241-5-бап. Мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру құралдары
241-6-бап. Инновациялық белсенділікті ынталандыру және инновациялық жүйені талдау құралдары
241-7-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары
241-8-бап. Венчурлік қорлар мен жекеменшік венчурлік инвесторларды қоса қаржыландыру
241-9-бап. Инновациялық гранттар беру
24-тарау. ӨНЕРКӘСІПТІ МЕМЛЕКЕТТІК ЫНТАЛАНДЫРУ
1-параграф. Алып тасталды
242-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет ұғымы және оның мазмұны
243-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері
244-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың мақсаты, міндеттері және негіздері
244-1-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім
2-параграф. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық жүйесі
245-бап. Алып тасталды
246-бап. Алып тасталды
247-бап. Алып тасталды
248-бап. Алып тасталды
249-бап. Алып тасталды
250-бап. Технологиялық парк
251-бап. Алып тасталды
251-1-бап. Алып тасталды
252-бап. Алып тасталды
253-бап. Алып тасталды
254-бап. Алып тасталды
255-бап. Алып тасталды
256-бап. Алып тасталды
3-параграф. Алып тасталды
272-1-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру
272-2-бап. Өнеркәсіптік саясат
272-3-бап. Өнеркәсіптік саясатты іске асыру бағыттары
272-4-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет
25-тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
1-параграф. Инвестициялардың құқықтық режимі
273-бап. Инвестициялық қатынастар
274-бап. Инвестициялар, инвестор, ірі инвестор және инвестициялық қызмет ұғымдары
275-бап. Инвестициялық қызмет объектiлерi
276-бап. Қазақстан Республикасының аумағында инвесторлардың қызметiн құқықтық қорғау кепiлдiктерi
277-бап. Кiрiстердi пайдалану кепiлдiктерi
278-бап. Мемлекеттiк органдардың инвесторларға қатысты қызметiнiң жариялылығы және инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға байланысты ақпаратқа инвесторлардың қол жеткiзуiн қамтамасыз ету
279-бап. Мемлекет меншiгiне алу және реквизициялау кезiндегi инвесторлар құқықтарының кепiлдiктерi
280-бап. Инвестор құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы
2-параграф. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау
281-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты
282-бап. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган
282-1-бап. Инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты
283-бап. Инвестициялық преференциялар ұғымы және түрлері
284-бап. Инвестициялық жоба
285-бап. Инвестициялық преференцияларды алу тәртiбi
286-бап. Инвестициялық преференциялар беру шарттары
287-бап. Кедендік баждар салудан босату
288-бап. Мемлекеттiк заттай гранттар
289-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген кездегі тұрақтылық кепілдігі
290-бап. Салықтар бойынша преференциялар
291-бап. Алып тасталды
292-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмге қойылатын талаптар
293-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмдi қарау мерзiмдерi
294-бап. Инвестициялық келiсiмшарт жасасу
295-бап. Инвестициялық келiсiмшартты бұзу жағдайлары
295-1-бап. Арнайы инвестициялық келiсiмшартты жасасу және бұзу
295-2-бап. Инвестициялар туралы келісім
295-3-бап. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім
296-бап. Инвестициялық дауларды шешу
296-1-бап. Инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылау нысандары
296-2-бап. Инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі
26-тарау. ҮШІНШІ ЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ АРНАЙЫ ҚОРҒАУ, ДЕМПИНГКЕ ҚАРСЫ ЖӘНЕ ӨТЕМАҚЫ ШАРАЛАРЫ
297-бап. Ішкі нарықты қорғау шараларын енгізу туралы жалпы ережелер
298-бап. Шаралардың түрлері
299-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану қағидаттары
6-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ҚОРҒАУ НЫСАНДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
27-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
300-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау нысандары
301-бап. Қорғаудың соттағы нысаны
302-бап. Тараптары кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дауларды сотқа дейін реттеу
303-бап. Қорғаудың соттан тыс нысандары
304-бап. Төрелікте құқықтарды қорғау
305-бап. Құқықтарды медиация рәсімін қолдану арқылы қорғау
306-бап. Құқықтарды партисипативтік рәсім тәртібімен қорғау
28-тарау. ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОМБУДСМЕН
1-параграф. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі
307-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл ұғымы
308-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметінің негіздері
309-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің функциялары
310-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің міндеттері
311-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өтініштерді қарау тәртібі
312-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді лауазымға тағайындау және лауазымынан босату
313-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру
2-параграф. Инвестициялық омбудсменнің құқықтық мәртебесі
314-бап. Инвестициялық омбудсмен
315-бап. Инвестициялық омбудсменнің функциялары
316-бап. Инвестициялық омбудсменнің құқықтары мен міндеттері
317-бап. Инвестициялық омбудсменнің қызметін ұйымдастыру
29-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ ШЕШІМДЕРІНЕ, ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ
318-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдарын қараудың міндеттілігі
319-бап. Шағым жасау құқығы
7-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
30-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
320-бап. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
321-бап. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы
322-бап. Кәсiпкерлiк субъектiсiн тексерудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылық
31-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
323-бап. Осы Кодекстің жекелеген нормаларын қолдану тәртібі
324-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгiзу тәртiбi
2020.13.05. № 327-VІ Заңымен бүкіл мәтін бойынша «оралмандардың», «оралмандар» және «оралман» деген сөздер тиісінше «қандастардың», «қандастар» және «қандас» деген сөздермен ауыстырылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-бап. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша және өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде қамтылған Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы нормаларының олқылықтары немесе осы Кодекстің ережелеріне қайшылықтары анықталған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
Кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
2-бап. Кәсіпкерлік ұғымы және оны құқықтық реттеудің шектері
Азаматтардың, қандастардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік қызмет тек Қазақстан Республикасының заңдарымен ғана шектелуі мүмкін.
Мемлекеттік органдардың жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің артықшылықты жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауына тыйым салынады.
3-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының мақсаттары мен қағидаттары
1. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталады.
2. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңдылық;
2) кәсіпкерлік еркіндігі;
3) кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі;
4) меншікке қол сұғылмаушылық;
5) адал бәсекелестік;
6) тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі;
7) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік;
8) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі;
9) кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін арттыру;
10) құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы;
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы және мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара жауапкершілігі;
12) сыбайлас жемқорлықтан азат болу;
13) кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;
14) отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді қолдау;
15) мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол бермеу;
16) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы;
17) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру;
18) мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы;
3-баптың 2-тармағының 19) тармақшасы өзін-өзі реттеу туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізілді
19) өзін-өзі реттеу.
4-бап. Заңдылық
1. Кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін актілері мен шешімдері қабылданған кезінен бастап заңсыз әрі жарамсыз деп танылады және күші жойылуға жатады.
Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мазмұны, ресімделуі және (немесе) оларды қабылдау рәсімдері бойынша сәйкес келмейтін актілері мен шешімдері, сенім білдіру құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен заңсыз әрі жарамсыз деп танылады және күші жойылуға жатады.
5-бап. Кәсіпкерлік еркіндігі
1. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар.
2. Кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
6-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі
1. Кәсіпкерлік субъектілері өздерінің меншік нысанына және кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан, заң мен сот алдында тең.
2. Кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тең мүмкіндіктерге ие болады.
7-бап. Меншікке қол сұғылмаушылық
1. Кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне қол сұғылмаушылыққа заңмен кепілдік беріледі.
2. Кәсіпкерлік субъектілері заңды түрде сатып алған кез келген мүлікті меншігінде иелене алады.
3. Сот шешімінсіз кәсіпкерлік субъектілерін өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңда көзделген айырықша жағдайларда мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару тең бағамен өтелген жағдайда жүргізілуі мүмкін.
8-бап. Адал бәсекелестік
1. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсетуге бағытталған қызметке, жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады.
Монополистік қызмет заңмен реттеледі және шектеледі.
2. Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, Қазақстан Республикасында тауарлардың еркін өткізілуін және экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
9-бап. Тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдарын енгізу қызмет немесе әрекеттер (операциялар) қауіпсіздігінің жеткілікті деңгейін, кәсіпкерлік субъектілеріне объективті түрде қажетті ең аз жүктеме кезінде тұтынушылардың құқықтарын барынша тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік реттеу шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын жаңа талаптар тұтынушылар, мемлекет үшін пайда мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға байланысты шығасылардан басым болған жағдайда ғана енгізілуі мүмкін.
2. Мемлекеттік органдар мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген құжаттарды және (немесе) қосымша мәліметтерді ұсынуды талап етуге құқылы емес.
3. Біліктілік және рұқсат беру талаптары кәсіпкерлік субъектілеріне жүзеге асырылатын қызмет, әрекеттер (операциялар) қауіпсіздігінің немесе объект қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстардың, нормативтер мен көрсеткіштердің ең аз қажетті жиынтығын қамтамасыз етуге тиіс.
10-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік
1. Мемлекеттік органдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте жариялы және ашық болуға тиіс.
2. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдау бойынша өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Мемлекеттік органдарда бар және кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті ақпарат, егер оны пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелмесе, қолжетімді болуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат тегін беріледі.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Жеке кәсіпкерлік субъектілері өз атауы бар мөрді иелене алады.
Мемлекеттік органдарға және қаржы ұйымдарына жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардан құжаттарында мөр қоюды талап етуге тыйым салынады.
4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты барлық рәсімдер мен талаптар нақты және түрлі түсіндірілуге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Осы баптың мемлекеттік органдардың міндеттемелерін белгілейтін ережелері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға қолданылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігіне:
1) осы Кодексте белгіленген реттегіш құралдарды қалыптастыру шарттарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік реттеуді негіздеудің, келісудің және мониторингтеудің міндетті рәсімдерін ендіру;
2) мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілеріне деген сенімін арттыру;
3) реттеушілік саясатты қалыптастыруда жобалық басқаруды ендіруге, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің бұрын қабылданған шешімдерінің сабақтастығы мен ескерілуіне негізделген мемлекеттік реттеудің жүйелілігі мен дәйектілігі;
4) кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтіргені үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының дербес жауапкершілігін енгізу;
5) жаңа талаптарды енгізу нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері үшін кедергілер жасауға жол бермеу арқылы қол жеткізіледі.
12-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін арттыру
1. Кәсіпкерлік субъектілері осы Кодексте белгіленген тексеру жүргізуге қойылатын талаптарды мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары сақтамаған жағдайларда, лауазымды адамдарды тексеруге жібермеуге құқылы.
2. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жүзеге асырылуы барысында өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында кәсіпкерлік субъектілері үшінші тұлғаларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.
13-бап. Құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы
1. Құқық бұзушылықтар профилактикасының және кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды орындау уәждемесінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану алдында басымдығы бар.
2. Кәсіпкерлік субъектісі жасаған құқық бұзушылық үшін мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары оның сипатына және ауырлығына сәйкес болуға тиіс.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 14-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы және мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара жауапкершілігі
1. Мемлекет рұқсат беру арқылы лицензиаттың, екінші санаттағы рұқсат иесінің мемлекеттік реттеудің мақсаттарына сәйкес қауіпсіздіктің ең төмен деңгейін қамтамасыз ететінін растайды.
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының тарапынан кәсіпкерлік субъектілері заңды қызметінің жүзеге асырылуына кедергілер жасалмауға тиіс.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілері өз міндеттерін орындаған немесе өздеріне заң бойынша берілген құқықтарды іске асырған кезде олардың әрекеттерінің адалдығы көзделеді.
Кәсіпкерлік субъектісі, егер құқықтарын, заңды мүдделерін іске асыру және (немесе) міндеттерін орындау кезінде ол мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіліп берілген құзыреті шегінде берген ресми түсіндірмесін басшылыққа алса, оның ішінде, егер мұндай түсіндірме кейіннен кері қайтарылып алынса, қате деп танылса немесе мазмұны өзгермеген нақ сол бір нормативтік құқықтық актіге қатысты жаңа, мағынасы бойынша өзге түсіндірме берілсе, мұндайда да адал деп есептеледі.
Мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін актісін шығару салдарларынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен өтелуге жатады.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Кәсіпкерлік субъектісі жол берген Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық тексерулер жүргізу барысында сипатталуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісін куәландыратын дәлелдерді негіздеу және мән-жайларды ашу мемлекеттік органдарға жүктеледі.
Мемлекеттік орган қарап жатқан мән-жайлар туралы кәсіпкерлік субъектілері ұсынған нақты деректер сот немесе мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес керісінше деп белгілегенге дейін анық деп есептеледі.
Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық белгісіздіктері кәсіпкерлік субъектісінің пайдасына түсіндіріледі.
5. Басқа кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсету немесе бұрыннан бар міндеттерін орындаудан немесе нақты жасалған құқық бұзушылықтар үшін заңды жауаптылықтан жалтару мақсатымен осы Кодекспен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен берілген құқықтарды олардың мақсатына қайшы келетіндей етіп пайдалануға тыйым салынады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Осы баптың мемлекеттік органдардың міндеттемелерін белгілейтін ережелері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға қолданылады.
15-бап. Сыбайлас жемқорлықтан азат болу
1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді енгізу және жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысы және құқықты таңдап қолдану фактілері орын алмауға тиіс.
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен байланыстарын шектеу мақсатында нормативтік құқықтық актілерде «бір терезе» қағидатын қолдану көзделуге тиіс, бұл ретте мемлекеттік органдардан барлық қажетті келісулерді ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау тәртібімен мемлекеттік органдардың өздері алуға тиіс.
3. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың және оларға теңестірілген, кәсіпкерлік қызметті реттеуді жүзеге асыратын адамдардың мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды қолдану мақсатында қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалануына жол берілмейді.
16-бап. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету
1. Кәсіпкерлік субъектілерін дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктер жасауға бағытталған шаралар кешенін жүргізеді.
2. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру, оның ішінде кәсіпкерлікті қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
17-бап. Отандық тауар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді қолдау
1. Мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды іске асырады.
2. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және оларға сараптама жасау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу және халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына қатысу кезінде отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері ескеріледі.
18-бап. Мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол бермеу
Мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің, олардың бірлестіктерінің ісіне, сондай-ақ көрсетілген бірлестіктердің мемлекеттің ісіне заңсыз араласуына және оларға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейді.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы
Жеке кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері (бұдан әрі - сараптама кеңестері) арқылы, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеуге және оларға сараптама жасауға қатысады.
2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру
Кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметіне әлеуметтік жауапкершілікті ендіруіне мемлекет кепілдік береді және оны көтермелейді.
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары және өзге де ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
21-бап. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы