5) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;
6) қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын дефолтқа жол берген, бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, басқарма басшысы, мүшесі, бас бухгалтер, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келуі үшін:
1) бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы атқарушы органының басшысы, бас бухгалтері және сақтандыру брокерінің басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының басшысы, атқарушы органының мүшелері, сақтандыру брокерінің бас бухгалтері және басшысының орынбасары лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін басқару органының мүшелері, сондай-ақ атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
Орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру ұйымының басқару органы басшысының лауазымына кандидат болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі үшін осы бапта көзделген өтіл талап етілмейді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) күннен бастап не заңды тұлға сақтандыру холдингі мәртебесін алған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алған күннен бастап тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің міндеттерін уәкілетті органның келісімінсіз осы тармақта белгіленген мерзімнен асыра атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертiлдi
7. Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады.
8. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) басшы қызметкерлердің осы Заңның 16-2-бабында, осы бапта, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) тестің теріс нәтижесі.
Мыналар тестің теріс нәтижесі болып табылады:
кандидаттың тест нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы;
кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынған жағдайда) уәкілетті орган белгілеген тест тәртібін бұзуы;
уәкілетті органның кандидатты келісуі мерзімі өткенге дейін белгілеген уақытта тестке келмеуі;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің уәкілетті органның ескертулері ескеріле отырып пысықталған құжаттарды осы баптың 6-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткен соң ұсынуы;
4) осы баптың 6-тармағында белгіленген, басшы қызметкер өз лауазымын уәкілетті органның келісімінсіз атқарып отырған мерзім өткен соң құжаттарды ұсынуы;
5) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертiлдi (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін оған қатысты қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Уәкілетті органның тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуына немесе осы баптың 6-тармағында көзделген мерзімде құжаттар уәкілетті органға келісуге ұсынылмауына байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерімен еңбек шарты бұзылған немесе оның өкілеттігі тоқтатылған немесе осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы, осы сақтандыру брокеріндегі өзге лауазымға ауыстырылған жағдайда, осы адам осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, осы сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына өзін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуды алған не өзімен еңбек шарты бұзылған немесе өкілеттігі тоқтатылған немесе өзге лауазымға ауыстырылған соң күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері уәкілетті органды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің тиісті органының шешімі қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттігін тоқтатуды қоса алғанда, басшы қызметкерлер құрамында болған барлық өзгерістер туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшы қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Басшы қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері уәкілетті органды осы ақпарат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокеріне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
10. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті органның оны осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру брокерінде тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
11. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін:
1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;
2) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті органның осы Заңның 53-3-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолдануы;
4) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру брокерінде басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) берген келісімін қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарындағы осы басшы қызметкерге бұдан бұрын берілген келісімін (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
12. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын осы Заңда белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп иелену туралы шешім қабылдаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқару органының басшысы, атқарушы органның басшысы және оның орынбасарлары мен бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шараларды қабылдауға міндетті.
13. Осы баптың 3-тармағы 4) тармақшасының және 12-тармағының талаптары орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
14. Сақтандыру холдингінің басқару органдарының, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері, еншілес ұйымның (ұйымдардың) және (немесе) капиталына сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымның (ұйымдардың) қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге де басшылары сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады.
15. Осы баптың талаптары:
1) Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, мынадай талаптардың бірі орындалған кезде:
сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингілік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі шыққан елдің қаржылық қадағалау органының оның шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы бар болғанда;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі бар болғанда сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған басшы қызметкерлерді қоспағанда, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады.
ҚР 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді
35-бап. Қазақстан Республикасының резидентi еместiң қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қойылатын қосымша талаптар
1. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара )
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акциялары жиынтығының жиырма бес проценттен астамы:
1) Қазақстан Республикасының резидентi еместiң;
2) жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң меншiгіндегі және (немесе) басқаруындағы Қазақстан Республикасы резидентiнiң - заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң бағалы қағаздарын атаулы ұстаушылар болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң меншiгiнде немесе басқаруында болып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резидентi еместер қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылады.
36-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара )
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 6-1-тараумен толықтырылды
6-1-тарау. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құрудың және олардың қызметінің ерекшеліктері
36-1-бап. Исламдық сақтандыру қағидаттары
Исламдық сақтандыру қағидаттары:
1) сақтанушыларды өзара қорғау және олардың өзара жауапкершілігі;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) осы Заңның 11-бабы 2-тармағының 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көзделген, пайыздармен көрсетілген инвестициялаудан немесе қарыздар беруден түскен кірістерді алуға тыйым салу;
3) темекі, алкоголь өнімінің өндірілуіне және (немесе) саудасына, қару-жарақ пен оқ-дәрілерге, ойын бизнесіне байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес сақтандыруға (қайта сақтандыруға) немесе қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін сақтандыруға (қайта сақтандыруға) немесе қаржыландыруға тыйым салу болып табылады.
36-2-бап. Исламдық сақтандыру қоры
1. Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мақсатында исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде алынған өзге де кірістер есебінен қалыптастырады.
Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқаруды жүзеге асырады.
3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушылардың мүддесінде исламдық сақтандыру қорының қаражатын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес тізбесін белгілейтін активтерге инвестициялайды.
4. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорының қаражаты салынған активтер құнының азаюына байланысты шығындар үшін, мұндай шығындар оның кінәсінан туындаған жағдайларды қоспағанда, жауаптылықта болмайды.
5. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорының қаражатынан өз қаражатының бөлек есебін жүргізеді.
6. Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қорының қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ақшаны болашақта исламдық сақтандыру қорына түсетін ақшалай түсімдер есебінен қайтару шартымен, исламдық сақтандыру қорына беруге міндетті. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осындай ақшаны бергені үшін сыйақы алуға құқылы емес.
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7. Исламдық сақтандыру қорының қаражатын сақтанушылар арасында бөлу әр сақтанушының исламдық сақтандыру қорындағы үлесіне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.
36-3-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйақысы
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде сыйақы алуға құқылы.
36-4-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қызметі
1. Қызметтің, операциялардың және мәмілелердің осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкестігін айқындау үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында міндетті түрде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес құрылады.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады.
36-5-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын талаптар
1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін, осы Заңның 36-3-бабында көрсетілген сыйақыдан басқа, кез келген түрде сыйақы алуға немесе өзге де кіріс алуға құқылы емес.
2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысымен исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеске исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын, сақталуы міндетті өзге де талаптарды айқындау құқығы берілуі мүмкін.
36-6-бап. Исламдық сақтандыру шартын исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп танудың салдарлары
1. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес жасалу сатысындағы исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, мұндай шарт жасалмайды және орындалмайды.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, мұндай шарт исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылады.
3. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес орындалған немесе ішінара орындалған исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мұндай шарт бойынша кірісі қайырымдылыққа жіберілуге тиіс.
36-7-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысына қойылатын қосымша талаптар
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мәліметтерге қоса:
1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің мақсаттары;
2) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы - исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ оны құру тәртібі және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптар;