2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылды
5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;
7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет елдерге кеткен балаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында немесе негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мектептерде олардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-тарау. ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДА КӘСІПТІК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ПЕДАГОГТІҢ МӘРТЕБЕСІ
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтық мәртебесі
1. Қазақстан Республикасында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы педагогінің ерекше мәртебесі танылады, бұл оның кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді.
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтық мәртебесі осы тарауда айқындалады.
3. Кәсіптік қызметін жүзеге асырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында болған кезеңде адам педагог мәртебесіне ие болады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 51-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
51-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы педагогінің кәсіптік қызметіне:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) медициналық қарсы көрсетілімдері, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған;
4) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ адамдар;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулер негізінде жіберілмейді.
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің:
1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
3) дара педагогтік қызметке;
4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;
5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға;
7) 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге;
9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;
10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға;
13) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагог:
1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
6) 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) педагогтік әдеп қағидаларын сақтауға;
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 9) және 10) тармақшалармен толықтырылды; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) құқық қорғау органдарына білім беру ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға;
10) өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға міндетті.
Міндеттерін бұзғаны және педагог атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагог Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануына тыйым салынады.
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 52-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
52-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Жекеменшік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе оған уәкілетті адам айқындайды.
2. 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің лауазымдық айлықақысы, қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сондай-ақ ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
4. 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамы мен басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы арттырылып отыратын коэффициентті ескере отырып айқындалады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге тиісті дипломы немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлігі болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша:
философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде;
ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторы ғылыми дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесі жұмыс уақытының жылдық нормасы шегінде белгіленеді және оны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының басшысы алқалы басқару органының шешімі негізінде бекітеді.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда; 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын айқындау кезінде Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтер мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, оның ішінде қызметтік үй және (немесе) жатақхана;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді; 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге:
1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында педагогтік қызметті жүзеге асыратын педагогтердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді;
2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
2008.24.12 № 111-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
2008.24.12 № 111-IV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жеке меншігінде малы бар, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөп, мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі.
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге жыл сайын тиісті бюджет қаражаты есебінен:
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) оларға кезекті еңбек демалысын беру кезінде мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен айқындалған мөлшерде күнтізбелік жылда бір рет сауықтыруға жәрдемақы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленушіге жұмсау бағытын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді.
3) 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-тарау. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу
54-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу білім алуға конституциялық құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, білім сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
55-бап. Білім беру сапасын басқару
1. Білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған және білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік және институционалдық құрылымдарын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдалану ұтымдылығын және білім беру жүйесі жұмыс істеуінің тұтастай тиімділігін қамтиды.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Білім беру сапасын басқару білім беру мониторингінің нәтижелері негізінде, білім берудің барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бiлiм беру мониторингi бiлiм беру жүйесінің сапасын сырттай және iшкi бағалау үшін әкімшілік деректер мен талдамалық бағалау көрсеткіштерінің кешені көмегімен жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі байқау болып табылады.
Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі білім алушылар білімінің сапасын бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігіне бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру деңгейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігіне бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
5. 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілетін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйым:
1) 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) оқу процесінің сапасын бақылау технологияларын, білім беру ұйымдарында білім алушылар контингентін конкурстық жолмен қалыптастыру модельдерін әзірлейді және енгізеді;
3) білім беру сапасын өлшеуді тестілеудің теориясы мен әдіснамасы және оның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігі бойынша ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізеді.
56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары
1. Қазақстан Республикасында әрбір білім беру деңгейі бойынша:
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына;
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) білім алушылардың даярлық деңгейіне;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары инклюзивті білім беру ескеріле отырып әзірленеді.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 57-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 57-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
57-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Заңды тұлғалардың (бұдан әрі - лицензиат) білім беру қызметі осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау - біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша шифр, атауы көрсетіледі.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада кадрларды даярлау бағыттары бойынша сыныптауышқа сәйкес кадрларды даярлау бағытының коды және атауы көрсетіледі.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Лицензиар білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, тоқтату, сондай-ақ осы баптың 3-1-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген жағдайларда білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультативтік-кеңесші орган құрады.
2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдар арқылы білім беру қызметін жүзеге асыратын лицензиатты қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензия қосымшасының қолданысы лицензиаттың (заңды мекенжайына сәйкес) тіркелген орны бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде шектеледі.
2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-1. Коммерциялық емес ұйымдардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары лицензиялауға жататын білім беру қызметін осы коммерциялық емес ұйымға берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша негізінде жүзеге асыруға құқылы.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Лицензиардың білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның (және) немесе лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде лицензиат:
1) оқу процесін жалғастырады;
2) білім туралы құжатты бере отырып, оқытудың оқу жылын аяқтайды;
3) білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға алып келген бұзушылықтарды жояды.