12) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекітеді;
14) операторды тағайындайды және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алады;
15) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекітеді;
17), 18) 2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекітеді;
22) пошта операторларының қызметтер көрсетуіне қажетті және жеткілікті, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесін бекітеді;
23) Ұлттық пошта операторын айқындайды;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды
23-1) Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидаларын бекітеді;
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері:
1) пошта операторларына өздерінің аумақтарына өндірістік объектілерді орналастыруында жәрдем көрсетеді;
2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында пошта байланысының тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдеседі, оның ішінде қажет болған кезде пошта байланысы бөлімшелерін сақтау жөніндегі шараларды қабылдайды;
3) кондоминиум объектілерін басқару органдарымен, тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың меншік иелерімен олардың абоненттік пошта жәшіктерін қамтамасыз етуі және оларды тиісінше пайдалану жөнінде жұмыс жүргізеді.
6-бап. Пошта саласындағы құпияны қамтамасыз ету
1. Мемлекет әрбір пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыға пошта құпиясы құқығына кепілдік береді. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғана осы құқықты шектеулерге жол беріледі.
2. Пошта саласындағы құпия пошта құпиясы және банк құпиясы болып бөлінеді. Пошта құпиясын және банк құпиясын сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі талаптар осы Заңда және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
3. Пошта операторлары пошта саласындағы құпияны қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтауға міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, пошта жөнелтілімдерін ашу процесіне қатысқан пошта операторларының жұмыскерлері Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей белгіленген жағдайларды қоспағанда, пошта құпиясын сақтаумен байланысты ақпаратты жариялауға құқылы емес.
4. Пошта саласындағы құпияның бұзылуына жол берген пошта операторларының лауазымды адамдары мен басқа да жұмыскерлері, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
5. Пошта жөнелтілімдерін қарап-тексеруді, алуды және тыйым салуды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ғана соттар, құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Пошта операторларының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы
1. Қазақстан Республикасының аумағында пошта қызметін жүзеге асыратын пошта операторлары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес пошта байланысы желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға барлық пошта байланысы желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін, пошта операторы көрсететін қызметтерді пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
Уәкілетті орган ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу мақсаттары үшін пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын айқындайды.
7-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Пошта операторлары пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізуді, дербес деректер туралы ақпарат жинауды және сақтауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен жабдықты орнатуға міндетті. Дербес деректер туралы ақпаратты сақтау мерзімі пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында айқындалады.
2. Пошта операторларының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара қарым-қатынастары «Жедел-iздестiру қызметi туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Заңмен реттеледі.
8-бап. Пошта саласында көрсетілетін қызметтерге тарифтер
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, пошта саласында көрсетілетін қызметтерге тарифтерді пошта операторлары негiзделген шығындар негiзiнде өзі дербес белгілейді.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Пошта саласындағы субсидияланатын әмбебап көрсетілетін қызметтерге бағалардың шекті деңгейін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен уәкілетті орган реттейді.
3-тарау. ПОШТА САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ
9-бап. Пошта саласындағы қызмет
1. Қазақстан Республикасында пошта саласында мынадай қызмет түрлері:
1) пошта қызметі;
2) осы Заңға сәйкес пошта саласындағы өзге де қызмет қолданылады.
2. Пошта қызметіне мынадай пошта байланысының көрсетілетін қызметтері жатады:
1) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері;
2) тiркелетiн пошта жөнелтiлімдерiн жiберу бойынша көрсетілетін қызметтер;
3) пошта байланысының жеделдетілген және курьерлiк көрсетілетін қызметтері;
4) пошталық ақша аударымдары;
5) жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдарын тарату және бөлшек саудада сату бойынша көрсетілетін қызметтер;
6) пошта төлемінің белгілерін және филателиялық өнімді өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер;
7) гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер;
8) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы пошта байланысының көрсетілетін қызметтері;
9) пошта байланысының көрсетілетін қызметтерімен тығыз байланыста ұсынылатын өзге де көрсетілетін қызметтер.
3. Пошта саласындағы өзге де қызметке:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген банк операциялары, қаржылық көрсетілетін қызметтер;
2) тауарларды (жүктерді) тасымалдау, өңдеу, қоймаға жинау және сақтау бойынша көрсетілетін қызметтер;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тапсырма және (немесе) комиссия шарты жағдайларында заңдық әрекеттерді жасау;
4) зейнетақыларды, жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді жеткiзу бойынша көрсетілетін қызметтер жатады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды
9-1-бап. Арнайы пошта байланысы қызметі
1. Арнайы пошта байланысы қызметі арнайы пошта байланысы арналары арқылы арнайы жөнелтілімдер жіберілген кезде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі айрықша жарғылық міндеттерді орындайды.
2. Арнайы пошта байланысы қызметі Ұлттық пошта операторының бірыңғай құрылымдық бөлімшесі болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсынады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Арнайы пошта байланысы қызметінің жеке құрамы Ұлттық пошта операторы бекіткен нысанды киім үлгілеріне сәйкес нысанды киіммен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қарумен, арнайы қорғау және байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
4. Арнайы пошта байланысы қызметінің ұйымдастырушылық қызметін, сондай-ақ арнайы пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну тәртібін және көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы пошта байланысы қызметінің қызметкерлері тасымалдайтын арнайы жөнелтілімдер жете тексеруге және кідіртуге жатпайды.
10-бап. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері
2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Пошта операторы пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынған кезде өндірістік объектілерде қабылданған және пошта жөнелтілімін тапсырғаны туралы қолхат алмай жеткізілетін, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін жіберу жөніндегі қызметтерді көрсетеді.
Пошта операторының пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынуы уәкілетті орган бекіткен, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділігіне, сапасына және ұсынылу бағасына деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын талаптар белгіленетін, пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Пошта байланысының əмбебап көрсетілетін қызметтеріне:
1) тіркелмейтін хатты жіберу бойынша көрсетілетін қызмет;
2) жаздырып алынатын мерзімді баспасөз басылымдарын тарату бойынша көрсетілетін қызмет жатады.
3. Тіркелмейтін пошта жөнелтілімдері Қазақстан Республикасының аумағы бойынша да, оның шегінен тыс жерлерге де жіберуге қабылданады. Тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін нәрселер мен заттарға қойылатын талаптар пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында айқындалады.
4. Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік заңды тұлғалар арасында тіркелмейтін пошталық жөнелтілімдерді жіберуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тіркелмейтін пошта жөнелтілімдері түріндегі жазбаша жауаптар жолдауға тыйым салынады.
11-бап. Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тіркелетін пошта жөнелтілімін жіберу пошта жөнелтілімінің қабылданғанын құжаттық не электрондық растау, пошта жөнелтіліміне пошталық тіркеу нөмірін (сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-код) бере отырып, жөнелтушіге қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда растау құжатын беру, сондай-ақ пошта жөнелтілімін қол қойғызып не осындай табыс етуді өзге де тәсілмен растайтын автоматтандырылған (электрондық) құрылғыларды, жабдықты, ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып табыс ету арқылы жүзеге асырылады.
2. Тіркелетін пошта жөнелтілімдеріне: хат (тапсырысты, құндылығы жарияланған), пошта карточкасы (тапсырысты), бандероль (тапсырысты, құндылығы жарияланған), ұсақ пакет (тапсырысты, құндылығы жарияланған), жіберілімдер (жай, құндылығы жарияланған) жатады.
Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша көрсетілетін қызметке енгізілетін пошта жөнелтілімдерінің түрлері мен санаттарының қосымша тізбесі пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында белгіленеді.
Тіркелетін пошта жөнелтілімі қайтарым мекенжайы міндетті түрде көрсетіле отырып, қабылданады.
3. Тіркелетін пошта жөнелтілімдері Қазақстан Республикасының аумағы бойынша да, оның шегінен тыс жерлерге де қабылданады. Тіркелетін пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін нәрселерге, заттар мен тауарларға қойылатын талаптар пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында айқындалады.
12-бап. Жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының көрсетілетін қызметтері
1. Пошта операторының жеделдетілген және (немесе) курьерлік пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну бойынша қызметі пошта жөнелтілімдерін жедел (экспресс) өңдеу, тасымалдау, жеткізу және (немесе) табыс ету ескеріле отырып және (немесе) осындай пошта жөнелтілімдерін курьердің тасымалдауы және табыс етуі ескеріле отырып, оларды жіберуден тұрады.
2. Жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының көрсетілетін қызметіне:
1) пошта жөнелтілімдерін қабылдау;
2) пошта жөнелтілімдерін өңдеу, сұрыптау, сақтау, тасымалдау және жеткізу;
3) пошта жөнелтілімдерін табыс ету;
2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жөнелтушіні пошта жөнелтілімінің табыс етілгені туралы хабардар ету кіреді.
13-бап. Пошталық ақша аударымы
1. Пошталық ақша аударымы тіркелетін пошта жөнелтілімі болып табылады. Пошталық ақша аударымының тәртібі мен оған қойылатын талаптар, сондай-ақ пошта жөнелтілімі бланкісінің нысандары пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында белгіленеді.
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының ішінде жіберілетін пошталық ақша аударымының сомасы, егер Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, шектелмейді. Пошталық ақша аударымдары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында және Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес басқа валюталарда қабылданады.
Пошталық ақша аударымдарын шетел валютасында жүзеге асырған кезде, жөнелтуші (алушы) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарына сәйкес қосымша мәліметтер мен құжаттарды табыс етеді.
3. Пошталық аударымдарды жүзеге асыру үшін ақшаны қабылдау қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз тәсіл кезінде пошталық ақша аударымы пошта операторының банктік шотына ақша және комиссиялық сыйақы сомасы келіп түскеннен кейін жүргізіледі.
14-бап. Жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдарын тарату
1. Жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдарын тарату жөніндегі қызметтерді пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға ұсыну пошта операторы бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесімен немесе оның өкілімен пошта операторының жаздырып алу каталогіне мерзімді баспа басылымын енгізу жөнінде шарт жасасқаннан кейін жүзеге асырылады.
Пошта операторы жаздырып алудың бірыңғай каталогін қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жүргізеді, онда мерзімді баспа басылымдарының таратылу аумағына қарай республикалық, жергілікті және шетелдік мерзімді баспа басылымдары жөніндегі бөлімдер қамтылуға тиіс.
2. Жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдарын тарату мына кезеңдерден тұрады:
1) бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесімен немесе оның өкілімен мерзімді баспа басылымдарын таратуға, сондай-ақ пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыдан тапсырысты қабылдауға және жаздырып алуды ресімдеуге, оның ішінде интернет-ресурсты пайдалана отырып ресімдеуге және мерзімді баспа басылымдарына пошта операторы қабылдаған жаздырып алу бойынша ақпаратты өңдеуді жүзеге асыруға шарт жасасу;
2) пошта операторының мерзімді баспа басылымдарын қабылдауы, өңдеуі, тасымалдауы, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыға жеткізуі не мерзімді баспа басылымын пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының электрондық абоненттік пошта жәшігіне электрондық нысанда жіберуі.
2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Республикалық, жергілікті және шетел мерзімді баспа басылымдарына жазылуды пошта операторы немесе пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы өндірістік объектілер немесе интернет-ресурстар арқылы жүзеге асырады. Жаздырып алынатын республикалық мерзімді баспа басылымдарын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тарату масс-медиа саласындағы уәкілетті орган беретін құжатқа сәйкес жүзеге асырылады, ал жергілікті мерзімді баспа басылымдарын тарату облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретін тиісті құжатта көрсетілген облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында жүзеге асырылады.
2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жаздырып алынатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын тарату Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес масс-медиа саласындағы уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретін Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы құжатта көрсетілген аумақта жүзеге асырылады.
15-бап. Мерзімді баспа басылымдарын бөлшек сауда арқылы сату
1. Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға мерзімді баспа басылымдарын бөлшек сауда арқылы сату жөніндегі қызметтерді ұсынуды пошта операторы бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесімен немесе оның өкілімен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.
2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Шетелдік мерзімді баспа басылымдарын бөлшек сауда арқылы сатуды пошта операторы «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес масс-медиа саласындағы уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретін Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы құжатта көрсетілген аумақта жүзеге асырады.
16-бап. Пошта төлемінің белгілерін өткізу
1. Пошта төлемінің белгілері пошта операторының жазбаша хат-хабарды жіберу жөніндегі қызметтеріне қолданыстағы тарифтерге сәйкес ақы төленгенін растауға арналған. Пошта төлемінің белгілерін қолдану жазбаша хат-хабар жөнелтілімдеріне ғана жүзеге асырылады.
2. Пошта операторы, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, уәкілетті органмен келісілген пошта төлемінің белгілерін пайдаланады.
3. Пошта операторлары Қазақстан Республикасының аумағында ішкі және халықаралық жазбаша хат-хабарды жіберуді пошта төлемінің белгілері болған кезде ғана жүзеге асырады.
4. Сатылған пошта төлемінің белгілері, оның ішінде мемлекеттік белгілер қайтарылуға және ауыстырылуға жатпайды.
5. Пошта жөнелтілімінде пошта төлемінің белгілері болмаған немесе белгіленген тариф ішінара төленген кезде, пошта операторы мұндай пошта жөнелтілімін жөнелтушіге қайтарады.
6. Ластанған, бүлінген, пайдаланылған (өтелген), айналымнан алынған пошта төлемінің белгілері, сондай-ақ басқа мемлекеттердің пошта төлемінің белгілері пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін төлеу үшін қабылданбайды.
7. Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерінің төленгенін растайтын пошта төлемінің сатып алынған белгілері пошта төлемінің осы белгісін айналымға шығарған пошта операторында пайдаланылуға тиіс.
8. Пошта операторларына тиесілігіне қарай пошта төлемінің белгілерін сәйкестендіру мақсатында пошта төлемі белгілерінің оң жағында пошта төлемінің мемлекеттік белгілерінен басқа пошта операторының атауы болуға тиіс.
17-бап. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілері және филателиялық өнім
1. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін айналымға енгізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды уәкілетті орган Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес айқындайды. Мемлекеттік пошта төлемі белгілерінің түрлерін және көлемдерін бекіту, пошта айналымына енгізу және оларды айналымнан алу тәртібі, сондай-ақ жасауды, шығаруды және өткізуді ұйымдастыру уəкілетті орган бекітетін пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларында айқындалады.
3. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін жасаудың, шығарудың және өткізудің ұйымдастырылуын Ұлттық пошта операторы жүзеге асырады.
4. Заңсыз шығарылған пошта төлемінің мемлекеттік белгілері айналымынан қорғану мақсатында Ұлттық пошта операторы Дүниежүзілік пошта одағына мүше елдердің төлнұсқа маркалары тізіліміне енгізу үшін әрбір жаңа шығарылымның және әрбір номиналдың үш пошта маркасын қажетті ақпаратпен бірге (шығарылған күні, техникалық сипаттамасы және басқа да қажетті деректер) Дүниежүзілік пошта одағының атына жіберіп отырады.
5. Уәкілетті орган Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша филателиялық өнім ретінде қолдану мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін пошта айналымынан алуды жүзеге асырады.
6. Пошта төлемінің мемлекеттік белгісінің пошта айналымы оны айналымға енгізген күннен кейін кемінде екі жыл жүзеге асырылады.
18-бап. Гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер
1. Пошта операторының гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша қызмет көрсетуі жөнелтілімді кейінгі кезеңде хат (пошталық карточка) түрінде жеткізілетін, бастапқы кезеңде ақпараттық жүйелерді, интернет-ресурстарды және басқа да электрондық жеткізгіштерді қолдану арқылы электрондық хат (хабар) нысанында жіберу не кейінгі кезеңде электрондық поштаға немесе электрондық абоненттік пошта жәшігіне ақпараттық жүйелерді, интернет-ресурстарды және басқа да электрондық жеткізгіштерді қолдану арқылы электрондық хат (хабар) нысанында жеткізілетін хатты (пошталық карточканы) бастапқы кезеңде жіберу арқылы жүзеге асырылады.
2. Жөнелтушілерден электрондық хаттарды (хабарларды) қабылдау немесе жеткізу шарт негізінде пошта операторының ақпараттық жүйесімен интеграцияланған, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден ақпаратты беру арқылы жүзеге асырылады.
3. Электрондық хаттарды (хабарларды) қабылдау және жеткізу мақсатында пошта операторлары меншікті ақпараттық жүйелері мен телекоммуникациялар желілерін немесе шарт негізінде үшінші тұлғалардың ақпараттық жүйелері мен телекоммуникациялар желілерін пайдаланады.
4. Пошта операторы алынған электрондық хаттарды (хабарларды) басып шығаруды және конвертке салуды жүргізетін үшінші тұлғаны шарт негізінде тартуға құқылы.
5. Пошта жөнелтілімі түріндегі электрондық хатты (хабарды) жіберу осы Заңда және пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды
18-1-бап. Электрондық, гибридтік поштаның көрсетілетін қызметтері
Электрондық поштаның көрсетілетін қызметтері аутентификацияланған көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылары арасында мұндай берудің жөнелтілуін және жеткізілуін растай отырып хабарламаларды, ақпаратты, хаттар мен құжаттарды электрондық түрде беруден және алынған хабарламаларды, ақпаратты, хаттар мен құжаттарды қауіпсіз сақтауды қамтамасыз етуден тұрады.
Гибридтік поштаның көрсетілетін қызметтеріне гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер жатады.
Пошта операторлары көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда берген өтінішке сәйкес көрсетілетін қызметтерді пайдаланушыларды ерікті негізде тіркеуді жүзеге асырады. Электрондық поштаның көрсетілетін қызметтерін аутентификациялау және ұсыну тәртібі пошта операторы мен көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы арасындағы пайдалану келісімі негізінде айқындалады.
Электрондық поштаның көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыны аутентификациялау электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады.
Пошта операторлары электрондық пошта штемпелін қолданады, ол хабарламаларды, ақпаратты, хаттар мен құжаттарды электрондық түрде беруді және көрсетілетін қызметтердің бір немесе бірнеше пайдаланушысы белгілі бір уақытта жүргізген операцияның төлнұсқалығын тиісті нысанда растау болып табылады.
19-бап. Пошта операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу
1. Пошта операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
2. Пошта операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу мынадай тәсілдермен:
1) қолма-қол ақшаны пайдаланып;