бап мынадай мазмұндағы 34-1) және 34-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«34-1) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен үйлестіру;
34-2) уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу;»;
4) 19-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру;»;
5) 133-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
6) 12-тараудың 2-параграфы мынадай мазмұндағы 138-1-баппен толықтырылсын:
«138-1-бап. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау
Уәкілетті мемлекеттік орган өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілердің (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының) қатысуымен ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар кешенін үйлестіреді.».
8. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 43-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын:
«9-3) кондоминиум объектісінде пәтер иелерінің тұруына (болуына) қауіпсіз жағдайлар жасауға бағытталған іс-шаралар кешенін қамтамасыз етуді;»;
2) 43-1-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8-3) тармақшамен толықтырылсын:
«8-3) кондоминиум объектісінде пәтер иелерінің тұруына (болуына) қауіпсіз жағдайлар жасауға бағытталған іс-шаралар кешенін қамтамасыз етуді;».
9. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде неке және отбасы институтын нығайту, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау, анықтау және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі негізгі нысаналы индикаторларды бекіту;»;
2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 39) - 50) тармақшалармен толықтырылсын:
«39) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, жеке және заңды тұлғалармен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;
40) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді;
41) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастырады;
42) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау және өзге де көмек жөніндегі аумақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
43) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру тиімділігінің индикаторларын әзірлейді және бекітеді;
44) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарға (отбасыларға) жан-жақты қолдау көрсетудің негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыруға қатысады;
45) аудандарда және қалалардағы аудандарда халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан отбасын қолдау орталықтарын құрады және (немесе) олардың қызметін ұйымдастырады;
46) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілер (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) қатысқан кезде оларды ерте анықтау мен қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтарды құрады және (немесе) ұйымдастырады;
47) аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілердің (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының) әлеуметтік-экономикалық қолдау бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіреді;
48) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілер (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізеді;
49) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) анықтайды және есепке алуды жүргізеді, олардың статистикалық деректерін жинауды жүзеге асырады, себептерін талдауды, жүйелі мониторингтеуді жүргізеді;
50) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың жанынан психологиялық қолдау орталықтарын құрады және (немесе) олардың қызметін ұйымдастырады.»;
3) 29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілін тағайындайды және қызметтен босатады;»;
4) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 34) - 42) тармақшалармен толықтырылсын:
«34) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, жеке және заңды тұлғалармен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;
35) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастырады;
36) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау және өзге де көмек жөніндегі аумақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлейді;
37) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру тиімділігінің индикаторларын әзірлейді;
38) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарға (отбасыларға) жан-жақты қолдау көрсетудің негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыруға қатысады;
39) аудандарда және қалалардағы аудандарда халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан отбасын қолдау орталықтарын құрады және (немесе) олардың қызметін ұйымдастырады;
40) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілер (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) қатысқан кезде оларды ерте анықтау мен қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтарды құрады және (немесе) ұйымдастырады;
41) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау мен өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілер (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізеді;
42) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) анықтайды және есепке алуды жүргізеді, олардың статистикалық деректерін жинауды жүзеге асырады, себептерін талдауды, жүйелі мониторингтеуді жүргізеді.».
10. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 12-6) тармақшамен толықтырылсын:
«12-6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі - Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын өкілі, оған тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі функциялар жүктеледі;»;
2) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікпен қарауға, буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың көзінше жеке адамға қарсы құқық бұзушылықтар жасалған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;»;
3) 7-2-бапта:
4) тармақшадағы «қорғаныс,» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» байланыс орталығының қызметін және мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимылын ұйымдастыруды үйлестіреді.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі қызметінің тәртібін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.»;
4) 2-тарау мынадай мазмұндағы 7-12-баппен толықтырылсын:
«7-12-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі:
1) баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты жолданымдарды және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;
2) баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз іске асырылуына және олар бұзылған жағдайда қалпына келтірілуіне жәрдем көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдарды әзірлейді және Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілге енгізеді;
4) жергілікті атқарушы органдарға және білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ұсталатын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне кедергісіз барады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте балалардың құқықтарымен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық институттардың құжаттарына сұрау салу бойынша қол жеткізуге құқылы;
6) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындайды.»;
5) 52-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Білім беру ұйымдары және меншік түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар, мәдениет және спорт органдары мен ұйымдары мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.»;
6) мынадай мазмұндағы 52-1-баппен толықтырылсын:
«52-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдары қызметінің Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған және оны Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарына мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі және осы тексерілетін органдардың қызметіне қойылатын талаптар осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Тексеру мынадай әрекеттердің бірін жасау:
1) мемлекеттік бақылау субъектісіне бару;
2) тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты сұрату;
3) мемлекеттік бақылау субъектісін Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпаратты алу мақсатында шақыру арқылы жүргізіледі.
4. Мемлекеттік бақылау субъектілерінің осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды сақтауы тексеру нысанасы болып табылады.
5. Мемлекеттік бақылау субъектісіне қатысты жоспарлы тексеру осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды сақтау мәселелерінің кешені бойынша үш жылда бір рет жүргізіледі.
Мемлекеттік бақылау субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша тағайындалады.
6. Білім беру саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен және құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жоспарлы тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейін жіберілген жыл сайынғы тізбе мемлекеттік бақылау субъектісіне жоспарлы тексеруді тағайындауға негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жоспарлы тексерулер тізбесін жоспарлы тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде өз интернет-ресурстарына орналастырады.
Жоспарлы тексерулер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектілері таратылған, қайта ұйымдастырылған, атаулары өзгертілген, олардың арасында өкілеттіктер қайта бөлінген жағдайларда, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың таралуының және соған байланысты шектеулердің пайда болуы немесе олардың пайда болу қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған жағдайлар туындаған кезде жоспарлы тексеру ұзартылуы, тоқтатыла тұруы және қайта басталуы мүмкін.
Жоспарлы тексерулер тізбесі өзгертілген жағдайда жоспарлы тексерулердің өзгертілген тізбесі де құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
7. Мемлекеттік бақылау субъектілерін жоспардан тыс тексерудің негіздері мыналар болып табылады:
1) білім беру саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бірінші басшысының тапсырмасы;
2) прокурор талабы немесе қылмыстық қудалау органының тапсырмасы;
3) тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
4) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
5) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдары;
6) бұқаралық ақпарат құралдарындағы Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының бұзушылықтары туралы жарияланымдар мен хабарламалар.
Жоспардан тыс тексерулер анонимдік жолданымдар түскен жағдайларда жүргізілмейді.».
11. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
22-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Он алты жасқа толмаған, ата-анасы және (немесе) өзінің заңды өкілі ертіп жүрмеген адамды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кетуге тыйым салынады.».
12. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. Білім беру ұйымдарының функциялары
Білім беру ұйымдары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасауы немесе осындай іс-әрекеттердің оларға қатысты жасалу фактілері, оның ішінде кәсіптік қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған білім беру ұйымдарынан тыс фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілерге психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды көрсетеді;
3) педагогикалық баса назар аударуды талап ететін білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мектепішілік есепке алуды жүргізеді және оларға уақтылы қолдау көрсетеді.»;
2) 19-6-бапта:
1-тармақ «шаралары» деген сөзден кейін «, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа, қатыгездікпен қарауға және буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарға не олардың көзінше жеке адамға қарсы құқық бұзушылықтар жасалған кәмелетке толмағандарға психологиялық, әлеуметтік және өзге де көмек көрсету, оларды бейімдеу және оңалту бойынша үйлестіру, сол сияқты өздеріне қатысты зорлық-зомбылық жасалған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бағдарламасын іске асырудағы үйлестіру» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мен үйлестіруді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.».
13. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 50-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«50-3) психологиялық-педагогикалық қолдап отыру - білім беру ұйымдарында іске асырылатын, процесінде білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) ойдағыдай оқыту және дамыту үшін әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасалатын жүйелі-ұйымдастырылған қызмет;»;
13-тармақтың 2) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 40-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) білім берудің білім беру-сауықтыру ұйымдары.».
14. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 17-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық қатері немесе фактілері анықталған кезде уәкілетті мемлекеттік органдар мен көмек көрсету жөніндегі ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде құқық бұзушылықтардың жеке профилактикасы шараларын қабылдайды.»;
2) 18-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы «материалдар негіз болып табылады.» деген сөздер «материалдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы, сондай-ақ онлайн-платформалардағы зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарламалар негіз болып табылады.».
15-тармақ 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
15. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-қосымшада:
3-жолдың 3 және 4-бағандары мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«
| | 9. Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін ұсыну | Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 1 жыл; 1-сынып |
»;
мынадай мазмұндағы 88-жолмен толықтырылсын:
«
88. | Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия | Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің барлық түрі | Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 3 жыл; 1-сынып |
».
2-бап. Осы Заң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 2) тармақшасының екінші абзацын, 13-тармағының 2) тармақшасын, 15-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 15 сәуір
№ 72-VІІІ ҚРЗ