Қазақстан Республикасының
Заңы
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
(2024.01.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы
4-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қағидаттары
5-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық
6-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау ұйымын таңдау құқығы
7-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек
8-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының және қорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін нысаналы жарна қаражатының сақталуын қамтамасыз ету
2-тарау. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
9-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
11-бап. Уәкілетті органның құзыреті
12-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
3-тарау. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
13-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар
14-бап. Төлеушілер
15-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар
16-бап. Денсаулық сақтау субъектілері
17-бап. Мемлекеттік корпорация
4-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
18-бап. Қордың мәртебесі мен активтері
19-бап. Қордың қызметі
20-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері
21-бап. Қордың инвестициялық қызметі
22-бап. Есеп және есептілік
23-бап. Қордың аудиті
24-бап. Қордың басшы жұмыскерлеріне қойылатын талаптар
5-тарау. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
25-бап. Қаржыландыру көздері
26-бап. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары
27-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар
28-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар
29-бап. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістер
6-тарау. АУДАРЫМДАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖАРНАЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ (ҰСТАП ҚАЛУ) ЖӘНЕ АУДАРУ
30-бап. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару
31-бап. Төлеушінің аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы аудармағаны үшін жауаптылығы
32-бап. Жүргізілген аударымдар туралы хабарлау
33-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға артық (қате) төленген аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару
7-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ СУБЪЕКТІЛЕРІНЕН МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ
34-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі
35-бап. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты
36-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу
37-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын қамтамасыз ету
38-бап. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзу негіздері және тәртібі
8-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
39-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
40-бап. Өтпелі ережелер
41-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2020.13.05. № 327-VІ Заңымен бүкіл мәтін бойынша «оралмандар», «оралмандардың» және «оралмандарды» деген сөздер тиісінше «қандастар», «қандастардың» және «қандастарды» деген сөздермен ауыстырылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) аударымдар - жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздері үшін аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
2) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер (бұдан әрі - төлеушілер) - осы Заңда белгіленген тәртіппен аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді, ұстап қалуды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударуды, төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - қор) - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) денсаулық сақтау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
6) денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу - медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау, таңдау, шартын жасасу және орындау;
7) жарналар - осы Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-1) жеке практикамен айналысатын адам - жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды
7-2) инвестициялық кіріс - қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған олардың ақшалай көріністегі өсімі;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) қордың активтері - қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі аударымдар және жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, инвестициялық кіріс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, қорға түсетін өзге де түсімдер;
9) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия (бұдан әрі - біріккен комиссия) - клиникалық хаттамаларды, медициналық білім беру, дәрілік қамтамасыз ету стандарттарын, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесінің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау үшін құрылатын уәкілетті органның жанындағы консультациялық-кеңесші орган;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі - көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуді көздейтін, қор мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазбаша нысандағы келісім;
11) медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы - осы Заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алуға құқығы бар жеке тұлға;
12) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
13) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
14) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтер тұтынушыларға ұсынылатын медициналық көмек көлемі;
15) 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ қандастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарды тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Егер заңдарда немесе халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады.
Шетелдіктердің бірге тұратын жұбайы (зайыбы) және балалары олардың отбасы мүшелері болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
4-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қағидаттары
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру:
1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын сақтау және орындау;
2) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеудің міндеттілігі;
3) мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігі;
4) көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі және сапасы;
5) қордың активтерін тек қана міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге пайдалану;
6) қор қызметіндегі жариялылық қағидаттарына негізделеді.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық
5-баптың 1-тармағы 2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке өздері үшін қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылған адамдардың құқығы бар.
5-баптың 2-тармағы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті осындай аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш айдан артық алмайды. Бұл құқық адамдарды төленбеген кезең үшін қорға жарналар төлеу міндетінен босатпайды.
2-1. 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2-2. 2021 ж. 1 шілдеге дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
5-баптың 3-тармағы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға төленбеген кезең үшін, бірақ төлем күнінің алдындағы он екі айдан асырмай, республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде әрбір ай үшін жарналар төлеуге міндетті.
Егер кезең төленбеген кезеңді есептеу кезінде:
1) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) салықтар мен әлеуметтік төлемдердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффициенті белгіленген қызмет түрлерінің тізбесіне жататын немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе төндіруі мүмкін дағдарысты жағдайлар кезеңінде елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған құқықтық актілердің ережелеріне сай жұмыс беруші міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар есептемеген және (немесе) төлемеген еңбек қызметі кезеңінде кіріс алған;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3) осы Заңның 14-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген адамдар үшін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін туындаған кезді қамтыса, есептелетін төленбеген кезеңге қосылмайды.
3-1. 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген, қорға жарналар төлемеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға мынадай тәсілдердің бірімен:
1) төлем күнінен кейінгі он екі ай кезең үшін республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде, әрбір ай үшін;
2) төленбеген кезең үшін, бірақ төлем күнінің алдындағы он екі айдан асырмай, республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде әрбір ай үшін жарналар төлейді.
5-баптың 4-тармағы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. Қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар түспеген не қорға жарналар төлемеген адамдарға «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ұсынылады.
6-бап 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау ұйымын таңдау құқығы
1. 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Азаматтардың жоспарлы медициналық көмек алу жағдайларында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар.
3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымды таңдау құқығы азаматтарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алған кезден бастап туындайды.
7-бап 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап жаңа редакцияда
7-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек түрлері мен қызмет, дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен және арнайы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес көрсетіледі.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының және қорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін нысаналы жарна қаражатының сақталуын қамтамасыз ету
1. Мемлекет қор активтерінің және қорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін нысаналы жарна қаражатының сақталуына кепілдік береді.
2. Қор активтерінің және қорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін нысаналы жарна қаражатының сақталуы:
1) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілеу арқылы қордың қызметін реттеу;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін нысаналы жарна қаражатын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыру;
3) қордың активтерін инвестициялық басқару жөніндегі барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есепке алу;
4) қордың меншікті қаражаты мен активтерін бөлек есепке алуды жүргізу;
5) жыл сайынғы тәуелсіз аудит жүргізу;
6) қордың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты қаржылық есептілікті ұсынуы;
7) қордың активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін айқындау арқылы қамтамасыз етіледі.
2-тарау. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
9-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін мемлекеттік реттеуді:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астанының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қорды құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімдер қабылдайды;
3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакцияны қараңыз)
4-1) қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілейді;
5) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін Мемлекеттік корпорацияға ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесін айқындайды;
6) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
2) 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру тәртібі мен әдістемесін әзірлейді және айқындайды;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) қордың күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервінің мөлшерін әзірлейді;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) қордың күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану тәртібін әзірлейді;
4) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлейді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қордың қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін, қордың активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсынысты әзірлейді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын белгілейді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) қордың комиссиялық сыйақы алу қағидаларын бекітеді;
6) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) қордың медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекітеді;
8) қордың қаржылық орнықтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;