3) 23-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бейбiт уақытта жедел жағдай шиеленiскен, аса маңызды жұмыстар мен iс-шаралар жүргізілген кезде байланыс операторлары жедел iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын немесе аса маңызды жұмыстар мен iс-шараларды жүргiзуге өкілеттiктері бар байланыс қызметтерiн пайдаланушыларға шарттарды ресiмдемей, уақытша жалға беру шартымен, шығындарға кейiннен өтемақы төлей отырып, қажет болғанда ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсiнің жұмыс арналарын пайдаланып, жеке өтiнiмдер бойынша қосымша арналар мен тiкелей байланыс жолдарын бөліп береді.».
23. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар, 2015 ж., № 22-I, 140-құжат):
1) 6-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары жедел-iздестiру, қарсы барлау iс-шараларын жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдардың уәждi қорытындылары бойынша өздерiнiң әрекеттерiмен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кiруiне жол бермеу жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;»;
2) 10-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Экстремизмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық орнатады, Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттердiң аумағында жедел-iздестiру, қарсы барлау iс-шараларын жүргiзедi.».
24. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат):
24-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне: барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу үшін қажетті ақпаратты беру туралы олардың талап етуі бойынша;».
25. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-V, 156-құжат):
1) 9-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;»;
2) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының құзыреті
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының құзыретіне, осы Заңның 9-бабының 2) - 4), 7), 9-1), 10), 14), 16), 20-1), 20-2) және 26) тармақшаларын қоспағанда, осы Заңның 8-бабында көзделген ережелерден басқа, 9-бабының ережелері жатады.».
26. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 12, 87-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің, өзге де шетелдік ұйымдардың және жекелеген адамдардың ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған барлау-нұқсан келтіру әрекеті;»;
2) 23-баптың 6-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жедел-iздестiру, қарсы барлау іс-шараларын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келмейтiн байланыс желiлерiн пайдалануға беруге тыйым салынады.».
27. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат):
1) 6-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері қызметін осы Заңның 7, 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 36-1, 37, 40, 50 және 75-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес өткереді.»;
2) 15-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жауынгерлік іс-қимылдарынан, төтенше жағдайлар ахуалында тапсырмаларды орындаудан, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын өткізуден басқа жағдайларда, бұйрықтар тек қана жазбаша түрде беріледі.»;
3) 36-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдарға іссапарға жіберудің және олардың қызмет өткеруінің ерекшеліктері осы Заңның 36-1-бабында айқындалады.»;
4) мынадай мазмұндағы 36-1-баппен толықтырылсын:
«36-1-бап. Қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдарға іссапарға жіберудің және олардың қызмет өткеруінің ерекшеліктері
1. Қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдарға іссапарға жіберудің және олардың қызмет өткеруінің ерекшеліктері арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Iссапарға жiберiлген қызметкерлерге лауазымдық айлықақылар, қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар, сыйлықақылар, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тұрғынжайды ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақы төлеуге арналған ақшалай өтемақы, бір елді мекеннен ара қашықтығы елу километрден асатын екінші бір елді мекенге көшумен байланысты болатын қызмет бабындағы ауысу кезінде қызметкерге және оның отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтерме жәрдемақы төлеу, қызмет бабындағы ауысу кезінде салмағы жиырма тоннаға дейінгі жеке мүлкін тасымалдау бойынша шығындарды, сондай-ақ емделуге жұмсалған қаражатты өтеу олар іссапарға жіберілген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүргiзiледi.
Iссапарға жiберiлген қызметкерлерге сыйлықақы беру олар іссапарға жіберілген арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлерi үшiн айқындалған тәртiппен лауазымдық айлықақылар негiзге алына отырып жүзеге асырылады.
3. Арнаулы атағы бойынша айлықақы төлеу, тұрғын үй төлемдері, қызмет өткеру кезеңiнде қызметкер қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайдағы, оған мүгедектiк белгіленген кездегі немесе ол міндеттерін атқаруға байланысты мертіккен жағдайдағы біржолғы өтемақылар, сондай-ақ арнаулы киім нысанымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету қызметкерлерді іссапарға жіберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүргiзiледi.»;
5) 83-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін астыртын (жасырын) нысанда жүзеге асыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру тәртібі арнаулы мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.».
28. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):
21-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне: барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу үшін қажетті ақпаратты беру туралы олардың талап етуі бойынша;».
29. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат):
43-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға, қорғаныс қабілеттілігі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері «электрондық үкіметтің» шлюзіне қосылмастан интеграциялануы мүмкін.».
30. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат):
39-баптың 3-тармағында:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін, сондай-ақ тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың:
жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келісім берген адамдар көрсететін қызметтерді;
қызметтік үй-жайларды, көлік және өзге де техникалық құралдарды, мүлікті, сондай-ақ оларды ұстау, қызмет көрсету және техникалық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтерді;
астыртын ұйымдар мен объектілерді құру және ұстау үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы танымдары бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететін қызметтерді сатып алуы;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) терроризмнің, экстремизмнің алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың сатып алуы;».
31. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 8-I, 64-құжат):
1) 5-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;»;
2) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Пошта операторларының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы
1. Қазақстан Республикасының аумағында пошта қызметін жүзеге асыратын пошта операторлары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес пошта байланысы желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға барлық пошта байланысы желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін, пошта операторы көрсететін қызметтерді пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
Уәкілетті орган ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу мақсаттары үшін пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын айқындайды.
31-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Пошта операторлары пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізуді, дербес деректер туралы ақпарат жинауды және сақтауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен жабдықты орнатуға міндетті. Дербес деректер туралы ақпаратты сақтау мерзімі пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында айқындалады.
2. Пошта операторларының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара қарым-қатынастары «Жедел-iздестiру қызметi туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Заңмен реттеледі.»;
3) 38-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Пошта операторлары және дербес деректерге қол жеткізе алатын, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдар субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз не өзге де заңды негізсіз олардың таралуына жол бермеу талаптарын сақтау арқылы құпиялылықты қамтамасыз етеді.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, 1-баптың 22-тармағының 1) тармақшасын;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, 1-баптың 31-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 шілдеге дейін 1-баптың 22-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерін иеленушілер:
1) байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыруға;
3) байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметтік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға және тәртіпке сәйкес жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз етуге;
5) байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес жасалатын байланыс қызметтерін көрсету туралы тиісті шарт жасалған кезде ғана байланыс қызметтерін көрсетуді, сол сияқты байланыс операторы өкілінің абоненттік нөмірлерді таратуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Ұялы байланыс операторлары өз желілерінде жұмыс істейтін жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының тізілімін жүргізуге міндетті.
Желіде сәйкестендіру кодтары бірдей бірнеше жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары байқалған жағдайда, ұялы байланыс операторы бұл туралы жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен хабардар етуге міндетті.
3. Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы мәліметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара қарым-қатынастары «Жедел-iздестiру қызметi туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Заңға сәйкес реттеледі.
5. Ұялы байланыс операторлары абоненттік құрылғыны иеленушінің өтініші бойынша өз желісіндегі абоненттік құрылғының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруға не қайта бастауға міндетті.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы желтоқсанның 28-і.
№ 36-VI