13) құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін;
14) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, қылмыс туралы қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуына байланысты;
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) осы Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді бермегені немесе бұрмалағаны үшiн;
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды; 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартуына және құқық қорғау органының қарамағында болу мерзімінің өтуіне байланысты;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) құқық қорғау органының таратылуына байланысты жұмыстан шығарылады.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мынадай әрекеттер, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес, бірақ азаматтардың көз алдарында құқық қорғау органдарының абыройы мен беделін көзбе-көз түсіретін әрекеттер, атап айтқанда: қызметкерлердің қоғамдық орындарда алкогольге не есірткіге масаң күйінде (құқық қорғау органына тиесілігі айналадағыларға анық белгілі болғанда) болу; шұғыл сипаттағы ақпаратты тергеуге зиян келтірумен жария ету; қызмет бабын жеке пайдакүнемдік мақсатта пайдалану; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, курсанттарының арасында жарғыға сәйкес келмейтін, жағымсыз қоғамдық резонанс тудырған қарым қатынастары құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар болып табылады.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзумен байланысты тәртіптік теріс қылықтардың ұдайы жасалуы сандық есеппен көрсетіледі және бұлардың алғашқысы жасалған күннен бастап ретімен келетін күнтізбелік он екі ай ішінде бағынысындағы қызметкерлердің үш және одан да көп бұзушылық жасағаны осындай деп танылады.
3. Қызметкерлерді жұмыстан шығарудың осы баптың 1-тармағының 12) - 16) тармақшаларында көзделген негіздері теріс себептер деп танылады.
81-бап. Жұмыстан шығарудың тәртібі және шарттары
1. Қызметкерлерді жұмыстан шығаруды қызметкерлерді осы лауазымдарға қабылдауға және тағайындауға құқық берілген лауазымды адамдар жүргізеді.
2. Құқық қорғау органдарында қызметін тоқтатқан қызметкерлер құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртiппен құқық қорғау органдарының кадрынан шығарылады.
3. Егер жұмыстан шығарылатындар әскери қызметке жарамды адамдардың запаста болуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасқа жетпесе, қызметкерлер әскери есепке қойылып, запасқа шығарылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жұмыстан шығарылатын қызметкерлер, сондай-ақ құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарынан шығарылған курсанттар қызметтік куәлігін тапсырады. Зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге құқық қорғау органдарының зейнеткері куәлігі беріледі.
5. Өзiнiң қалауымен жұмыстан шығатын қызметкерлер жұмыстан шығу жоспарланған күннен кемiнде бiр ай бұрын өздерi қабылдаған шешiм туралы тiкелей басшысына ескертiп, ол туралы жазбаша баянат бередi.
6. Осы Заңның 80-бабының 1-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көзделген негiздемелер бойынша жұмыстан шығарылатын қызметкерлер бұл туралы жұмыстан шығарудан кемiнде бір ай бұрын хабардар етiледi.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Қызметтен (кеден органдарын қоспағанда) босатылатын қызметкерлерге бiржолғы жәрдемақылар мынадай тәртiппен және мөлшерде төленедi:
күнтізбелік он жылдан аз еңбек сіңірген және денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен шығарылғандарға - үш айлық ақшалай қамтылым;
күнтізбелік он жылдан астам еңбек сіңірген және қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен шығарылғандарға:
он жылдан он бес жылға дейін - төрт айлық ақшалай қамтылым;
он бес жылдан жиырма жылға дейін - бес айлық ақшалай қамтылым;
жиырма жылдан жиырма бес жылға дейін - алты айлық ақшалай қамтылым;
жиырма бес жылдан отыз жылға дейін - жеті айлық ақшалай қамтылым;
отыз жылдан асқандарға - сегіз айлық ақшалай қамтылым.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау үшін еңбек сіңірген жылдарға зейнетақы төлемін тағайындауға арналып күнтізбе бойынша есептелген еңбек сіңірген жылдары есепке алынады.
Бiржолғы жәрдемақы соңғы штаттық лауазымы бойынша төленетiн лауазымдық айлықақысы, қызметтен босатылған күнгi арнаулы атағы, сыныптық шенi немесе біліктілік сыныбы үшiн қосымша ақы негiзге алына отырып есептеледi.
Құқық қорғау органының қызметкері құқық қорғау органдарына қайтадан (кейіннен) қызметке алынғаннан кейін қызметтен шығарылған кезде біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде қызметтің біржолғы (жұмыстан шығу) жәрдемақысы төленбеген кезеңі есепке алынады.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемiн алу құқығынсыз қызметтен босату кезiнде бiржолғы жәрдемақылар төлеумен қатар құқық қорғау органдарының (кеден органдарын қоспағанда) орта, аға және жоғары басқарушы құрамының қызметте болудың шектi жасына толғаннан кейiн, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты қызметтен босатылған адамдарына арнаулы атақтары, сыныптық шендері немесе біліктілік сыныптары үшiн қосымша төлемдерi қызметтен босатылған күннен бастап бiр жыл бойы сақталады. Төлемақыларды қызметкердiң соңғы қызмет орны бойынша құқық қорғау органының қаржылық бөлiмшесi жүзеге асырады.
Бұл ретте, егер көрсетiлген мерзiм iшiнде қызмет атқарып жүрген құқық қорғау органдарының басқарушы құрамы адамдарының арнаулы атақтары, сыныптық шендерi немесе біліктілік сыныптары үшiн қосымша ақылары өсетiн болса, тиiсiнше еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алу құқығынсыз қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының (кеден органдарын қоспағанда) орта, аға және жоғары басқарушы құрамы адамдарына төленетiн осы қосымша төлем мөлшерi де ұлғаяды.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 82-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
82-бап. Құқық қорғау органдарында қызмет етудiң шектi жасы
1. Құқық қорғау органдарында қызметте мынадай шектi жасқа:
1) қоса алғанда майорға, кiшi кеңесшiге дейiн - қырық сегіз жасқа;
2) подполковниктер, кеңесшiлер - елу жасқа;
3) полковниктер, аға кеңесшiлер - елу бес жасқа;
4) жоғары басшы құрамдағы адамдар алпыс жасқа дейiн бола алады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері қызметте мынадай шектi жасқа:
1) 3-санатты біліктілік сыныбында - қырық сегіз жасқа;
2) 2-санатты біліктілік сыныбында - елу жасқа;
3) 1-санатты біліктілік сыныбында - елу бес жасқа дейін бола алады.
2. Лауазымдарға тағайындау құқығы берiлген құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы жоғары кәсiптiк даярлығы, атқаратын лауазымы бойынша жұмыс тәжiрибесi бар және денсаулық жағдайы бойынша қызметтi өткеруге жарамды қызметкерлерге олардың келiсуiмен қызмет мерзiмiн бір жылдан бес жылға дейiн ұзартады.
Айрықша жағдайларда, тиiстi лауазымдарға тағайындау құқығы бар құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының шешiмi бойынша қызметкерлерге бұл мерзiм сол тәртiппен бір жылдан бес жылға дейiн, ал ғылыми дәрежелерi немесе атақтары бар жекелеген қызметкерлерге - бес жылдан он жылға дейiн қайта ұзартылуы мүмкiн.
Қызметте қалдыру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қызметкердi осы Заңда көзделген негiздер бойынша құқық қорғау органдарынан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
3. Қызметте болудың шекті жасына толған, денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамды прокуратура органдарының қызметкері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе уәкілетті басшының шешімі бойынша «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қызметін жалғастыруға құқылы.
Бұл ретте зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қызметте қалдыру мерзімін ұзарту туралы шешім қызметкерді осы Заңда көзделген негіздер бойынша прокуратура органдарынан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
83-бап. Құқық қорғау органдарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Құқық қорғау органдарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 84-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
84-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлерге осы арнаулы атақтарда, сыныптық шендерде еңбек сіңірген мерзімі осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған заңнамаға сәйкес есептеледі.
Осы Заңның 9-тарауының күші зейнетақымен қамсыздандыру, жеңілдетілген салық салу, олардың еңбекке уақытша жарамсыз кезеңіндегі ақшалай үлес төлеу, тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызмет ақыларын ақшалай өтемақы төлеу бөлігінде кеден органдары қызметкерлеріне қолданылмайды, ал прокуратура органдарының қызметкерлеріне 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады.
Осы Заңның 6, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 32, 38, 39, 40, 41, 42, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 55, 56, 57, 58, 59-баптарының, 60-бабының 1-тармағы 1), 5) және 6) тармақшаларының, 2-тармағының, 61-бабының 1-тармағы 2) және 7) тармақшаларының, 2-тармағының, 62, 63, 64, 65, 66, 67-баптарының, 69-бабының 1, 2, 4 және 5-тармақтарының, 70, 71-баптарының, 72-бабының 1, 2, 3, 4 және 6-тармақтарының, 73, 74-баптарының, 75-бабының 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарының, 76, 77, 78, 79, 80 (1-тармағының 12-1) тармақшасын қоспағанда)-баптарының, 81 және 82-баптарының қолданысы осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлеріне қолданылады.
Осы Заңның 59-бабының, 60-бабының 1-тармағы 1), 5) және 6) тармақшаларының, 2-тармағының, 61-бабының 1-тармағы 2) және 7) тармақшаларының, 2-тармағының және 62-бабының қолданысы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлік қызметінің қызметкерлеріне олардың мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкiметтiк курьерлік байланысты жүзеге асыру жөніндегі қызметтік міндеттерін орындауымен байланысты қолданылады.
85-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 6-сы.
№ 380-IV ҚРЗ