ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
(2021.24.05. берілген өзгерістермен)
«2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 Қаулысын қараңыз
2021.24.05. № 44-VІІ ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. 2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 12 405 717 446 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 6 913 806 526 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 286 899 962 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 585 654 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 5 201 425 304 мың теңге;
2) шығындар - 14 911 075 741 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 223 459 837 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 392 058 235 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 168 598 398 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 30 847 068 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 30 847 068 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -2 759 665 200 мың теңге, немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 3,5 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -8 243 730 200 мың теңге, немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 10,6 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 759 665 200 мың теңге.
2021.24.05. № 44-VІІ ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 48 740 450 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 8 516 575 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсімдері көзделсін.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2021 жылға арналған түсімдердің көлемдері осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есепке жатқызылатын болып белгіленсін:
1) Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;
2) Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсіп келген аударымдары.
Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады.
5-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемдері 451 425 304 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Атырау облысынан - 213 751 848 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 13 416 746 мың теңге;
Алматы қаласынан - 190 108 501 мың теңге;
Нұр-Сұлтан қаласынан - 34 148 209 мың теңге.
6-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттердің түсімдері 200 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.
Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттердің түсімдерін бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.
7-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт мөлшері 2 700 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.
2021.24.05. № 44-VІІ ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға 1 850 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.
9-бап. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері - 42 500 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 18 524 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшері - 43 272 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 917 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 34 302 теңге болып белгіленсін.
10-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 7 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін.
11-бап. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,6 пайыз болып белгіленсін.
12-бап. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында белгіленсін.
13-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және республикалық маңызы бар қала бюджетіне берілетін субвенциялар көлемдері 2 120 876 742 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Ақмола облысына - 159 776 910 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 110 138 668 мың теңге;
Алматы облысына - 190 908 951 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 217 475 731 мың теңге;
Жамбыл облысына - 193 906 105 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 75 347 255 мың теңге;
Қарағанды облысына - 134 306 419 мың теңге;
Қызылорда облысына - 176 498 658 мың теңге;
Қостанай облысына - 135 998 777 мың теңге;
Павлодар облысына - 54 972 753 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына - 141 543 628 мың теңге;
Түркістан облысына - 391 668 528 мың теңге;
Шымкент қаласына - 138 334 359 мың теңге.
2021.24.05. № 44-VІІ ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне:
1) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге;
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға;
3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға;
5) облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауға;
6) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға;
6-1) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға;
7) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіруге шығындарын өтеуге;
7-1) тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялауға;
7-2) ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге;
7-3) объектілерді күзету функцияларын бәсекелес ортаға беруге;
7-4) коронавируспен (COVІD-19) күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақылар төлеуге;
7-5) арнаулы мекемелердің, айдауыл қызметінің, кезекші бөлімдердің және жедел басқару орталықтарының, кинологиялық бөлімшелердің қызметкерлеріне және учаскелік полиция инспекторларының көмекшілеріне тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеуге және олардың тұрғын үй төлемдеріне;
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;
9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге;
10) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;
11) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;
12) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге;
13) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға;
14) мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге;
15) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
16) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге;
17) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;
17-1) үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз етуге;
18) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға;
19) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
20) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;
21) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге;
22) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының әдістемелік орталықтарының (кабинеттерінің) әдіскерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге;
23) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге;
24) «Жас маман» жобасы шеңберінде колледждер үшін жабдықтар сатып алуға;
25) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
26) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;
27) көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға;
28) медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуіне;
29) жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;
30) қаржы лизингі шарттарымен сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеуге;
31) вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға;
32) саламатты өмір салтын насихаттауға;
33) ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға;
34) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға;
35) жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
36) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге;
36-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдардың медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
37) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
38) «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жөніндегі іс-шараларды іске асыруға;
39) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге;
40) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және кепілдендіруге;
40-1) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз етуге және өткізуге;
41) көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;
41-1) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға;
42) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және (немесе) аз қамтылған көпбалалы отбасыларға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға;
43) жұмыс істейтін жастарға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің осы баптың бірінші бөлігінің 11), 12) және 35) тармақшаларында көрсетілген 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
15-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2021 жылға арналған кредиттер сомаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
16-бап. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға арналған қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
17-бап. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
18-бап. Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасының іс-шараларын іске асыруға арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2021.24.05. № 44-VІІ ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылға арналған резерві 231 696 458 мың теңге сомасында бекітілсін.
20-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2021 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 3 585 654 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 12 917 877 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
21-бап. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2021 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 37 940 506 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
22-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшін 709 873 мың теңге көзделсін.
2021.24.05. № 44-VІІ ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-бап. 2021 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 900 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
2021.24.05. № 44-VІІ ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-бап. 2021 жылы экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті 100 200 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
2021.24.05. № 44-VІІ ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. 2021 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 18 260 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
2021.24.05. № 44-VІІ ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26-бап. 2021 жылға мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті 45 034 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
2021.24.05. № 44-VІІ ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27-бап. 2021 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті 2 481 143 489 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
28-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі осы Заңға 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2021 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде осы Заңға 6-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін.
29-бап. Осы Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 2 желтоқсан
№ 379-VІ ҚРЗ
2021.24.05. № 44-VІІ ҚР Заңымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
2020 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
№ 379-VІ ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША
2021 жылға арналған республикалық бюджет
Санаты | Сыныбы | Ішкі сыныбы | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| | | І. Кірістер | 12 405 717 446 |
1 | | | Салықтық түсімдер | 6 913 806 526 |
| 01 | | Табыс салығы | 1 870 226 706 |
| | 1 | Корпоративтік табыс салығы | 1 870 226 706 |
| 05 | | Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар | 3 657 797 971 |
| | 1 | Қосылған құн салығы | 3 036 094 254 |
| | 2 | Акциздер | 116 868 850 |
| | 3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер | 487 022 815 |
| | 4 | Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар | 4 485 538 |
| | 5 | Ойын бизнесіне салық | 13 326 514 |
| 06 | | Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар | 1 344 413 259 |
| | 1 | Кеден төлемдері | 1 321 086 216 |
| | 2 | Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар | 23 327 043 |
| 07 | | Басқа да салықтар | 2 153 555 |
| | 1 | Басқа да салықтар | 2 153 555 |
| 08 | | Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер | 39 215 035 |
| | 1 | Мемлекеттік баж | 39 215 035 |
2 | | | Салықтық емес түсімдер | 286 899 962 |
| 01 | | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 215 380 090 |
| | 1 | Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері | 1 178 565 |
| | 3 | Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер | 139 908 283 |
| | 4 | Мемлекет меншігінде тұрған, заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер | 4 488 943 |
| | 5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 58 490 365 |
| | 6 | Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар | 1 000 000 |
| | 7 | Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар | 2 395 128 |
| | 9 | Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер | 7 918 806 |
| 02 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 2 832 903 |
| | 1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 2 832 903 |
| 03 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 129 082 |
| | 1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 129 082 |
| 04 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 10 386 938 |
| | 1 | Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 10 386 938 |
| 05 | | Гранттар | 1 204 668 |
| | 2 | Қаржылық көмек | 1 204 668 |
| 06 | | Басқа да салықтық емес түсімдер | 56 966 281 |
| | 1 | Басқа да салықтық емес түсімдер | 56 966 281 |
3 | | | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 3 585 654 |
| 02 | | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 3 585 654 |
| | 1 | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 3 585 654 |
4 | | | Трансферттердің түсімдері | 5 201 425 304 |
| 01 | | Төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан трансферттер | 651 425 304 |
| | 1 | Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінен трансферттер | 651 425 304 |
| 04 | | Ұлттық қордан трансферттер | 4 550 000 000 |
| | 1 | Республикалық бюджетке Ұлттық қордан трансферттер | 4 550 000 000 |
Функционалдық топ | Әкімші | Бағдарлама | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| | | ІІ. Шығындар | 14 911 075 741 |
1 | | | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 623 190 583 |
| 101 | | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі | 8 728 706 |
| | 001 | Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 6 944 701 |
| | 002 | Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық аспектілерін болжамды-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 615 354 |
| | 003 | Архив қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану жөніндегі қызметтер | 512 304 |
| | 007 | Орталық коммуникациялар қызметінің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 656 347 |
| 104 | | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі | 2 396 962 |
| | 001 | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 2 396 962 |
| 106 | | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық | 174 860 |
| | 001 | Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі қызметтер | 106 230 |
| | 008 | Азаптаулардың алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу тетігін нығайту | 68 630 |
| 107 | | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты | 323 211 |
| | 001 | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер | 323 211 |
| 108 | | Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Кеңсесі | 2 175 192 |
| | 001 | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 1 156 949 |
| | 008 | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 1 018 243 |
| 201 | | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі | 83 322 123 |
| | 001 | Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер | 83 322 123 |