23-баптың 6-тармағының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ осы Заңның 36-бабының 2-тармағының редакцияда қолданылды
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Табиғи монополия субъектісі сатып алуды Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен интеграцияланған электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады.
7. Осы бапта реттелмеген бөлікте сатып алу табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
8. Стратегиялық тауарлар сатып алуды табиғи монополия субъектiсi:
1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тұтынушыларға қойылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуға арналған шарттарға табиғи монополия субъектісінің сай келмеу;
3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес газ тарату ұйымдарынан газ сатып алу;
5) - 7) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алу жағдайларын қоспағанда, тікелей стратегиялық тауар өндірушілерден жүзеге асырады.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген тәсілдермен сатып алуға табиғи монополия субъектісі алдында міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактісін растайтын өзіне қатысты соттың шешімі заңды күшіне енген тұлғаның соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі жыл бойы қатысуына жол берілмейді.
24-бап. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі
1. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі:
1) осы Заңның 25-бабында көзделген ақпаратты табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында орналастырумен, ол болмаған жағдайда, оны уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынумен;
2) бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау (құрылыс салу схемасы) жобасына сай инженерлік коммуникацияларды дамыту жоспарына сәйкес табиғи монополия субъектісінің: электр, жылу энергиясын беру, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне, сондай-ақ магистральдық газ құбырларына және мұнай құбырларына, газ тарату жүйелеріне және топтық резервуарлық қондырғыларға қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттар берумен;
3) тұтынушының реттеліп көрсетілетін қызметке қосуға арналған техникалық шарттарды орындауымен;
4) реттеліп көрсетілетін қызметке қосумен немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтумен;
5) реттелетін қызметті көрсетуге шарт жасасумен қамтамасыз етіледі.
2. Табиғи монополия субъектісінің: электр, жылу энергиясын беру, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне, сондай-ақ магистральдық газ құбырларына және мұнай құбырларына, газ тарату жүйелеріне және топтық резервуарлық қондырғыларға қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды табиғи монополия субъектісі осы Заңда белгіленген мерзімде береді.
3. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының талабы осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосу осы Заңның 24-1-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосуды қоспағанда, мынадай кезеңдерден тұрады:
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) сәулет-жоспарлау тапсырмасын, топографияны дайындау кезінде сәулет және қала құрылысы органы қалыптастыратын және электрондық нысанда табиғи монополия субъектісіне жіберетін, техникалық шарттарды беруге өтініш;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) табиғи монополия субъектісінің сәулет және қала құрылысы органының техникалық шарттар беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайтуға өтінішін қарауы;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды сәулет және қала құрылысы органына жіберуі;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) сәулет және қала құрылысы органдары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасымен және топографиямен бірге жүзеге асыратын, техникалық шарттарды беруге өтінішті қарау нәтижесін беру;
5) тұтынушының техникалық шарттарға сәйкес жұмыстарды жүргізуі;
6) тұтынушының жұмыстардың аяқталғаны және табиғи монополия субъектісі желілеріне қосуға әзірлігі туралы хабарлауы.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтінішті қабылдауды және оны қарау нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорация «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға өтінішті қабылдау астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда электрондық нысанда ғана жүзеге асырылады.
Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін арналған ұлғайтуға техникалық шарттарды беруге өтініш қабылданған және оны қарау нәтижелері берілген кезде Мемлекеттік корпорация тұтынушыдан осы қызметтерді көрсеткені үшін төлемақы алады.
6. 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Сәулет және қала құрылысы органдарының өтініші бойынша табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруді табиғи монополия субъектісі:
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін - бес жұмыс күні ішінде;
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін - он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосылуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттар үш жылға беріледі және оларды сәулет және қала құрылысы органдары мемлекеттік қала құрылысы кадастрына ұсынады.
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1. Құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан асқан жағдайда, техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттардың ұсынылу талабымен құрылыс кезеңіне ұзартылады.
Құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттар ұсынылмаған жағдайда, техникалық шарттар берілген күнінен бастап үш жыл өткен соң жарамсыз деп есептеледі.
8. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініштің нысаны мен өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
Техникалық шарттар табиғи монополия субъектісінің қосылатын желілеріне, материалдарға, жабдықтарға, құрылғыларға, есепке алу аспаптарына қойылатын талаптардың түбегейлі тізбесін айқындауға тиіс.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға өтінішті табиғи монополия субъектісі құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы қайтарады.
10. Реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділік ұсынылған кезде табиғи монополия субъектісіне:
1) бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін төлемақы алуға;
2) реттелетін қызметті көрсетуге қатысы жоқ мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың рұқсаттары мен өзге де құжаттарын ұсынуды талап етуге;
3) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды тұтынушыға қоюға;
4) реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең емес жағдайларын жасауға;
5) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкес тұтынушының жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметін шектеуге;
6) құрылыс жобасының табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етуге тыйым салынады.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға өтініш осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қаралады, оны қараудың қорытындылары бойынша табиғи монополия субъектісі:
1) техникалық шарттарды береді;
2) техникалық шарттарды беруден бас тартады.
12. Техникалық шарттарды беруден бас тартуға:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылықтар, орындар, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттері болмаған;
2) табиғи монополия субъектісінің желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажет өзге де мүлік болмаған жағдайда жол беріледі.
13. Техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда табиғи монополия субъектісі:
1) техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге уәжді негіздемені қоса береді;
2) уәкілетті органға техникалық шарттар беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін және бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің тапшылығы немесе табиғи монополия субъектісі желілерінің немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажет өзге де мүліктің жоқ екені есептелген уәжді негіздеме жібереді.
14. Құрылыс объектісін қосуға арналған техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосудың балама көздерін табиғи монополия субъектісі ұсынады және бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес инженерлік инфрақұрылымды дамыту жоспарына сәйкес орталықтандырылған коммуникация желілеріне қосылу мерзімдерін көрсетеді.
15. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін алуға байланысты:
1) жеті жұмыс күнінен кешіктірмей тұтынушыға табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беруден бас тартудың негізділігін растайтын немесе табиғи монополия субъектісінің қызметін тексеруге бастамашылық жасау үшін уәкілетті органға шағым берудің қажеттігі туралы хат жібереді;
2) бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің болмау фактісі анықталған немесе табиғи монополия субъектісінің желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін табиғи монополия субъектісінің қажетті өзге де мүлкі болмаған кезде табиғи монополия субъектісіне экономикалық жағынан орынды болған кезде бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту және реттеліп көрсетілетін қызметке қосу үшін жағдайлар жасау қажеттігі туралы хабарлайды.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 15-1-тармақпен толықтырылды
15-1. Техникалық шарттарды монополистердің тікелей түзетуіне жол берілмейді.
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 16-тармақ өзгертілді (2023 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16. Жұмыстар аяқталғаннан кейін тұтынушы табиғи монополия субъектісіне жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігі туралы хабарлайды, ол ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігін тексеруді жүзеге асырады.
Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келген кезде реттеліп көрсетілетін қызметке қосу үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
17. Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген кезде табиғи монополия субъектісі құрылыс объектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзір емес екендігі туралы тұтынушыға бір жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін тұтынушы жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігі туралы қайта хабарлайды.
18. Реттеліп көрсетілетін қызметке қосу мынадай жұмыстарды қамтиды:
табиғи монополия субъектісінің қолданыстағы желіні ажыратуы;
тұтынушыны қолданыстағы желіге қосуды жүргізу;
табиғи монополия субъектісінің қолданыстағы желіні қосуы.
19. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуы реттелетін қызметті көрсету туралы шарт жасалғаннан кейін жүзеге асырылады.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды
24-1-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларының энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қолжетімділігі
Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосу мынадай кезеңдерден тұрады:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосуға өтініш беруі;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосу шартын жасасу және орындау.
25-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің жариялылығы
1. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің жариялылығы:
1) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеуге қатысты ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырумен;
2) жария тыңдаулар өткізумен;
3) табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есептер беруін өткізумен;
4) тұтынушылар мен уәкілетті органға тарифті қолданысқа енгізу туралы хабарлаумен;
2023.02.10. № 31-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуына және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге қоғамдық мониторинг және техникалық сараптама жүргізумен қамтамасыз етіледі.
2. Табиғи монополия субъектісі осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімдерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және негіздемелермен бірге табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерін, оның ішінде қаржылық есептілікті орналастырады.
3. Уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында:
1) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін;
2) уәкілетті органның құқықтық актілерін;
3) осы баптың 7-тармағында белгіленген талаптарды ескере отырып, электрондық жеткізгіште ұсынылған қоса берілетін құжаттармен бірге өтінімді;
4) бекітілген, белгіленген және айқындалған тарифтерді;
5) бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды;
6) табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерін;
7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына берілген келісімдердің, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыру туралы қабылданған хабарламалардың тізілімін;
8) табиғи монополиялар субъектілерін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулыларды;
9) уәкілетті органның қатысуымен өткен талқылаулардың қорытындысы бойынша соттардың шешімдерін;
10) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін;
11) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін;
12) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға қатысты өзге де ақпаратты орналастырады.
4. Тарифтің жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар шақырыла отырып өткізіледі.
5. Уәкiлеттi орган мерзімді баспасөз басылымында - тарифтің жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулардың өткізілетін күнi мен орны туралы ақпаратты олар өткізілетін күннен күнтізбелік отыз күн бұрын, ал өзінің интернет-ресурсында тарифтің жобасын талқылау бойынша өткізілген жария тыңдаулардың нәтижелерін, оның ішінде талқылаулардың стенограммаларын, қаралатын мәселелер бойынша қабылданған шешімдерімен бірге отырыстардың хаттамаларын олар өткізілген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде орналастырады.
Егер жария тыңдаулар табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді белгілеуге өтінімдер қаралатын кезде өткізілсе, уәкілетті орган тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпаратты қосымша жариялайды.
Тариф индекстеу әдісімен белгіленген кезде және жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде тариф айқындалған кезде табиғи монополия субъектісі өзінің интернет-ресурсында не тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпаратты оларды өткізуден күнтізбелік отыз күн бұрын орналастырады.
6. Табиғи монополия субъектісі ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептер беруді өткізеді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1. Табиғи монополия субъектілері уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестер тізілімін құру, жүргізу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ақпарат береді.
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 6-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6-2. Табиғи монополиялар субъектілері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде:
1) мыналар:
резерв;
белгіленген қуат және (немесе) сыйымдылық;
бос және қолжетімді қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың бар-жоғы;
желілердің өткізу қабілеттілігі;
орналасқан жері (елді мекен көшелерінің атауын көрсете отырып);
ұзындығы;
брондалған қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны және олардың брондау мерзімдері;
көрсетілетін қызметтерді түпкі тұтынушыларға ұсыну үшін технологиялық процесте пайдаланылатын бос емес қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны туралы ақпаратты;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемаларын машинамен оқылатын түрде орналастырады және (немесе) жаңартып отырады.
7. Табиғи монополия субъектісі тарифті бекіту үшін және осы Заңда көзделген міндеттерін орындаған кезде ұсынған кез келген ақпарат коммерциялық деп танылмайды.
8. Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп беру жария тыңдау нысанында өткізіледі.
9. Алда есеп беруді өткізу туралы хабарландыруды Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі - аптасына бір реттен сиретпей шығарылатын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында, ал Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі аптасына бір реттен сиретпей шығарылатын және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында ол өткізілгенге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды және ол мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері;
2) есеп берудің өткізілетін күні мен орны;
3) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрі.
10. Есеп беру өткізілуден бір ай бұрын табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға хабарлайды.
11. Алдағы есеп беруді өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін табиғи монополия субъектісі осы баптың 13-тармағында көзделген ақпаратты есеп беру өткізілуден бес жұмыс күні бұрын өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал ол болмаған жағдайда, уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Табиғи монополия субъектісі есеп беруге қатысуға ниет білдіргендердің барлығына өткізілетін орынға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Жария тыңдаулар, табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есептері онлайн-трансляция ұйымдастыру арқылы да жария тыңдауларға қатысушылардың кедергісіз қол жеткізуі қамтамасыз етіле отырып өткізіледі.
Елде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері, табиғи монополиялар субъектілері жария тыңдауларды, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есептерді онлайн-трансляциялар арқылы өткізеді.
Жария тыңдаулар онлайн-трансляциялар арқылы өткізілген кезде уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі жария тыңдаулар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурста жария тыңдаулардың күнін, уақытын және онлайн-трансляцияға сілтемені көрсете отырып, алдағы жария тыңдау туралы хабарландыруды орналастырады.
Егер табиғи монополия субъектісінің қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті аудитке жататын болса, оны бұқаралық ақпарат құралдарында осы баптың 2-тармағында көзделген орналастыру аудит аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.