ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 74-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 24-1) және 29-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) мемлекеттік отбасы саясаты саласындағы уәкілетті орган - мемлекеттік отбасы саясатын қалыптастыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
«29-1) отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі «111» байланыс орталығы (бұдан әрі - «111» байланыс орталығы) - ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған, отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық, психологиялық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;»;
2) 2-баптың 2-тармағы 8) тармақшасындағы «қолдау қағидаттарына негізделеді.» деген сөздер «қолдау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғау, сақтау, нығайту және ілгерілету;
10) балаларды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарды құрметтеу рухында адамгершілік және рухани жағынан тәрбиелеуді қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.»;
3) 1-тарау мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Отбасын қолдау орталықтары
1. Отбасын қолдау орталықтары халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан аудандарда және қалалардағы аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылады және (немесе) ұйымдастырылады.
2. Отбасын қолдау орталықтары мыналарды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;
2) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдаумен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
3) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету;
5) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
6) мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл жасау;
7) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингтеу және талдау;
8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды іске асыру.
3. Отбасын қолдау орталықтары өз қызметін мемлекеттік отбасы саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
4. Отбасын қолдау орталықтарының қызметін үйлестіруді және оған әдістемелік басшылықты мемлекеттік отбасы саясаты саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Отбасын қолдау орталықтары бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.»;
4) 10-тарау мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын:
«67-1-бап. «111» байланыс орталығы
1. «111» байланыс орталығы отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық консультация береді, ұйымдастырушылық, психологиялық көмек көрсетеді, орталық мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды келіп түскен жолданымдар бойынша хабардар етеді және азаматтарға жолданымдардың орындалу мәртебесі туралы ақпарат береді.
2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:
1) «111» байланыс орталығының қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
2) «111» байланыс орталығы қызметінің және оның орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.
3. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды және «111» байланыс орталығына жолданымдарды қараудың қорытындылары бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат береді.»;
5) 70-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі «қамтамасыз ету» деген сөздерден кейін «, заңға мойынсынушылық мінез-құлықты қалыптастыру» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) 3-бапта:
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақпен толықтырылсын:
«18-1) кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар - осы Кодекстің 99-бабы екінші бөлігінің 14) тармағында, үшінші бөлігінде, 105-бабының үшінші бөлігінде, 106-бабы екінші бөлігінің 11) тармағында және үшінші бөлігінде (қылмыс кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда), 107-бабы екінші бөлігінің 8) тармағында, 108-1-бабы екінші бөлігінің 8) тармағында, 110-бабы екінші бөлігінің 1) тармағында (қылмыс кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда), 116-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында және үшінші бөлігінде (қылмыс кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда), 119-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде (қылмыстар кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда), 125-бабы екінші бөлігінің 5) тармағында және үшінші бөлігінде (қылмыс кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда), 126-бабы екінші бөлігінің 5) тармағында және үшінші бөлігінде (қылмыс кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда), 127-бабы екінші бөлігінің 3) тармағында, 133-бабының үшінші бөлігінде (қылмыс күш қолдана отырып жасалған жағдайда), 135 және 146-баптарында (қылмыс кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда) көзделген іс-әрекеттер;»;
42) тармақтағы «124 (жас балаларды азғындық жолға түсіру)» деген сөздер «124 (он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 45-баптың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қамаққа алу сотталған адамды тағайындалған не ауыстырылған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан оқшаулауды білдіреді.»;
«3. Қамаққа алу кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдерге, жас баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға тағайындалмайды және жазаны ауыстыру ретінде қолданылмайды.»;
3) 55-баптың сегізінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінің ережелері, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмысты кәмелетке толмаған адам жасаған жағдайды қоспағанда, мұндай қылмыстарды жасаған адамдарға қолданылмайды.»;
4) 68-баптың төртінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақпен толықтырылсын:
«2-1) кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмысты кәмелетке толмаған адам жасаған жағдайды қоспағанда, мұндай қылмыстар;»;
7) тармақтағы «жасаған адамдарға қолданылмайды» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақтағы «қасақана қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.» деген сөздер «қасақана қылмыс;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақпен толықтырылсын:
«9) бұрын жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін осы Кодекстің 71-бабының бірінші бөлігінде белгіленген қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі ішінде осы Кодекстің 108-1 және 109-1-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қолданылмайды.»;
5) 83-баптың бірінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәмелетке толмаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылған кезде оған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.»;
6) 7-бөлім мынадай мазмұндағы 98-3-баппен толықтырылсын:
«98-3-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған адамға жаза тағайындау кезінде не оны қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату кезінде сот өз бастамасы бойынша не қылмыстық процесс тараптарының өтінішхаты бойынша оның жүріс-тұрысына үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге ерекше талаптар белгілеуі мүмкін, онда психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ:
1) жәбірленушінің кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерін қоса алғанда, жәбірленушінің еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға;
2) атыс қаруын және басқа да қару түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға;
3) алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды тұтынуға толық көлемде немесе жеке-жеке тыйым салу көзделеді.
2. Қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленген кезде жәбірленуші мен оның отбасы мүшелерін күзету және қорғау үшін сот айрықша жағдайларда, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға тұрғын үйде жәбірленушімен бірге тұруға тыйым салу түрінде құқықтық ықпал ету шарасын отыз тәулікке дейінгі мерзімге қолдануға құқылы.
3. Сотталған адамның не өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тараптардың татуласуына орай тоқтатылған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған профилактикалық әңгімелесу үшін айына бір реттен төрт ретке дейін ішкі істер органдарына келіп тұру міндеттері жүктелуі мүмкін.
4. Осы Кодекстің 108-1-бабының екінші бөлігі, 109-1-бабының екінші бөлігі бойынша өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тараптардың татуласуына орай тоқтатылған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған сот шешімімен профилактикалық әңгімелесу үшін айына бір реттен төрт ретке дейін ішкі істер органдарына келіп тұру міндеті жүктеледі.
5. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамға ерекше талаптар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 165-бабында айқындалған тәртіппен белгіленеді.»;
7) 99-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
8) 105-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«105-бап. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету
1. Жәбірленушіні қорқыту, оған қатыгездікпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетін үнемі қорлау арқылы адамды өзін-өзі өлтіруіне дейін немесе өзін-өзі өлтіруге оқталуына дейін жеткізу, сол сияқты оны өзін-өзі өлтіруге көндіру не соған ықпал ету -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі не кінәлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тәуелді адамға қатысты;
2) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған;
3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
4) телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер -
бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
9) 106-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
10) 107-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға» деген сөздер «екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
11) мынадай мазмұндағы 108-1 және 109-1-баптармен толықтырылсын:
«108-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру
1. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Мынадай:
1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты;
3) аса қатыгездікпен, сол сияқты кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі не кінәлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тәуелді адамға қатысты жасалған;
4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
5) бұзақылық ниетпен;
6) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша;
7) бірнеше рет;
8) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
«109-1-бап. Ұрып-соғу
1. Тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау -
сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не жиырма бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Мынадай:
1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты;
3) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі не кінәлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тәуелді адамға қатысты жасалған;
4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
5) бұзақылық ниетпен;
6) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша;
7) бірнеше рет;
8) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
бір жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүзден екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не отыз тәуліктен елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.»;
12) 110-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жәбірленушіні азаптау мақсатында аса қатыгездікпен, қорлаумен жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату, егер бұл іс-әрекет денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге алып келмесе, -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
13) 120-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
14) 121-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
15) мынадай мазмұндағы 121-1-баппен толықтырылсын:
«121-1-бап. Он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу
Көрінеу он алты жасқа толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы ұсыныстармен, оның ішінде Интернет желісін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған ұсыныстармен немесе тиісушілікпен ұштасқан сексуалдық сипаттағы әдепсіз әрекеттерді жасау -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.»;
16) 124-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Жас балаларды», «Көрінеу жас балаға», «Жас балаға» деген сөздер тиісінше «Он алты жасқа толмаған адамдарды», «Көрінеу он алты жасқа толмаған адамға», «Он алты жасқа толмаған адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 125-бапта:
екінші бөліктің 5) тармағы алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 2-1) тармақпен толықтырылсын:
«2-1) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;»;
18) 126-бапта:
екінші бөліктің 5) тармағы алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 2-1) тармақпен толықтырылсын:
«2-1) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;»;
19) мынадай мазмұндағы 313-1-баппен толықтырылсын:
«313-1-бап. Өзін-өзі өлтіруді насихаттау
1. Өзін-өзі өлтіруді насихаттау, яғни осы Кодекстің 105-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері болмаған кезде шектелмеген адамдар тобында өзін-өзі өлтіруге бару шешімін қоздыру мақсатында ақпаратты кез келген нысанда қасақана тарату -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, бір және одан да көп адамның өзін-өзі өлтіруге оқталуына алып келген іс-әрекет -
бір жылға бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамның өзін-өзі өлтіруіне алып келген іс-әрекет -
үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
20) 467-баптың 1-1-бөлігі «ережелері» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 108-1 және 109-1-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты, ал» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) 32-баптың үшінші бөлігі:
«110» деген цифрлардың алдынан «108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«121 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «121-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
2) 136-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99, 106, 107, 108-1 (екінші бөлігінде), 109-1 (екінші бөлігінде), 110, 120, 121 (3-1-бөлігінде), 122, 123, 124, 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде), 299 (төртінші бөлігінде) - баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілетін, айыпталатын адамдарға жасалған қылмыстың ауырлығы және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы уәжімен бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылуы мүмкін.»;
3) 191-бапта:
екінші бөлікте:
«107 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «108-1 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«313,» деген цифрлардан кейін «313-1 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
он алтыншы бөлікте:
«Қылмыстық кодексінің» деген сөздерден кейін «108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1,» деген сөздермен толықтырылсын;
«119 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «121-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«306 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «313-1 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын.
4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 129-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 131-1-бабын, 154-бабының 2-тармағын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға (қызметтер көрсету басталғанға дейін және оларды көрсету кезеңінде) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылауға және қадағалауға қолданылмайды.»;
6-тармақ 3) тармақшасындағы «мемлекеттік бақылау бөлігінде шарттық қатынастарды орындауға байланысты мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.» деген сөздер «мемлекеттік бақылау;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға (қызметтер көрсету басталғанға дейін және оларды көрсету кезеңінде) мемлекеттік тапсырысты орналастыруға байланысты және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттар мен өзге де мәмілелердің орындалуын мемлекеттік бақылау бөлігінде шарттық қатынастарды орындауға байланысты мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.»;
2) 144-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Меншік түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, стационарлық үлгідегі интернаттық ұйымдарға, білім беру ұйымдарына және баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін стационар, жартылай стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдарға қатысты бақылау субъектісін алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі жұмыс күні ішінде ұсына отырып, объектілерге жоспардан тыс тексеру жүргізілуі мүмкін.».
5. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) 97-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жұмыс беруші жұмыскерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдарда болған кезеңде жалақы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын демалыс беруге міндетті.
Жалақы сақталмайтын демалыс оның ұзақтығы көрсетіліп және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы шарттың көшірмесі ұсыныла отырып, жұмыскердің жазбаша хабарламасы негізінде беріледі.»;
2) 157-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-аналарға және өзге де заңды өкілдерге, сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесіне күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыскерлерге берілетін кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы;».
6. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 59-7) тармақшамен толықтырылсын:
«59-7) әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамдарға денсаулық сақтау ұйымдарында психологиялық көмек көрсетудің тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 21-3) тармақшамен толықтырылсын:
«21-3) әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамдарға денсаулық сақтау ұйымдарында психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырады;».