Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
(2016.06.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын регламенттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әртараптандыру - зейнетақы активтерiн жоғалтып алу тәуекелін азайту мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес оларды түрлi қаржы құралдарына орналастыру;
2) баспасөз басылымы - тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын мерзiмдi баспасөз басылымдары;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) ең төмен зейнетақы - республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерi;
5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры - ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
6) ерiктi зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртiппен зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың өзінің бастамасы бойынша салатын ақшасы;
7) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - бiр тараптан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және екiншi тараптан салымшы (зейнетақы төлемдерiн алушы) жасасатын, ерікті зейнетақы жарналарына, жинақтарына және зейнетақы төлемдерін алуға байланысты құқықтық қатынастарды орнату, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;
8) ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi;
9) ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын өзiнiң меншiктi қаражаты есебiнен жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
10) жеке зейнетақы шоты - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары не ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынатын және зейнетақы төлемдері жүргізілетін жеке атаулы шоты;
11) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асырған, лицензиясының қолданысы осы Заңның 73-бабының 4-тармағына сәйкес тоқтатылатын заңды тұлға;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылады (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) зейнетақы - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы;
13) зейнетақы активтерi - зейнетақы төлемдерiн, аударымдарын қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де мақсаттарға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
14) зейнетақы аннуитетi шарты - сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) соған сәйкес сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын беруге мiндеттенетін, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерiн алушының) пайдасына өмiр бойы немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттенетін сақтандыру шарты;
15) зейнетақы жинақтары - шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерiктi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын ақшасы;
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) тармақша жаңа редакцияда; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) зейнетақы төлемдерi:
жасына байланысты зейнетақы төлемдері - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне пропорционалды түрде жүзеге асырылатын ақша төлемдері;
еңбек сіңірген жылдары үшін - әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға осы Заңға сәйкес төленетін ақша төлемі;
16) тармақшаның төртінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан 2018 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан - зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан - ерікті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаларға төленетін ақша төлемі;
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17) тармақша жаңа редакцияда; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi - алушы) - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерi және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар жеке тұлға;
18) инвестициялық декларация - инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесiн, зейнетақы активтерiне қатысты инвестициялық қызметтiң мақсаттарын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерiн, зейнетақы активтерiнің хеджирленуі мен әртараптандырылуы талаптарын айқындайтын құжат;
19) инвестициялық портфель - зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн қаржы құралдарының жиынтығы;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) инвестициялық портфельді басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келетін, инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы не қызметтің осыған ұқсас түрін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын шетелдік ұйым;
21) инвестициялық табыс - зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған (алуға жататын) ақша;
22) кастодиан-банк - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үшін - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе қаржы құралдары мен ақшаны есепке алуды, солар бойынша құқықтарды растауды, олардың сақталуы жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдай отырып, құжаттық қаржы құралдарын сақтауды жүзеге асыратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін екінші деңгейдегі банк;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23) кастодиандық шарт - кастодиан-банк пен оның клиентi жасасатын, кастодиандық қызмет көрсету бойынша клиентке көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін айқындайтын сақтау және тапсырма беру шарты;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
23-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры - әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер жүргізетін заңды тұлға;
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 24) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2018 ж. 1 шілдеге дейін Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады) (бұр.ред.қара)
24) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - осы Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жеке тұлғаларға уәкілетті ұйымнан берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;
25) мiндеттi зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осы Заңға сәйкес салынатын ақша;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2018 ж. 1 қаңтарға дейін Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады) (бұр.ред.қара)
26) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек - осы Заңда белгіленген мерзімдерде есептелген, ұстап қалған (есебiне жазылған) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - салымшы (алушы) талаптарын ұсынылған шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдай алатын қосылу шарты;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2018 ж. 1 қаңтарға дейін Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады) (бұр.ред.қара)
28) мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) - Қазақстан Республикасында қызметiн шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға.
Сақтандыру ұйымы агент ретінде қарастырылады;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29) мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi - салымшының мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын табысына және (немесе) еңбекақыны (табысты) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдеріне пайыздық қатынаспен көрсетілген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлем мөлшерi;
30) мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 31) тармақша жаңа редакцияда
31) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары -еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын, жұмыскердің табысына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агент төлемінің мөлшерi;
33) 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35) пруденциялық норматив - ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгiленетiн экономикалық талаптар;
36) сақтандыру ұйымы - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
37) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
38) уәкiлеттi орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органдар - уәкілетті мемлекеттік органдар;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
41) үлестес тұлғалар - шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бiр-бiрiнiң (тұлғалардың бiрiнің) қабылдайтын шешiмдерiне ықпал етуге, оның iшiнде жасалған мәмiленiң күшiне қарай ықпал етуге мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды және ұлттық басқарушы холдингтi қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң құрамында ұлттық басқарушы холдингтiң болуы тұлғаларды бiр-бiрiне қатысты үлестес деп айқындау үшiн негiз болып табылмайды.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 42) және 43) тармақшалармен толықтырылады (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
3-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді; 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мемлекеттiк кепiлдiктер
1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейiнгi кезеңдерде зейнетақы төлемдерi осы Заңның 15-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2018 ж. 1 шілдеге дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
2-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз - 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңы (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатын;
2) өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларды, әскери қызметшiлерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiн, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды қоспағанда, осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғаларға беріледі.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi жасына байланысты және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiн, сондай-ақ мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алуына қарамастан беріледі.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiне кезең-кезеңiмен жақындатыла отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленедi.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi бюджет қаражаты есебiнен беріледі.
Осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған кезде, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар азаматтардың қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiмен ауыстырылады.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2016 ж. 1 наурызға дейін 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңының 2-бабының редакциясында қолданылды
2-1. Жасы бойынша зейнетақы төлемдерін және мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы жоқ адамдарды қоспағанда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұрған кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады.
3. Ең төмен зейнетақы мөлшері «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерлерін жыл сайын арттыру республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген мөлшерде жүзеге асырылады.
5. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын және (немесе) жүзеге асыратын органдарда осы құқығын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi. Бұл жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған күннен бастап осы баптың 1 және 4-тармақтарының шарттары сақтала отырып жүзеге асырылады.
5-бап. Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен адамдардың осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 32-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жасқа толуы кезінде, инфляция деңгейiн ескере отырып, сондай-ақ 31-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.
Мемлекет осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған кезден бастап осы Заңның 11-бабы 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі кезең ішінде жүзеге асырылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Зейнетақы активтерінің сақталу кепiлдiгi, сондай-ақ:
2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2018 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
1) міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру;