2) қолма-қол ақшасыз тәртіппен, оның ішінде электрондық ақшамен жүргізіледі.
3. Пошта операторы пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға көрсетілетін қызметтерге шарт жасасқан кезде, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеудің бір немесе бірнеше тәсілі шарт талаптарында көзделеді.
4. Пошта операторы жөнелтушінің тапсырмасы бойынша адресаттан оған пошта жөнелтілімін табыс ету кезінде жөнелтуші айтқан үстеме төлем сомасын алуды және жөнелтуші көрсеткен мекенжайға оны жіберуді міндеттенеді. Үстеме төлемді пошта жөнелтілімдері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша және пошта операторларымен тиісті шарттар жасалған елдерге жіберу үшін қабылданады.
5. Адресат пошта жөнелтілімінен, оның ішінде үстеме төлемді пошта жөнелтілімінен бас тартқан жағдайда, пошта операторы жөнелтушіге пошта жөнелтілімін қайтарады, ол пошта жөнелтілімін алған кезде жөнелтілім кері жіберілгені үшін соманы төлеуге міндетті.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Хабархат, хабарлама
1. Тіркелетін пошта жөнелтілімі межелі жері бойынша келіп түскені туралы хабархат пошта жөнелтілімін алушының электрондық абоненттік пошта жәшігіне электрондық тәсілмен жіберіледі, электрондық абоненттік пошта жәшігі болмаған жағдайда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі болған кезде хабархат соған жіберіледі не қағаз жеткізгіште абоненттік пошта жәшігіне және (немесе) абонементтік жәшікке дейін жеткізіледі.
2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Пошта жөнелтілімінің табыс етілгені туралы хабарлама пошта байланысының қосымша көрсетілетін қызметі болып табылады, ол үшін жөнелтушіден тіркелетін пошта жөнелтілімін қабылдаған кезде төлемақы алынады және алушыға тіркелетін пошта жөнелтілімі табыс етілген кезде жөнелтушіге кері жіберіледі.
3. Тіркелетін пошта жөнелтілімін алу туралы хабарламаны ресімдеу және жіберу қағаз жеткізгіште не электрондық абоненттік пошта жәшігі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Пошта жөнелтілімінің табыс етілгені туралы хабарлама үшін тарифті жөнелтуші пошта операторының квитанциясын ала отырып, алдын ала төлейді.
21-бап. Пошта жөнелтiлімiн қайтару, мекенжайды өзгерту немесе түзету
1. Жөнелтушi пошта жөнелтiлімi:
1) адресатқа берiлмеген;
2) жіберуге тыйым салынған заттар мен нәрселер тәркiленбеген немесе жойылмаған;
3) межеленген елдiң заңнамасы негiзiнде алып қойылмаған жағдайларда, пошта операторына пошта жөнелтiлімiн қайтару, мекенжайды өзгерту немесе түзету туралы талаппен өтініш жасайды.
2. Пошта жөнелтiлімiн қайтару, мекенжайды өзгерту және түзету жөнелтушi қосымша ақы төлеген кезде жүзеге асырылады.
22-бап. Пошта операторлары
1. Пошта операторларында қажеттi материалдық-техникалық база мен бiліктi кадрлар, механикаландыру құралдары болуға, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға пошта жөнелтiлімдерiн Қазақстанның iшiнде және одан тыс жерлерге жiберудің тарифтерi, мерзiмдерi туралы ақпарат, сондай-ақ өзге де ақпарат беруге тиiс.
2. Пошта операторларының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметі пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Пошта операторлары пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардан алған пошта жөнелтілімдерінің және пошталық ақша аударымдарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Пошта операторлары пошта жөнелтiлімдерi, пошталық ақша аударымдары, жөнелтушiлер және адресаттар туралы мәлiметтердi тек жөнелтушiлер мен адресаттарға не олардың заңды өкілдерiне немесе сенiмхат негiзiнде сенiм білдірілген тұлғаларға бередi. Көрсетілген мәлiметтердi өзге жеке және заңды адамдарға беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Пошта операторлары пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін өндірістік объектілер, поштаматтар, пошташылар немесе курьерлер арқылы көрсетеді, сондай-ақ қызметтерді көрсету кезінде осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес меншікті пошта төлемінің белгілерін пайдаланады.
Пошта операторлары абоненттік пошта жәшіктері арқылы тізбесі пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында белгіленетін пошта жөнелтілімдерін жеткізеді.
6. Пошта операторлары арасындағы өзара іс-қимыл шарттық негізде жүзеге асырылады.
2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 216 және 217-баптарында көзделген қылмысы үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға, немесе жеке тұлға құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлға пошта операторы бола алмайды.
8. Пошта операторлары қызметін осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
23-бап. Ұлттық пошта операторы
1. Ұлттық пошта операторының мынадай міндеттемелері болады:
1) уәкiлеттi орган бекіткен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынады;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ауылдық елді мекендерде осы Заңның 23-1-бабында көзделген қызметтерді көрсетеді;
2) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы пошта байланысы қызметтерін көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларға сәйкес жылжымайтын мүлік объектілеріне пошта индекстерін беруді жүзеге асырады;
4) 2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) арнаулы пошта байланысының жұмыскерлерін нысанды киiммен, сондай-ақ өз жұмыскерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етеді;
6) Қазақстан Республикасының пошта төлемiнің мемлекеттiк белгiлерiн шығаруды және өткізуді ұйымдастырады;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесін құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
2. Ұлттық пошта операторы:
1) осы Заңның 9-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 5), 7) және 9) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген қызметтерді көрсетуге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен брокерлік, дилерлік және трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) жасалған шарт негізінде бюджеттен көрсетілген қызметтер үшін сыйақы алу құқығымен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен кірістер тізбесі бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін жеке тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер өкілдерінен қолма-қол және қолма-қол емес ақша қабылдағаны үшін төлемақы алмай қызметтер көрсетуге;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) банк операцияларының мынадай жекелеген түрлерін лицензиясыз:
заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, олардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;
банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді;
кассалық операцияларды: қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, буып-түюді және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауды және беруді;
аударым операцияларын: жеке және заңды тұлғалардың төлемдері мен ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындауды;
банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды, оның ішінде бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды инкассациялауды;
қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын;
терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағында көзделген ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізу мақсатында банктік шотын ашуды және жүргізуді жүзеге асыруға;
2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) төлем карточкаларын шығаруды, өткізуді және таратуды жүзеге асыруға;
2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдауды жəне сақтауды жүзеге асыруға құқылы.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Ұлттық пошта операторының жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, олардың банктік шоттарын ашу және жүргізу жөніндегі қызметін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, оның ішінде жекелеген пруденциялық нормативтерді белгілеу және лицензиялар беру арқылы реттейді.
Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық жəне өзге де есептілікті ұсынады.
Ұлттық пошта операторы жедел депозиттерге тартатын халық салымдарының сақталуы оларды мемлекеттiк бағалы қағаздарға және өзге де өтiмдi қаржы құралдарына орналастыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Ұлттық пошта операторының қаржы қызметін жүзеге асыруы және қаржылық қызметтер ұсынуы кезінде оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.
Уәкілетті орган Ұлттық пошта операторының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
4. Ұлттық пошта операторы өзіне мемлекет жүктеген міндеттемелерді іске асыру мақсатында мәліметтер сұратады және алады не «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне кіру рұқсатын алады.
5. Ұлттық пошта операторы орналасқан жерінің мекенжайы бар және «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізілген әрбір жылжымайтын мүлік объектісіне пошта индексін береді. Қазақстан Республикасының аумағында пошта индекстерінің бірыңғай базасын жүргізуді Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
6. Ұлттық пошта операторының басқа пошта операторларымен өзара іс-қимылы шарттық негізде жүзеге асырылады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 23-1-баппен толықтырылды
23-1-бап. Ұлттық пошта операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге байланысты шығындарын өтеу
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес пошта байланысы бөлімшелерінде Ұлттық пошта операторы қамтамасыз етеді.
2. Ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін жасауға және қамтамасыз етуге байланысты Ұлттық пошта операторының шығындары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өтеледі.
2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендеріне қолма-қол ақшаны жеткізу жөніндегі шығындары (шығыстары) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын тәртіппен және шарттарда өтеледі.
Мұндай шығындар Ұлттық пошта операторының акциялар пакетінің жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі болған жағдайда өтеледі.
24-бап. Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидалары
Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында:
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) пошта операторларының пошта желісін ұйымдастыру және пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға қызмет көрсету, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың пошта байланысының көрсетілетін қызметтеріне кедергісіз қол жеткізу;
2) пошта операторларының атаулы құрылғыларын пайдалану тәртiбi;
3) пошта жөнелтiлімдерiн ресiмдеу тәртібі, сондай-ақ пошта жөнелтiлімдерiнiң түрлерi және олардың техникалық сипаттамалары;
4) пошта жөнелтiлімдерiн және (немесе) пошталық ақша аударымдарын қабылдау, өңдеу, тасымалдау және (немесе) беру, жеткiзу және (немесе) табыс ету тәртiбi, сондай-ақ пошта жөнелтілімі және (немесе) пошталық аударым бланкісінің нысаны;
5) халықаралық пошта жөнелтiлімдерiн қабылдау, өңдеу және табыс ету тәртiбi;
6) пошта жөнелтiлімдерiн алу, өңдеу және тексеру тәртiбi, сондай-ақ пошта жөнелтiлімдерiн сақтау мерзiмдерi;
7) пошта жөнелтiлімдерiн қосымша жiберу және қайтару;
8) операциялық күндi өткiзу;
9) пошта жөнелтiлімдерiн кiдiрту, қарап-тексеру және алу тәртiбi, сондай-ақ пошта желiлерi бойынша жiберуге тыйым салынған және шектеу қойылған заттар мен нәрселердің тiзбесi;
10) пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың өтiнiштерi мен шағымдарын қарау тәртiбi;
11) пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсынуға байланысты, осы Заңда көзделген өзге де ережелер қамтылуға тиiс.
Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын қараңыз
25-бап. Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезiндегi шектеулер және салынатын тыйымдар
1. Пошта жөнелтiлімдерiнде анықталған, жiберуге шектеу қойылған және тыйым салынған нәрселер мен заттар анықталған жерде осы Заңмен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгiленген тәртiппен кідіртіледі және алып қойылады.
2. Пошта жөнелтiлімдерiн қарап-тексеруге және оларды алуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда жол берiледi.
26-бап. Пошта операторларының қызметінде тілдерді қолдану
1. Қазақстан Республикасының аумағында пошта операторларының қызметтік іс жүргізуі қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағына мүше елдердің тағайындалған операторларымен және Дүниежүзілік пошта одағымен хат алмасуды Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған тілде жүргізеді.
2. Қазақстан Республикасының шегінде жіберілетін пошта жөнелтілімдерін жөнелтуші мен алушының мекенжайы жөнелтушінің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде, ал Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде межеленген елдің тілінде немесе Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде белгіленген тілде ресімделуге тиіс.
2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Пошта операторларының қызметіне қатысты ақпараттық, анықтамалық және басқа да мәліметтер, сондай-ақ құжаттардың үлгілері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға қолжетімді жерлерде орналастырылады.
27-бап. Пошта байланысы саласында жергілікті уақытты қолдану
1. Пошта саласында қызметті жүзеге асыру кезінде пошта операторларының пошта жөнелтілімдерін жіберудің технологиялық процестерінде олардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасу жеріне қарай жергілікті уақыт қолданылады.
2. Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды көрсетілетін қызметтерді ұсыну уақыты туралы хабардар ету жергілікті уақыт бойынша жүргізіледі.
4-тарау. ПОШТА ЖЕЛІСІ ЖӘНЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
28-бап. Қазақстан Республикасындағы пошта желілері
1. Қазақстан Республикасының аумағында Ұлттық пошта операторы құратын ұлттық пошта желісі және пошта операторлары қалыптастыратын пошта желілері әрекет етеді.
2. Ұлттық пошта желісі Қазақстан Республикасының стратегиялық объектісі болып табылады.
3. Пошта операторлары, осы Заңда тікелей белгіленген жағдайларды қоспағанда, пошта желілерін өзі дербес қалыптастырады.
29-бап. Пошта операторларының пошта желілерін жоспарлау және дамыту
1. Пошта операторлары пошта желілерін дамытуды өзі дербес жоспарлайды және жүзеге асырады.
Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ететін пошта желілерін дамыту уәкілетті орган бекітетін пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тұрғын үйлерді салу кезінде құрылысқа тапсырыс беруші абоненттік пошта жәшіктерін жобалау және орнату бойынша міндеттемені меншікті қаражаты есебінен көтереді.
30-бап. Пошта байланысының бөлімшелері
2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Пошта байланысының бөлімшелері пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға пошта саласындағы қызметтер көрсетілетін өндірістік объектілер болып табылады.
Пошта байланысының бөлімшелерін ашу және күтіп-ұстау қажеттілігін пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштері негізінде пошта операторы белгілейді.
Пошта байланысы бөлімшелерін жабу туралы шешім қабылданған кезде пошта операторы бұл туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің əкімдерін бөлімшені жабудың болжамды күнінен үш ай бұрын хабардар етеді.
2. Ұлттық пошта операторы пошта байланысы бөлімшелерінің:
1) орналастырылуы уәкілетті орган бекіткен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асыралатын, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға қызметтер көрсетуге арналған стационарлық пошта байланысы бөлімшесі;
2) пошта саласында қызметтер көрсету үшін көлік құралдарының базасында, оның ішінде жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттар бойынша құрылатын жылжымалы пошта байланысы бөлімшесі түрлерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
3. Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға жылжымалы пошта байланысының бөлімшелері арқылы қызмет көрсету елді мекеннің орталық бөлігінде жүзеге асырылады. Жылжымалы пошта байланысы бөлімшелерінің көмегімен көрсетілетін қызметтермен пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды қамтамасыз ету нормативтерін пошта операторы белгілейді.
4. Пошта операторлары өзінің қызметінде пошта байланысы бөлімшелерінің қажетті түрлерін өзі дербес айқындайды және пайдаланады.
31-бап. Пошта маршруттары
1. Пошта операторларының пошта бағыттары пошта желісінің құрамдас бөлігі болып табылады және көлік құралдарын және (немесе) пошташыларды, курьерлерді пайдалана отырып пошта жөнелтілімдерін тасымалдау және жеткізу схемасын білдіреді.
2. Пошта маршруттарын пошта операторы облыс аралығындағы қалааралық, ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық), ауданішілік, қала маңы бойынша, қалалық (ауылдық) қазіргі бар маршруттарды, сондай-ақ елді мекендерді аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен байланыстыратын маршруттарды негізге алып, жоспарлайды.
3. Пошта маршрутын және көлік қозғалысының кестесін жасауды пошта операторлары пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің қолданыстағы сапа көрсеткіштеріне, пошта жөнелтілімдерін өңдеудің, тасымалдаудың және жеткізудің ішкі нормативтері мен мерзімдеріне сәйкес жүргізеді.
4. Пошта бағыттары туралы мәліметтер құпия ақпарат болып табылады. Мұндай ақпарат үшінші тұлғаларға Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі талаптары сақтала отырып ашылады.
2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32-бап. Поштоматтар
1. Поштоматтар ғимараттар мен құрылысжайларда не көппəтерлі тұрғын үйлерде орналастырылуы мүмкін.
2. Ғимараттар мен құрылысжайлардың меншік иелері не олардың сенім білдірілген адамдары пошта операторларының көрсетілетін пошта байланысы қызметтерін ұсыну мақсатында поштоматтарды орналастыруы үшін оларға шарт негізінде алаңдар бере алады.
3. Көппəтерлі тұрғын үйдің пəтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жиналыста пошта операторларының көрсетілетін пошта байланысы қызметтерін ұсыну мақсатында поштоматтарды орналастыруы үшін оларға кондоминиум объектісі мүлкінің бір бөлігін мүліктік жалдауға беру туралы шешім қабылдайды.
33-бап. Абоненттік пошта жәшіктері
1. Абоненттік пошта жәшіктері пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылар және пошта операторларының пошташылары үшін қолжетімді жерлерде тұрғын және тұрғын емес ғимараттарда, жеке тұрғын үйлерде орнатылады және солардың меншік иелеріне тиесілі болады, олар уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес абоненттік пошта жәшіктерінің орналастырылуын және олардың тиісті жай-күйде күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді.
2. Тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың, жеке тұрғын үйлердің меншік иелері пошташылардың, курьерлердің абоненттік пошта жәшіктеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. Абоненттік пошта жәшіктері болмаған немесе ол ақаулы болған жағдайда, пошта операторы пошта жөнелтілімін өндірістік объектіден беруді жүзеге асырады.
3. Тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың, жеке тұрғын үйлердің меншік иелерінің шешімі бойынша абоненттік пошта жәшіктерінің орнатылуын, күтіп-ұсталуын және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер шарт бойынша кондоминиум объектісін басқару органына берілуі мүмкін.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Пошта операторлары электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді жіберу кезінде электрондық абоненттік пошта жәшіктерін пайдаланады. Пошта операторлары электрондық абоненттік пошта жәшіктерін құруды және пайдалануды дербес жүзеге асырады. Электрондық абоненттік пошта жәшіктері пошта операторымен жасалған пайдалану келісімі негізінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға беріледі.
Пошта операторлары пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың электрондық абоненттік пошта жәшіктерін пайдалануының қауіпсіздігі мен құпиялылығын, сондай-ақ пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының жеке хат жазысу құпиясын қамтамасыз етеді.
5. Ұлттық пошта операторы кез келген пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы өзі өтініш жасаған кезде өтеусіз негізде жеке электрондық абоненттік пошта жәшігін ашады және оның тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының жеке хат алмасу құпиясының сақталуын қамтамасыз етеді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесі пошта жөнелтілімдерінің электрондық нысанда жіберілуін, оның ішінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында электрондық құжат айналымы шеңберінде қамтамасыз ететін Ұлттық пошта операторының жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесін құруды, оның жұмыс істеуін және дамуын Ұлттық пошта операторы қамтамасыз етеді.