3. 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 61-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
61-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінен шығару
Пай жарналарын төлеу мерзімін тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартында көзделген мерзімнен үш айдан астам өткізіп алуға жол берген тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесі тұрғын үй-құрылыс кооперативі жалпы жиналысының шешімімен тұрғын үй-құрылыс кооперативінен шығарылуы мүмкін.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атқарушы органы тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесіне оны тұрғын үй-құрылыс кооперативінен шығару туралы мәселені тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жалпы жиналысына шығарудың себептері туралы хабарламаны қолма-қол, табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хат жіберу жолымен, ұялы байланыс немесе электрондық пошта арқылы, сондай-ақ хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазбаша нысанда хабарлауға тиіс. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жалпы жиналысында тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесіне өзін тұрғын үй-құрылыс кооперативінен шығару мәселесі бойынша пікір айту құқығы берілуге тиіс.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің шығарылатын мүшесі келмеген және одан тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жалпы жиналысын ауыстыру туралы өтініш болмаған жағдайларда, тұрғын үй-құрылыс кооперативі жалпы жиналысының қатысушылары тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесін оның қатысуынсыз шығару туралы шешім қабылдауға құқылы. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жалпы жиналысына тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің жартысынан астамы қатысуға тиіс. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі жалпы жиналысының шешімі тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жалпы жиналысына қатысушылардың көпшілік даусымен қабылданады. Бұл ретте, шешім қабылдау кезінде тұрғын үй-құрылыс кооперативі әрбір мүшесінің дауыс саны тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі оның пай санына пропорционалды болады.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесін тұрғын үй-құрылыс кооперативінен шығару туралы жалпы жиналыстың шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 62-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
62-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінен шығарудың немесе ерікті түрде шығудың салдарлары
1. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі жалпы жиналысының немесе соттың шешімі бойынша тұрғын үй-құрылыс кооперативінен шығарылған кезде тұрғын үй-құрылыс кооперативінің шығарылған мүшесі тұрғын үй-құрылыс кооперативінде өзіне тиесілі пайды нарықтық құны бойынша өзі дербес өткізеді немесе басқаға береді.
Егер тұрғын үй-құрылыс кооперативінің шығарылған мүшесі бір ай ішінде өзіне тиесілі пайды өткізбесе, онда тұрғын үй-құрылыс кооперативінің шығарылған мүшесіне тиесілі пайды одан әрі өткізуді тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атқарушы органы жүргізеді.
2. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесі тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі өзіне тиесілі пайды өзі дербес өткізген немесе басқаға берген кезде тұрғын үй-құрылыс кооперативінен ерікті түрде шығады.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне мүшелік осы Заңның 59 және 61-баптарында айқындалған тәртіппен тоқтатылады.
3. Өткізу кезінде пайдың құны тұрғын үй-құрылыс кооперативінің шығарылған мүшесімен жасалған тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартында көзделген ақша сомасынан кем болмауға тиіс.
Пайды өткізуден алынған ақша мынадай тәртіппен бөлінеді:
тұрғын үй-құрылыс кооперативінің шығарылған мүшесі енгізген ақша қайтарылады;
тұрғын үй-құрылыс кооперативінің шығарылған мүшесі берешегінің сомасы тұрғын үй-құрылыс кооперативіне аударылады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген төлемдерден кейін қалған сома тұрғын үй-құрылыс кооперативі мен тұрғын үй-құрылыс кооперативінің шығарылған мүшесі арасында тең үлестермен бөлінеді.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 63-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
63-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшесiнiң пай жарнасының толық сомасын енгізуі
Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесі көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдағанға дейін пай жарнасының толық сомасын енгізуге міндетті.
64-бап. 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
65-бап. 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 66-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
66-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін тоқтату
1. Көппәтерлі тұрғын үй құрылысының аяқталуы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісімен ресімделеді.
Объектіні пайдалануға қабылдау актісі құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне объект туралы және (немесе) жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке олардың құрауыштары туралы сәйкестендіру және техникалық мәліметтерді енгізу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін негіз болып табылады.
2. Объектіні пайдалануға қабылдау актісі тіркелгеннен кейін және пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың бірінші меншік иесінің меншік құқығы ресімделгеннен кейін тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атқарушы органы бір ай мерзімде кондоминиум объектісін тіркеуді қамтамасыз етеді.
3. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелері жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін айқындалған тәртіппен, пәтерлерге, тұрғын емес үй-жайларға меншік құқығын тіркеуге міндетті.
4. Кепілдік мерзімі шегінде анықталған көппәтерлі тұрғын үй құрылысының кемшіліктерін жою бойынша талап ету құқығы тұрғын үй-құрылыс кооперативінде, пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесінде, мүліктің меншік иелері бірлестігінде, жай серіктестікте туындайды.
Бұл ереже тұрғын үй-құрылыс кооперативі мен мердігер арасындағы құрылыс мердігерлігі шартында көзделуге тиіс.
5. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің барлық міндеттемесін орындағаннан кейін өз қызметін тоқтатады.
4 БӨЛIМ
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тараудың тақырыбы өзгертілді
9-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай беру
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 67-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
67-бап. Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою жəне мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кəсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру
1. Мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кəсіпорындар тұрғынжайға мұқтаж адамдардың тізімдерін жүргізеді жəне тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған адамдардың тізімдерін жəне соңғы жиырма төрт айда мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кəсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылған күнін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.
Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайлардан басқа, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне, əскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайлар қызметтік тұрғынжайларға теңестіріледі.
2. Осы баптың 4,5,6 жəне 7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар аталған мекемелердің осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж жұмыскерлеріне пайдалануға беріледі.
Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сəйкес жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға беріледі.
Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сəйкес жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжай берудің міндетті шарты олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, жаңа тұрғылықты жері бойынша меншік құқығында тұрғынжайдың болмауы болып табылады.
Мемлекеттік мекемелер беретін тұрғынжайлар қызметтік тұрғынжайлар болып табылады.
3. Мемлекеттік кəсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар осы кəсіпорындардың жұмыскерлеріне пайдалануға беріледі жəне қызметтік тұрғынжайларға теңестіріледі.
4. Мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті Палаталарының, Премьер-Министрінің жəне Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін жəне оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығы жоқ мемлекеттік органдардың осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж мемлекеттік қызметшілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де адамдарға пайдалануға беріледі.
5. Ведомстволық тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғынжайлар лауазымға ротациялау тəртібімен тағайындалған, осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңіне пайдалануға беріледі.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы елді мекендегі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорының жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайлары тұрғынжайға мұқтаж деп танылған жəне тиісінше Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының кадрларында тұрған қызметкерлерге (жұмыскерлерге) қызмет өткеру (еңбек қатынастары) кезеңіне беріледі.
7. Астананың тұрғын үй қорын есепке алу жəне күтіп-ұстау саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдар жұмыскерлеріне пайдалануға беріледі.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 68-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
68-бап. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар
Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
2010.29.05. № 283-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2010.29.05. № 283-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) қандастар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
2019.06.05. № 251-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) мемлекеттік немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртібін қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) толық емес отбасылар;
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
12) асырауында кəмелетке толмаған балалары жəне жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кəсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір əйелдер (тұл ер адамдар) жатады.
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 69-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
69-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаж деп тану
1. Кəмелетке толған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, егер:
1) бірыңғай республикалық электрондық базаға жəне «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;
2) тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде жəне мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжай берген кезде олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;
3) тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде жəне мемлекеттік кəсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай берген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;
4) есепке алуды осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын олардың жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен авариялық деп танылса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.
2. Кəмелеттік жасқа толуы туралы талап кəмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмайды. Мұндай адамдарды əскери қызметке шақырған кезде жасы мерзімді əскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады.
3. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған жалдаушының (қосымша жалдаушының) отбасы мүшелері тұрғынжайды жалдаушы (қосымша жалдаушы) сияқты негіздер бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп таныла алмайды.
4. Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған кезде меншік құқығындағы авариялық тұрғынжайды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес коммуналдық меншікке береді.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 70-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
70-бап. Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу құқығы
Ерлi-зайыптылардың әрқайсысында некеге тұрғанға дейiн осындай тұрғын үйi болған жағдайларды қоспағанда, азамат (зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен бiрге) осы елдi мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан бiр тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға құқылы.
10-тарау. 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен тақырыбы алып тасталды (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 71-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
71-бап. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы
1. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің осы Заңның 69-бабына сəйкес тұрғынжайға мұқтаж деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларына сəйкес осы елді мекенде тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.
Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың жəне олардың отбасы мүшелерінің «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сəйкес дербес деректерін жинауға жəне өңдеуге келісімін алуға міндетті.
Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою туралы шешімді есепке қою туралы хабарламаны не есепке қоюдан уəжді бас тартуды жібере отырып, ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі қабылдайды жəне өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының азаматына, қандасқа электрондық пошта арқылы немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы оның абоненттік нөміріне мəтіндік хабар түрінде жіберіледі.
2. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің республикалық маңызы бар қалаларда, астанада Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы кезінде соңғы үш жылда тұрғылықты жері бойынша тіркеу талап етіледі. Көрсетілген талап кəмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балаларға, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмайды.
3. Жетім балалардың, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар білім беру ұйымына, медициналық немесе басқа да ұйымға келіп түскен күннен бастап немесе оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен бастап не патронат тəрбиешімен, баланы қабылдайтын ата-аналармен шарт жасасқан күннен бастап үш ай ішінде баланы жетім балалардың, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалардың бастапқы есепке қойылған жері бойынша не заңды өкілінің нақты тұратын жері бойынша тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюға міндетті.
Баланы қабылдайтын отбасы бала асырап алудың, қорғаншылықтың немесе қамқоршылықтың, патронаттық тəрбиенің күші жойылғаннан кейін жетім балаларды, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларды білім беру ұйымдарына, медициналық немесе басқа да ұйымға қайтарған жағдайда, балалар асырап алушыға, қорғаншыға, қамқоршыға, патронаттық тəрбиешіге, баланы қабылдайтын ата-анаға берілгенге дейін олар тұрғынжайға мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде қалпына келтіріледі.
Жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар облыс шегінде тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдың бастапқы күні сақтала отырып, тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылады.
Тұрғылықты жері ауысқан кезде жетім балаларды, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою осы баптың 1 жəне 2-тармақтарына сəйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кəсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорындар етіп қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік кəсіпорынның мүліктік кешені мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша берілген жағдайда, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері ретінде тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған, мемлекеттік мекеменің немесе қазыналық кəсіпорынның жұмыскерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері деп танылады.
5. Бірыңғай республикалық электрондық базада тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюға жол берілмейді.
6. Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдерін түгендеу ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің интернет-ресурсында Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың жаңартылған тізімдерін жариялай отырып, тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі.
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
72-бап. Тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдан бас тарту негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, егер:
1) «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайлары бар болған немесе болған;
2) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайлары болған;
3) мемлекеттік кəсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың Қазақстан Республикасында меншік құқығында тұрғынжайлары болған;
4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан пайдалануға берілген тұрғынжайы немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайы болған;
5) ұсынылған құжаттарда жəне (немесе) мəліметтерде анық емес деректер болған;
6) олар бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды алған жəне жекешелендірген;