ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 129-2-тармақпен толықтырылды
129-2. Тапсырыс берушілер медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланылған тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшірмелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тендер жеңімпаздарымен медициналық техниканы сатып алу шарттарын жасасуға тиіс.
130. Комиссия екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендерді, егер:
1) осы Ережеде белгіленген жағдайларды қоспағанда, ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға жіберілген кемінде екі әлеуетті өнім берушінің екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерін берген;
2) барлық берілген өтінімдер қабылданбаған;
3) осы Ережеде 123 және 126-тармақтарында көзделген жағдайда тұтастай немесе қандай да бір лот бойынша өтпей қалды деп таниды.
Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендер нәтижесі бойынша жеткізу шарты осы Ереженің 12-тарауының талаптарын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютормен жасалады.
ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 130-1-тармақпен толықтырылды
130-1. Егер сатып алу осы Ереженің 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәсілдермен жүргізілген жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы медициналық техниканы жеткізушіні айқындамаса, құндық мәндегі жылдық көлемі бір айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын медициналық техниканы сатып алуды Ережеге сәйкес тапсырыс берушілер жүзеге асырады.
11-тарау. Бір көзден сатып алу және оны қолдану шарттары
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.05. № 629 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.21.12. № 1649 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.14.04. № 229 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.08.07. № 515 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 131-тармақ өзгертілді
131. Бір көзден сатып алуды бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
1) екі кезеңді рәсімдерді тұтасымен пайдаланып немесе оның қандай да бір болмаған лоты бойынша тендерді тану кезінде;
2) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерде қандай да бір лоты бойынша әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін тек бір ғана өтінімі берілгенде не оның қандай да бір лоты бойынша әлеуетті өнім берушінің екі және одан да көп өтінімі берілсе, оның біреуі - отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің өтініші осы Ереженің талаптарына сәйкес болған кезде. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы осы әлеуетті өнім берушіден немесе осы отандық тауар өндірушіден бір көзден сатып алу тәсіліне көшеді. Бұл ретте егер, отандық тауар өндірушінің өтінімінде хабарландыру шартына сәйкес ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасауға дайын екенін білдіретін лоттар болған жағдайда, онда бірыңғай дистрибьютор осы Ереженің 11-4-тарауына сәйкес бір көзден сатып алу тәсілін қолданбай, ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасады;
3) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар көлемін көбейту жағына, сондай-ақ сатып алуға, төмендемейтін қорды толықтыруға қарай сол қаржы жылында тапсырыс берушінің қосымша өтінімі түскен кезде. Аталған жағдайда бірыңғай дистрибьютор белгіленген баға бойынша өнім берушілерден бір көзден сатып алуды жүзеге асырады. Сол қаржы жылында сатып алу жеткізу шарты жасалған сол жеткізушіден жүзеге асырылатын болса, тапсырыс беруші жасалған шартқа 132-тармақта көзделген тиісті өзгерістер мен құжаттарды енгізеді. Бірыңғай дистрибьютор бірыңғай дистрибьютордан ұсыныс алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша бас тарту алған кезде, ұсыныстар басқа әлеуетті жеткізушілерге жіберіледі.
4) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазы болып табылған әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға немесе тапсырыс берушіге келіспеушіліктердің болғаны туралы хабарламай, осы Ереженің 135-тармағында белгіленген мерзімде жеткізу шартына немесе сатып алу шартына қол қоймаған жағдайда. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы ашық тендер жеңімпазының бағасынан аспайтын бағамен осы Ереженің біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғадан немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғадан бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Аталған тармақтың талаптары, егер тендер жеңімпазы отандық тауар өндіруші болып белгіленген жағдайда, қолданылмайды;
5) өнім беруші жеткізу шартының немесе сатып алу шартының, қаржылық лизинг шартының талаптарын орындамағандықтан, тиісінше орындамағандықтан жеткізу шарты немесе сатып алу шарты, қаржылық лизинг шарты бұзылғанда. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы бұзылған жеткізу шартының немесе сатып алу шартының, қаржылық лизинг шартының белгіленген бағасынан аспайтын баға бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың қалған көлеміне осы Ережеде белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғадан немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғадан бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Егер тендер жеңімпазы отандық тауар өндіруші болып белгіленген жағдайда, аталған тармақтың талаптары қолданылмайды;
6) ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) егер дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы Қазақстан Республикасында тек бір ғана:
халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы бойынша аналогтары жоқ шетелдік өндірушінің дәрілік заты;
аналогтары жоқ медициналық мақсаттағы бұйымдар тіркелгенін растаса;
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімімен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы құрған халықаралық ұйымдардан сатып алу кезінде;
9) екі кезеңді рәсімдер пайдаланатын тендерде қандай да бір лоты бойынша әлеуетті өнім берушінің екі және одан да көп өтінімі берілгенде, әлеуетті өнім берушілердің біреуінің өтінімі - осы Ереженің талаптарына сәйкес келген және объектінің тиісті өндірістік практика (GMP) және/немесе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды сатып алу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаты бар болған кезде;
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.05. № 629 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 132-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 132-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
132. Бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы осы Ереженің 131-тармағының 1) -5) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіден (осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына, 11-2-тарауына сәйкес шарт жасалған өнім берушілерді қоспағанда) мыналарды сұратады:
1) баға ұсынысы;
2) әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар. Осы Ереженің 131-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асырған кезде, бұдан бұрын осы Ереженің талаптарына сәйкес тендерлік өтінімді ұсынған әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьютор мен медициналық техниканы ұйымдастырушыға осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынбайды;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың осы Ереженің 4-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.
132-1. ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 132-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 132-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 132-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.08.07. № 515 Қаулысымен 132-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
132-2. Осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асырған кезде азаматтық-құқықтық шарт мынадай жағдайларда 3 жылға дейін жасалады:
1) Қазақстан Республикасында халықаралық патенттелмеген атау бойынша ұқсастықтары жоқ тек бiр ғана дәрiлiк зат тіркелгенде немесе құрамы бойынша халықаралық патенттелмеген атауы болмаса;
2) Қазақстан Республикасында ұқсастықтары жоқ бiр ғана медициналық мақсаттағы бұйым тіркелгенде жасалады.
Азаматтық-құқықтық шарт мынадай:
1) Қазақстан Республикасында халықаралық патенттелмеген атау бойынша дәрiлiк заттың ұқсастықтары тіркелген;
2) Қазақстан Республикасында медициналық мақсаттағы бұйымдардың ұқсастықтары тіркелген;
3) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың сатып алу тізімінен алып тасталған;
4) дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымды Қазақстан Республикасында тіркеудің қолданылу мерзімі тоқтатылған жағдайларда бұзылуға жатады.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 132-3-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.06.06. № 582 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 132-3-тармақ өзгертілді
132-3. Осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асырған кезде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім беруші - шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) мыналарды сұратады:
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы бойынша ұсыныс;
2) осы Ереженің 12-тармағында көзделген талаптарға сәйкестікті растайтын құжаттар;
3) шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар заңдастырылған немесе апостильденген құжат.
Егер шетелдік өндірушінің (өндіруші-зауыт) Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі/филиалы болған жағдайда, онда өкілдікті/филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, өкілдік/филиал туралы ереже ғана ұсынылады;
4) нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы бар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге және/немесе көтерме, бөлшек саудада сатуға шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) құқығын растайтын құжаттың заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі.
ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 132-4-тармақпен толықтырылды
132-4. Осы Ереженің 131-тармағының 8) тармақшасына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы құрған ұйым мыналарды ұсынады:
1) баға ұсынысы;
2) Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының ұйымды құрғанын растайтын құжаттар;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың Қазақстан Республикасында тіркелмегенін және олардың Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, осы Ереженің 12-тармағының 1-4) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
4) дәрілік заттардың шығу тегі сертификаты, өндіруші зауыттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала біліктілігін жоғарылатудан өткенін растауы, жарамдылық мерзімі бойынша және сақтау шарттары бойынша кепілхаттар.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.14.04. № 229 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 133-тармақ өзгертілді
133. Бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде мынадай ақпараттан тұратын хаттама толтырады:
1) бір көзден сатып алу тәсілін қолданудың негіздемесі;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қысқаша сипаттамасы;
3) жеткізу шарты немесе сатып алу шарты, қаржылық лизинг шарты жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері және мұндай шарттың бағасы.
Жеткізу шарты немесе сатып алу шарты бір көзден сатып алу тәсілін пайдалану нәтижесі бойынша осы Ереженің 12-тарауының талаптарын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютормен немесе тапсырыс берушімен жасалады.
ҚР Үкіметінің 2010.14.07. № 716 Қаулысымен 11-1-тараумен толықтырылды
11-1-тарау. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, төтенше
жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше
тәртібі
133-1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алудың ерекше тәртібін бірыңғай дистрибьютор:
1) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу қажет болған;
2) төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою қажет болған жағдайларда жүзеге асырады.
133-2. Сатып алудың ерекше тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде қолданылады.
133-3. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою үшін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен уақтылы қамтамасыз ету және ерекше тәртіппен сатып алуды жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1) сатып алынуға тиіс дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін (тізімін) және санын;
2) кедендік тазарту бойынша шығыстарды қоса алғанда, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың болжамды құнын (бағасын);
3) қаржыландыру көзін айқындайды.
133-4. Әлеуетті өнім беруші ретінде ерекше тәртіппен сатып алуға қатысу үшін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдарға рұқсат беріледі.
133-5. Ерекше тәртіппен сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіден:
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы бойынша ұсынысты;
2) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың Қазақстан Республикасында тіркелгенін және олардың осы Ереженің 12-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды сұрайды.
133-6. Ерекше тәртіппен жүзеге асырылған Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы шартты (келісімді) осы тараудың талаптарын есепке ала отырып, бірыңғай дистрибьютор жасайды.
133-7. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт шеңберінде жасалған шарттарда (келісімдерде) шарт сомасының 100 пайызы мөлшеріндегі аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 11-2-тараумен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 11-2-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.08.07. № 515 Қаулысымен 11-2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-2-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құруға ниеті бар әлеуетті өнім
берушілерден ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
133-8. Ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын жасасуға конкурс өткізу мақсатында бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушілерден номенклатураны қалыптастыруға дейін ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасау бойынша түскен өтініштерді ескере отырып, номенклатураны қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға бекіту үшін жібереді.
Номенклатура конкурс өткізу жылына бұдан бұрын жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарты болмаған жағдайда, бірыңғай дистрибьютордың қолданыстағы тізіміндегі дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауларын қамтиды.
133-9. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың номенклатурасын алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға халықаралық патенттелмеген атауын немесе формулярлық комиссия мақұлдаған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың құрамын, техникалық сипаттамасын, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша жеткізу кезеңінің ұзақтығын көрсете отырып бекітілген номенклатураны немесе негіздемесін ұсына отырып, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары бойынша ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша сатып алудың орынсыздығы туралы қорытындыны ұсынады.
133-10. Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың номенклатурасын сатып алудың орынсыздығы туралы қорытынды алған жағдайда, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тиісті атаулары бойынша (лоттар бойынша) ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасауға конкурс жарияламайды.
133-11. Бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасуға конкурс өткізу үшін бағалау комиссиясын (бұдан әрі - комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.
133-12. Комиссия өз қызметін ұзақ мерзімді жеткізу шарты жасалған сәттен бастап не ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасуға конкурс өткізілмеген деп танылған сәттен бастап тоқтатады.
133-13. Комиссия құрамына:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның комитет төрағасының орынбасарынан төмен емес қызметкерлері;
2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның комитет төрағасының орынбасарынан төмен емес қызметкерлері;
3) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның басқарма басшысынан төмен емес қызметкерлері (келісім бойынша);
4) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптау ұйымы басшының орынбасарынан төмен емес қызметкерлері;
5) бірыңғай дистрибьютордың басшылары, қызметкерлері;
6) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісім бойынша);
7) құқық қорғау органдарының қызметкерлері (келісім бойынша);
8) саяси партиялардың мүшелері (келісім бойынша);
9) фармацевтикалық немесе медициналық өнеркәсіп бойынша аккредиттелген бейінді қауымдастықтардың өкілдері (келісім бойынша);
10) Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері кіреді.
133-14. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы тиіс және он үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
133-15. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның комитет төрағасының орынбасарынан төмен емес қызметкері - төраға болып, бірыңғай дистрибьютордың басшысы - төрағаның орынбасары болып тағайындалады.
133-16. Төраға оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның қызметін орынбасары атқарады.
133-17. Бірыңғай дистрибьютордың қызметкері комиссия хатшысы болып табылады, ол әлеуетті өнім берушілерден өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды әзірлейді, комиссия отырысы өткен соң оның хаттамаларын ресімдейді, келіп түскен өтінімдерді және өтінімі бар конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналын жүргізеді, онда әлеуетті өнім берушілердің өтінімі бар конверттерді ұсынған уақыты мен күні, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерінің (өтінім салынған конвертті ұсынған және конверттерді ашу рәсіміне қатысқан адамның) тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Келіп түскен өтінімдерді және конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналдары тігілген, беттері нөмірленген, соңғы парағы бірыңғай дистрибьютордың мөрімен расталған болуы тиіс.
133-18. Комиссия отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.
133-19. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
133-20. Қажет болған кезде комиссия критерийлер бойынша сәйкестігін бағалау үшін тиісті саланың сарапшысын (-ларын) ақысыз негізде тарта алады. Сарапшы (-лар) комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс бере алмайды.
133-21. Сарапшы (-лар) комиссия қойған сұрақтарға бағалау критерийлері бойынша сараптамалық қорытынды береді.
133-22. Сараптама қорытындысы ұсынымдық сипатта болады және өтінімдерді бағалау кезінде ескеріледі, жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы (-лар) қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
133-23. Бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерді беру күні аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын республикалық мерзімді баспа басылымдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасауға конкурс өткізетіні туралы хабарландыру орналастырады.
133-24. Ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасауға конкурс өткізетіні туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы және банктік деректемелері;
2) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы және олардың техникалық сипаттамалары (техникалық сипаттамалар туралы мәліметтердің көлемі ауқымды болған кезде бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына ғана орналастырылуы мүмкін) көрсетілген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың номенклатурасы;
3) ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасу үшін конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні, уақыты және орны;
4) өтінімдері бар конверттерді ашу күні, уақыты және орны.
133-25. Ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін бірыңғай дистрибьюторға өтінімді жабық түрде ұсынады.
133-26. Ұсыну мерзімі өтіп кеткеннен кейін алынған, сондай-ақ нөмірленбеген және әлеуетті өнім берушінің мөрімен расталмаған өтінім қабылданбайды және оны ұсынған әлеуетті өнім берушіге кері қайтарылады.
133-27. Әлеуетті өнім беруші өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгерте алады немесе кері қайтара алады. Әлеуетті өнім берушінің өтінімді қайтару туралы хабарламасы бірыңғай дистрибьюторға жазбаша түрде жіберілуі, бірақ өтінім берудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмеуі тиіс.
133-28. Әлеуетті өнім беруші өтінімді конвертке салып желімдейді. Конвертте әлеуетті өнім берушінің атауы және заңды мекенжайы көрсетілуі тиіс. Конверт бірыңғай дистрибьютордың хабарландыруда көрсетілген мекенжайына жіберілуі және мынадай: «__________ (тендердің атауы көрсетіледі) сатып алу жөніндегі конкурс» және «__________дейін ашуға болмайды (хабарландыруда көрсетілген конверттердің ашылу күні және уақыты көрсетіледі)» деген жазулары болуы тиіс.
Әлеуетті өнім беруші өтінімді түпнұсқада және көшірмеде бөлек тігілген түрде, беттері нөмірленген, конверттерде түпнұсқа және көшірме екенін, сондай-ақ оның заңды және нақты мекенжайын көрсете отырып ұсынады, соңғы парағы оның мөрімен расталады.
133-29. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасу бойынша конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілер мынадай құжаттар тізбесіне сәйкес өтінім береді:
1) осы Ережеге 13-қосымшаның нысанына сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың (лоттардың) атауын көрсете отырып конкурсқа қатысуға өтінім;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі немесе анықтама;
3) заңды тұлға жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі (егер, жарғыда құрылтайшылар, қатысушылар немесе акционерлер құрамы көрсетілмесе, онда акция иелерінің тізілімінен немесе құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді көшірмелер немесе құрылтай шартының нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады);