Бұл ретте сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушымен келісуге және тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға қатысуға құқылы.
Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісінің қарауына тұтынушылық дауды беру туралы келісім жазбаша нысанда ресімделеді.
2. Тұтынушы тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарау туралы өтінішті тараптардың тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісінің қарауына тұтынушылық дауды беру туралы жазбаша келісімі болған кезде тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісіне жүгіну арқылы немесе Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы беруі мүмкін.
Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісі тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындылары туралы тоқсан сайынғы ақпаратты уәкілетті органға береді.
3. Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарау осы Заңның және Қазақстан Республикасының төрелік, медиация, өзін-өзі реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.».
6. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат; 2012 ж., № 6, 44-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120-құжат):
6-тармақтың екінші және үшінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тұтынушыны жұмыс істеп тұрған, тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің бар екендігі туралы хабардар ету мақсатында кәсіби медиаторлар ұйымы тізілімнің жаңартылуына қарай Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне медиаторлар туралы ақпарат (медиатордың тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), медиатордың заңды мекенжайын, байланыс деректерін (пошта мекенжайы немесе электрондық пошта мекенжайы не телефон немесе телефакс нөмірі), медиатор маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер, медиатор медиацияны жүзеге асыра алатын тіл туралы мәліметтер) жібереді.».
7. «Өзін-өзі реттеу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-І, 127-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша тұтынушылардың тұтынушылық дауларды қарау жөніндегі қызметті тиімсіз жүзеге асыратын өзін-өзі реттейтін ұйымдарға қатысты шағымдарын қарайды;»;
2) 9-бапта:
5-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «ұсынылмауы негізінде жүзеге асырылады.» деген сөздер «ұсынылмауы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін тоқтату және оны өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығару туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Реттеуші мемлекеттік органның өзін-өзі реттейтін ұйымды өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығару туралы шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Реттеуші мемлекеттік органның өзін-өзі реттейтін ұйымды өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығару туралы шешіміне шағым жасау осы шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.»;
3) 17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) мен тұтынушылар және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де тұлғалар арасында туындайтын тұтынушылық дауларды қарау жөніндегі орган;»;
4) 19-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «жеткізуге міндетті.» деген сөздер «жеткізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) тұтынушылардың келіп түскен өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы ақпаратты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның назарына жеткізуге;
7-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) өз мүшелері (қатысушылары) туралы жаңартылған ақпаратты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға және Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беруге;
11) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) мен тұтынушылар және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де тұлғалар арасында туындаған тұтынушылық дауларды қарау жөніндегі орган құруға міндетті.».
2-бап. Осы Заң:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 5) тармақшасының сегізінші және он бесінші абзацтарын, 7) тармақшасының он алтыншы - отыз төртінші абзацтарын, 22) тармақшасының елу бірінші, елу екінші және алпыс екінші абзацтарын, 6-тармағының екінші және үшінші абзацтарын, 7-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацын;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 6) тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 25 маусым
№ 346-VI