Комиссар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
21. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
3) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
4) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылған дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың, сондай-ақ жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған персоналды, қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен дипломатиялық қызмет персоналын көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;
6) дипломатиялық қызмет органдарының кадрларға қажеттілігін айқындайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 737 Қаулысымен 21-1-тармақпен толықтырылды
21-1. Комиссардың өкілеттігі:
1) ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі - көрме) ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
2) өз құзыреті шеңберінде Халықаралық көрмелер бюросымен (бұдан әрі - ХКБ), көрменің шетелдік қатысушыларымен, көрмені дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиямен, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-мен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
3) ХКБ-ға және көрменің шетелдік қатысушыларына қатысты көрмені дайындау және өткізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін үйлестіреді және олардың орындалуын бақылайды;
4) ХБК-мен және көрменің қатысушыларымен оны дайындау және өткізу, Халықаралық көрмелер туралы конвенцияның орындалуы мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады, ХБК-ні және көрменің қатысушыларын көрмені дайындауға және өткізуге қатысты Қазақстан Республикасының қабылданған нормативтік құқықтық актілері туралы хабардар етеді;
5) көрмені өткізу үшін құрылатын құрылымдарды тиімді басқару және ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ көрмені дайындаудың және оны өткізудің өзге де мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ұсыныстар енгізеді;
6) Қазақстан Республикасының Президентін және Премьер-Министрін көрмені дайындау және өткізу мәселелері бойынша Комиссардың қызметі туралы хабардар етеді;
7) көрмені дайындау және өткізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістеріне, Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы органдардың, мемлекеттік органдардың алқасына, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысады;
8) халықаралық қатысушыларды тарту және олардың қатысуы, ЭКСПО-2017 ақпараттық-имидждік ілгерілету және консулдық-визалық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
9) көрмені дайындау және өткізу мәселелері бойынша ХКБ-мен, өзге де халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен келіссөздерде және/немесе консультацияларда қазақстандық делегацияны басқарады;
10) өз құзыреті шегінде ведомствоаралық жұмыс топтарын құрады, бірінші басшылардың орынбасарлары және жауапты хатшылар деңгейінде Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кеңестер өткізеді;
11) көрменің шетелдік қатысушыларымен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдеседі;
12) көрмені дайындау және өткізу мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысады;
13) ХКБ-ның Атқарушы комитетінің отырыстарына және Бас ассамблеясының сессияларына қатысады;
14) көрмені дайындау және өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту бағдарламалары мен жобаларын ілгерілетуге жәрдемдеседі;
15) Қазақстан Республикасының Үкіметіне көрмеге қатысу үшін ХКБ-ға мүше елдерді шақыру туралы ұсыныстар енгізеді;
16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, лауазымды адамдарынан және ұйымдарынан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратады және алады;
17) көрмені дайындау және өткізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін тыңдайды;
18) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, сондай-ақ Көрмені дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 737 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссардың және өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
23. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұсынуы бойынша және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мүлкі
24. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Министрлік теңгерімінде көрініс табатын өзге де мүліктен тұрады.
25. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату
27. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2017.13.10. № 644 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. «Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамы.
3. «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1118 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 қазандағы № 1578 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 49, 472-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы № 421 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 16, 164-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 166 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 55-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi № 1060 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 345-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қазандағы № 1578 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қыркүйектегі № 1074 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 351-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы № 421 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қазандағы № 1109 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 34, 365-құжат).