ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2021 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. 2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 11 276 999 610 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 6 635 629 335 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 286 359 317 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 585 654 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 4 351 425 304 мың теңге;
2) шығындар - 13 756 154 377 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 107 870 996 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 276 469 394 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 168 598 398 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 16 258 898 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 16 258 898 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -2 603 284 661 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 3,4 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -6 963 843 861 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 9,1 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 603 284 661 мың теңге.
2-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 48 300 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 8 416 380 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсімдері көзделсін.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2021 жылға арналған түсімдердің көлемдері осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есепке жатқызылатын болып белгіленсін:
1) Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;
2) Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсіп келген аударымдары.
Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады.
5-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемдері 451 425 304 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Атырау облысынан - 213 751 848 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 13 416 746 мың теңге;
Алматы қаласынан - 190 108 501 мың теңге;
Нұр-Сұлтан қаласынан - 34 148 209 мың теңге.
6-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттердің түсімдері 200 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.
Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттердің түсімдерін бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.
7-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт мөлшері 2 700 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.
8-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға 1 000 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.
9-бап. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері - 42 500 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 18 524 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшері - 43 272 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 917 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 34 302 теңге болып белгіленсін.
10-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 7 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін.
11-бап. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,6 пайыз болып белгіленсін.
12-бап. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында белгіленсін.
13-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және республикалық маңызы бар қала бюджетіне берілетін субвенциялар көлемдері 2 120 876 742 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Ақмола облысына - 159 776 910 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 110 138 668 мың теңге;
Алматы облысына - 190 908 951 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 217 475 731 мың теңге;
Жамбыл облысына - 193 906 105 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 75 347 255 мың теңге;
Қарағанды облысына - 134 306 419 мың теңге;
Қызылорда облысына - 176 498 658 мың теңге;
Қостанай облысына - 135 998 777 мың теңге;
Павлодар облысына - 54 972 753 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына - 141 543 628 мың теңге;
Түркістан облысына - 391 668 528 мың теңге;
Шымкент қаласына - 138 334 359 мың теңге.
14-бап. 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне:
1) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге;
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға;
3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға;
5) облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауға;
6) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға;
7) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіруге шығындарын өтеуге;
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;
9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге;
10) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;
11) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;
12) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге;
13) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға;
14) мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге;
15) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
16) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге;
17) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;
18) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға;
19) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
20) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;
21) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге;
22) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының әдістемелік орталықтарының (кабинеттерінің) әдіскерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге;
23) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге;
24) «Жас маман» жобасы шеңберінде колледждер үшін жабдықтар сатып алуға;
25) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
26) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;
27) көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға;
28) медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуіне;
29) жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;
30) қаржы лизингі шарттарымен сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеуге;
31) вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға;
32) саламатты өмір салтын насихаттауға;
33) ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға;
34) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға;
35) жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
36) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге;
37) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
38) «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жөніндегі іс-шараларды іске асыруға;
39) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге;
40) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және кепілдендіруге;
41) көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;
42) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және (немесе) аз қамтылған көпбалалы отбасыларға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға;
43) жұмыс істейтін жастарға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің осы баптың бірінші бөлігінің 11), 12) және 35) тармақшаларында көрсетілген 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
15-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2021 жылға арналған кредиттер сомаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
16-бап. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға арналған қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
17-бап. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
18-бап. Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасының іс-шараларын іске асыруға арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылға арналған резерві 343 744 844 мың теңге сомасында бекітілсін.
20-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2021 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 3 585 654 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 12 917 877 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
21-бап. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2021 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 37 940 506 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
22-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшін 709 873 мың теңге көзделсін.
23-бап. 2021 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 750 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
24-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер лимиті 2021 жылы қолданылмайды деп белгіленсін.
25-бап. 2021 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 18 105 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
26-бап. Мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті 2021 жылы қолданылмайды деп белгіленсін.
27-бап. 2021 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті 2 255 422 282 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
28-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі осы Заңға 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2021 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде осы Заңға 6-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін.
29-бап. Осы Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 2 желтоқсан
№ 379-VІ ҚРЗ
«2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
2020 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
№ 379-VІ ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША
2021 жылға арналған республикалық бюджет
Санаты | Сыныбы | Ішкі сыныбы | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| | | І. Кірістер | 11 276 999 610 |
1 | | | Салықтық түсімдер | 6 635 629 335 |
| 01 | | Табыс салығы | 1 860 502 000 |
| | 1 | Корпоративтік табыс салығы | 1 860 502 000 |
| 05 | | Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар | 3 689 175 994 |
| | 1 | Қосылған құн салығы | 3 092 670 014 |
| | 2 | Акциздер | 112 823 248 |
| | 3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер | 433 983 475 |
| | 4 | Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар | 36 372 743 |
| | 5 | Ойын бизнесіне салық | 13 326 514 |
| 06 | | Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар | 1 042 049 683 |
| | 1 | Кеден төлемдері | 1 023 526 810 |
| | 2 | Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар | 18 522 873 |
| 08 | | Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер | 43 901 658 |
| | 1 | Мемлекеттік баж | 43 901 658 |
2 | | | Салықтық емес түсімдер | 286 359 317 |
| 01 | | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 243 897 408 |
| | 1 | Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері | 938 483 |
| | 3 | Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер | 167 129 430 |
| | 4 | Мемлекет меншігінде тұрған, заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер | 5 479 710 |
| | 5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 58 076 472 |
| | 6 | Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар | 700 000 |
| | 7 | Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар | 3 664 912 |
| | 9 | Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер | 7 908 401 |
| 02 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 2 546 861 |
| | 1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 2 546 861 |
| 03 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 80 850 |
| | 1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 80 850 |
| 04 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 1 892 253 |
| | 1 | Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 1 892 253 |
| 05 | | Гранттар | 400 736 |
| | 2 | Қаржылық көмек | 400 736 |
| 06 | | Басқа да салықтық емес түсімдер | 37 541 209 |
| | 1 | Басқа да салықтық емес түсімдер | 37 541 209 |
3 | | | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 3 585 654 |
| 02 | | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 3 585 654 |
| | 1 | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 3 585 654 |
4 | | | Трансферттердің түсімдері | 4 351 425 304 |
| 01 | | Төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан алынатын трансферттер | 651 425 304 |
| | 1 | Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен алынатын трансферттер | 651 425 304 |
| 04 | | Ұлттық қордан трансферттер | 3 700 000 000 |
| | 1 | Республикалық бюджетке Ұлттық қордан трансферттер | 3 700 000 000 |
Функционалдық топ | Әкімші | Бағдарлама | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| | | ІІ. Шығындар | 13 756 154 377 |
01 | | | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 533 942 390 |
| 101 | | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі | 8 616 302 |
| | 001 | Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 6 908 831 |
| | 002 | Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық аспектілерін болжамды-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 538 820 |
| | 003 | Архив қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану жөніндегі қызметтер | 512 304 |
| | 007 | Орталық коммуникациялар қызметінің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 656 347 |
| 104 | | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі | 2 359 962 |
| | 001 | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 2 359 962 |
| 106 | | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық | 167 404 |
| | 001 | Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі қызметтер | 98 774 |
| | 008 | Азаптаулардың алдын алу жөніндегі Ұлттық алдын алу тетігін нығайту | 68 630 |
| 107 | | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты | 319 267 |
| | 001 | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер | 319 267 |
| 108 | | Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Кеңсесі | 2 175 192 |
| | 001 | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 1 156 949 |
| | 008 | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 1 018 243 |
| 201 | | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі | 78 933 977 |
| | 001 | Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер | 78 933 977 |
| 204 | | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі | 78 561 580 |
| | 001 | Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер | 53 320 730 |
| | 003 | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау | 360 912 |
| | 005 | Шетелдік іссапарлар | 2 227 087 |
| | 008 | Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету | 60 574 |
| | 013 | Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру | 501 481 |
| | 017 | Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, өзге де халықаралық және басқа органдарға қатысуы | 20 204 748 |
| | 019 | Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету | 1 816 711 |
| | 021 | Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету | 69 337 |
| 207 | | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі | 7 481 291 |
| | 001 | Экология, геология және табиғи ресурстар саласындағы қызметті үйлестіру бойынша көрсететін қызметтер | 7 481 291 |
| 209 | | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі | 6 761 401 |
| | 001 | Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру | 3 044 790 |
| | 002 | Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру | 3 716 611 |
| 211 | | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі | 2 888 509 |
| | 001 | Ішкі және сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру | 2 888 509 |
| 217 | | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі | 149 239 508 |
| | 001 | Бюджеттік жоспарлауды, орындалуын және мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер | 87 341 858 |
| | 002 | Халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалардың аудитін жүзеге асыру | 24 338 |
| | 019 | Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу | 6 098 |
| | 030 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін құру және дамыту | 1 268 075 |
| | 067 | Саяси партияларды қаржыландыру | 9 258 140 |
| | 072 | Салық әкімшілігі жүйесін реформалау | 14 485 |
| | 094 | Мемлекеттік активтерді басқару | 1 530 805 |
| | 205 | Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жарақтандыру | 49 795 709 |