Бірдей қазақстандық қамту үлесі ұсынылған жағдайда, «СТ КZ»-ға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді бұрын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
133-128. Басқа баға жеңілдіктеріне қарағанда ең жоғары баға жеңілдігін ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
133-129. Ұсынылған баға жеңілдігі ұзақ мерзімді жеткізу шартының қолданылу мерзімінде әрекет етеді. Баға жеңілдігі өсу жағына өзгереді және кему жағына қарай өзгермеуге тиіс.
133-130. Ұсынылған баға жеңілдігі медициналық техниканы бір жылға сатып алу бағаларына мынадай формула бойынша қолданылады:
P - S = D
Р - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті баға;
S - баға жеңілдігі;
D - медициналық техниканың бағасы.
133-131. Комиссия қорытынды шығарады және хаттамаға қол қояды.
133-132. Қорытындылар хаттамасында:
1) ең көп жеңілдікті айқындау рәсімі өтетін күн, басталу және аяқталу уақыты;
2) ең көп жеңілдікті айқындау рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен мекенжайлары;
3) лоттардың атаулары мен қысқаша сипаттамалары;
4) бірде бір әлеуетті өнім беруші шықпаған лоттардың атаулары;
5) конкурстың қорытындысы бойынша айқындалған ең көп жеңілдік;
6) конкурс жеңімпаздарының атаулары мен мекенжайлары;
7) автоматты түрде ұзақ мерзімді жеткізу шарты жасалатын бір ғана өтінім ұсынған әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат көрсетіледі.
133-133. Ең көп жеңілдікті анықтау рәсімінің аяқталған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютор лот бойынша медициналық техниканы ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасу конкурсының қорытынды хаттамасын интернет-ресурста жариялайды.
133-134. Бірыңғай дистрибьютор осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес медициналық техниканы жеткізудің үлгілік ұзақ мерзімді шартына сәйкес қорытынды хаттаманың негізінде, оған қол қойылған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде медициналық техниканы ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасады.
133-135. Медициналық техниканы ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және тапсырыс берушілерге конкурстың қорытынды хаттамасын және конкурс жеңімпазының техникалық ерекшеліктерінің көшірмелерімен қоса, қағаз (doc* форматында) және электрондық түрде өткізілген конкурстың қорытындысы және конкурс жеңімпаздарының тізімі көрсетілген ақпараттық хат жібереді.
133-136. Өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық техниканың тізімін бекітеді.
133-137. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен, бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық техниканың тізімін алғаннан кейін медициналық техниканың атауларын техникалық сипаттамасы мен жиынтығын, тауардың әрбір атауы бойынша бір бірлігінің және жиынтық бөлінісіндегі шекті бағасын, медициналық техниканы жеткізу кезеңінің ұзақтығын көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсына орналастырады.
ҚР Үкіметінің 2016.27.01. № 33 Қаулысымен 133-138-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
133-138. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша отандық өндірушінің медициналық техникасына қажеттілікті айқындау мақсатында тапсырыс берушілер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға медициналық техниканың тізбесі, саны, техникалық ерекшелігі, клиникалық-техникалық негіздемесі қамтылған ақпаратты ұсынады.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушілерден ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алған ақпаратты клиникалық-техникалық негіздеме бөлігінде сараптамалық бағалауды жүргізу және сараптамалық қорытынды шығару үшін лизинг берушіге жібереді.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ақпарат берген кезден бастап, сондай-ақ медициналық техниканы жергілікті бюджет есебінен сатып алатын тапсырыс берушілерден алған ақпараттарды ұсынған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде лизинг беруші денсаулық сақтау ұйымының медициналық техниканы қабылдауға және тиісінше пайдалануға дайындық деңгейін, медициналық техниканың денсаулық сақтау ұйымы көрсететін қызметтерге сәйкестігін айқындау мақсатында клиникалық-техникалық негіздемесі бөлігінде сараптамалық бағалауды жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды шығарады.
Лизинг беруші сараптамалық қорытынды шығарылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде алынған ақпаратты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган лизинг беруші сараптамалық қорытындыны ұсынған кезден бастап он жұмыс күні ішінде алған сараптамалық қорытындыны тапсырыс берушіге кейіннен бірыңғай дистрибьюторға өтінім ұсыну үшін жолдайды.
133-139. Тапсырыс берушілер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тізімді бекіткеннен кейін бірыңғай дистрибьюторға өтінім береді, онда мыналар қамтылуы тиіс:
1) сатып алынатын медициналық техниканың атауы;
2) жиынтығы, саны, мерзімі, талаптары және жеткізу орны;
3) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен медициналық техника сатып алынған жағдайда лизинг берушінің сараптама қорытындысының көшірмесі;
4) тапсырыс берушілердің мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасы немесе куәлігі, жарғы/ереже көшірмелерінің қосымшаларымен толық атауы, олардың деректемелері, мекенжайы (пошта және заңды), байланыс телефондарының, факстарының нөмірлері, электрондық поштасының мекенжайы, бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), сатып алуды жүзеге асыруға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), шеңберінде сатып алу жоспарланған бағдарламаның, кіші бағдарламаның, ерекшеліктің атауы.
Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден өтінім алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сатып алу шартын қабылдау-беру актісі бойынша тапсырыс берушілерге қол қоюға береді.
Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан сатып алу шартын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей толық көлемде оларға қол қоюға міндетті.
133-140. Бірыңғай дистрибьютор медициналық техниканы ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасқаннан кейін медициналық техниканы ұзақ мерзімді жеткізу шартының ажырамас бөлігі болып табылатын медициналық техниканы жеткізу туралы тиісті қаржы жылына арналған қосымша келісіммен ресімделетін тапсырыс берушілердің әрбір келесі күнтізбелік жылға өтінімдерінің негізінде жыл сайын мына шарттармен медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыруға міндеттенеді:
1) медициналық техниканы бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізу;
2) тапсырыс берушілердің медициналық техниканы жеткізу санын (көлемін) айқындауы;
3) медициналық техниканы ұзақ мерзімді жеткізу шартының талаптарында белгіленген әлеуетті өнім берушіге, медициналық техникаға қойылатын талаптарға сәйкестігін растауы.
Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын, тапсырыс берушілерден өтінім алған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей отандық тауар өндірушіге ұзақ мерзімді жеткізу шарты шеңберінде сатып алынатын медициналық техниканы жеткізу туралы қосымша келісімді қол қою үшін жібереді. Отандық тауар өндіруші қосымша келісімді алғаннан кейін оған 10 (күн) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қоюға міндетті.
ҚР Үкіметінің 2016.27.01. № 33 Қаулысымен 133-141-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
133-141. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған шекті құнының және (немесе) техникалық сипаттамаларының жақсару жағына қарай өзгерісі негізінде лизинг беруші шекті құнының және (немесе) қарай техникалық сипаттаманың жақсару жағына қарай өзгерісін растайтын сараптамалық бағалау жүргізгеннен кейін бірыңғай дистрибьютор қосымша келісім жасау жолымен ұзақ мерзімді шартқа жылына бір реттен асырмай өзгеріс енгізеді.
Мұндай өзгеріс енгізуге тараптардың өзара келісуі бойынша медициналық техниканы ұзақ мерзімді жеткізу шартының қолданысына бір жыл өткенде және жылына бір рет қана жол беріледі.
Бұл ретте сатып алу жылына медициналық техниканың шекті құнына осы Ереженің 133-130-тармағына сәйкес формула қолданылатын болады.
133-142. Медициналық техниканы ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасу конкурсы мынадай:
1) лот бойынша өтінім ұсынылмаған;
2) лот бойынша ұсынылған барлық өтінімдер қайтарылған;
3) ең көп жеңілдікті анықтау рәсімі кезінде әлеуетті өнім берушілердің барлығы баға жеңілдігін ұсынбаған жағдайларда, толықтай не жекелеген лоттар бөлігінде өткізілмеді деп танылады.
133-143. Мыналар:
1) шартта көзделген міндеттемелердің бірнеше мәрте бұзылуы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға лицензияның қайтарылуы;
3) екі жыл қатарынан жеткізуден бас тарту (себептері мен мән-жайларына қарамастан);
4) әлеуетті өнім берушінің жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне енгізілуі;
5) бірнеше рет сапасы лайықсыз тауарды жеткізуі ұзақ мерзімді жеткізу шартын бұзуға негіздеме болады.
12-тарау. Жеткізу шартын жасасу және орындау
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен 134-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
134. Тендер жеңімпазы екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, тендердің қорытындысын шығарғаннан күннен кейін бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің өндіруші зауыт бекіткен, жеткізу көлемдері, мерзімдері және шарттары көрсетілген кестесін ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор тендер жеңімпазынан дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің өндіруші зауыт бекіткен кестесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын, қол қойылған жеткізу шартын жолдайды.
Егер тендер жеңімпазы бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің өндіруші зауыт бекіткен кестесін осы тармақта көрсетілген мерзімде ұсынбаса, онда бірыңғай дистрибьютор онымен жасасатын шартқа қол қоюдан бас тартуға құқықты.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, жеткізу шарты оған тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.
135. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланатын тендердің жеңімпазы қол қойылған жеткізу шартын алған сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде қол қояды немесе бірыңғай дистрибьюторды болған келіспеушіліктер немесе шартқа қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 135-1-тармақпен толықтырылды
135-1. Осы Ереженің 134-тармағының екінші абзацында көзделген жеткізу шартын жасасуға қойылатын талаптар осы Ереженің 131-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жағдайда бір көзден сатып алу тәсілін қолдану нәтижелері бойынша шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауытпен) жасалған жеткізу шарттарына қолданылады.
136. Өнім берушіні таңдауға негіз болған (баға, сапа) ұсыныстар мазмұнын өзгерте алатын жеткізу шартының жобасына немесе қол қойылған жеткізу шартына қандай да бір өзгерістер және (немесе) жаңа талаптар (бағаны азайтуды қоспағанда) енгізуге жол берілмейді.
Өнім берушіні таңдау үшін негіз болған баға мен сапасын өзгертпеген жағдайда және басқа жағдайларда сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа сатып алу көлемін өзгерту бойынша өзгерістер енгізуге жол беріледі.
137. Бірыңғай дистрибьютор жеткізу шартына қол қойғанға дейін екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізуге құқылы. Әлеуетті өнім беруші мұндай азайтуға келіспеуге құқылы, бұл ретте бірыңғай дистрибьютор екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуға құқығы жоқ.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 138-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
138. Заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттерді бекіткеннен кейін бірыңғай дистрибьюторға тапсырыс берушілердің соңғы өтінімінде ұсынған сатып алынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар көлемі азайған жағдайда жеткізу шартына жеткізу көлемін тиісті азайту бойынша және шарт сомасының қосалқы мөлшеріне өзгерістер енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 139-тармақ жаңа редакцияда
139. Жеңімпаз болып айқындалған әлеуетті өнім беруші не осы Ереженің 11-тарауына сәйкес өнім беруші, жеткізу шартына не дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемін арттыру жөніндегі қосымша келісімге қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға жеткізу шарты немесе дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемін арттыру туралы қосымша келісім құнының 3 %-ы мөлшерінде әлеуетті өнім берушінің жеткізу шартының сапалы және уақтылы орындауын кепілдікпен қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасын береді.
Әлеуетті өнім берушінің жеткізу шартын сапалы және уақтылы орындауын кепілдікпен қамтамасыз етуі мынадай түрде ұсынылуы мүмкін:
1) өнім берушінің бірыңғай дистрибьютордың тиісті шотына салатын ақшалай кепілдігі;
2) осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.
Жеткізу шартын, қосымша келісімді орындауды қамтамасыз ету, егер жеткізу шартының сомасы тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, сондай-ақ шарт осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жасалған жағдайда енгізілмейді.
4-бөлім. Қорытынды ережелер
ҚР Үкіметінің 2015.08.07. № 515 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.01. № 33 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 140-тармақ жаңа редакцияда
140. Өнім беруші осы шарт бойынша өз міндеттемелерін шартта көрсетілген мерзімде толық және тиісінше орындағаннан кейін оның жазбаша өтініші бойынша сатып алу туралы шарттың (жеткізу шарты) немесе қаржылық лизинг шартының орындалуына енгізілген қамтамасыз ету өнім берушіге қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 141-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
141. Бірыңғай дистрибьютор немесе сатып алуды ұйымдастырушы егер өнім беруші:
1) шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса және шартта көзделген айыппұл санкцияларын төлемесе;
2) шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаса (өнім беру мерзімінің бұзылуы, сапасыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы беру, басқа да шарт талаптарын бұзу) және шартта көзделген айыппұл санкцияларын төлемесе, өнім берушінің енгізген шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап қалады.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 142-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
142. Сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушының (бірыңғай дистрибьютордың) басшысы мұндай сатып алуды тұтастай немесе тиісті лоттар бойынша жарамсыз деп тануға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 142-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2015.14.04. № 229 Қаулысымен 142-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
142-1. Өнім беруші техникалық ерекшеліктен ауытқитын медициналық техниканы ұсынған және/немесе осы медициналық техниканың жеткізілуі жоспарланған денсаулық сақтау ұйымының бейініне, бағытына және қызмет түріне сәйкес келмеген жағдайда, лизинг берушінің тендер жеңімпазымен қаржылық лизинг шартын жасасудан бас тартуға құқығы бар. Бұл жағдайда лизинг беруші қаржылық лизинг шарттарында медициналық техниканы сатып алатын денсаулық сақтау ұйымының жазбаша хабарламасының негізінде сатып алуды ұйымдастырушыны және тендер жеңімпазын қаржылық лизинг шартын жасасудан бас тартатыны туралы хабардар етеді.
143. Ашылған тендерлік өтінімдер әлеуетті өнім берушілерге қайтарылмайды. Ерекшелік ретінде банк кепілдігінің түпнұсқасы болуы мүмкін, бұл ретте тендерді ұйымдастырушы (бірыңғай дистрибьютордың) тендерді ұйымдастырушы (бірыңғай дистрибьютордың) растаған осы құжаттың көшірмесін сақтауға міндетті.
144. Өткізілген сатып алу материалдары сатып алуды ұйымдастырушының (бірыңғай дистрибьютордың) тиісті іс номенклатурасында белгілеген тәртіппен сақталады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 145-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 145-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
145. Бірыңғай дистрибьютор тізіміне өзгерістер енгізілген жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу осы Ереженің 10-тарауында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 1-қосымша
Алдағы тендер туралы хабарландыру
нысаны
__________________________________________________________________________________________
(тендерді ұйымдастырушының атауы)
мынадай тауарларды сатып алу бойынша тендер жүргізу туралы хабарлайды: __________________________________________________
(тауарлардың қысқаша сипаты және олардың саны (көлемі, сатып алу үшін бөлінетін сома)); (тендерді ұйымдастырушы сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі өзіндік ерекшеліктер тендерлік құжаттамада көрсетілгеніне сілтеме жасауға құқылы).
Тауар жеткізілуі тиіс: (тауарларды беру орнын көрсету).
Тауарларды берудің талап етілетін мерзімі ___________________________________________
Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200 _ жылғы « « ____ № ____ қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 8-9-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарға сай келетін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.
Тендерлік құжаттама пакетті ____ жылғы «___» _________ дейінгі мерзімді қоса алғанда (тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқанға дейін 24 сағат бұрын уақыт пен күні көрсетілген) мына мекен-жай бойынша: _______, бөлме № _____ сағат____ -дан_____ -ге дейін және/немесе мекен-жай бойынша ______ электрондық почтамен алуға болады.
Тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі___ (уақыты мен күні) дейін.
Тендерлік өтінімдер салынған конверттер _______________ (уақыты мен күні көрсетілсін) мына мекенжай бойынша ашылады: (толық мекенжайы, бөлменің № көрсетілсін).
Әлеуетті өнім берушілерге тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуына болады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: (қаланың коды мен телефон нөмірі көрсетілсін).
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 2-қосымша
(Кімге) ___________________________________________________________________________________________
(тендерді ұйымдастырушының атауы)
(Кімнен) __________________________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
Тендерге қатысуға
өтінім
(кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар және заңды тұлғалар үшін)
_________________________________________________________________________ тендерді жүргізу бойынша
(тендердің атауы) тендерлік құжаттаманы қарап,
осы арқылы алуды куәландыратын _________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы) мына лоттар бойынша тендерлік құжаттамаға сәйкес тауарларды беруі жүзеге асыруды ұсынады: _____
________________________________________________________________________________________________
(тауарларды егжей-тегжейлі сипаттау)
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
Осы тендерлік етінім мыналарды қамтиды:
1. ________________________________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________________________________________
5. ________________________________________________________________________________________________
6. ________________________________________________________________________________________________
7. ________________________________________________________________________________________________
8. ________________________________________________________________________________________________
9. ________________________________________________________________________________________________
10. ________________________________________________________________________________________________
Мен (біз) егер менің (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтты деп танылған жағдайда, шартқа қол қойылған күнінен бастап _______ күн ішінде (толық жазу) тауарларды беруді бастауды және осы тендерлік өтінімде көрсетілген барлық тауарларды ________________ дейін (толық жазу) (күні көрсетілсін) беруді аяқтауды міндетіме аламын (мыз).
Егер менің (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтты деп танылған жағдайда, мен (біз) келісімдегі жалпы соманың _____________ пайызын құрайтын сомада сатып алу туралы шартты* орындауды қамтамасыз етемін (міз).
Осы тендерлік өтінім тендерлік өтінім салынған конверттерді ашқан күннен бастап _____________ күн ішінде (толық жазу) жарамды.
Сатып алу туралы шарт жасасқан сәттен бастап осы тендерлік өтінім оны ұтып алды деп тану туралы сіздің хабарламаңызбен бірге арамыздағы міндетті шарттың қызметі орындалатын болады.
__________ ___________________________________
(қолы, күні) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
МО
_________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы) атынан және тапсырмасы бойынша тендерлік өтінімге қол қоюға барлық өкілеттілігі бар
*егер шартты орындауды қамтамасыз ету тендерлік құжаттамада көзделген болса көрсетіледі.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 3-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің өтініміне қоса берілетін құжаттардың тізімін толтыру
нысаны
№ | Құжаттың атауы | Күні және нөмірі | Қысқаша мазмұны | Құжатқа кім қол қойды | Түпнұсқа, Көшірме, Нотариалды расталған көшірме |
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 4-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы