Қазақстан Республикасының
Заңы
Азаматтық қорғау туралы
(2022.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасы
2-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ
3-бап. Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен қағидаттары
4-бап. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі
5-бап. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі
6-бап. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі
7-бап. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар
8-бап. Азаматтық қорғау қызметтері және эвакуациялық органдар
9-бап. Азаматтық қорғау құралымдары
10-бап. Уәкілетті органның білім беру ұйымдары
3-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң азаматтық қорғау саласындағы құзыретi
12-бап. Уәкілетті орган
12-1-бап. Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құзыреті
12-2-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган
13-бап. Орталық атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласындағы құзыреті
14-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің азаматтық қорғау саласындағы құзыреті
15-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласындағы құзыреті
16-бап. Ұйымдардың азаматтық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
17-бап. Қоғамдық бірлестіктердің азаматтық қорғау саласындағы қызметі
18-бап. Жеке тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
2-БӨЛІМ. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС
4-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСҚА БАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІС-ШАРАЛАРЫ
19-бап. Азаматтық қорғанысқа басшылық және оны басқару
20-бап. Қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызу.
21-бап. Азаматтық қорғаныс іс-шаралары
5-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРІ, ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН МҮЛКІ
22-бап. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері және бейбіт уақыт пен соғыс уақытындағы олардың міндеттері
23-бап. Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкi
3-БӨЛІМ. УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ АВИАЦИЯСЫ, АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚҰРАЛЫМДАРЫ
24-бап. Уәкілетті органның авиациясы
6-тарау. АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚҰРАЛЫМДАРЫ
25-бап. Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын құру
26-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметi
27-бап. Құтқарушыларды аттестаттау
27-1-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау
28-бап. Алып тасталды
29-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін үйлестiру
30-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын қайта бейіндеу және тарату
31-бап. Құтқарушылар
32-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын жасақтау
33-бап. Құтқарушылардың құқықтары
34-бап. Құтқарушылардың мiндеттерi
35-бап. Құтқарушылардың жұмыс (қызмет) және демалыс режимi
4-БӨЛІМ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
7-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
36-бап. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
37-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау
38-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау
39-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау және газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау
40-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау
8-тарау. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ІС-ШАРАЛАРЫ
41-бап. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғаудың жалпы іс-шаралары
42-бап. Су басулардан, тасқын сулардан, су жайылудан, теңіздер мен ірі су айдындарының таяздануынан, сел тасқындарынан, қар көшкіндерінен, шөгулерден, құламалардан азаматтық қорғау іс-шаралары
43-бап. Пайдалы қазбалардың кен орындарын игерумен байланысты төтенше жағдайлардан азаматтық қорғау іс-шаралары
44-бап. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын орындау
9-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР, ОҚЫТУ, ХАБАР БЕРУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ НАСИХАТТАУ
45-бап. Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер
46-бап. Азаматтық қорғау саласында оқыту
47-бап. Азаматтық қорғау саласында хабар беру және білімді насихаттау
5-БӨЛІМ. ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ САЛДАРЛАРЫН ЖОЮ
10-тарау. ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ
48-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау
49-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде жүргізілетін іс-шаралар
50-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға басшылық
51-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын төтенше жағдайларды жоюға тарту
52-бап. Төтенше жағдайларды жою үшін ішкі істер органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын, қоғамдық бірлестіктер мен халықты тарту, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану
53-бап. Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарына өз қызметін жүзеге асыруына жәрдемдесу
54-бап. Уәкілетті органның жедел резерві
55-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау
56-бап. Төтенше жағдайларды жою кезіндегі авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар
11-тарау. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ САЛДАРЛАРЫН ЖОЮ
57-бап. Төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу
58-бап. Жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу
6-БӨЛІМ. ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
12-тарау. ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
59-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары
60-бап. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі
61-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтық реттеу
62-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеу және iске асыру
63-бап. Өрттерді сөндіру
64-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілері және сәйкестікті растау
65-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және шығару кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
66-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және іске асыру кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
13-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ЕРІКТІ ҚҰРАЛЫМДАР
67-бап. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет
68-бап. Өртке қарсы ерікті құралымдар
14-тарау. ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
69-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
70-бап. Қауіпті өндірістік объектілердің белгілері
71-бап. Қауіпті өндірістік объектілер
72-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау
73-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасы
74-бап. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру
75-бап. Жарылғыш заттар мен олардың негiзiнде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға, жарылыс жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беру
76-бап. Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін міндетті декларациялау
77-бап. Қауіпті техникалық құрылғыларды және қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою және есептен шығару
78-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келiсу
79-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердің және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін даярлау, қайта даярлау
80-бап. Аварияларды жою жоспары
81-бап. Оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар
15-тарау. ҚАУІПТІ ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДЕГІ ОҚЫС ОҚИҒАЛАРДЫ, АВАРИЯЛАРДЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ
82-бап. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануды жүзеге асыратын ұйымның оқыс оқиға, авария кезіндегі іс-қимылы
83-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру міндеттері
84-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру
85-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия, оның өкілеттігі
86-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелерін ресімдеу
87-бап. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның аварияға тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейінгі іс-қимылы
88-бап. Аварияны тергеп-тексеру бойынша шығыстар
7-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВ
16-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
89-бап. Мемлекеттiк резерв жүйесi
90-бап. Мемлекеттiк резервтiң мақсаты
91-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының құқықтық мәртебесi
92-бап. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды қоюға тапсырыстарды орналастыру
93-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын орналастыру
17-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВТІ ПАЙДАЛАНУ
94-бап. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды пайдалану негiздерi және шығару тәртiбi
94-1-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату
95-бап. Нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшiн мемлекеттiк резервті пайдалану
96-бап. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін шығару тәртiбi
96-1-бап. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және шығару ерекшеліктері
97-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды қамтамасыз ету
98-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептілік
99-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу
8-БӨЛІМ. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ӨЗГЕ ДЕ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ, ОЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
18-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ӨЗГЕ ДЕ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ, ОЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
100-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің мәртебесі
101-бап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерi мен өзге де жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзге де қамсыздандыру
102-бап. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды медициналық қамтамасыз ету
103-бап. Құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк кепiлдiктерi
9-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
19-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
104-бап. Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру
105-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
106-бап. Азаматтық қорғау саласындағы дауларды шешу
107-бап. Азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
108-бап. Шетелдіктердің, шетелдік және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағындағы халықты азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметі
20-тарау. ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
109-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Ведомствоның білім беру», «ведомствоның білім беру», «Ведомствоның аумақтық», «ведомствоның аумақтық» деген сөздер тиісінше «Уәкілетті органның білім беру», «уәкілетті органның білім беру», «Уәкілетті органның аумақтық», «уәкілетті органның аумақтық» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авария - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауiптi заттардың шығарындысы;
2) авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды іздеу және құтқару, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдай аймағында және әскери іс-қимылдар жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау, оларға тән қауіпті факторлардың әсерін оқшаулау және басу немесе ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-қимылдар;
3) авариялық-құтқару құралымы - авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе аттестатталған авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін азаматтық қорғау күштерінің ұйымдық-құрылымдық бірлігі;
4) авариялық-құтқару қызметі - бірыңғай жүйеге функционалдық біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған, азаматтық қорғаудың ұйымдық-біріктірілген басқару органдарының, авариялық-құтқару құралымдары мен құралдарының жиынтығы;
5) адамдар жаппай болатын объект - бір мезгілде жүз және одан көп адамның болуына есептелген сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, көңіл көтеру орындарының, барлық көлік түрлері вокзалдарының, ғибадат үйлерінің (құрылыстарының) ғимараты, құрылысы, үй-жайы, сондай-ақ бір мезгілде жиырма бес және одан көп адамның болуына есептелген денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараты, құрылысы;
6) азаматтық қорғаныс - Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнінде бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі;
7) азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері - бейбіт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғау іс-шараларын орындайтын, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның әскери бөлімдері;
8) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары қоры - азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде қорғау үшін арнайы жабдықталған және соған арналған инженерлік құрылыстар жиынтығы;
9) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы - халықты қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен қорғау үшін арнайы жабдықталған және соған арналған инженерлік құрылыс;
10) азаматтық қорғау - өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды қамтитын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған, бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешені;
11) азаматтық қорғаудың арнайы іс-шаралары - азаматтық қорғау қызметтерінің Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден қорғауға бағытталған, жұмыстарды инженерлік, радиациялық, химиялық, медициналық, өртке қарсы, көліктік, материалдық-техникалық, гидрометеорологиялық және өзге де қамтамасыз ету бойынша күні бұрын немесе жедел іс-қимыл жасауы;
12) азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі - халыққа және мемлекеттік органдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, қалыптасқан жағдайда әрекет ету тәртібі туралы хабар беруді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы;
13) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі - Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден қорғау жөніндегі жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған, азаматтық қорғаудың басқару органдарының, күштері мен құралдарының жиынтығы;
14) азаматтық қорғау күштері - азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері, азаматтық қорғау құралымдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авиациясы, жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтері;
15) азаматтық қорғау құралдары - халықты қорғау және азаматтық қорғау күштерін жарақтандыру үшін қолданылатын материалдық-техникалық мүлік;
16) азаматтық қорғау қызметі - азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауға арналған азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің республикалық, облыстық, қалалық, аудандық жүйелері;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) азаматтық қорғау органдары - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствосы, аумақтық бөлімшелері және оның ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған, азаматтық қорғау саласындағы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың қызметі;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін және Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды
19-1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі - ведомство) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы органның ведомствосы;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды
19-2) аккредиттеу - сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау құқықтылығын ведомствоның ресми тануы;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 19-3) тармақшамен толықтырылды
19-3) аккредиттеу аттестаты - ведомство беретін, сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;
20) «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы - төтенше жағдайлар туындау қатері төнген немесе туындаған кезде халықтың назарын аудару үшін дабылдамалар немесе басқа да сигнал беру құралдары арқылы берілетін құлақтандырудың бірыңғай сигналы;
21) басқару пункттері - азаматтық қорғаудың басқару органдарын орналастыруға және олардың жұмысын қамтамасыз етуге арналған, техникалық құралдармен, тіршілікті қамтамасыз ету элементтерімен арнайы жабдықталған және жарақталған, мемлекеттік органдардың құрылыстары немесе көлік құралдары;
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22) броньнан шығару - номенклатура өзгерген кезде, сондай-ақ кәдеге жарату немесе жою, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдану, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды
22-1) бұрқаққа қарсы жұмыстар - мұнай және газ өндіру объектілерінде арнайы техника, аппаратура мен жабдық қолданыла отырып жүргізілетін, аварияларды жоюға, адамдарды, материалдық құндылықтарды құтқаруға және бекітпе жабдығының болмауы, қирауы немесе герметикаланбауы немесе грифон түзілу салдарынан ұңғыманың (газ және мұнай бұрқақтарының) сағасы арқылы қабаттық флюидтердің басқаруға келмейтін шығуының қауіпті факторларының әсерін азайтуға бағытталған іс-қимылдар;
23) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі - төтенше жағдайдың туындау алғышарттары немесе туындауы, өрт, адамдардың өміріне төнген қатер мен денсаулығына зиян келтіру қатері туралы және өз құзыреті шегінде шұғыл қызметтердің ден қою жөніндегі іс-қимылдарын кейіннен үйлестіре отырып шұғыл көмек шараларын қолдануды қажет ететін өзге де жағдайлар туралы жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін хабарламаларды қабылдау және өңдеу қызметі;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды
23-1) газдан құтқару жұмыстары - қоршаған ортада шекті жол берілетін шоғырланудан асатын қауіпті заттар болған жағдайда арнайы техника, аппаратура мен жабдық, оқшаулағыш жеке қорғану құралдары қолданыла отырып орындау қажеттілігімен сипатталатын және газ жайылған ортада адамдарды іздестірумен, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетумен және оларды тасымалдаумен, аварияның орны мен себептерін, оның таралу шекараларын нақтылау мақсатында авария ошағына барлау жүргізумен байланысты қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды жою жөніндегі іс-қимылдар және қауіпті өндірістік факторларды жою үшін қажетті өзге де іс-қимылдар;
24) ерікті өрт сөндіруші - ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркелген, өрттердің алдын алу және (немесе) оларды сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде тікелей қатысатын азамат;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) жұмылдыру резервi - мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдану, бейбіт уақытта гуманитарлық көмек көрсету үшiн қажеттi шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;