2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. Концеденттің құқықтары мен міндеттерi
1. Концедент:
1) концессия шартының талаптары туралы концессионермен келіссөздер жүргізуге;
2) концессионердің кінәсінен концессия объектісінің жай-күйі нашарлаған жағдайда, концессионерден залалдарды өтеуін талап етуге;
3) концессионердің жедел қызметіне және концессия шартын іске асыру барысына араласпастан, концессионердің қаржы-шаруашылық қызметін тәуелсіз аудиторлық ұйымды тарту арқылы тексеруді жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының, концессия шарты талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және жол берілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;
5) концессионер концессия шартының талаптарын бұзған жағдайда шартты бұзуды талап етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына және концессия шартына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Концедент:
1) концессия шартында көзделген жағдайларда және мерзімдерде концессионерге концессия объектісіне құқықтарды беруге;
2) концессия шарттарының жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге;
3) концессия шартында көзделген және концессионердің концессия объектісіне құқығын растайтын құжаттарды уақтылы беруге;
4) жасалған концессия шарттары туралы тізілім жүргізуді жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органға жыл сайын есептік ақпарат беріп отыруға;
5) концессия шартында көзделген талаптарды сақтауға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) концессия объектiлерiн үшiншi тұлғалардың құқықтарынан босатып немесе әлеуетті концессионерлерге осы Заңның 17-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылатын конкурстық (аукциондық) құжаттамада көрсетілген ауыртпалықтарымен және шектеулерімен беруге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. Концессионердің құқықтары мен міндеттерi
1. Концессионер:
1) концессия объектісіне қатысты құқықтарды концессия шартында көзделген жағдайларда жүзеге асыруға;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес берiлетiн инвестициялық преференциялардың субъeктici болуға;
3) концессия шартын орындауға байланысты келтірілген шығындардың өтемін алуға;
4) концедент концессия шартының талаптарын бұзған жағдайда, концессия шартын бұзуды және міндеттемелерді бұзудан туындаған залалдарды өтеуді талап етуге;
5) егер концессия шартына енгізілген өзгеріс концессионердің шығынға ұшырауына әкеп соқтырған жағдайда, шығынның орнын толтыруды талап етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Концессионер:
1) концессия объектілерінің бейінін сақтауға;
2) шартта көзделген жұмыстарды жүргізуге (қызметтерді көрсетуге);
3) концессия объектісінің мүліктік кешеніне кіретін әлеуметтік сала объектілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржыландыруға;
4) Қазақстан Республикасының еңбек, жұмыспен қамту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;
5) концессия шарты жасалған мерзiм аяқталғаннан кейiн концессия объектісін концессия шартын жасасқан кезде болған ауыртпалықтар мен шектеулерді ескере отырып және концессия шартының талаптарына сәйкес тиісті техникалық жай-күйде концедентке беруге;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының заңдарында және концессия шартында белгіленген өзге де талаптар мен жағдайларды сақтауға;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) концессия шарты шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі берілген жағдайларда концессиялық жобаны қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы шот ашуға;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылған қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті.».
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды
26-1-бап. Жекешелік концессиялық міндеттемелер
1. Жекешелік концессиялық міндеттемелерді концессионер концессия шартында көрсетілген талаптармен қабылдайды.
2. Концедент жекешелік концессиялық міндеттемелердің сақталуын бақылауды концессия шартында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 26-2-баппен толықтырылды
26-2-бап. Концессионер кредиторларымен жасалатын тікелей келісім
1. Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионердің кредиторлары концессиялық жобаны іске асыру мерзімі барысында тараптардың өзара іс-қимыл жасасу шарттарын айқындайтын тікелей келісім жасауға құқылы.
2. Тікелей келісімде мынадай талаптар:
1) концессия шартын бұзуға әкеп соғуы мүмкін, концессия шарты бойынша міндеттемелерді елеулі бұзу жағдайлары туралы концессионердің кредиторларын концеденттің хабардар ету міндеттемесі;
2) концеденттің келісімімен концессионердің концессия шарты бойынша өз құқықтарын кепілге беруі және (немесе) талаптарын басқаға беруі немесе борышты аударуы;
3) концессионер концессия шарты бойынша өз міндеттемелерін концессия шартының талаптары бойынша оны бұзуға әкеп соғатындай етіп елеулі түрде бұзған жағдайда және (немесе) концессионер кредиторлармен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін осындай шарттардың талаптары бойынша концессионердің осындай шарттар бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауы туралы талап қоюға әкеп соғатындай етіп елеулі түрде бұзған жағдайда, концессионер кредиторларының концессионерді ауыстыруды талап ету, сондай-ақ жаңа концессионердің кандидатурасын ұсыну құқығы;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайларда концессионерді ауыстыру тәртібі;
5) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайларда концессионер кредиторларының уақытша басқарушыны тағайындау, сондай-ақ уақытша басқарушыны тағайындау тәртібін, оның өкілеттігінің көлемі мен мерзімін айқындау құқығы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге жағдайлар көзделеді.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 26-3-баппен толықтырылды
26-3-бап. Концессионерді ауыстыру
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Концессионер кредитор алдындағы және (немесе) концессия шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, концедентпен және кредитормен келісу бойынша концессионерді ауыстыруға жол беріледі, ол концессионерді ауыстыру мақсатында концеденттің конкурс (аукцион) өткізуі арқылы жүзеге асырылады.
2. Концессионер ауыстырылған жағдайда, концессия шарты бойынша құқықтар мен міндеттер концессионерді ауыстыру туралы келісім жасалған кезден бастап концессия шарты бойынша жаңа концессионерге беріледі.
3. Концессия шарты бойынша концессионерді ауыстыру Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
27-бап. Дауларды шешу
1. Мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беруге байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында және концессия шартында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Концессия шартын орындауға және тоқтатуға байланысты даулар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және концессия шартында келісілген дауларды шешу рәсімдеріне сәйкес келіссөздер арқылы шешіледі.
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Егер шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулардың осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiлуі мүмкін болмаса, онда тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртiбiмен, сондай-ақ «Төрелiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төрелiкке жүгiну арқылы шешуге құқылы. Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларға қатысты концессионер акционерлерінің (қатысушыларының) ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда төрелiк тараптардың келісімі бойынша айқындалады.
28-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
29-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған концессия шарттары осы шарттарда белгіленген мерзім өткенге дейін өзінің күшін сақтайды.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-сі.
№ 167-III ҚРЗ