13) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін кейіннен оларды сақтанушыға (цедентке), пайда алушыға беру үшін жинауды;
14) сақтандыру жағдайы басталған кезде мүдделі тұлғалардың тапсырмасы бойынша шығындарды қарау және реттеу жөніндегі құжаттарды дайындауды;
15) залалды бағалау және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау бойынша сарапшылар көрсететін қызметтерді ұйымдастыруды;
16) осы Заңның 15-бабының 4-тармағында көрсетілген қызметті;
17) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін оның қатысушыларымен жасалған келісім негізінде басқаруды қамтуы мүмкін.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру брокеріне сақтанушыдан (цеденттен) немесе сақтандырушыдан (қайта сақтандырушыдан) алынған сақтандыру сыйлықақыларының немесе сақтандыру төлемдерінің сомаларын орналастыру жөніндегі инвестициялық қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.
Сақтандыру брокері меншікті қаражатын Қазақстан Республикасының банктеріндегі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы депозиттерге орналастыруға құқылы.
5. Сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тарапы болып табылмайды.
6. Сақтандыру брокерінің негізгі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі оның сақтандыру брокері қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларында айқындалуға тиіс.
7. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген брокерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін сақтандыру брокеріне кез келген сыйақыны сақтанушының (цеденттің) мүдделерінде, осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтанушы (цедент) ғана төлеуге тиіс.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7-1. Сақтандыру брокерінің осы баптың 3-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақысы бірлескен қызмет туралы шартта айқындалады және сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылардың төлеуіне жатады.
8. Егер сақтандыру брокері және (немесе) оның үлестес тұлғасы - сақтандыру брокері (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокері) бір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырса, онда сақтандыру брокері және оның үлестес тұлғасы - сақтандыру брокері (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокері) көрсетілген сақтандыру тәуекелі бойынша сыйақыға байланысты өзара есеп айырысуды жүргізеді.
9. Сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Сақтандыру агентінің делдалдық қызметі және оған қойылатын талаптар
1. Сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктері осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескеріле отырып, тапсырма шартында айқындалады.
Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Сақтандыру агенті сақтандыру ұйымы уәкілеттік берген әрекеттерді жеке өзі жасайды және оларды жасауды өзге тұлғаға қайта сенім білдіріп тапсыруға құқылы емес.
Сақтандыру агентінде өкілеттіктер болмаған жағдайда оның сақтандыру агенті ретіндегі қызметіне жол берілмейді.
2. Сақтандыру ұйымы өзінің атынан және өзінің тапсырысы бойынша сақтандыру агенті жасасқан сақтандыру шарты бойынша міндеттемелерді орындауға міндетті.
Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентінің мынадай әрекеттерді жасағаны үшін:
1) сақтандыру шарттарын жасасқаны, сондай-ақ сақтандыру агентінің белгіленген өкілеттіктер шегінен шығатын әрекеттерді жасағаны;
2) сақтандыру ұйымында уәкілетті органның лицензиясы жоқ сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру шарттарын жасасқаны;
3) сақтандыру шартын жасасу талаптары бойынша сақтанушыны әдейі жаңылыстырғаны;
4) сақтандыру шартын және олардың негізінде сақтандыру шарты жасалатын құжаттарды ресімдеу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды сақтамағаны;
5) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын өзге де бұзушылықтары үшін жауапты болады.
Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген делдалдық қызметті оның жүзеге асыруына байланысты емес әрекеттері үшін жауапты болмайды.
3. Сақтандыру агенті сақтауға міндетті шарттар, оның ішінде сақтандыру есептілігінің бланкілерін есепке алу және сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс істеу мәселелері бойынша шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескеріле отырып, сақтандыру ұйымының ішкі құжаттарында белгіленеді.
4. Сақтандыру агентіне сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін қолма-қол ақшамен төлемді заңды тұлға болып табылатын сақтанушыдан қабылдауына тыйым салынады.
Осы шектеу сақтандыру агентінің Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келетін адамдардан қолма-қол ақшамен төлемді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін қабылдауына қолданылмайды.
Сақтандыру агенті алған сақтандыру сыйлықақылары (сақтандыру жарналары) сақтандыру ұйымының банктік шотына немесе кассасына аудару арқылы толық көлемде сақтандыру ұйымына тапсыруға жатады.
Сақтандыру агентіне сақтандыру ұйымының комиссиялық сыйақы төлеуі сақтандыру ұйымы тиісті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) толық көлемде алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
5. Сақтандыру агентінің сақтанушылардан алған сақтандыру сыйлықақыларынан тапсырма шарты бойынша өзіне тиесілі сыйақыны ұстап қалуына тыйым салынады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Бір сақтандыру шарты бойынша екі немесе одан көп сақтандыру агентінің осы Заңның 18-2-бабында көзделген өкілеттіктер шегінде сақтандыру агенттерінің делдалдық қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
Сақтандыру агенттерінің делдалдық қызметін:
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын зейнетақы аннуитеті;
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу шеңберінде жасалатын сақтандыру;
ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар, Ұлттық Банк сақтанушылар болып табылатын сақтандыру;
мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар сақтанушылар болып табылатын сақтандыру;
Екінші бөліктің алтыншы абзацының қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңның 2-бабының 9-тармағының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
«Туристі міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын туристі міндетті сақтандыру;
Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент-заңды тұлғалары сақтанушылары болып табылатын міндетті сақтандыру шарттары бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
7. Комиссиялық сыйақының құрамына сақтандыру ұйымының сақтандыру шартын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырған сақтандыру агентіне қатысты шығыстарының барлық түрі, оның ішінде жалға алу ақысын төлеу жөніндегі шығыстар, сыйақылардың кез келген түрі, сондай-ақ кез келген мүлікті немесе материалдық пайданы беру кіреді.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 18-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-1-бап. Сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамдарға, сондай-ақ олардың есебін жүргізу және оқыту тәртібіне қойылатын талаптар
1. Мыналар:
1) кәмелеттік жасқа толмаған;
2) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) орта білімі жоқ;
4) осы баптың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес оқытудан өтпеген;
5) еңбек шарты негізінде сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің қызметкері болып табылатын;
6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) бұрын уәкілетті орган лицензиядан айыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, өзге де қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа да заңды тұлғаның басшы қызметкері лауазымын атқарған жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Көрсетілген талап уәкілетті орган заңды тұлғаны лицензиядан айыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату не банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) бұрын біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан қызметкердің атқарып отырған лауазымына немесе орындайтын жұмысына сай келмеуі себепті сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру агенті-заңды тұлғаның бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру агенті-заңды тұлғаның қызметкері болған жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Көрсетілген талап сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру агенті-заңды тұлғаның бастамасымен еңбек шарты бұзылған күннен бастап екі жыл бойы қолданылады;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
9) террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізімінде, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде аталған жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентінің осы баптың 1-тармағының 2), 6) және 9) тармақшаларының талаптарына сай келуін тексеруге міндетті.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру ұйымы сақтандыру агенттерінің тізілімін жүргізуге және оны сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың шолу жасауы мен танысуы үшін (интернет-ресурстарды қоса алғанда) қолжетімді жерге орналастыруға міндетті.
Сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамдардың осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкестігі және оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандар тапсырғанын растайтын құжаттың болуы сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізуге негіз болып табылады.
Заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агенті осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі мәселелер лауазымдық міндеттеріне кіретін кемінде екі қызметкерді міндетті түрде көрсете отырып және оларда оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандар тапсырғанын растайтын құжаттары болған кезде сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізілуге жатады.
Заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агенті осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін сақтандыру шарттарын жасасу лауазымдық міндеттеріне кіретін барлық қызметкердің тізімін және оларда оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандарды тапсырғанын растайтын құжат болған кезде өзі дербес жүргізеді.
3. Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамдардың тізілімін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бұр.ред.қара, 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша оқытуды ұйымдастыруды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі, сақтандыру ұйымы немесе қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті жүзеге асырады.
Оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығаруға:
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасын қоспағанда, сақтандыру агенті жасаған, Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтары бойынша сақтандыру ұйымына уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шарасы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) сақтандыру агентінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келетін сақтандыру шарттарын жасасуын сақтандыру ұйымының анықтауы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) тапсырма шартының талаптарынан туындайтын міндеттерді сақтандыру агентінің орындамауын сақтандыру ұйымының анықтауы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамның осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуін уәкілетті органның, сақтандыру ұйымының анықтауы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) тараптардың келісуі бойынша тапсырыс шартын тоқтату;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) сақтандыру агентінің соңғы екі жыл ішінде сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырмауы негіз болып табылады.
2 және 3 бөліктердің қолданысы 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін сақтандыру агенттерінің тізілімінен алып тасталған сақтандыру агенттеріне қолданылды
Сақтандыру агенті осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 2-1) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда:
жеке тұлға болып табылатын сақтандыру агентінің алып тасталған кезінен бастап екі жыл бойы;
заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агенті қызметкерінің алып тасталған кезінен бастап екі жыл бойы;
заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агентінің алып тасталған кезінен бастап бір жыл бойы қызметін жүзеге асыруына тыйым салынады.
Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агенті арасында жасалған тапсырма шарты осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 2-1) және 3) тармақшаларында көзделген мән-жайларға байланысты емес негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, сақтандыру агенті туралы ақпарат тапсырма шарты тоқтатылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығарылуға жатады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4-тарау 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. Сақтандыру агентінің құқықтары мен міндеттері
1. Сақтандыру агенті өз қызметінде:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) осы Заңның 18 және 18-1-баптарында көзделген шектеулер ескеріле отырып, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының және (немесе) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға;
2) сақтандыру ұйымынан лицензиясының бар екендігі және қаржылық есептілік деректері туралы дұрыс ақпарат алуға;
3) сақтандыру бойынша консультативтік қызметті жүзеге асыруға;
4) өзінің делдалдық қызметін қолма-қол ақшасыз төлеммен жүзеге асырғаны үшін сақтандыру ұйымынан сыйақы алуға құқылы.
2. Сақтандыру агенті өз қызметінде:
1) сақтанушыға тапсырма шартын, сондай-ақ:
оның жеке басын куәландыратын;
сақтандыру агенттерінің тізілімінде оның деректерінің бар екендігін растайтын құжаттарды көрсетуге;
2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған сақтандыру ұйымы лицензиясының көшірмесін қоса алғанда, өзі сақтандыру агенті болып табылатын сақтандыру ұйымы туралы ақпарат беруге;
3) жасасатын сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қағидаларымен сақтанушыны таныстыруға және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 828-бабында көзделген жағдайларда қағидалардың көшірмесін беруге;
4) ақпарат және, бар болса, - жасасатын сақтандыру шарты бойынша барлық қажетті құжаттарды беруге;
5) сақтандыру шартын жасасу кезінде құжаттарды дұрыс және уақтылы ресімдеуді қамтамасыз етуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың жабықтығын қамтамасыз етуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) өзі сақтанушылардан толық көлемде алған сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) сақтандыру ұйымына тапсыруға міндетті.
5-тарау. Актуарийлік қызмет және аудит
19-бап. Актуарийлiк қызмет
1. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Актуарийлiк қызмет осы Заңға және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ актуарийлiк қызметтi жүзеге асырудың халықаралық принциптерi (стандарттары) ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Актуарлық қызмет:
1) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерлерін есептеу;
2) сақтанушыларға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша берілетін қарыздардың мөлшерлерін айқындау;
3) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша ірі мәміленің жасалғаны туралы актуарлық қорытынды жасау;
4) сақтандыру тарифтерін есептеу әдіснамасын және олардың экономикалық негіздемесін әзірлеу, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлемелерін есептеу;
5) аннуитеттік сақтандыру және өмірді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын және сақтандыру резервтерін бағалау үшін өмір сүру көрсеткіштерін талдау және жаңарту;
6) актуарлық есеп-қисаптар мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету және ұсынымдар беру;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін бағалауға байланысты мәселелер;
8) тәуекелдерді және (немесе) тәуекелдердің болуына байланысты қаржылық міндеттемелерді талдау және сандық, қаржылық бағалау, сондай-ақ қаржылық тәуекелдерді басқару әдістерін әзірлеу және олардың тиімділігін бағалау бойынша қызметтер ұсынуды қамтиды.
3. Актуарийлiк есептеулер мынадай негiздер бойынша:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша бастамашылық актуарийлiк есептеулер;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мiндеттi актуарийлiк есептеулер жүргiзiледi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Актуарийлiк есептеулер жүргiзу кезiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi актуарийлiк есептеулер мен қорытындыларды жасау және дайындау үшiн қажеттi, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәлiметтердiң бәрiн беруге мiндеттi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы актуарийге жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтерге актуарийдің қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ актуарийге берілген құжаттар мен мәліметтердің анықтығына және толықтығына жауапты болады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Актуарийдің кәсіби пайымдауы негізінде актуарлық есептеулер мәселелері бойынша шешімдер қабылдауда актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлерінен және (немесе) басшы қызметкерлерінен тәуелсіз болады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-2. Актуарий сақтандыру резервтерін есептеген кезде пайдаланылатын ақпараттың толықтығын және анықтығын тексереді.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Актуарий өзi жасаған актуарийлiк есептеулер мен қорытындылардың дұрыстығы мен дәлдiгiне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауап бередi.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесіне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтамағандығы туралы өзі анықтаған фактілер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілетілігінің нашарлауына алып келуі мүмкін тәуекелдер жөнінде дереу хабарлауға міндетті.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Тәуелсіз актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептердің дұрыстығын тексеру нәтижесін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға жібереді.
ҚР 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара ); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 164-III (бұр.ред.қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара) Заңдарымен 20-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
20-бап. Аудит
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқықты және осы баптың 1-1-тармағының талаптарына сәйкес келетін аудиторлық ұйым жүргізеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Аудиторлық ұйымның: